- Курс-практикум «Педагогический драйв: от выгорания к горению»
- «Труд (технология): специфика предмета в условиях реализации ФГОС НОО»
- «ФАООП УО, ФАОП НОО и ФАОП ООО для обучающихся с ОВЗ: специфика организации образовательного процесса по ФГОС»
- «Специфика работы с детьми-мигрантами дошкольного возраста»
- «Учебный курс «Вероятность и статистика»: содержание и специфика преподавания в условиях реализации ФГОС ООО и ФГОС СОО»
- «Центр «Точка роста»: создание современного образовательного пространства в общеобразовательной организации»
Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014
- Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
- Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
- Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
в СМИ
профессиональную
деятельность
Село Карнак
Кіріспе
Оңтүстік Қазақстан облысы адамзат тарихына қатысты ескерткіштерге аса бай өлке деп танылғаны белгілі. Мұнда алғашқы адамдардың қоныстарынан бастап мыс, қола, ерте темір дәуірлері мен ежелгі заман және ерте ортағасырлар, дамыған орта ғасырлар мен кейінгі орта ғасырлар ескерткіштері көптеп кездеседі. Олардың ішіндегі аса маңыздыларының бірі болып отырықшылық пен қала құрылысына қатысты ескерткіштер есептеледі. Өлкедегі қоныстар мен қалалар, кешіктер мен рабадтардың көптігі сонша ел ауызында «Саураннан шыққан мысық Сайрамға дейін дуалдардың үстімен бара алады» деген аңыз –әпсана сақталған. Оларды есепке алу, ара қашықтығын көрсету, суреттеп жазу ғасырлар бойы жүргізілген. Бұл өлке жайлы, онда өмір сүрген халықтар турасында алғашқы жазба деректерді ежелгі грек авторлары Геродот, Страбон, Птоломей, Плиний және т.б. жазбаларынан білеміз. Ең алғашқы деректі б.з.д. VІІ ғ. өмір сүрген Прокенесстен шыққан Аристей өзінің «Аримаспея» атты поэмасында келтіреді[1].Онан кейінгі авторлар Каспий мен Тянь-Шань аралығын (Түркменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан) көшпелі және жартылай көшпелі скиф (сақ) тайпалары мекендегенін жазады. Олар Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстігінде абилер (су сақтары), пассиандар, тохарлар, сакравандар, массагеттер, гомодоттар, гистілер, караттар, комарлар, комедтер, гриней скифтері, тоорптар, бельттер және т.б. өмір сүретіндігін келтірген. Бұлардың ішінен Сырдың орта ағысын және Қаратаудың күнгей бетін абилер (су сақтары) жайлағанын, ал Қаратаудың солтүстік және солтүстік – шығыс бетін караттар мекен еткені айтылған. Бұл өлкеге б.з.д. ІІ ғ. Қытай елшісі Чжан Цян[2]сапар шегіп мұнда үйсіндер мен қангүйлердің тайпалары өмір сүргендігін айтады, ал, өлкедегі қалалар жайлы 569 ж. келген византия елшісі Земарх жазып кеткен [3]. 629 ж. келген будда монахы Сюань Цзян Ыстықкөл, Тараз, Ташкент аралығындағы бірнеше қаланы атап өтеді[4].
Араб – парсы авторларынан бұл өлке жайлы ІХ ғ. Ибн Хордадбек, әл-Якуби, әл-Белазури, Мұса әл-Хорезми, ат-Табари, әл-Азраки; Х ғ. әл-Хамадани, Құдама ибн-Джафар, әл-Масуди, әл-Истахри, ибн-Хаукәл, әл-Мақдиси, Нершахи, ибн-Русте, Абдаллах Хорезми, ибн Фадлан; ХІ ғ. әл-Идриси, Бируни, Махмұт Қашқари, Наджиб Бекран; ХІІ ғ. Фахр Рази, ас-Самани; ХІІ – ХІІІ ғғ. Якут әл – Хамави, әл-Асир, Рашид ад-Дин, Джувейни; ХІІІ – ХІV ғғ. Әбу-л Фед, ибн-Батута, әл-Омари, Әбд-ар Раззак Самарканди; ХІV – ХV ғғ. ибн-Арабшах, Муин ад-дин Натанзи; ХV ғ. Джурдани, Шараф ад-дин Әли Иазди, Низам ад-дин Шами; ХV –ХVІ ғғ. Хондемир, Фазаллах ибн Рузбехан; ХVІ ғасырда Мұхаммед Хайдар, Масуд бен Усман Кухистани, Зайн ад-дин Васифи, Камал ад-дин Бинаи, Молла Шади, Мұхаммед Насрллахи, Хафиз Таныш, ал, ХVІІ ғ. Қадырғали Жалаири өз еңбектерінде көптеген деректер қалдырған. Еуропа елшілері Плано Карпиний, Рубрук пен армян патшасы Гайтон (Гетум) да осы өлкемен жүріп өткенде көргендерін жазып кеткен [5].
Ресей шығыстанушылары мен саяхатшылары, картографтарынан С.Ремезов, А.И. Левшин, А.К.Гейнс, П.И.Лерх, П.Н.Ахмеров, А.А. Диваев, Н.С. Лыкошин, С.Г. Маллицкий, П.И.Рычков, П.И.Пашино, В.В. Бартольд, А.И.Добромыслов, Е.Т. Смирнов, В.А.Каллаур, М.А.Кирхгоф, И.А. Кастанье сияқты авторлар осы өлке ескерткіштері жайлы көптеген деректер қалдырғанын атап өткеніміз жөн [6]. Кеңес дәуіріндегі ғалымдар ішінен М.Е. Массон, Ә.Х. Марғұлан, С.П.Толстов, А.Н. Бернштам, Е.И. Агеева, К.А.Ақышев, Т.И. Сенигова, Г.И.Пацевич, М.С. Мерщиев, К.М.Байпақов, Л.Б. Ерзакович, С.М. Ақынжанов, С.Ж. Жолдасбаев, Т.В.Савельева, М.Е.Елеуов, Е.А.Смағұлов, В.А.Грошев, Б.А.Байтанаев пен Н.О. Алдабергеновтерді ерекше бөліп айтуға тұрады деп есептейміз. Осы кісілердің көп жылғы еңбектерінің арқасында Қазақстанның қала құрылысы ескерткіштері жайлы толымды мәліметтер алып отырмыз.
