Курсы повышения квалификации!

Любой курс повышения квалификации - 1390 рублей! Идет прием заявок на обучение! Продолжительность курсов: 36 часов, 72 часа и 108 часов.

Подробнее о КПК здесь

×

Гарифулла Курмангалиев

Наименование ОУ
удостворение
Должность
учитель
Город
Рудный
Дата создания
10.01.2017
Рейтинг
Оценить
0 голосовать
Описание материала
Просмотров194
Комментарии0
Скачиваний2
Размер файла334.68Кб
Казахский композитор Курмангалиев Гарифулла

Предпросмотр страницы №1

Күні:08.10.14ж

Сыныбы:4 «А», «Ә», «Б», «В».

Тақырыбы:Әнін көкке қалықтатқан – Ғарифолла Құрманғалиев

Мақсаты:Ғарифолла Құрманғалиев шығармашылығы туралы білімдерін арттыру.

Міндеттері:

а) Ғарифолла Құрманғалиев шығармашылығы туралы білімдерін арттыру.

б)Ән тыңдау арқылы түсініп талдау қабілеттерін дамыту;

в) Өнерсүйгіштікке тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Әдісі: Аралас.

I.Ұйымдастыру кезеңі.


Оқушылармен сәлемдесіп, сыныпты түгелдеу.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

3. Оқушылардың назарын сабаққа аударып, сабақтың ерекшелігі мен мақсатын таныстыру. 4. Пәнге деген қызығушылығын,зейінін қалыптастыру.


II.Үй тапсырмасы.1Жаппас Қаламбаевтың шығармашылығы туралы не білдіңдер ?
2- Қандай талантты қобызшылардан дәріс алды?
3- Кәзіргі таңда осы
Жаппас Қаламбаевқа ұқсайтын күйші-қобызшылар бар ма?4-Өнері кімнен дарыған?

Ән тыңдау: «Әдемі қыз» Әміре Қашаубаевтың орындауында.

Талдау:

а) Бұл ән қалай орындалды?

ә) Ән көбіне қандай ұлттық аспаптарда орындалады?

б) Әннің мазмұны қалай айтылды?


III. Жаңа сабақ.Әнін көкке қалықтатқан – Ғарифолла Құрманғалиев(1909-1993)

Көрнекті әнші (тенор), композитор, Республика мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткер, Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Құрманғалиев Ғарифолла 1909 жылы Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Ақкөл ауылында дүниеге келген. 4 жасында әкесінен, одан кейін анасынан ерте айрылған Ғарифолла Құрманғалиев немере ағалары Ғұбайдолла мен Хамидолланың қолында тәрбиеленеді. Әншілік өнерге бейімділігі бала кезінен байқалды. 10 жасынан домбыра тартып ән сала бастайды. Өзі туып-өскен өңірдің мақтанышы Мұхит Мерәліұлының өнерін бойына сіңіруге ниет қылып, оның туыстары Шынтас пен Шайхыға жолығады, ән үйренеді. Ақтөбе, Орынбор, Атырау, Орал өңірлеріне Мұхит әндерін насихаттайды.
Құрманғалиев Ғарифолла 1928 жылы ауылдық Кеңестің хатшысы, одан соң бригадир, ұжымшар басқармасының төрағасы болды.
1934 жылы Алматыда өткен Бүкілқазақстандық халық өнерпаздарының І слетіне қатысып, сол жерде Қазақтың музыкалық драма театрына (қазіргі Опера және балет театры) қабылданған. Ол театр құрамында жүріп Е.Брусиловскийдің «Ер Тарғын», «Айман-Шолпан», «Қыз Жібек», М.Төлебаевтың «Біржан-Сара», А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операларында күрделі партиялар мен Елемес, Сақан, Жарас, Шеге, Естай, Нарымбет секілді образдарды шебер сомдады. Сондай-ақ, өзі де әндер шығарды. Олар: «Ақжайық», «Сүйген жар», «Нұржамал», «Жан еркем», «Аққу», «Сүйемін, туған өлкем» т.б.
Ғ.Құрманғалиев ән сапарымен төрткүл дүниенің талай елдерінде болып, сан-сан сахналардан ұлттық музыкалық салт-дәстүріміздің байлығын паш етті.
1967 жылдан бастап өмірінің соңына дейін Республикалық өнер және цирк студиясында ұстаздық етті, талантты әншілердің бірнеше буынын тәрбиелеп шығарды. Олардың қатарында
Оның отандық мәдениетке сіңірген орасан зор еңбегі әлденеше мәртемемлекеттік марапаттармен бағаланды. «Қызыл жұлдыз», «Еңбек Қызыл ту ордендерімен, бірнеше медальмен марапатталған.

Если вам понравилась методическая разработка, лучший способ сказать cпасибо
— это поделиться ссылкой со своими друзьями в социальных сетях :)

Также вас может заинтересовать


У вас недостаточно прав для добавления комментариев

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться.

Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.

Узнайте новости первыми на нашей странице ВКонтакте:
 

 

Сообщение
Закрыть
Всероссийское профессиональное тестирование!