Курсы повышения квалификации!

Любой курс повышения квалификации - 1390 рублей! Идет прием заявок на обучение! Продолжительность курсов: 36 часов, 72 часа и 108 часов.

Подробнее о КПК здесь

×

"С" дыбысы

Наименование ОУ
Областной детский реабилитационный центр
Должность
Логопед
Город
Кызылорда
Дата создания
15.04.2016
Файл материала
Рейтинг
Оценить
0 голосовать
Описание материала
Просмотров185
Комментарии0
Скачиваний5
Размер файла243.91Кб
Постановка звука "С"

Предпросмотр страницы №1


Сабақтың тақырыбы: "С" дыбысы
Мақсаты
Білімділік: "С" дыбысының артикуляциялық ерекшеліктерін түсіндіру, айтылу ерекшеліктерін қалыптастыру. "С" дыбысын дауыстап дұрыс айтуға үйрету.
Дамытушылық:фонематикалық есту қабілеттерін жетілдіру. Логикалық ойлау, таным процестерін жетілдіру. Сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік: Сұраққа толық жауап беруге, ұқыптылыққа, тапсырманы тыңдай білуге тәрбиелеу.

Көрнекі-құралдар: Суреттер, слайд,
Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.

Логоритмика №1.
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем мезгіліне тән құбылыстарды айтыңдаршы!


ІІ. Тыныспен жұмыс.

- Балалар, сендер суреттен не көріп тұрсыңдар?

- Қазір біз шайды суытып ішу үшін тынысты мұрын арқылы алып үрлейміз.

-Ол үшін терең тыныс алуымыз керек, сосын үрлеуіміз керек.

ІІІ. Артикуляциялық жаттығу: "Көңілді тіл" (Слайд №2)

- Мынау көңілді тіл .
Бізбен бірге тілді оңға бұр,

-Жаттығуды жалғаймыз

Солға қарай бұрамыз

-Ауымызды ашамыз

Тілді жоғары бағыттаймыз

-Аузымызды ашамыз

Тілді төмен бағыттаймыз

-Шаршамайды тіліміз

Созамыз оны алға біз

-Алыстағы атты көріп таң қалды

Тілімен шабысты қайталады.


II.Сабақтың тақырыбын баяндау.

Балалар, бүгін біз қандай дыбыспен танысатынымызды білу үшін жұмбақты шешуіміз керек.

Түсі суық ызғарлы,

Аузында айыр тілі бар. Ол не?
-Әрине, жылан.

-Жылан қалай дыбыстайды?

-ссс.

-С дыбысын бәріміз бірге айтайықшы!
- Ендеше, балалар бүгін С дыбысын әдемі, дұрыс айтып үйренеміз.


IV. Дыбыстың артикуляциясын анықтау.
- Айнамызды алайық.
- Енді, С дыбысын айтайық.
- Балалар, ерніміздің қалпы қандай?
- Ерініміз көңілденіп күліп тұр.

- Ал, енді тісіміздің қалпына қарайық.
- Тісіміздің қалпы қандай?
- Иә, үстіңгі және астыңғы тістеріміздің арасы сәл ғана ашық екен.

-Тілдің ұшы астыңғы тістердің артына тығылады екен.

-Суық жел шығады.

-С дыбысының таңбалануын білесіңдер ме?
-Алдымен С дыбысының әріптік таңбасы неге ұқсайды соны біліп алайық


Тілдік жаттығу

Са-са-са-са шағып алды маса.

Су-су-су-су таудан ағар таза су

Ос-ос-ос-ос -Арман мен Айжан дос

Ас-ас-ас-ас үйде пісті дәмді ас


-Балалар, бүгінгі біздің сабаққа аққала тапсырма дайындап қойыпты.

-Суреттерді атау: сөмке, қасқыр, мысық,автобус,сағат, сиыр, маса,сәбіз т.б.


V. Сергіту сәті

- Балалар сендер тапсырманы жақсы орындадыңдар.

Қимылды видео.

VI. Бекіту.
Балалар, енді экранға назар аударайық .

«Сара және Симнің тапсырмалары» мультфильмі арқылы «С» дыбысын бекіту.


VIІ. Қорытынды. Балалар, бүгінгі сабақта біз не үйрендік.

Өмірлерін шаттыққа толы болсын деп мен сендерге күліп тұрған күн беремін.

Если вам понравилась методическая разработка, лучший способ сказать cпасибо
— это поделиться ссылкой со своими друзьями в социальных сетях :)

Также вас может заинтересовать


У вас недостаточно прав для добавления комментариев

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться.

Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.

Узнайте новости первыми на нашей странице ВКонтакте:
 

 

Сообщение
Закрыть
Всероссийское профессиональное тестирование!