Түркістан өңірінің климаты, табиғаты, өзен – сулары
Оңтүстік Қазақстан облысы Қызылорда, Жамбыл, Жезқазған облыстары және көрші Өзбекстан, Қырғыстан Республикалары жерлерімен шектеседі. Облыс территориясы негізінен жазық болып келеді, солтүстігінде – сазды шөл Бетпақдала, Шудың оңтүстігіне қарай – Мойынқұм шөлі, батысында – Қызылқұм шөлі мен Шардара даласы, ең оңтүстігінде – Мырзашөл орналасқан, ал, ортасында – Қаратау тауы, оңтүстік – шығысында Талас Алатауы, Қаршантау мен Өгем жотасы жайғасқан. Климаты қатаң континентальді – қысы жұмсақ, қысқа, жиі – жиі жылымық түседі. Жазы ыстық, ұзақ. Шілдедегі орташа температура+24-28˚С, қаңтардағысы – 7-9˚С. Жауын-шашынның жылдық көрсеткіші 100 – 450 мм, таулы аймақтарда – 800 мм. Оңтүстік Қазақстан өзен – сулары Сырдария мен Шу бассейніне жатады. Өлкенің ең кәрі ландшафтарының біріне Қаратау жотасы жатады, ол Тянь – Шянь тауларының ең батыстағы сілемі болып табылады. Бұл сілем Талас Алатауынан басталып оңтүстік – шығыс пен солтүстік батысқа қарай созылып жатыр. Оның биіктіктері біркелкі емес, оңтүстік – шығысында Бурное селосы маңында биіктігі 1610 метрге дейін жетсе, солтүстік – батысындағы Бессаз тауы 2176 м дейін жетеді. Қаратау Тұран ойпатының Сырбойы жазығымен созылып барып Қызылорда облысындағы Дәуіт тауымен бітеді, таудың ені 50 км – ден 80 км – ге дейін жайылады. Сонымен бірге, Қаратау бойында кішігірім тау сілемдері – Боралдайтау, Үлкен Ақтау, Ақтау, Бықырлытау, Үштас, Үңгірлі, Отмұрын, Арқалық, Қараадыр, Аққұз, Таутары және т.б. орналасқан. Тап осы тау сілемдері «Үшкі Қаратау» деп аталатын тау ортасындағы жазықтар, қойнаулар, қазан шұңқырлар мен шатқалдарды құрайды, олармен жүздеген бұлақтар, жылғалар, өзендер тау ішінен ағып шығады. Олардың суларынан тау қойнауындағы жайлаулар, тоғайлар нәр алып мыңдаған жылдар бойы адамдарға қызмет еткен. Тау өзендерінің ішінен ең ірілері – Қошқарата, Боралдай, Үлкен Бөген, Бала Бөген, Арыстанды, Қарашық, Үш өзен, Бесарық және Үшбас болып табылады. Қаратау табиғи кендерге аса бай, мұнда тас көмір, фосфаттар, түсті металдар, минералдар және т.б. өте көп табылған. Тау өзендерін бойлай елді мекендер орналасқан. Су көзі көп болғанымен қазіргі күні Қаратау суға тапшы мекен деп есептеледі. Жазға қарай көптеген жылғалар мен өзендер тартылып қалады, дегенмен, тауға жақын орналасқан көптеген ащы және тұщы көлдер бар, олар тау өзендері мен Талас, Шу артериялары суымен қоректенеді. Көлдердің ірілері болып – Билікөл, Ақкөл, Тұзкөл, Ақжар, Қызылкөл, Ащыкөл және Ақжайқын есептеледі. Осы облыстың халық ең тығыз орналасқан аймақтарының бірі – Түркістан ауданы болып табылады. Ол солтүстік бойлықтың 67 – 69 градустары мен шығыс ендіктің 43 – 44 градустары аралығына орналасқан. Аудан жері солтүстік – шығысында Қаратаумен, оңтүстік – батысында Сырдариямен шектеседі, жер көлемі 7,8 мың шаршы км-ге тең, Климаты аса континентальді, байқалған ең жоғарғы температура – жазда +50˚С, қыста – 35˚С. Жауын – шашынның жылдық мөлшері, жазықта – 150-500 мм, тауда – 400 – 500 мм. Аудан жерімен Сырдария, Үшөзен, Ақтөбе, Ермексу, Қарашық, Шылбыр және т.б. ұсақ жылғалар мен өзендер ағып жатыр. Қаратау аудан жерімен 200 км-ге созыла орналасқан. Таудың оңтүстік – батыс беткейіне жайғасқан тау – етегі жазықтығының ені 45-тен 80 км-ге дейін жетеді, ол негізінен аллювиальді – проаллювиальді, құмды – тасты шөгінділерден қалыптасқан, Жер асты сулары бұл шөгінді арқылы жекелеген салаларға айналып 5 – 10 м тереңдікте таудан төмен қарай ағып жатыр. Су тұщы, немесе аздап тұздалған. Осы жазықта Қалдықкөл, Сынақкөл, Иіркөл, Шошқакөл, Қалғанкөл, Шұңғыт, Соркөл сияқты ұсақ көлдер орналасқан. Аудан жерінің құрамы сұртопырақтан, сұр – қоңыр, кей жерлерде кебірлі, тау жынысты қоңыр топырақ пен тақырдан тұрады. Өсімдіктерден жусанды – дәнді, терең тамырлы түрлер басым. Құмда – жыңғыл мен сексеуіл, Сыр бойында – тораңғы, тобылғы, тал, жиде, шеңгел, жыңғыл, тау бөктерінде – арша, жабайы алма мен алмұрт, өрік, алша көп өседі. Сыр бойы қалың тоғаймен көмкерілген, олардың арасынан күн түспейтін жерлерін де кездестіреміз. Тоғайды қабан, түлкі, қоян, қамыс мысығы – мәлін, қырғауыл, қаз, үйрек т.б. аң - құс мекен етеді.
2. Түркістан жазирасы (оазисі) мен кіші жазиралары
«Түркістан» деген атауға бағзы замандарда аса үлкен аймақтар мен елдер енгені белгілі, алайда, біз ауданымыздағы өзен-суларды ғана бұл еңбекке арқау етпекпіз.
Қазіргі Түркістан ауданы территориясы археология, тарих ғылымдарында Түркістан жазирасы (шұраты) деп айтылатыны белгілі. Бұлай деп айтылуына мұнда шоғырланған отырықшылық (егіншілік) мәдениеті ескерткіштерінің аса тығыз орналасуы мен басқа жазиралармен салыстырғандағы ерекшеліктері себеп болған. Ықылым замандардан мұнда өмір сүрген адамдардың тұрақтарының тау өзендері бойына тізіле орналасуы оның басты ерекшелігі болып табылады. Шын мәнінде, тарихи, археологиялық карталарға қарасаңыз өзендердің тау ішіндегі бастауларынан етегіне дейін адамдардың тұрақтары, қоныстары, қалалары, егіншілік алқаптары, арықтары, кәріздері екі жағалауға тізіле орналасқандығын байқар едіңіз.
І. Түркістан жазирасымен, Сырдария өзенінен басқа, таудан бастау алатын 13 өзен мен жылға ағып өткен, оның біреуі көрші Жаңақорған ауданында. Қазіргі күні ірі-ірі тау өзендері бөгеліп, су қоймалары құрылып, су реттегіш жүйелер жасалынған. Біз әрбір ірі-ірі су жүйелері суландырған аймақты сонда орналасқан егіншілік жүйесі мен аса ірі де қөне қалалардың атымен атап 8 кішігірім жазираға бөлгенбіз. Олардың алғашқысы Жаңақорған мен Түркістан аудандарының шекарасына орналасқан Сауран кіші жазирасы, оның жерімен Бесарық, Тастақсай, Үшөзен, Майдантал, Ашылған және Шығыр өзеншелері ағып өтеді. Сонымен бірге, бұл жазирада 220-дан аса кәріз жүйесі орналасқан, олардың жалпы ұзындығы 110 км-ге жуық. «Кәріз» дегеніміз жер асты суын тау етегінен төмен қарай тізіле қазылған құдықтарды туннель арқылы бір-бірімен жалғап жер бетіне шығару жүйесі. Кәріздердің ұзындығы бірнеше жүз метрден бірнеше шақырымға дейін созылады да ең соңғы құдықтың диаметрі аса үлкен етіліп қазылып су жер бетіне барынша жақын тұрады және оны жанындағы арықтарға шығырдың көмегімен көтеріп шығарады.
Өкінішке орай, бұл күндері жоғарыда аталған өзен, жылғалардың көбі құрғап қалған, кәріздер тартылып кеткен, тек іздері ғана сақталған. Олардың жағалары мен сағасына Ақтөбе І, Ақтөбе ІІ, Шаш ана, Қаратөбе-Сауран, Төрткүл-Қаражон, Шығырлы І, Шығырлы ІІ, Сауран, Міртөбе, Жалғызтам және Жаңа Сауран сияқты қоныстар мен қалалар орналасқан.
Өзендерге келсек – ең ірісі Бесарық, ол Жиделіайрық, Әбзелтастақсай, Көкбұлақ, Тамғалытас, Қарынжарық, Жалдыбозсай, Айыржалбұлақ, Жаманбұлақ, Талдысу, Мүсіркепағашбұлақ, Қарабұлақсай, Тұрлығұлбұлақ, Ұзынбұлақ сияқты жылғалар мен көздердің суынан құралады. Бір кездері таудан аққан сулар осы маңдағы Сарыбұлақсай, Жалғызағашсай, Арнаарық, Бесарық, Шығыр деген бес арнаны суға толтырған, қазір алғашқы үшеуі Қөлтоған су қоймасына біріктірілген. Бесарық өзі аттас су қоймасына құйылып одан ағып шыққан Бесарық пен Шығыр арықтары Тастақсайға құяды. Бұл құрғақ арық бір кездері Сырдың жағасындағы Көкшенге жетіп жығылған. Бесарық су жүйесінің жалпы ұзындығы 70 шақырымнан асады.
Сауран жазирасындағы екінші ірі су жүйесі – Майдантал өзені. Терең тау қойнауындағы Бақты, Жамантас, Сарымсақсай бұлақ – жылғалары бірігіп Үшөзенге айналады да тау етегіне шыққан соң, бір замандарда, Майдантал арнасына құйылған, ал, қазіргі күні Үшөзен суының бір бөлігі тас арық арқылы су қоймасына, екінші бөлігі егістікке кетеді. Майдантал өзенінің құрғақ арнасы №30 разьезге жақындағанда «Ашылған» деп аталып Сырға дейін жеткен. Осы үш бөліктен тұратын судың жалпы ұзындығы 67 шақырымға жуық.
