Охрана труда:
нормативно-правовые основы и особенности организации
Обучение по оказанию первой помощи пострадавшим
Аккредитация Минтруда (№ 10348)
Подготовьтесь к внеочередной проверке знаний по охране труда и оказанию первой помощи.
Допуск сотрудника к работе без обучения или нарушение порядка его проведения
грозит организации штрафом до 130 000 ₽ (ч. 3 статьи 5.27.1 КоАП РФ).
Повышение квалификации

Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014

Почему стоит размещать разработки у нас?
  • Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
  • Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
  • Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
Свидетельство о публикации
в СМИ
свидетельство о публикации в СМИ
Дождитесь публикации материала и скачайте свидетельство о публикации в СМИ бесплатно.
Диплом за инновационную
профессиональную
деятельность
Диплом за инновационную профессиональную деятельность
Опубликует не менее 15 материалов в методической библиотеке портала и скачайте документ бесплатно.
14.05.2014

Нұрсұлтан Назарбаев заманымыздың ұлы реформаторы, тұрақтылығымыздың кепілі

Кеңес Одағы ыдыраған кездегі тәуелсіздік жолындағы қиындықтарды зерттеңіз. Тәжікстандағы азамат соғысы, Қарабақ конфликті сияқты тарихи мысалдар тәуелсіз Қазақстанның тұрақтылық пен бейбітшілікті қалай сақтап қалғанын түсінуге көмектеседі. Табиғи ресурстарға бай болғанымен, ел бірлік пен ұлттық келісімді сақтауға тап болған сын-сынақтарды талқылайды.

Содержимое разработки

Нұрсұлтан Назарбаев – заманымыздың ұлы реформаторы, тұрақтылығымыздың кепілі.




Ералиев Ақлепесбай Алиұлы

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Үстірт орта мектебінің тарих пәні мұғалімі

Тәуелсіздігін жариялаған кез-келген елдің, қиыншылыққа тап болатындығы тарих тәжірибесінен белгілі. 1960 жылдары өз егемендігін жариялаған Африка елдерінің көпшілігі экономикалық қиындықтан шыға алмай, отаршылдықтың шырмауында қалып қойды. 1991 жылы Кеңес Одағы құлап, бұрынғы кеңестік республикалар өз тәуелсіздігін алды. Бірақ АҚШ, Ресей, Англия сияқты әлемдегі жетекші мемлекеттер жас республикалардың өз тәуелсіздігін сақтай алатындығына сене алмады. Шынында да көп кешікпей Тәжікстанда азамат соғысы тұтанып, миллиондаған адамдар босқынға айналды. Азербайжан ман Армения арасындағы Таулы қарабақ оқиғасы, өзбектер мен қырғыздар арасындағы этникалық жанжалдар орын алды. Осындай жағдайлар Қазақстанда да болуы әбден мүмкін еді. Қазақстан тәуелсіздігіне сенімсіздік білдірген АҚШ саясаттанушысы З. Бжезинский “Ұлы шахмат тақтасы” деген кітабында былай деп жазады: “Қазақстанда яғни табиғи ресурстардың үлкен қоры бар, бірақ 20мың адамдай тұрғын орналасқан, қазақтар мен славяндар арасында шамамен тең болып бөлінген, ұланғайыр өлде лингвистикалық және ұлттық алауыздықтың , байқауымызша өрши түсу тенденциясы бар”

Осындай пікірді Ресейдің тәуелсіз басылымдары да білдірді. Солженицын, Жириновский сияқты танымал тұлғалар “Қазақстан деген бұл уақытша құбылыс, ол тәуелсіз мемлекет ретінде өмір сүре алмайды” деп ойлады.

1994 жылы Қазақстанда экономикалық қиындықтар орын алған кезде Ресейде шығатын “Независимая газета” Казакстан тағдырын былайша болжайды: “Қазақстан экономикалық саясат сақтаған жағдайда, Қазақстанды таяу болашақта гиперинфлияция дәлірек айтканда ұлт валютасының күйреуі мен жалпы қаржы экономикалық апаты күтіп тұр.(...) Өлім қаупі алдағы жылдың наурызынан кешікпей келеді”.

Әрине бұл болжамдардың барлығы да жүзеге аспай қалды. Керісінше президентіміз ұлт көшбасшысы Н.Назарбаевтың көреген саясатының арқасында Қазақстан тәуелсіздік жариялаған бұрынғы кеңестік елдер арасында көшбасшы мемлекетке айналды.

Тәуелсіздік жарияланғаннан кейінгі жылдары 2млн 600мың адам өз тарихи отанына көшіп кетіп, халық саны 14 млн-ға дейін азайды. Олардың орнына шет елдерден 800мың отандастарымыз көшіп келіп,халық саны 16 млн-нан асты. Қазақтардың үлесі 1991жылы 42 пайыз болса 2011жылы 63 пайызды құрады.

