Курсы повышения квалификации!

Любой курс повышения квалификации - 1390 рублей! Идет прием заявок на обучение! Продолжительность курсов: 36 часов, 72 часа и 108 часов.

Подробнее о КПК здесь

×
Главная \ Методические разработки \ Дополнительное образование \ Воспитание \ Білім мазмұнының тәрбие үрдісімен ықпалдастығы

Білім мазмұнының тәрбие үрдісімен ықпалдастығы

Наименование ОУ
Костанайский гуманитарный колледж
Должность
преподаватель
Город
Костанай
Дата создания
28.04.2014
Рейтинг
Оценить
0 голосовать
Описание материала
Просмотров491
Комментарии0
Скачиваний2
Размер файла21.58Кб
Мақсаты: Бүгінгі заман талабына сай бәсекеге қабілетті педагог әдістемесіндегі білім мазмұны мен тәрбие үрдісінің ықпалдасуын сабақта және сабақтан тыс уақытта қолданудың маңызы мен тиімділігін түсіндіру.

Предпросмотр страницы №1

Білім мазмұнының тәрбие үрдісімен ықпалдастығы





Мақсаты:Бүгінгі заман талабына сай бәсекеге қабілетті педагог әдістемесіндегі білім мазмұны мен тәрбие үрдісінің ықпалдасуын сабақта және сабақтан тыс уақытта қолданудың маңызы мен тиімділігін түсіндіру.



«Біз өзіміздің ұлттық ойлау жүйемізді, тарихи танымымызды, рухани мәдениетімізді барынша терең дамыта отырып барлық салада рухани тәуелсіздікке жетуіміз керек... Мектеп оқулығынан бастап әр бір ғылыми еңбек, көркем шығарма, мәдени шара рухани тәуелсіздік пен елдің идеясына қызмет етуге тиіс ...» , - дейді елбасымыз Н.Ә.Назарбаев . [ 1; 15].

Иә, рухани тәуелсіздік пен елдік идеяға қызмет ету мектепте, кәсіптік және жоғары оқу орындарында үздіксіз іске асып жатады. Өйткені еліміз егемендік алғаннан бері қоғамымызда түбегейлі өзгерістер болып жатыр . Бұл өзгерістерді тек оңтайлы жағынан ғана көруге болады. Мәселен, Қазақстан мемлекетін дүниежүзілік экономикалық қауымдастыққа мүше етумен қатар, еліміз ішкі нарығында да әлемдік деңгейге көтерілді. Мұнымен қоса, білім мен ғылым саласында да жаңа талаптар пайда болды. Білім беру жүйесін жандандыру мен білім сапасын жақсарту мәселесі қолға алынды. «Жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп, орта, жоғары оқу орындарында жас ұрпаққа ғылым саласына терең білім берумен қатар жан-жақты жетілген, еңбекке икемді, барлық игі іс - әрекетте белсенділік көрсете алатын жеке тұлғаны тәрбиелеу басты назарда тұр.

Білім беру жүйесіне енгізіліп отырған өзгерістерге сай оқу процесінде тәрбие тәсілдерін ұлттық психологияға биімдеу, кәсіби бағдар беру оқушының қабілетін, талап-талғамын ескере отырып, барлық пәндерді теориялық әрі практикалық жағынан терендетіп оқыту көзделіп отыр .

Оның дәлелі – «Қазақстан республикасынын 2015 жылға дейінгі білім беру Тұжырымдамасы». Бұл құжат еліміздің білім жүйесінде реформалық өзгерістер жасау қажеттігінен туындайтын басты бағыт бағдарды айқындайды .

Себебі қоғам алдында тұрған ең жауапты міндет – тәуелсіз мемлекетіміздің әлемдік бәсекеге қабілетті озық елдер қатарына қосылуына, болашақта барыс еліне айналуына бел буып, үлес қосып, ел ертеңін айқындайтын өскелең жас ұрпақты адамгершілік қасиетке азаматтық тұрғыда тәрбиелеп, білім беру болып табылады .

Осыған орай білім беру жүйесіндегі үйреншікті дағдыдан үйлесімді, күрделі сабақтастықтарды қамтуға ұмтылатын көп деңгейлі оқу жүйесін орнақтыру жаңа ақпараттық, компьютерлік жабдықтармен жұмыс істеу қазіргі заман талаптарынан туындап отыр. Әрине, бұл біздер үшін қуанарлық жайт. Осылайша заман талабына сай, мазмұнды, сапалы білім беру арқылы мұғалім зияткерлік деңгейі жоғары, әлеуметтік сауатты, өзіндік ой тұжырымы мен көзқарасы, дүниетанымы бар жеке тұлғаны қалыптастырады .

Если вам понравилась методическая разработка, лучший способ сказать cпасибо
— это поделиться ссылкой со своими друзьями в социальных сетях :)

Также вас может заинтересовать


У вас недостаточно прав для добавления комментариев

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться.

Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.

Узнайте новости первыми на нашей странице ВКонтакте:
 

 

Сообщение
Закрыть
Всероссийское профессиональное тестирование!