ІІ. Сауран жазирасының оңтүстігінде Сидақ ата кіші жазирасы орналасқан. Бұл жазирамен Көксарай, Жаңақорғанөзен, Тастақсай, Аша, Бозбұтақ, Жылағаната, Ақтөбе, Табақбұлақ және Игілікөзен жылғалары ағып өтеді. Сонымен бірге, қолдан қазылған Бұлдырықарық, Сунақарық, Шорнақарық, Батырбас, Жаңғызжиде, Сасықбұлақ арықтары егістікке пайдаланылған. Осы өзен, жылғалардың бойында Көксарай І, Шорнақтөбе, Мазартөбе, Сидақ ата, Сасықбұлақ, Ақтөбе, Айнакөл-Бабай, Бұзауқорған, Саухым ата, Көксарай ІІ, Төрткүл-Бабайқорған және басқа да қалалар мен қоныстар орналасқан. Суларына келсек, Игілік ауылының жоғарғы жағындағы Табақбұлақтан бастау алған жылға ауылдан өткен соң Игілік өзені деп аталған, қазіргі күн бұлақ бастаудан 11 шақырымнан соң тарап кетеді. Игілік өзенінің ұзындығы 23км, ол Сауран стансасына барып бітеді. Қазіргі сақталған құрғақ арнаға Бұлдырық бұлағы құяды.
Тау қойнауындағы Жылаған ата, Бозбұтақ, Қоғашық бұлақ, жылғалары бірігіп Ақтөбе өзеніне айналады да Ақтөбе ауылының тұсында ұсақ арналарға бөлініп кетеді. Тек Ақсерке деген арнасы Бабайқорғанның солтүстік бетіндегі Тастақсай деген арнаға келіп құяды. Бір кездері бұл арнаның Бабайқорғанның ішімен өтетін Жаңақорған өзеніне келіп қосылған ізі әлі күнге сақталған. Ақтөбе өзенінің жалпы ұзындығы 30 шақырымға жуық.
Тағы бір ірі су Теміртау, Жаңақорған т.б. бұлақтардың бірігуінен Көксарай деген өзенге айналып ескі Абай (Көксарай) ауылының тұсына жеткенде бірнеше жылғаларға бөлініп кетеді. Негізгісі Жаңақорғанөзен деп аталып Бабайқорғанның ішімен өткен соң Тастақсай, Наманарық деген құрғақ арналарға жетіп жоғалады. Бұл арналар Шорнаққа жете бере Наманарық Қызыл әскерге (Сунақ елдімекені) қарай бұрылып барып бітеді, ал Тастақсай Шорнақтан өткен соң Ашасай деп аталады. Ол Сидақ ата қаласының солтүстік-батысынан 600м жерден өтіп Жайылма деген жерде бітеді. Бұл су көзінің жалпы ұзындығы 53 шақырым.
Басын Бабайқорғанның батыс жағындағы бұлақтардан алатын Батырбас арығы 6 шақырымнан соң екіге бөлініп тас жолдың батыс бетіндегі саласы Шорнақарық деп аталады да Шорнақтан өтіп барып жоғалады. Ал, басын Жаңақорған өзенінен алатын Сунақарық Қызыл әскерге (Сунақ елдімекені) қарай ағып Арыс-Түркістан каналына жетіп тоқтайды. Бұл арықтар мен Игіліктегі Мес бұлағы, Ақтөбе, Үржар және алда әңгіме болатын Шаға, Ташанақ, Қосқорған арықтары жайлы XIVғ. соңында Әмір Темір Әзірет Сұлтан кесенесіне берген «Вакфнаме» құжатында да айтылған.
Жаңақорған өзенінің тағы бір саласы мен Сасықбұлақ жылғасы Үлгілі ауылының солтүстігіндегі Сасықбұлақ тоғанын толтырады. Тоғаннан Сасықбұлақ каналы ағып шығып Сунақ арығына қосылады да біршамадан соң одан Жалғызжиде арығы бөлініп шығады.
ІІІ. Сидақата жазирасының оңтүстік – шығысында Қарнақ кіші жазирасы орналасқан, ол Иреката, Бестоған, Ермексу, Ермекөзен, Қарсақты өзеншелері мен Тазадарарық арығы, Шекербұлақ, Тасбұлақ, Жамбұлақ, Ащыбұлақ, Ақын тұма, Ясар бұлақ су көздерімен суландырылған. Сонымен бірге, мұнда көне заманғы Шаштөбе, Оқжетпес, Үштөбе І, ІІ, ІІІ, Ақын тұма, Жүйнек, Ғартөбе, Оғызтау ІІ, Қарнақ-Ішкент, Оғызтау І қалалары мен қоныстары орналасқан.
Тау ішіндегі Қасқаша, Қарасай бұлақтары қосылып Бестоған жылғасына айналады, оған жолда Иреката бұлағы қосылып Шерт (Құмайлықас) ауылынан өткен соң Ақсары су қоймасына құяды. Ақсарыдан шыққан бірнеше арық егіс даласына жетіп жоғалады. Жалпы ұзындығы 30 шақырымнан асады.
Өрмек, Жүзімдік, Алтындық бұлақтары Ермексу жылғасына қосылып Шаштөбе ауылына жеткен соң Ермекөзен деп аталады, мұнда одан Тазадарарық (Таздар арығы) бөлініп шығады. Негізгі су Шаштөбедегі Ермекөзен су қоймасына құйылады. Тазадарарық Жарқора деген қырға дейін ағып барады, оның жалпы ұзындығы 23 шақырым.
Ермекөзеннен бөлінген Қызылсу деген арық ортағасырлық Қарнақ-Ішкент қаласын қоршаған орды суға толтырған, одан Қарасу арығы бастау алып қаланың ішімен цитаделін қоршай өтіп Нышан қақпасынан сыртқа шығады. Бұл арық бойына және одан бөлінетін Арғынарық бойына жалпы саны 13 су диірмені орнатылған. Арғынарық Коммуна (Жүйнек) елдімекеніне жетіп жығылады.
Ермекөзен Атабайдың (Қазіргі Қарнақ) ішімен өтіп, Шекербұлақты қосып Қарсақты сайына құяды да Нұртас ауылына жақындап барып жоғалады, жалпы ұзындығы 68 шақырымға жақын.
Жоғарыдағы Бестоған - Шерт суы деген атпен, Қарасу - Мір Қарасу деген атпен Әмір Темірдің вакфнамасында және Қожа Ахмет Ясауи ата-бабаларының шежіресі «Насабнамада» кездеседі.
IV. Қарнақ жазирасының оңтүстік-шығысын ең суы мол Қарашық кіші жазирасы алып жатыр. Суы мол Байылдыр, Бозбұтақ, Балаөзен, Балтабай жылғалары қосылып Байылдыр өзеніне айналады, ол жол бойы өзіне Жарбасқан бұлағын да қосып алып Оранғай ауылына дейін 49 шақырымды жүріп өтеді.
Алмалы, Жыңғылшек бұлақтары Біресек өзеніне құяды, ал, Талдыбұлақ пен Қантағы бірігіп Кентау қаласының шығысында Біресекке қосылып әрі қарай «Қантағы» деген атпен ағады да Құшата, Оранғайдан өтіп барып, Байылдырға қосылып Қарашық өзенін құрайды. Қысы-жазы тартылмайтын бұл өзен Теке ауылынан өткен соң саз-батпаққа айналады. Қарашықтың бастауларын қосқандағы жалпы ұзындығы 95 шақырымға жуық.
Жазираның ірі өзендері – Қызылата, Байылдыр, Біресек, Қантағы және Қарашық. Бұл сулардың бойында Қазтөбе, Қарашық І,ІІ,ІІІ, Мейрамтөбе, Қантағ, Хантағы І,ІІ, Оренг, Төрткүл І – Қарашық, Төрткүл-Құшата, Балақорған, Қызқорған, Кент, Төрткүл ІІ – Қарашық, Күлтөбе-Оранғай, Жылан-Қарауыл бекіністері, қалалар мен қоныстары орналасқан.
V. Қарашықтан соң Шаға кіші жазирасы орналасқан, бүгіндері ол суландырылуы жағынан ең төмен жазиралардың бірі. ХХғ. басындағы жазба деректерде Шаға ауылының маңында 20-дан аса бұлақтың болғандығы, Жоғарғы Ташанақ ауылының солтүстігі де бұлаққа мол, қалың ағаш басқан жер екендігі, ауылда бірнеше су диірмені жұмыс істейтіндігі әңгіме болады. Жазираның алғашқы су көзі Қотырбұлақ Құшата ауылына шығыстан ағып кіріп, Қантағымен қатар ағып барып оңтүстікке бұрылады. Бас жағында Қотырбұлақтан бөлініп шыққан Арнасай Қосқорған жаққа қарай ағады да Найсабарық деген атпен қазіргі «Ынтымақ» ауылына бағыт алып Арыс-Түркістан каналына жетпей бітеді.