Тәуелсіздігіміздің 20 жыл ішінде Қазақстан Европа мен Азия елдері арасында өзіндік орны бар, жан-жақты дамыған елге айналды. 2010 жылы желтоқсанда Қазақстанның Европа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі және Астана қаласында 56 елдің басын қосқан Саммит өтуі осының айқын дәлелі. 2011 жылдың ақпан айында елімізде 4 жылда бір өтетін Ақ Азияданың өтуі және онда жерлестеріміздің жетістіктері әлемдік сахнада қуатты спорттық державаның пайда болғанын әйгіледі.

1994 жылы елімізде жан басына шаққанда ішкі өнім өндіру 700 доллардан келетін болса, 2011 жылы 9000 долларды құрады. Яғни ішкі өнім 12есеге өсті. Қазақстанның казіргі кездегі экономикалық даму деңгейіне келетін болсақ, Европаның дамыған елдері болып саналатын Испания, Португалия сияқты елдермен теңесті деп батыл айта аламыз. Әрине осындай қысқа мерзім ішінде еліміздің аса зор жетістікке жетуі, президентіміз Н. Назарбаевтың қажырлы еңбегінің, оның дер кезінде жүргізген сарабдал саясатының жемісі екенін мойындауымыз керек.

Америка саясаттанушысы Ю.Дженнингс ескі саяси жүйені жойып, орнына құндылықтарға толы жаңа қоғам орнатуға өз үлесін қосқан мемлекет басшыларын Супермен деп атауды ұсынады. Адамзат тарихында кертартпа қоғамды жойып, адамзатты өркениеттің жаңа белесіне қөтерген тұлғалар аз болмаған. Мысалы: Мұхамбет пайғамбар, Мұстапа Ататүрік, Ұлы Петр, Рузвельт т.б. айтуға болады. Осындай ұлы тұлғалар қатарына елімізді жоғары деңгейге жеткізген ұлт көшбасшысы,еліміздің тұнғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевты да қосуға болады деп ойлаймын.

Нұрсұлтан Назарбаев - заманымыздың ең ұлы реформаторларының бірі. Бұл - Ресей мемлекеттік қайраткерлерінің бірі Анатолий Чубайстың Қазақстан мемлекетінің тәуелсіздігінің алғашқы жылдарындағы қиындықтардан өткеннен кейінгі берген бағасы. Шынында да тарихта мемлекет тығырыққа тірелген сәтте, өзінің күш-қайраты, білім тәжірибесі, интеллектуалдық туа біткен қабілетінің арқасында жеке тұлғалар шешуші рөл ойнағаны белгілі. Мысал ретінде Франция президенті Шарл де Голлді айтар едім. Ол екінші дүние жүзілік соғыстан кейін әлемдік держава мәртебесінен айрылып қалған, Францияның қысқа мерзім ішінде оның бұрынғы абыройын қайта оралтты, және әлемдік державалар қатарына қайтадан қосты. Келесі мысал Ли Куан Ю отыз жылдан аса уақыт ішінде, Сингапурды өмір сүру денгейі жоғары дамыған қала мемлекетке айналдырды. Бүгінгі күні Сингапурдың білім беру мен денсаулық сақтау жүйелері әлемдегі ең үздіктердің бірі болып табылады. Жан басына шаққандағы оның кірісі 25 мың доллардан асты,ал тәуелсіздік алған кезде ол небәрі 1 мың долларға да жетпейтін еді.

1991 жылы КСРО империясы құлап Қазақстан тәуелсіздік алған жылдары Қазақстанды су асты жартастарының арасында қалған мұхиттағы алып кемеге ұқсатуға болатын еді. Осы кеменің капитаны Н. Назарбаевтың алдына асқан шеберлікпен, ешбір тастарға соқтықпай, мұхит төріне алып шығу міндеті тұрды. Бұл кезде Қазақстан экономикасы апатты жағдайда тұрды, өйткені КСРО мен бірге біртұтас Одақтық халық шаруашылығы ыдыраған кез болатын. Қазақстан кәсіпорындарының 95% орталықтан қаржыландырып басқарылатын еді. Осындай жағдайда өте тез, батыл қадам жасамаған жағдайда мемлекеттіліктің құрып кетуі әбден мүмкін еді. Н. Назарбаев өзінен бұрынғы реформаторлардың қателіктерін, соның ішінде М.С. Горбачевтың жіберген қателіктерін сараптай отырып, оларды қайталамауға бел буды.

Ол өзінің алғашқы қадамын Даулет Сембаев басқарған Жоғарғы Экономикалық Кеңесті құрудан бастады. Оған 25-30 жас аралығындағы жас экономист, финансистер, юристер кірді. Кеңесші ретінде елімізге американдық экономист Ч. Бэнг, Мысырдан доктор Хасан, Ресейдегі “500 күн” бағдарламасының авторы Григорий Явлинский кірді. Осының нәтижесінде Қазақстан экономикасының нарықтық моделін құру үшін жан-жақты ойластырылған шаралар жасалды. Осындай алғашқы шаралардың бірі 1992 жылы қабылданған “Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы және дамуының стратегиясы” деп аталды. Стратегия негізгі екі экономикалық принципті жария етті.

