Курсы повышения квалификации!

Любой курс повышения квалификации - 1390 рублей! Идет прием заявок на обучение! Продолжительность курсов: 36 часов, 72 часа и 108 часов.

Подробнее о КПК здесь

×

Ашық Сабақ: «Табиғатпен Сырласу»

Наименование ОУ
детский сад №4
Должность
воспитатель
Город
Костанай
Дата создания
18.05.2018
Рейтинг
Оценить
0 голосовать
Описание материала
Просмотров24
Комментарии0
Скачиваний0
Размер файла33.63Кб
Ашық Сабақ: «Табиғатпен Сырласу»

Білім беру саласы: «Денсаулық», «Әлеуметтік орта», «Қатынас».
Бөлімі: «Валеология», «Айналаны қоршаған орта», «Тіл дамыту».
Мақсаты:
• Балаларға қоршаған орта табиғат жайлы: өсімдіктер әлемі – флора, жануарлар әлемі – фауна туралы білімдерін кеңейту.
• Өсімдікпен жануарлар дүниесіне деген жауапкершілік және қорғау қарым-қатынасын дамыту.
• Күн және ауа тіршілік иелерінің өмір нәрі екені жөнінде мәлімет беру.
• Балалардың бір біріне деген жауапкершіліктерін арттыру, бағалай білуге дағдыландыру.
• Қоршаған орта табиғатты аялауға, қорғай білуге тәрбиелеу.

Предпросмотр страницы №1

Ашық Сабақ: «Табиғатпен Сырласу»


Білім беру саласы: «Денсаулық», «Әлеуметтік орта», «Қатынас».

Бөлімі: «Валеология», «Айналаны қоршаған орта», «Тіл дамыту».

Мақсаты:

Балаларға қоршаған орта табиғат жайлы: өсімдіктер әлемі – флора, жануарлар әлемі – фауна туралы білімдерін кеңейту.

Өсімдікпен жануарлар дүниесіне деген жауапкершілік және қорғау қарым-қатынасын дамыту.

Күн және ауа тіршілік иелерінің өмір нәрі екені жөнінде мәлімет беру.

Балалардың бір біріне деген жауапкершіліктерін арттыру, бағалай білуге дағдыландыру.

Қоршаған орта табиғатты аялауға, қорғай білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Табиғат жайлы суреттер, әр балаға тірі, өлі табиғат иелерінің суреттері, өсімдік және жануарлар суреттері, жасыл, қызыл текшелер, түрлі түсті қарандаштар, ВЕН диаграммасы, видео көрсетілімі, магнитофон.

Сөздік жұмысы: тірі, өлі табиғат иелері.

Билингвальдық компонент: «флора», «фауна» – өсімдік әлемі, жануарлар әлемі.

 

Іс – әрекет кезеңі

Педагогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – дамытушылық

Шаттық шеңберіҚұрметті балалар, мен сендерді «Табиғатпен сырласу» шеңберіне шақырамын.

Күндей жарық, айдай арайлы,

Жұлдыздай жарқын, судай мөлдір,

Таза көңілмен бүгінгі күнді бастайық!

Армысың, мейірімді жер ана!Армысың, мейірімді табиғат ана!

Келді сізге өзіңіздің балалар

Сүйіп табиғатты аялайық

Бізде одан жақсылығымызды аямайық.

Ұйымдастырушылық ізденіс 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлекстік – жинақтаушы

Балалар, енді орыныдықтарыңа жайланып отырындар музыка әуені арқылы көздеріңді жұмып елестетесіңдер: жасыл шөптің үстінде, құмды басып жүрсіндер, енді күнге қолдарынды созып өздеріңе күн шуағын сезінесіндер. Әрі қарай жүреміз, жел тұрып беттеріңен сипап өтті. Енді сендер таза көлге, су жағасына келдіндер. Таза суға түсіп шомылғандай әсер алдыңдар.Енді өздерің табиғат анадан алған әсерлерің жайлы айтып беріңдер.

 

Балалар, жұмбақ шешуге дайындалайық.

а) Оны ұрады, соғады,

Жыртып кесіп жатады

Ол бәріне төзеді

Бәріне мейірімділік көрсетеді.

Ол не?

ә) Өзен мен көлде тұрады.