Екінші су көзі Шоқытастың маңындағы көптеген бұлақтардан құралып Қараөзен деген жылғаға айналады да басын Шаға шатқалындағы Қайнарбұлақтан алатын жылғамен қосылып Шаға өзеніне айналады. Ол Шаға елдімекенінен өтіп Жоғарғы Ташанаққа жетіп жоғалады, жалпы ұзындығы 21км.
Тағы бір су бастауын биіктігі 1475 метрлік Аққұз шыңы айналасындағы бұлақтардан алатын Құрысай өзені бір кездері Шағаға дейін жеткен, әлі күнге ізі де сақталған. Бұл өзен қазіргі күні Кентау - Ащысай жолынан өткен соң жоғалады, жалпы ұзындығы 35 шақырым шамасында. Кезінде бұл жазираның елді мекендері, негізінен, бұлақ бастауларында қалыптасқандығына Бершінтөбедегі осы аттас бұлақ, қасындағы Қаратөбе түбіндегі Табақбұлақ, Шаға ІІ қонысындағы Жиделібұлақ, одан жоғары Құмбұлақ, Қозыбайбұлақтар дәлел болады, бұл елдімекендер бұдан екі мың жыл бұрын қалыптасқан отырықшылық ескерткіштері.
Шаға жазирасын Шағаөзен, Қараөзен, Құрысай өзеншелері, Қотырбұлақ, Қарабұлақ, Қайнарбұлақ, Қалдарбұлақ, Тасбұлақ,Табақбұлақ, Метбұлақ, Мүсәлібұлақ, Ақбұлақ, Сасықбұлақ су көздері мен Найсаб, Арнасай, Қайнар, Ташанақ, Шұқырұзын арықтары суландырған. Бұлардың ішінен «Ташанақ, Қошкурган, Чага, Суки Таш (Шоқтас), Карабулак» сияқты арықтар Ахмет Ясауи әулетіне қатысты «Насабнама» - шежіресі түрлерінде кездеседі. Аталған су көздерінің бойында Бершінтөбе, Шаға ІІ, Шаға ІІІ, Қотырбұлақ, Шаға І, Тағайыната, Қосқорған, Әбд әл-Мәлік-Ташанақ, Жоғарғы Ташанақ сияқты қалалар мен қоныстар орналасқан.
VІ.Иқан кіші жазирасы Түркістан ауданының оңтүстік-шығыс шекарасына орналасқан. Алғашқы ірі су көзін Сырнай бұлағы мен Иқансу жылғасы құрайды, оларға Талдысай және Талдыбұлақтанбіріккен жылға қосылып Иқансу өзеніне айналады да Ибата (Ибадулла ата) елді мекенінен өтіп Ақтөбе ауылы тұсына жетеді. Мұнда ол «Атқы» деген атпен де белгілі, сірә, егіс суаратын атпа құралына байланысты болса керек. Әрі қарай Иқаннан өткен соң ерте ортағасырлық Майбалық қалашығы маңындағы егістікке тарап кетеді.
Жазирадағы ең үлкен су көзі Көкқиясай. Тау ішінде Терісаққан, Тұрлан, Рабатбұлақ қосылып Тұрлан жылғасын құрайды да Ащысайда оған Төртқара, Ақжарсай бұлақтары қосылып Көкқиясай өзеніне айналады. Иқансумен қатар аққан ол Ибатаға, одан әрі Ақтөбе ауылына дейін келеді де оңтүстікке бұрылып Арыс-Түркістан каналына жеткен соң Иқансудың ескі құрғақ арнасына түседі, одан әрі Түркістан-Шымкент жолынан өтіп дренаж ретінде қазылған арнамен Синақкөлге құяды. Бұл Қарашықпен бірге қысы-жазы ағатын аудандағы екінші өзен, оның жалпы ұзындығы 73 шақырымды құрайды.
Жазираның үшінші ірі су көзі Шылбыр және Раңдысай, бұлақтарынан құралады. «Шылбырөзен» деген атпен белгілі бұл су көзі Қарақұдық қыстауынан 10 км өтіп барып егістікке тарап кетеді, жалпы ұзындығы 42 км.
Шекарадағы бұл жазираны Иқансу, Көкқиясай, Шылбыр өзендері мен Сасықбұлақ, Орманбұлақ, Көкбұлақ, Кішкенебұлақ және Бозтан, Иқансу, Шылбыр арықтары суландырады. Су көздерін бойлап Ақтөбе, Майбалық, Дәуленбайтөбе, Жаңа Асар, Ибата, Жүсіпата, Иқан қалалары мен қоныстары орналасқан.
VІІ. Қарашық, Шаға, Тамдыөзек кіші жазираларының ортасына осы аумақтағы ең кіші Шауғар жазирасы орналасқан. Оның жерін Жіңішке, Баулық, Сүйірарық, Ортақ, Дарбаза, Базарарық, Қазына, Беглік арықтары мен Жұқа кәріз, Бірлік кәріздері, Құмшық ата кәрізі, Кәрізарық сияқты су көздері суландырған. Арықтардың ең ірісі Жіңішке, ол басын Оранғайдағы Қожа тұмасынан алып, Түркістанға солтүстігінен ағып кіріп Ортақ егіс алқабын (Орталық базар, ЖБИ, Түрме орналасқан жерлер) суғаруға пайдаланылған. Кешеге дейін ағып жатқан бұл судың жалпы ұзындығы 20 шақырымға жуық болатын, одан бөлініп шыққан Дарбаза арығы «Ясы» қонақ үйінің түбінен Түркістан қаласының сыртын қоршаған орды суға толтыратын. Бұл орға Тастақ жылғасы мен Баулық арықтары да өз суын құйып, артық су Еврей мазараты алдымен ағып шығып темір жолға қарай бұрылып кететін. Аталған су көздері жазирадағы Шауғар-Шойтөбе, Ясы-Күлтөбе, Төрткүл-Сури, Шойтөбе І, ІІ, Ескі Түркістан қалалары мен қоныстарын, оларды қоршаған егіс алқабы мен бау-бақшаларды суландырған. ХІХғ. орыс жазба деректерінде Түркістан қаласын қоршап 70-тен аса бақтың орналасқандығы жайлы жазылған.
VІІІ. Ауданымыздың оңтүстік-шығысында Бөген, Көкқиясай, Иқансу өзендері мен жер асты суларынан нәр алатын Шошқакөл, Синақкөл, Қалғанкөл және Қалдықкөлдерден құралған үлкен су қоры орналасқан, олардың жалпы ұзындығы 25, ені - 6 шақырымды құрайды. Көлдер тұзды, саяз, жазға қарай тартылып кетеді, дегенмен, түрлі балықтар, құстар мекені болып табылады. Осы көлдердің ең батысындағы Қалдықкөлден Тамдыөзек арнасы ағып шығып оңтүстік-батысқа қарай 35 шақырымдай жерден өтетін Сырдарияға құяды. Ол дариямен Қамыстықақ өзегі арқылы жалғасады. Ежелгі дәуірде Тамдыөзектің жағасы мен Қалғанкөл, Шошқакөлдердің жағаларында елді мекендер өмір сүрген. Олар Қостөбе, Күншағыр, Құлантөбе, Қошқарбайтөбе деген атаулармен белгілі. Тамдыөзектің бойында Ақтөбе, Қорыстөбе қалашықтары, Сырға жақын тұсында Төрткүл-Қаратөбе қаласы орналасқан. Тамдыөзек кіші жазирасы деп аталатын бұл өлкенің жері егіске қолайсыз сор болып келетіндіктен негізінен мал шаруашылығы дамыған деп есептейміз, сонымен бірге, Иіркөл, Шаршынкөл, Соркөлдер мен Сырдарияда балық аулау ісі де жолға қойылған деп жобалаймыз.
Түркістан жазирасы тұрғындары негізінен түсті және қара металл қорыту мен өңдеу, егіншілік, мал шаруашылығы, балықшылық, аңшылық, қол өнері мен сауда-саттық кәсіпшіліктерімен айналысқан.
