Курсы повышения квалификации!

Любой курс повышения квалификации - 1390 рублей! Идет прием заявок на обучение! Продолжительность курсов: 36 часов, 72 часа и 108 часов.

Подробнее о КПК здесь

×

Білім беру саласы: «Таным»

Наименование ОУ
детский сад №4
Должность
воспитатель
Город
Костанай
Дата создания
18.05.2018
Рейтинг
Оценить
0 голосовать
Описание материала
Просмотров60
Комментарии0
Скачиваний0
Размер файла40.13Кб
Білім беру саласы: «Таным».
Тақырыбы: Бір және көп, көп заттарды салыстыру және арасындағы сәйкестіктерді орнату Үлкен және кіші. Шеңбер (өзге фигуралардың арасынан табу)
Бөлімі: ҚМТҚ.
Мақсаты:заттарды санына қарай салыстыру, бір зат пен көп затты айыру қабілетін нығайту; санаудың дұрыс тәсілдерін қолдана отырып, заттарды санау (2 саны көлемінде); солдан оңға қарай санау, сандарды ретімен атау, сан есімді зат есіммен сәйкестендіру; екі топтағы заттарды бір-бірімен салыстыру, оларды теңестіру; таныс заттарды көлеміне қарай (үлкен, кіші) салыстыру, оларды сол белгілеріне қарай біріктіру; жұмбақты көрген мәліметтер негізінде шешуге үйрету; шеңбер туралы өткенді пысықтау (оны өзге геометриялық фигуралар арасынан табу); шеңбердің де әр түрі болатынын түсіндіру

Предпросмотр страницы №1

Технологиялық картасы



Білім беру саласы: «Таным».

Тақырыбы:Бір және көп, көп заттарды салыстыру және арасындағы сәйкестіктерді орнату Үлкен және кіші. Шеңбер (өзге фигуралардың арасынан табу)

Бөлімі: ҚМТҚ.

Мақсаты:заттарды санына қарай салыстыру, бір зат пен көп затты айыру қабілетін нығайту; санаудың дұрыс тәсілдерін қолдана отырып, заттарды санау (2 саны көлемінде); солдан оңға қарай санау, сандарды ретімен атау, сан есімді зат есіммен сәйкестендіру; екі топтағы заттарды бір-бірімен салыстыру, оларды теңестіру; таныс заттарды көлеміне қарай (үлкен, кіші) салыстыру, оларды сол белгілеріне қарай біріктіру; жұмбақты көрген мәліметтер негізінде шешуге үйрету; шеңбер туралы өткенді пысықтау (оны өзге геометриялық фигуралар арасынан табу); шеңбердің де әр түрі болатынын түсіндіру

Үлестірмелі материалдар:бос жолағы бар 2 карточка, үлкен шаршысы немесе шеңбері бар 3 тәрелке, 4 кіші тәрелке, жинақ полотносы (материал).

Әдіс-тәсілі:сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру.


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері


Педагогтің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

«Жұмбақтар және олардың шешуі» ойыны.

Педагог балаларға жұмбақтар жасырады.

Тікен-тікен, тік пісте

Қысы-жазы бір түсте.


Көк жиекті шай табақта

Алтын алма тербелер.

Кейде бүркер алма жүзін,

Ұлпа, мақта, пернелер.


Қалпағы бар,

Басы жоқ.

Қолы да жоқ,

Шашы жоқ.

Сыңар аяқ «көкеңнің»

Ойлан, тап, не екенін.

Балалар жұмбақтың шешуін табады.

Шырша.

Күн.

Саңырауқұлақ.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

Дәптермен жұмыс.

Педагог1-тапсырмабойынша балаларға сұрақ қояды.

- Суретте ен көп бейнеленген қандай зат?

- Бір-бірден салынған заттың аты қандай?

- Бір-бірден салынған заттарды бояп шығыңдар.

Педагог балаларға тақтадағы заттарды көлеміне қарай (үлкен-кіші) салыстыруды ұсынады.

2-тапсырма«Жол сал» ойыны түрінде ұйымдастырылады. Педагог дәптерге орындау үшін мынадай тапсырма береді: олар үлкен шәйнектен үлкен кесеге дейін, ал кішкентай шәйнектен кішкентай кесеге дейін жол «салыңдар».

Педагог балалардан «Жолды қалай

Салыңдар?» деп сұрайды.

Сергіту минуты

Оңға қарай иілдік,

Солға иілдік,

Бір отырып, бір тұрып,

Бәріміз бір сергідік.

3-тапсырма1 және 2 затты

санауға байланысты берілген.

Педагог балаларға сұрақ қояды.

- Сол жақ бұрыштағы карточкада неше киіз үй, оң жақ бұрышта неше киіз үй тұр?

- Оң жақ бұрыштағы карточкада неше тақия, сол жақ бұрышта неше тақия орналасқан?

- Тақия көп пе әлде киіз үй көп пе?

Педагог балаларға заттарының саны бірдей карточкаларды сызық арқылы қосуды ұсынады.

3-тапсырма.

Педагог балаларға жұмбақ жасырады:

Бұл орамның пішіні –

Бауырсақтың да мүсіні.

Кішірейтсек біз мұны,

Шығады тоқаш наны боп. Ол не?

- Барлық шеңберлерді бояңдар.

- Неше шенбер боядыңдар?

- Сендер бояған шеңберлердің көлемі қандай?

Осы жерде педагог шеңбердің көлемінің әртүрлі болатынын балалардың есіне салады.

Балалар сұрақтарға жауап береді: шырша бүрі, кірпі, Күн, саңырауқұлақ, шырша. Балалар Күнді, саңырауқұлақ пен шыршаны бояйды.

Балалар үлкен шәйнек пен үлкен кесені, ал кішкентай шәйнек пен кішкентай кесені сызық арқылы қосады.

Балалар өлең мәтініне сай жаттығулар жасайды.

Балалар сұрақтарға жауап береді.

Тақия аз, киіз үй көп. Балалар тапсырманы орындайды.

Балалар жұмбақтарды шешеді (дөңгелек), шеңберлерді бояйды және педагогтің сұрақтарына жауап береді.


Тапсырманы орындайды.





















Шеңбер.

Если вам понравилась методическая разработка, лучший способ сказать cпасибо
— это поделиться ссылкой со своими друзьями в социальных сетях :)

Также вас может заинтересовать


У вас недостаточно прав для добавления комментариев

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться.

Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.

Узнайте новости первыми на нашей странице ВКонтакте:
 

 

Сообщение
Закрыть
Всероссийское профессиональное тестирование!