Көкке де ұшып барады.

Ұшқаннан жалыққанда

Жерге қайтып оралады.

Ол не?

б) Көгілдір орамал – сары дөңгелек.

Орамалда жүреді, адамдарға күлкісін сыйлайды.

Ол не?

 

в) Қолы көп, бір аяқ.

Ол не?

 

г) Қалың орманда, шырша астында.

Дөңгеленіп жатады, инесі бар денесінде

Барлық зат оған жабысады.

Ол не?

– Балалар, сендер жұмбақтын шешуін дұрыс таптыңдар. Енді мына суретке қарап нені көріп тұрсындар, айтып беріндер.

– Балалар, табиғат дегеніміз ол бізді қоршаған орта. Сендер айтыңдаршы табиғат адамға не береді.

– Дұрыс.

– Ал енді келесі суретте адамдарға қараңдаршы. Неліктен олар орманға келді?

 

– Келесі суретте неліктен пештің суреті көрсетілген?

– Балалар, көрдіңдерме табиғат адамға өте көп сый-сыйапат береді екен.

 

– Балалар мына суретте неліктен суретші үйлер, орамдарды, завод, фабрикаларды салмаған?

– Дұрыс. Табиғатқа олар жатпайды.

– Табиғатқа нелер жатады?

-Балалар, енді мына жерде орналасқан суреттерді қарандаршы, оларды атап беріндер.


-Балалар, табиғат өсімдіктер әлемі және жануарлар әлемінен тұрады. Өсімдіктер әлемін – флора деп атаймыз. Ал жануарлар әлемін – фауна деп атаймыз.

– Өсімдіктер әлеміне не жатады?

-Ал жануарлар әлеміне не жатады?

-Дұрыс айтасыңдар

– Балалар, қазір сендер видео көрсетілімі арқылы жабайы аңдар өмірін тамашалайсыңдар. Көріністерді мұқият қарап, әңгімелеп беруге дайын болыңдар.

– Балалар, жаңағы видео арқылы қандай табиғат әлемін көрдіңдер ?

–Балалар, кішкене тынығып алайық

-Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз.

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір .

Жаттығулар жасайық

Жақсы серігіп қалайық

– Тамаша, келесі сұрақтарға жауап беріңдер.

– Осы суреттерден өсімдіктер әлеміне және жануарлар әлеміне не жататынын атап беріндер.

– Дұрыс. Енді келесі тапсырмаға көшейік. Үстел басына барып жайғасып отырындар, мен сендерге тапсырманы айтайын. Қай бала жасыл текше орналасқан үстелде отырса сол балалар дайын тұрған суреттерден тек қана флора әлеміне жататын суреттерді бояйды. Ал қызыл текшесі бар үстелде отырған балалар фауна әлеміне жататын жандарды бояйсындар.

– Кәне,Томирис сен қандай тапсырманы орындайсын?

 

 

– Ал сен ше, Амиржан?

– Балалар тапсырмаларды орындайды, соңынан тапсырмалар тексеріледі. (екі-үш баладан сұралады, тақтада екі бала орындайды)

– Өте жақсы балалар , келесі тапсырмаға көшейік. Сендердің әр қайсысында бір бір карточкадан бар, мұқият қарап алыңдар не салынып тұрғанын. Мына жерде екі шеңбер тұр. Бірі қызыл түсті, екіншісі көк түсті. Мен оны жартылай бірінің үстіне қойдым, ал сендер көкшіл шеңберге флора әлемінің заттарын саласындар, ал қызыл шеңберге фауна әлемінің заттарын орналастырасындар.

– Түсінікті ме?

– Кәне келе ғой, Айбарыс. Сенде ненің суреті бар?

 

 

– Ал сен де, Муслима? Ненің суреті бар?

 

 

 

Барлық баланың карточкалары орналастырылады.

– Балалар, айтыңдаршы осы екі әлемді не біріктіреді?

– Дұрыс, сондықтан мен осылардың ортасына табиғат ананың суретін қоямын, келісесіңдер ғой.

– Балалар енді шеңберге тұрайық «табиғат мейірімді» ойынын ұсынамын. Шартын тындап алындар. Табиғаттың адамға беретін қасиеттерін атау көзделеді.