Шағатай өлген соң Оңтүстік Қазақстан уақытша Жошы ұлысына қарады. Жошы ұрпағы Беркеден Шағатайдың немересі Алғұй бұл жерлерді өз ұлысына, 1264 ж. соғыста жеңіп, тартып алды. Ол өлген соң (1265 ж) билікке талас басталып 1269 ж. Шағатай мемлекеті қайта құрылып, оған хан болып Хайду (1269 – 1301 жж.) сайланды. Хайдудан соң Шағатайдың шөбересі Түбе (Дүбе) билікке келді. Алайда, Жошы мен Шағатай ұрпағы Сыр бойы қалалары үшін күресті жалғастыра берді[17]. ХІV ғ. басынан бастап бұл күреске Алтын Ордадан бөлініп шыққан Ақ Орда мемлекеті де араласа бастады. Ақ Орда Шағатай мемлекетінің ішкі шиеленістерін шебер пайдаланып Сырдың орта және төменгі ағыстары бойындағы қалалар мен жерлерді басып алды. Ақ Орда астана ретінде Сығанақты және Сауранды пайдаланды. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттің саяси орталығына айналды[18].ХІV ғ. 70 – ші жылдары Ақ Ордаға қарайтын Сыр бойы қалаларын Әмір Темір өзіне қаратуға әрекетін бастады. Жошы ұрпағы Тоқтамысты Темір Ақ Ордаға әскер беріп айдап салды. Ұзақ жылдарға созылған соғыс нәтижесінде 1377 ж. Тоқтамыс Ақ Орданың толық билеушісіне айналды, да Темірдің өзіне қарсы күрес бастап, Моғолстан хандығымен одақ құрды.Тоқтамыс 1388 ж. Темір иелігіне басып кірді. 1391 және 1395 жж. Темір Тоқтамысты күйрете жеңіп оның мемлекетін өзіне қосып алды. ХІV ғ. 90-шы жылдарындағы жорықтары барысында Темірдің қол астына Мауараннахр, Хорезм, Каспий бойы, Ауғанстан, Үндістан мен Ирактың бір бөлігі, Кавказ сырты өтті[19]. Бұл тарихи кезеңде Түркістан жазирасында 25-тен аса қала мен қоныс өмір сүрді.1404 ж. Темір өзінің ұлдары мен немерелеріне басып алған жерлерін бөліп берді. Түркістан жазирасы, Тараз, Ашпара, Моғолстан Ұлықбектің еншісіне тиді.Ақ Орда мемлекеті 1428 ж. екіге Ноғай және Өзбек – Қазақ ұлыстарына бөлінді. Көшпелі өзбек – қазақ ұлысын билеген Әбілхайыр мен оның ұрпақтары және Моғол хандығы Сыр бойы қалалары үшін күресін екі ғасыр бойы (ХV –ХVІ ғғ.) жүргізді. Қолдан – қолға өткен Түркістан жазирасы ХVІ ғ. соңында Тәуекел, Есім хандар бастаған Қазақ хандығының қарамағына өтті. Көптеген соғыстарға қарамастан Сыр бойы қалалары өрлеу кезеңін бастан кешіп жатты. Саяси орталық болып Иасы – Түркістан қаласы алға шықты, ол сонымен бірге, бүкіл Оңтүстік Қазақстан өлкесінің басты діни орталығына да айналды. Өлкедегі тағы бір діни орталық Қарнақ қаласы еді, мұндағы көптеген медреселер мен мектептерде бүкіл Қазақ хандығы мен Орта Азиядан шәкірттер келіп білім алып жатты. ХVІІ ғ. бірінші жартысында ойраттар мен қазақтар арасында әскери қақтығыстар жиілеп кетті. Жоңғар хандығы (1635 – 1758 жж.) 100 жылдан аса сауда жолдары, қолөнер мен сауда нүктелері шоғырланған Сыр бойы қалалары үшін соғыс жүргізді. 1723 ж. «Ақтабан шұбырындыдан» соң Ташкент, Сайрам, Түркістан қалалары мен оның маңындағы елді мекендер Жоңғарлардың қол астына өтті. Бұл соғыс әсерінен көптеген ұсақ қалалар қаңырап қалды. Тек 1755 – 1758 жж. Қытай мен Жоңғар соғысынан соң ғана бұл өлке Қазақ хандығының құрамына енді. Алайда, 1780 ж. Абылай хан қайтыс болған соң сұлтандар арасында қырқыс басталды, мұны пайдаланған Бұхара әмірі 1785 ж. Түркістанды басып алды. Осы ғасырдың аяғында қаланы одан Ташкент билеушісі Жүніс – қожа тартып алды, 1810 ж. қала мен жазира қайтадан Бұхарлықтардың қолына өтті. 1819 ж. бүкіл Оңтүстік Қазақстан Қоқан хандығының билігіне көшті. Олар Сырдың Аралға құяр сағасына дейін басып алды[20]. Сырдың оң жағалауына қоқандықтар Жаңақорған, Жүлек, Дінқорған, Ақ мешіт, Шиліқорған, Қосқорған бекіністерін салды. ХІХ ғ. 60-шы жылдарында Қоқан хандығына қарсы Ресей шабуылға шыға бастады. 1853 ж. Сырдарияның төменгі ағысындағы Райым (Қазалы) бекінісінен Ақ мешітке дейін созылған Сырдария әскери линиясы қалыптасты. 1864 ж. Сырдария линиясын бұл кезде Верный (Алматы) бекінісіне дейін жеткен Сібір линиясымен қосу қажеттігі туды. Жоспар бойынша Сырдария линиясының Перовск фортынан полковник Веревкиннің отряды Түркістанға, Сібір линиясының Верный бекінісінен полковник Черняевтің отряды Әулиеатаға (Тараз) қарай қозғалды.Черняев 1864 ж. 4 маусымында Әулиеатаны алып Шымкентке қарай жылжыды. Веревкиннің 1600 адамдық отряды 10 зеңбірегімен 9 маусымда Түркістанға таяп келді. 10 маусымда қаланы қоршауға алу басталып екі жақта зеңбіректі қолданды. Қоқан бегі Мырза Дәулет 330 адамымен Қоқанға қашты, мұны көрген Түркістан халқы 1864 ж. 12 маусымында Веревкинге ақсақалдардан депутация жіберіп қаланың берілетіндігін хабарлады. 1864 ж. қыркүйегінде Черняев отряды Шымкентті алып Сырдария мен Сібір линиялары қосылды. Ресейдің құрамына өткен соң Түркістан жазирасының көптеген қалаларының тұрғындары цитадель (арк) бекіністерін тастап қала сыртына, сулы – нулы жерлерге қоныстана бастады. Олардың ірілері Түркістан, Қарнақ, Иқан, Шаға, Қарашық, Қосқорған, Бабайқорған, Шорнақ, Жүйнек қалалары болды. Қалалар халқының саны өсуі байқалды, бұл негізінен басқа жерлерден көшіп келген адамдардың есебінен болды. Отырар, Сауран, Созақ қалалары түрлі жағдайлармен дағдарысқа ұшырап халқы Түркістан қалаларына қоныстана бастады. Сонымен бірге, Қоқан, Бұхар хандықтарынан да қоныс аударушылар көп болды. Олардың көбі саудамен айналысатынадамдар болатын. Ресейден де әскерилер мен шаруалар көптеп қоныстана бастады, көптеген жаңа селолар, қалаларда тек орыстар, еврейлер қоныстанған аудандар пайда болды. 1903 ж. Орынбор – Ташкент темір жолының салынуы Ресейден қоныс аударушылардың санын күрт өсіріп жіберді. Сонымен бірге, бұл құбылыс сауда – саттықтың да тез өсіп, дамуына әсер етті. Жергілікті тұрғындар арасынан да ірі – ірі саудагерлер, көпестер шыға бастады. Егін, мал шаруашылығының өнімдерін Ресейге шығаруға мүмкіндік туды. Қарнақ елді мекенінің тарихына шолу жасау үшін бұл алып селоның территориясына орналасқан Шаш төбе (Ақтөбе), Үштөбе І,ІІ,ІІІ, Ғартөбе – Қарнақ, Ішкент – Қарнақ сияқты қалалар мен қоныстардың барлығына үңіліп зерттеуіміз қажет.
Шаштөбе (Ақтөбе) қаласы
Ескерткіш шығыстан батысқа қарай созыла орналасқан сопақша төбе күйінде сақталған. Оның СБ бұрышында бұлақты қоршай орналасқан «С» - әріпі тәрізді қорғаны мен мұнарасы бар, бұлақ бүгіндері кеуіп қалған. Археологияда су көзін қорғайтын қорғанысы бар мұндай қалаларды «жеңі бар қала» деп атайды[21]. Түркістан жазирасында құрылымы мұндай қалаларға Шаштөбе, Қарашық-ІІІ, Бершінтөбе, Шаға-ІІ, Шаш ана, Майбалық жатады, олардың барлығының бұлақты қорғаған жеңдері бар. Бұл қалалардың барлығы дерлік б.з.д. V – ІV ғасырлар мен б.з.д. ІV – ІІІжәне б.з.д. ІІ – І ғғ. пайда болған, тек Шаға-ІІ мен Шаш ана ғана І – VІ ғғ. өмір сүрген.
