Курсы повышения квалификации!

Любой курс повышения квалификации - 1390 рублей! Идет прием заявок на обучение! Продолжительность курсов: 36 часов, 72 часа и 108 часов.

Подробнее о КПК здесь

×

Честность и справедливость

Наименование ОУ
Каратерекская СОШ
Должность
учитель сомопознания
Город
Павлодарская обл Майский р-н с Каратерек
Дата создания
04.12.2017
Файл материала
Рейтинг
Оценить
0 голосовать
Описание материала
Просмотров48
Комментарии0
Скачиваний0
Размер файла23.42Кб
Сабақ мақсаты:
Оқушыларға адалдық пен әділдік туралы білім бере отырып, дұрыс әрекет құндылығы туралы білім беру.
Сабақтың міндеттері:
- Адами қарым-қатынастағы адалдық пен әділдік адам өміріндегі орыны мен маңыздылығы туралы түсінік беру;
- Оқушыларға адалдық пен әділдікті дұрыс ұғындыру біліктіліктерін дамыту
- Адал және әділ болуға тәрбиелеу;

Предпросмотр страницы №1

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп: Қаратерек ЖОББМ

Мерзiм: 01.03

Тақырып: 24 сабақ Адалдық пен әділдік

Құндылық: ақиқат

Қасиеттер:адалдық,әділдік, шыншылдық, ауызбірлік

Мұғалiм: Кайсина Л.К

Сынып: 5.

Оқушылар саны: 15

Сабақ мақсаты:

Оқушыларға адалдық пен әділдік туралы білім бере отырып, дұрыс әрекет құндылығы туралы білім беру.

Сабақтың міндеттері:

Адами қарым-қатынастағы адалдық пен әділдік адам өміріндегі орыны мен маңыздылығы туралы түсінік беру;

Оқушыларға адалдық пен әділдікті дұрыс ұғындыру біліктіліктерін дамыту

Адал және әділ болуға тәрбиелеу;

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) музыкалық клип, түрлі түсті бояу, қылқалам, қарындаш.эл оқулық

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Тыныштық сәтi.

«Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

Тренинг «Ризашылық айтамын!»

Оқушылар өз ризашылықтарын айтады.

Оқушыларды 3 топқа бөлеміз. Түрлі-түсті гүл таңдау арқылы

1 топ «Адалдық»

2 топ «Ақиқат»

3 топ «Әділдік»

2.Үй тапсырмасын тексеру.

«Адал бала» корей ертегісі

бала неліктен алтын, күміс балтадан бас тартты?

Оларды бірден алса не болар еді?

Баланың ісін адал деп айтуға бола ма?

Сендер қай балтаны таңдар едіңдер? неліктен?

5 «Т» сақтау;

Тәртіп

Татулық

Тазалық

Тыныштық

Талап

Если вам понравилась методическая разработка, лучший способ сказать cпасибо
— это поделиться ссылкой со своими друзьями в социальных сетях :)

Также вас может заинтересовать


У вас недостаточно прав для добавления комментариев

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться.

Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.

Узнайте новости первыми на нашей странице ВКонтакте:
 

 

Сообщение
Закрыть
Всероссийское профессиональное тестирование!