– Табиғат мейірімді…

 

– Ағаштар мейірімді…

 

– Күн мейірімді…

 

 

– Гүлдер мейірімді…

 

– Жақсы, тамаша.

 

Музыка әуені қосылады: судың сыңғырлаған дыбысы, құстардың әндері естіледі.

– Балалар, енді сабағымызды қортындылайық. Маған айтындаршы, осы табиғат ана сендерді қандай болуға үйретеді?

 

 

 

 

 

– Дұрыс айтасындар балалар, енді шын жүректен бәріміз табиғатқа рахметімізді айтайық.

– Рахмет сендерге балалар!

Балалар мұқият тындайды, музыка әуені арқылы табиғатпен сырласуға даярланады. 

 

 

 

 

– Мен жасыл шөптің үстімен жүрдім.

– Мен күнге денемді қыздырдым.

– Мен таза суға аяғыммен басып көрдім.

 

 

 

 

– Жер

 

 

 

 

– Ол су.

 

 

 

– Ол күн.

 

 

– Ол ағаш.

 

 

 

 

– Ол кірпі.

 

– Мына жерде табиғат көрінісін көріп тұрмыз.

 

 

 

– Табиғат адамға жеміс-жидектер береді.

 

– Адамдар орманға дем алу үшін, табиғатты тамашалау үшін келді.

 



Өйткені ағаштар ауыл адамдарына отын ретінде керек.

 

 

 

– Өйткені олар адам қолымен жасалған.

 

– Ағаштар, гүлдер, шөптер, құстар, аңдар, жәндікер тағы да басқа жан-жануарлар жатады.

 

– Балалардың жауаптары.

 

 

 

-Мұқият тыңдайды

 

– Өсімдіктер әлеміне ағаштар, гүлдер, көкөністер, жемістер, шөптер жатады.

Ал жануарлар әлеміне құстар, үй жауарлары, жәндіктер, жабайы аңдар жатады.

Көрсетілген көріністерді балалар әңгімелеп береді.

Өсімдіктер әлемі  және жануарлар әлемін  көрдік

 

Шеңбер бойында тұрып сергіту жаттығуларын орындайды

 

 

 

 

 

-Дұрыс жауаптары

 

 

 

– Балалар тапсырманы мұқият тындап отырады.

 

 

 

 




Мен флора әлеміне жататын заттарды бояймын, өйткені менің үстелімде жасыл текше тұр.

– Мен фауна әлеміне жататын жандарды бояймын, өйткені менің үстелімде қызыл текше тұр.

 

 

 

 

Балалар мұқият тыңдап отырады

 

 

 

 

 


– Менде қоянның суреті бар мен оны қызыл текшеге орналастырамын, өйткені ол фауна әлеміне жатады.

– Менде гүлдің суреті бар мен оны көк шеңберге орналастырамын – флора әлеміне.

 

 

– Екі әлемді табиғат біріктіреді.

 

 

-Келісімдерін білдіреді

– Балалар мұқият тындайды.

 

 

 

 

– Өйткені бізді шаң-тозаннан қорғайды, таза ауа береді.

– Өйткені олар бізге жазда көленке береді, отын береді жағу үшін.

– Өйткені, ол бізге шуағын таратады, көңіл күйімізді көтереді.

– Өйткені, олар адамға жұпар иісін сыйлайды.

 


– Күннен мейірімділікке үйтенеміз

– Құстардан ән салуды, самғап ұшқандарын тамашалауды. олар бізді бірлікке, татулыққа үйретеді.

– Көбелектірден әдемілікті, нәзіктікті үйренеміз.

– Мен жерден төзімділікке үйренемін.

– Мен ағаштардан сымбаттылыққа үйренемін.

– Сымбатты болу үшін жаттығу жасаймыз, ойындар ойнаймыз, дұрыс тамақтануымыз керек.

– Рахмет саған, жер ана!

– Рахмет саған, табиғат ана!

Если вам понравилась методическая разработка, лучший способ сказать cпасибо
— это поделиться ссылкой со своими друзьями в социальных сетях :)

Также вас может заинтересовать


У вас недостаточно прав для добавления комментариев

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться.

Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.

Узнайте новости первыми на нашей странице ВКонтакте:
 

 

Сообщение
Закрыть
Всероссийское профессиональное тестирование!