Шаштөбенің биіктігі 4 – 5 м, бұл қаланың орталық бөлігі – цитаделі, оның Солтүстік беті – 70 м, О – беті – 50 м, Ш – беті – 50 м, ал Б – беті – 45 м, Цитаделді қоршай үлкен Шахарістан орналасқан, ол Шығысында «лоток» арықпен, Оңтүстігінде мәшине жолмен үшке бөлініп, тегістеліп кеткен. Шахарістанның СШ бетінің ұзындығы – 170 м, СБ беті – 200 м, ОШ беті – 150 м, биіктігі кей жерлерде 2 – 3 м барады. Цитаделдің жалпы көлемі 0,35 га, Шахарістанның жалпы көлемі 3,3 га. Қаланың батыс жағымен бұлақтардан құралатын жылға өтеді. Оңтүстік бөлігіне тұрғын үйлер түсіп кеткен, Шығыс беті тегістеліп егіс егілген сияқты. Қала Шаштөбе ауылының ОШ бетінде орналасқан. Ең алғаш рет оны 1969 ж. Отырар археологиялық экспедициясы зерттеген және «Древний Отрар» кітабында қала жайлы алғашқы деректерді береді [22]. Екінші рет К.М. Байпақов «Оңтүстік Қазақстан облысының Шежіресінде» мәлімет береді, және І мыңжылдықтың 1-ші жартысы, яғни, І – Vғғ. деп мерзімдейді[23].Алайда, Түркістан археологиялық экспедициясының 1998 – 2003 жж. жүргізген зерттеулері нәтижесінде қала мерзімі бес ғасырға көнерді. Қалаға оңтүстік – батыс бетінен енетін қақпасы болған. Жергілікті тұрғындар қаланы «Ақтөбе» деп атайды. Қала өзін қоршаған айналасынан 6 – 7 м биік, ал, теңіз деңгейінен 445 м жоғары. Арнайы құралмен планы түсірілді және дельта-планмен аэрофотасы алынып жан – жағынан арнайы барлау қазбасы 1 – 1,5 м көлемінде оңтүстік бетінен 1 м тереңдікке дейін түсірілді. Мұндай әрекет қалаға мейлінше аз зиян келтіру үшін жасалынды. Сонымен бірге, көптеген ыдыс сынықтары жер бетінен теріліп алынды.Қазба нәтижесі көрсеткендей қаланың бұл беті жол салған кезде трактормен қиратылған болып шықты. Бұған қазбаның қала қорғанын емес оның бір бөлмесінің ортасын ашуы және өте көп ыдыс – аяқтың табылуы дәлел болады. Шаштөбе материалдары бай және әртүрлі болып шықты. Ерекше топты қалың қабырғалы хұмдар мен хұмшалар құрайды, олардың ауыз жиектері жарма көрінісінде құс тұмсығына ұқсайды (2 – суреттің – 1,4,11,17,23-сі). Көптеген ыдыстардың мойына тым қысқа, аздап саяз немесе тереңдей жасалған арық түрінде болып келеді. Ауыз жиектері де жарма көрінісінде жалпақ немесе жұмыр келген белдік сияқты. Формасы банка сияқты ыдыстардың ауыз жиектері жалпақ белдік түрінде болып келеді (2 – суреттің-2,6,18,33-сі). Горшок түріндегі ыдыстар мен құмыралар көбіне мойыннан иыққа өтетін жерінде томпиып шығып тұрған белбеу – белдікпен сәнделеді (2 – суреттің-4,11,23,24,25,32-сі). Ыдыстардың мұндай формалары Хорезм [24] және Афрасиаб [25] керамикасында кездескен.Керамикалар жинағында тігінен тырнақпен салынған сияқты кертпе өрнектер мен өткір құралмен көлденеңінен жолақ арықшалар түріндегі сәндеулері бар сынықтар да кездеседі (3 – суреттің-11,13-сі).Хұмдардың түптерінің жиектері қиялай кесілген және дүңкиіп шығып тұрғандары да бар. Мұндай хұмдар тіп – тік тұрмайды, олар бір сұйық зат құйып үздіксіз шайқау үшін жасалады. Шаштөбенің мұндай керамикасына егіздей ұқсас ыдыстарды ежелгі Бұхараның [26], Рамиштепенің [27], Варахшаның [28], Халчаянның [29], Қойқырылған-қаланың [30], Шаштепенің [31], Дингилдже [32], және Топырақ қаланың [33]керамика жинақтарынан табамыз. Бұл жинақтар б.з.д. V – ІV ғасырлардан біздің заманымыздың І – ІІ ғғ. аралығымен мерзімделген. Яғни, қала осы екі уақыт аралығында өмір сүрген деуге толық негіз бар.
Қарнақ кіші жазирасының топонимиясы мен олардың этимологиясы
Топонимикағылымының аталуы ежелгі гректердің «топос» – орын, мекен, жай және «онома» – ат, есім, атау деген сөздерінен құралған. Олар бірігіп географиялық атаулардың шығуын және дамуын зерттейтін ғылымды білдіреді. Ал этимологияболса, гректің «этимон» – сөздің нақты мағынасы және «логос» – түсінік, оқу, ұғым, ілім деген сөздерден шыққан, ол тарихи – салыстыру методы арқылы сөздердің шығу тегін зерттейді.
Топонимика жергілікті географиялық, тарихи елді мекен атауларын зерттейтін – топонимия;адам аттары мен тегі, фамилияларынан құралған атауларды зерттейтін – антропонимия;халық, ел, тайпа, ру аттарынан шыққан атауларды зерттейтін – этнонимия; өзен, су, бұлақ, көл, батпақ, құдықтар атауларын зерттейтін гидроним; тау, тас, төбе, шатқал, аңғарлар атауларын зерттейтін – ороним;үңгірлер атауларын зерттейтін – спелеоним;үлкен елдер, аймақтар, құрлықтар, облыстар атауларын зерттейтін – хоронимжәне т.б. салаларға бөлінеді. Мысалы, гидронимнің өзі – теңіз атауларын зерттейтін –пелагоним,көл атауларын зерттейтін – лимоним, батпақ атауларын зерттейтін – гелоним және т.б. бөлінеді [63].
Топонимикалық атаулар осында өмір сүрген түрлі халықтардың тілдерінен пайда болғандықтан оның қалыптасуына мыңдаған жылдар қажет болған. Сонымен бірге, көптеген атаулар ежелгі мағынасын жоғалтып жаңаша түсінікке ие болған. Мысалы, қазіргі Балақорған, Қызқорған деген атаулар бір замандарда көне түркі тілінде Жоғарыдағы қорған және төмендегі – құздағы қорған (Құзқорған) дегенді білдірген. Түркістан жазирасындағы топонимдер арасында сақ - үйсін, дәуірі, Қангүй мемлекеті, түркі, соғды тілдері, оғыз – қыпшақ заманы, араб – парсы тілдері, қазақ – өзбек тілдері мен орыс тіліндегі атаулар да кездеседі.
Мысалы, біздің өлкедегі ең көне атау «Метанкәріз» деген Сауран кіші жазирасындағы («Талап» ауылы түбінде) кәріз жүйесі. Мұндағы«Метан» сөзі сақ тілінде «қоныс» дегенді білдіреді, яғни, бұл жерде бұрындары (ХV – ХVІ ғғ.) кәріз қазылған тұста осы аттас елді мекен болған және ол атау сонау сақ дәуірінен (б.з.д. VІІІ – ІІІ ғғ.) бері сақталып келе жатуы әбден мүмкін (Ә.К. Ақышев жобасы).
Ал,Ясы Сауран атаулары ғұн заманынан (І – ІV ғғ.) бері сақталып келгені мәлім, олар сол замандарда осында өмір сүрген халықтардың, тайпалардың атынан қалған деп болжам айтады тарихшы ғалымдар (М.Тұяқбаев жобасы).
Топонимияның ішінде елді мекендердің, ауыл, село, қалалардың атауын зерттейтін бөлімінойконимиядеп атайды, ол гректің «оикос» - үй деген сөзінен шыққан [64].
Ал, енді Қарнақ елді мекені территориясы маңындағы топонимдер – оның ішіндегі ойконимдердің этимологиясына (шығу тегіне) тоқталайық. Біз оларды өмір сүрген уақыттарына қарай (хронология) әңгіме етпекпіз.