Біріншіден бәсекелестікке негізделген әлеуметтік нарықтық экономиканы құру.

Екіншіден адамның экономикалық тұрғыдан өзін- өзі пайымдауы принципін жүзеге асыру үшін құқықтық және басқа да жағдайлар жасау.

1997 жылы Қазақстан-2030 атымен белгілі болған ел президентінің жолдауы “Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы” деп аталады. Стратегия ел дамуының ұзақ мерзімге арналған жолын айқындап берді. Тәуелсіздіктің 20 жылы ішінде біздің жеткен жетістіктеріміз “Қазақстан 2030” бағдарламасының орындалып жатқанын, біздің экономикалық бағытымыздың дұрыс жолда екенін көрсетті. 1994 жылдардағы қиын кезеңдерде Елбасы: “Мен бастаған реформалардың жеңіп шығатынына сенемін,ол үшін мемлекет басшысы ретінде ешқашан тоқтап қала алмаймын” деген еді. 2001 жылы қаңтар айында Елбасы: “Біз тәуелсіз мемлекет құрдық, күшті мемлекетке иеміз, негізінен басталған реформаларды табысты аяқтадық , біздің экономикамыз Т.М.Д ның ішіндегі ең алдыңғысы болып табылады. Бұл халықаралық ұйымдардың бізге берген бағасы. 2000 жыл Қазақстанның нарықтық экономикасы бар елге айналған жылы” деп мәлімдеді.

Қазақстан президентінің 2011 жылы қаңтар айындағы жолдауында ел экономикасының жетістіктері әйгіленді. Еліміз әлемнің 126 еліне 200 ден астам өнім түрін шығарды. Жалпы ішкі өнім өсімі өткен жылы 7%, өнеркәсіп өнімі 10% өскен. Орташа айлық жалақы 2007 жылы 53 мыннан, 2010 жылы 80 мың теңгеге артты. Ұлттық әл-ауқат деңгейі жөнінен әлем мемлекеттері арасында Қазақстан өткен жылы 26 сатыға ілгерілеп 110 ел арсында 50 ші орынға тұрақтады. 1994 жылы елміздегі жан басына шаққандағы ішкі өнім 700 доллардан сәл ғана асатын болса, 2011 жылдың 1 қаңтарында 12 еседен астамға өсті және 9000 мың долларды құрады. Біз өз жоспарымызды мұндай деңгейге тек 2015 жылы жетуді көздеген болатынбыз. 2009 жылы бүкіл әлемді қамтыған экономикалық дағдарыс жылдары Қазақстан Елбасы саясаты арқасында дағдарыстан қиналмай шықты. Үкімет басшысы Карим Мәсімов үкімет мүшелері отырысында сарапшылардың дағдарысқа дейінгі және дағдарыстан кейінгі Қазақстан жайлы айтқан пікірлерін оқып шықтым. Бір қызығы сарапшылардың дағдарысқа дейінгі пікірлері, кейінгі айтылған пікірлермен мүлдем қабыспайды. Бір-біріне қарсы десем де болады. Бұл біріншіден Елбасының көреген саясаты. Онсыз экономикалық іс-шараларымыз еш нәтиже бермес еді. Шынында да біздің барлық жетістіктеріміз елбасының дана саясатының арқасында деп мәлімдеді.

Шынындада біздің барлық жетістіктеріміз Елбасының жанын салып қорғаған ел тұрақтылығының, түрлі ұлттар арасындағы татулықтың, арқасында екенін мойындауымыз керек. Сайып келгенде қандастарымыз бен өзге ұлт өкілдерінің басы бірікпесе, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығармаса басқаның бәрі бос сөз болып қалады. Өзін тәуелсізбін деп жариялаған елдің бәрі сөз жүзінде тәуелсіз санала береді. Шын тәуелсіз екенін іспен дәлелдеген, өзінің ішкі, сыртқы саясатына қатысты шешімдерді, тек өзі қабылдайтын экономикалық жағынан кіріптар болмайтын, елдер ғана тәуелсіз мемлекет болып саналады. Елбасы елді тығырықтан алып шықты. “Қазақстан 2030 стратегиясы” деп аталған сара жолды бізге көрсетіп берді. Бүл жол біздің келешегіміздің жарқын жолы.

Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/49596-nrsltan-nazarbaev--zamanymyzdy-ly-reform

Свидетельство участника экспертной комиссии
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и закажите рецензию на методическую разработку.
Также вас может заинтересовать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ
БЕСПЛАТНО!
У вас недостаточно прав для добавления комментариев.

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.

 

Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)

Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.

Рекомендуем Вам курсы повышения квалификации и переподготовки