Курсы повышения квалификации!

Любой курс повышения квалификации - 1390 рублей! Идет прием заявок на обучение! Продолжительность курсов: 36 часов, 72 часа и 108 часов.

Подробнее о КПК здесь

×

« Ою ойғанның ойы ұшқыр»

Наименование ОУ
ГККП "я/с "Солнышко"
Должность
учитель казахского языка
Город
г.Петропавловск
Дата создания
03.04.2018
Рейтинг
Оценить
0 голосовать
Описание материала
Просмотров278
Комментарии0
Скачиваний0
Размер файла38.5Кб
Балалардың еңбекке деген құштарлығын арттырып, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Жаңа сөздік ұғымдар арқылы тілдерін дамытып, ой өрістерін кеңейту. Сабаққа сұрақ-жауап, мақал-мәтел айтқызып, сөйлем құрау, ою-өрнек салу, қию, желімдеу, қағаз, матамен жұмыс.

Предпросмотр страницы №1

Сабақтың тақырыбы: « Ою ойғанның ойы ұшқыр»

Сабақтың мақсаты:Балалардың еңбекке деген құштарлығын арттырып, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Жаңа сөздік ұғымдар арқылы тілдерін дамытып, ой өрістерін кеңейту. Сабаққа сұрақ-жауап, мақал-мәтел айтқызып, сөйлем құрау, ою-өрнек салу, қию, желімдеу, қағаз, матамен жұмыс.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: Қажетті қүралдар үшін үлгі, сызба, суреттер, қарандаш, түрлі-түсті қағаз, мата, қайшы, желім пайдаланылады.

Сабақтың барысы:

Сабақты топтың ішінде балаларды саяхат жасатудан бастаймыз. Олардан айналаға зер салып,некеріп тұрғандарын сұрайды.

Балалар топтағы кілем, көрпешеге, шапан, тақия, сандық. шымылдық, алаша, жастықшаны, домбыра, ұлттық киімді көріп тұрғандарын айтады.

Мұғалім: Өздерің көріп тұрған киімдер, киіз үй жиһаздары неменәшекейленгенін білесіндер ме?

Балалар: Оюлармен әшекейленген.

Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар, ою-өрнектермен, өрнектелген. Қазақ қалқының бұйымдары басқа халықтардан осыою-өрнегімен ерекшеленеді. Сендер орыс, қытай, түрік сияқты тағы басқа ұлттардан осындай ою-өрнек көрдіндер ме?

Балалар:Жоқ.

Мұғалім: Ендеше біздің ұлттық киімдерімізде, үй іші жиһаздарында, зергерлік бұйымдарында ою-өрнек салынатынын естеріңдеұстаңдар. Өздерің көздеріңді жұмып, топтағы күнде көріп жүрген жаңағы заттарды ою-өрнексіз елестетіп көріңдерші, қандай болады екен. Жақсы ма? Жаман ба?

Балалар:Жақсы емес.

Жаңа сабақ:

Мұғалім: Мен сендерге қазір ою - өрнек туралы айтып беремін мұқият тыңдаңдар. Ертеде біздің әжелеріміз тұрмыс бұйымдары: көрпе, шымылдық, киімдерге ою-өрнек салып,кестелеп, құрақ құрып, ал аталарымыз, ұсталарымыз,ағаштан сандық, күбі, келі, ат әбзілдерін, жасаған. Зергерлер, күмістен ыдыс аяқтарға зергерлік бұйымдар: сақина, білезік, шолпы, шашбау, алқа, жүзікке ою мен өрнек салған. Ою-өрнектің түрлері көп, өзіндік шығу тегі бар,оюдың бұйымдарға сән беретін өзіндік орны болады. Мен сендерге ою-өрнектің адамның тіршілігіне, айналадағы құбылыстарға байланысты түрлерін айтып берейін. Атап айтқанда: көк әлеміне, малдарға, аңдарға, құстарға, құрт- құмырсқаға, жер, су, өсімдік, жұлдыз, жапырақ, бұтаққа, қару-құралдарғабайланысты,сондай-ақ геометриялық фигура-лар тектес өрнектердің түрлері бар. Балалар, осы танысып жатқан ұлттық бұйымдар, оларға жасалған ою-өрнектеріміз дүниеге еңбек арқылы келеді.

Мұғалім: Ендеше еңбек туралы мақал-мәтелдер айталық. Кім қандай макал-мәтел біледі?

Илья: Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.

Степа: Еңбек етсең емерсің.

Настя:Еңбек түбі -береке,

Көптің түбі -мереке.

Мұғалім: Өте жақсы балалар,ал енді мен сендерге ою-өрнектің түрлерін көрсетейін, ал сендер сол оюлардың атын хормен қайталаңдар. Міне, мына оюымыз «Ботагөз» -деп аталады екен,

Если вам понравилась методическая разработка, лучший способ сказать cпасибо
— это поделиться ссылкой со своими друзьями в социальных сетях :)

Также вас может заинтересовать


У вас недостаточно прав для добавления комментариев

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться.

Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.

Узнайте новости первыми на нашей странице ВКонтакте:
 

 

Сообщение
Закрыть
Всероссийское профессиональное тестирование!