Шаштөбе (Ақтөбе)
Алғаш рет «Древний Отрар» монографиясында [65] аты аталған бұл қаланы жергілікті тұрғындар «Ақтөбе» дейді. Көне түркі тілінде «чаш» - тас, «төпү» - төбе деген мағынада, яғни, бұл атау зат есімдерден құралған Тастөбедегенді білдіреді. Ауылдың (Шаштөбе) Солтүстік – батыс бетінде осы аттас биік төбенің бар екені белгілі [66].
Екінші вариант бойынша «шаш» ханты тілінде «шош»-бұлақ, кішкене, шағын өзен деген мағына береді, яғни, бұлақты төбе десек те қателеспейміз, себебі төбе маңында шын мәнінде бұлақтар бар [67].
Үшінші вариант бойынша өзбек тілінде бұлақты – «чошма»десе, парсы тілінде – «сәрчешме» дейді, яғни, «чош» түбірі – су, бұлақ деген сөзді білдіреді [68].
Төртінші варианты көне соғды (ягноб) тіліндегі«чоштепа» деген сөз – қолдан үйілген төбе (насыпной холм) дегенді білдіреді, бұл мағына Шаштөбе (Ақтөбе) қаласының атауына жақындау болғанымен күмән туғызады [69].
Біздің ойымызша, алғашқы көне түркі тіліндегі«Чаштөпү»- тастөбе деген ең шындыққа жақыны. Ташкентті де бір кездері – Шаш, Чач, Шашканд – деп, яғни, «Таскент» - тасқала деп атағаны мәлім.
Ал,«Ақтөбе» атауына келсек, бұл ерте орта ғасырларда (V – ХІ ғғ.) пайда болған топоним демекпіз. Мұндай атаулы төбелер бүкіл түркі тілдес халықтар мекен еткен аймақтың барлығында кездеседі. Көне, ежелгі дәуір қалалары мен қоныстары үстіне ерте көктемде шыққан көк-майса шөптің мамыр – маусым айларында – ақ қурап кетуіне байланысты, аппақ болып айнала қоршаған ортадан бөлектеніп тұруы себепті осы атау қалыптасқан.
Үштөбе (шығыс, орталық, батыс қоныстары)
Атынан – ақ көрініп тұрғындай бұл атау бір жерге орналасқан үш қоныстың ерте орта ғасырларда (V – ХІ ғғ.) пайда болған топонимі. Қоныстар өмір сүріп тұрған кейінгі ежелгі дәуірде (І – V ғғ.) атаулары мүлде басқаша болғандығы анық. Бұл қоныстар қарнақтықтардың тап осы ауыл территориясындағы ең алғашқы мекендері болғандығымен аса құнды ескерткіштер деп есептеледі.
Ғартөбе (Қарнақ) қаласы
«Ғартөбе» атауының шығу тегі жайлы да ғылымда көптеген гипотезалар бар. Солардың алғашқысы сопылық – суфизмге қатысты. Тарихтан белгілі жай – суфизмнің кейбір замандарда өкімет тарапынан қудалауға ұшырағандығы. Бұл исламның таралуының бастапқы кезеңінде де (VІІ – VІІІ ғғ.) орта кезеңінде де (ІХ – ХІІ ғғ.), дамыған кезеңінде де (ХІІІ – ХV ғғ.) және кейінгі кезеңінде де (ХVІ – ХІХ ғғ.) көрініс тауып отырғандығы тарихтан белгілі. Бұған олардың билеушілерге қарсы көтеріліс жасаған қара халыққа дем беруші, басқарушы болғандығы да, оларға қарсы үгіт – насихат жүргізуі де, дін қағидаларын, ортодоксальді ислам догмаларын өздерінше түсіндіруі де, өз хикметтері мен уағыздарында билеуші тап өкілдерін қатты сынға алуы да, билікке таласушы топтардың біріне жақтасып, олар жеңіліп қалған соң қудалауға түсуі де салдар – себеп болды. Суфистерге уағыз айту, діни әдет – ғұрып өткізу тиым салынған жерлерде олар елді мекеннен тыс жерлерде, тау шатқалдары мен үңгірлерде әдет – ғұрыптарын, зікір салуды өткізіп отырған. Үңгірлерді Тәжікстанда, Өзбекстанда «Ғор» - унгур – дейді [70]. «Ғар» деген сөз соғды (ягноб) тілінде – тау, асу; ауған тілінде – тау; белудж тілінде – жар; тәжік тіліндегі «гардан» сөзі – тау өткелі, асу, мойын; көне иран тілінде – гарау – тау, жота дегенді білдірсе, тибет тілінде – гарх, гари – кешік (замок), бекініс, форт дегенді білдіреді. Мұндағы «ғар» - үңгір деген сөз өзбек, тәжік тілдеріне араб тілінен енген [71].
Қудалауға түскен сопылар әдет – ғұрпын, зікір салуды «Ғарларда» - үңгірлерде өткізу салты кейінен міндетке айналып, суфизм тараған елдерде үңгірлерді қолдан жасап, тау жоқ не алыс жерлерде жер астынан құрылыстар салу, оларды «Ғар» - үңгір деп атау қағидаға айналып кетті. Түркістандағы Шілдехана, Әулие Құмшық ата, Халуат (Қылует) құрылыстары осындай сопылық қағидаға байланысты жер астына салынған құрылыстар. «Ғар» - бөлмесі Түркістандағы Халуат жер асты мешітінің астына да салынған, оның ХІ – ХІІ ғғ. салынғанын археологиялық зерттеулер көрсетіп берді [72].
Бұл Ғар бөлмесінде Қожа Ахмет Ясауи 63 жастан кейінгі өмірін өткізген деген аңыз бар. Мұндай Ғарлардың Сопылықтың аса ірі орталықтарының бірі болған Қарнақ – Ғарнақта да болуы әбден заңды. ХІІ – ХV ғғ. Ғартөбе – Қарнақ Ясауизм өкілдерінің орталығы болса, ХVІ – ХVІІІ ғғ. мұнда Нақшбандилер орденінің басым болғаны белгілі [73].
Сопылардың жыл сайын 40 күн Шілдеханада отыруы, Халуатқа түсіп зікір салуы, Ғарларда өмір сүруі Қожа Ахмет Ясауиге дейін қалыптасқан діни жол – жоралғы екендігін зерттеулер көрсетіп берді [74].
«Ғар» сияқты жеке адамның өмір сүруіне арналған бөлмелер Самарқандағы Шах – и Зинда құрылысында, Ташкенттегі Зайнутдин – баба мавзолейінде, Құсам ибн - Аббас мавзолейінде, ал, «Халуат» жер асты мешіттері Сайрамда, Бұхарадағы Бахауитдин құрылыс кешенінде, Пскент ауданындағы Янтақ селосында сақталған [75].
Міне осындай Ғар «Халуат», Шілдехана құрылыстарының Қарнақта, Ғартөбеде болғандығына шәк келтірмейміз. Тіпті, Шәмет Ишан мешітінің астында да алғашында адам жерленген сағана – склептің ғарға, соңынан шілдеханаға айналған жер асты бөлмесі сақталған [76].
Мұндай құрылыстардың (Ғар, Халуат, Шілдехана) Түркістан, Атабай, Шаянда көптеп кездесетінін және олардың бұл өлкеге Х – ХІ ғғ. қоныс аударған шафиттерге қатысты екендігін, осы кезде (Х ғ.) Орта Азия мен Қазақстанда Шавгар, Шавагар (Шафигар) атты қалалардың пайда болуының өзі солардың атына байланысты екендігін ОҚО Ескерткіштер шежіресін (Свод памятников...) жасаушылар жазады [77]. Шындыққа бұл көзқарастың онша жанаспайтындығын жер асты құрылыстарының Ахмет Ясауидің әкесі Ибраһим шайхтың тұсында – ақ әбден тараған, суфизмге тән жағдай екендігінен байқаймыз. Маулана Сайфуддин Орын Қойлақының (ХІІІ ғ.) қолымен жазылған «Насаб – намада» Ибраһим шайыхтың қол астына отыз «Халуаттың» қарағандағы, Ахмет Ясауиге елу «Халуаттың» бағынышты болғандығы айтылған, яғни, жер асты құрылыстары біздің өлкеге Ахмет Ясауидің бабасы Ысқақ бабтың тұсында – ақ (VІІІ ғ.) тарала бастаған деуге негіз бар.
Сонымен, « Ғартөбе» - Гартепа – атауының алғашқы жобасы – үңгірлі төбе (тепа с пещерой) дегенді білдіреді [78].
Екінші жобасы – Ғартөбе – соғды, ауған, белудж, көне иран тілдеріндегі – тау, таудай үлкен төбе, таудағы төбе – дегенді білдіруі мүмкін.
