Курсы повышения квалификации!

Любой курс повышения квалификации - 1390 рублей! Идет прием заявок на обучение! Продолжительность курсов: 36 часов, 72 часа и 108 часов.

Подробнее о КПК здесь

×

Балаларды саз әлеміне тәрбиелеу

Наименование ОУ
Қазалы ауданы саз мектебі
Должность
Оқытушы
Город
Қазалы ауданы
Дата создания
14.05.2014
Файл материала
Рейтинг
Оценить
★★★★★
2 Голоса
Описание материала
Просмотров967
Комментарии0
Скачиваний7
Размер файла40.5Кб
Балаларды саз әлеміне тәрбиелеу

Музыка дегеніміз біздің өміріміздің бір бөлігі. Сан алуан әуенге, алуан дыбысқа кернеп тұрғандай, айнала алуан дыбысқа толы. Біздің әрбір күніміз музыкамен, әнмен, күймен басталады. Музыканың адам жан дүниесіне тигізетін әсері орасан, сондықтан оны шынайы ықыласпен қабылдау арқылы ғана түсінуге болады. Біз музыка аясында өмір сүреміз. Ол күнделікті тұрмыс-тіршілігімізде, жұмысымызда үнемі бізбен бірге. Олай болса, музыка-біздің өмірлік жан серігіміз.
Музыканың жанрлары мен түрлері өте көп. Опералық, балеттік, симфониялық, камералық, халықтық музыкалар, әскери және аспаптық, вокальдық, эстрадалық, биге арналған тағы басқа музыка түрлері болады. Музыканың классикалық, халықтық, жалынды, жігерлі, тіпті жеңіл түрлерінің бәрі де өмірімізге қажет дүниелер. Бірақ осы музыканы тыңдап түсіну үшін дұрыс таным-талғам болуы тиіс. Адамды рухани рахаттандыратын, жанын жадыратып, сезімін, ойын қозғайтын, шынайы көркем шығармаларды тыңдап үйрену-үлкен өнер.
«Музыка тамшы сияқты, там-тұмдап жүрекке енеді де, жанды желпіндіреді» деген Р.Ролланның керемет сөздері бар. Демек, музыка - адам жанын жарқындататын өнер. Музыка өнерінің көрнекті туындылары мәңгілік, өлмейтін әсемдігімен тыңдаушыны өзіне баурап алады. Жағдайға байланысты біз бірде қуанамыз, бірде мұңаямыз, кейде мерейленеміз, кейде қайғырамыз. Егер музыка осы сезімдерді айтып берсе, демек оның болмысын сәулелендіргені. Музыка мектебі - шын мәнінде балалар музыкасының әлемі.
1964 жылдан бастап өз алдына аудандық музыка мектебі болып ашылған мектеп ұжымы оқытушылары музыкаға бейімі бар балаларға дәріс беріп, нәтижелі жұмыстар атқарып келеді. Бүгінде оқушылар саны 500-ге жуықтап, оларға 52 маман оқытушылары дәріс беруде. Соның ішінде фортепиано класы бойынша 40 оқушы оқып, оларға 4 маман оқытушы сабақ беруде. Мектебіміздің алдына қойып отырған ең басты талабы - рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Мектеп шәкірттері аудандық, облыстық, халықаралық дәрежедегі конкурс, фестивальдерге қатысып жүлделі орындарға ие болуда. Оқушылар мұнда әр түрлі аспаптарда ойнауды үйренеді және бұл аспаптарда олар халықтық, классикалық және қазақ музыкасы әуендерінің түр-түрін ойнай алады. Біздің мақсатымыз баланың музыкаға деген қызығушылығын арттыру, музыканы тыңдай білуге, түсіне білуге баулу.
Фортепиано бөліміндегі оқушылардың әрқайсысының жеке бағдарламасын үнемі байыту, академиялық концерттердің нәтижесін үнемі талқылау, балалармен жұмыс істейтін педагогтардың назарын классикалық туындылармен қатар, қазақстан композиторларының халық әндерін пайдалануға бағыттайды. Сабақ барысында оқу құралдарының ішінен А.Николаевтың редакциясынан шыққан «Фортепианода үйрену мектебі», «Фортепианолық ойнау», Л.А.Баренбоймның «Музыкаға үйретудің жолы» және де тағы басқа кітаптарын пайдаланамыз.
Б.Миличтің «Кішкене пианиске» немесе Н.Соколовтың «Баланы рояльда ойнауға үйрету» сияқты жинақтары қолданылады.
Кәсіби музыка өнерінің дамуында веналық классикалық мектептің басты өкілдері

Предпросмотр страницы №1

Если вам понравилась методическая разработка, лучший способ сказать cпасибо
— это поделиться ссылкой со своими друзьями в социальных сетях :)

Также вас может заинтересовать

У вас недостаточно прав для добавления комментариев

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться.

Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.

Узнайте новости первыми на нашей странице ВКонтакте:
 
Сообщение
Закрыть
Всероссийское профессиональное тестирование!