Үшінші жобасы – тибет, үнді тілдеріндегі «гарх, гари» - бекініс (тау үстіндегі), кешік (замок), форт – орналасқан төбе дегенді де білдіруі мүмкін.
Ал, Сәрсен Бек Сахабат ізденістері негізінде дайындалған «Тәңірлік топонимдер» атты еңбекте «Ғар» сөзіне байланысты мынадай гипотезалар ұсынылады:
Ғар – йурт;
Архетиптік ел – жұрт, атақоныс жағрапиясы: Тоңғар, Талғар, Қаңғар, Субар.
Ортағасырлық ғар /қар/ ар – тауға айналмақ – Қашғар, Қарнақ т.б.
Ғарда – тау; ең байырғы орография, ортағасырлық гаплологияда – қара. Өкүзғарда – Егізқара.
Ғардай – Қордай; таулы (ғар) төбелер (дай).
Ғарқанақ – Ғарнақ.
Ғарнақ – Қарнақ; тауқанақ (тау жарқабағы).
Ғардалық – таулық; Қарғалық, Қарғалы, Қарғылы атауларының мағыналық тегін қарға құсынан іздеу бос әурешілік.
Ғарқанаты – тауқабақ; Арғанаты, Қарғаты.
Ғарыш – аспан; Ғар ұшы – Көк; керіш – ғарыш (Махмұт Қашғариде)
Ғар ус – тау өзені, Арыс; ғар (тау) + ус/ыс (үкүз).
Ғарусбанд (П) – Қараспан; Арыс өзені бойындағы қалға (банд).
Ғырат – Қырат, орография; Қырат – Ғырат – Ғират – Герат – Һират, фонетикалық трансформация [79].
Ойлануға тұрарлық тұжырымдар дегеннен басқа айтарымыз жоқ.
Қазақстан даму институты шығарған «қазақтар» атты тоғыз томдық анықтамалықтың VІІІ томы «Атажұрт» деп аталады, осында даргин тілінде «гар» - тас (камень), екінші компоненті – нақ – қосымша деген анықтама беріледі [80]. Бұл бойынша Ғарнақ – Гарнак – тасты жер деген сөз болып шығады. Ғалым Э.М. Мурзаев славян тіліндегі «гора» - тау, ауған тіліндегі «гар» - тау, албан тіліндегі «гүр» - тау, авеста (көне парсы) тіліндегі «гайру» - тау, әзірбайжан тіліндегі «отгар» - шөпті тау ж.т.б. мысалдарды келтіреді, бұл жоба бойынша – Ғартөбе – таутөбе, таудай биік төбе болып шығады. Ғартөбенің цитаделі әлі күнге (12 м) бірден тік көтерілген тауды елестетеді [81].
Арабист ғалым В. Шуховцов «Шавгар» атауын талдай келе «гар» деген бөлігі соғды тіліндегі «гар» – тау, асу, көне иран тіліндегі «гари» - тау, «Авестадағы» «гарау, гаири» - тау жотасы дегенді білдіреді, яғни, « Шавгар» - Қаратау деген сөз дейді [82]. Бұл жерде де Ғартөбе – тау төбе, тау жотасындай биік төбе дегенді білдіріп тұр.
Жоғарыдағы деректерді талдай келе: Біріншіден «Ғартөбе» атауы сопылар әдет – ғұрып өткізетін және өздері жекелей өмір сүретін Ғарлар – үңгірлерге байланысты шығуы мүмкін дейміз. Тек, бұл жерде қаладағы өмірдің ХІV ғ. тоқтағанын ескерсек ғарларды ХVІ ғ. осында тұрақтаған Нақшбанидийа сопылық бірлестігінің өкілдері қазған болып шығады.
Екінші жоба бойынша бұл атау соғды тіліндегі «таудай биік төбе» деген мағына береді. Соғдылардың Түркістан жазирасындағы көптеген қалаларда тұрып сауда – саттық жасаумен, ыдыс – аяқ дайындаумен, қол өнерімен айналысқаны мәлім, бірақ олар кейінгі ежелгі дәуір (І – ІV ғғ.) мен ерте орта ғасырларда (V – ХІІ ғғ.) яғни, Ғартөбе (Қарнақ) әлі өмірін тоқтатпаған кезде осында өмір сүрген. Қалай болғанда да осы екі жоба шындыққа ең жақындары демекпіз.
Қарнақ атауы жайлы
Жалпы, соңғы буыны «нақ» жалғауымен аяқталатын атаулар әлемнің түкпір – түкпірінен кездеседі. Мысалы, Өзбекстанда Мойнақдеген станция, Питнакдеген елді мекен бар, Қазақстанда Шанақдеген ауыл, АҚШ – та (Аляска) Шангнак деген елді мекен, Түркияда Ширнакдеген қала, Молдавияда Ченакдеген қала және т.б. көптеген атауларды келтіруге болады [83].
Қазақ тілінде де «нақпен» аяқталатын сөздер жеткілікті мысалы, Шығанақ, Мойнақ, Шанақ, Сырғанақ, Монданақ, Тайғанақ, Шойнақ және Сырманақ, Шуманақ деген тайпа атаулары да кездеседі.
ӨзбекстандаНамданак деген жер аты да бар [84]. Олардың мағыналары көпшілікке түсінікті болғандықтан тоқталмаймыз. Түркістан жазирасын «нақ» жалғауымен аяқталатын атаулар ең көп шоғырланған аймақ десек қателеспейміз. Бізге белгілі Шобанақ, Шорнақ, Қарнақ, Ташнақ, Иуғнақ атауларына соңғы жылдары Сунақ, Шағанақ және көрші Жаңақорған ауданындағы Сығнақ атаулары қосылды. Бұларға бүгінде Жоғарғы Ташнақ пен бұрынғы «Коммуна» елді мекенінің ескі аты Жүйнек - Иуғнақ қосылып «нақтардың» саны онға жетіп отыр. Ұзақ жылдар заң, сот мекемелерінде істеген, Түркістандық Сүлейменов Үркембай ақсақал бізге берген дерегінде, 1954 ж. Шығыс Қазақстанда жұмыс істеп жүргенде кәрікөз шалдардан «Түркістанды ілгеріде 12 (он екі) «нақ» ұстап тұрған» деген әңгіме естігенін айтады. Бұл «нақтар» Түркістан жазирасындағы елді мекендер екені анық, бүгінде олардың оны белгілі, қалған екеуі Бабайқорған ауылындағы Айнакөл қаласының бүгінде ұмытылған ескі атауы да, Шойтөбе (Шойнақ?), Сури төбе (Суринақ?) болуы да мүмкін. Бұлардың барлығы ерте және дамыған орта ғасырларда (ІV – ХІІІ ғғ.) өмір сүрген қалалар.
Түркі тілдес атаулар шет елдерде де кездеседі, мысалы, көрші жатқан Украина, Молдавия, Румынияда – Чорна, Чага, Ченак, Чилигдер, Ташбунар, Сасык, Ялпуг, Тилигул, Чухур, Сарат, Савран, Савранка, Алибей, Шаганы, Яссы, Тараклия, Токуз, Садаклия, Яргара, Колибаш, Чумай, Ташлык, Кучурган, Тузлы, Балта, Бакша, Айдар, Кантемир, Кудалби, Бахлуй, Татар бунары, Алияга және т.б. өзен, көл, елді мекен және қалалар бар [85]. Бұлардың ішіндегі Чорна, Чага, Ченак, Чумай, Ташлык, Шаганы, Яссы, Саврань, Савранка, Чилигдер атаулары Түркістан жазирасында да кездесетіні (Шорнақ, Шаға, Шобанақ, Тастақ, Ясы, Сауран, Шілік) белгілі. Бұл жәй ғана сәйкестік емес екендігі, мұның түбінде сақтар, ғұндар, түркілер, қыпшақ – беженектер, моңғолдар заманындағы халықтардың ұлы қоныс аударулары мен жүргізген соғыстарының жаңғырығы жатқандығын көреміз.
«Қарнақ» атауы алыс шет елдерде де кездеседі, оның алғашқысы Францияның Бретань провинциясында орналасқан аса ірі тас (мегалит) бөлшектерінен тұрғызылған ғибадатхана. Ол күн мен Аждахаға арналып салынған кешен. Құрылыс неолит (жаңа тас ғасыры) дәуірінің соңы мен қола дәуірінің басында қалыптасқан (б.з.д. 3000 – 2000 жж.)
Екінші Қарнақ Мысырдың (Египет) ежелгі Фивы қаласының орнына салынған ғибадатханалар мен сарайлардың қирандысы болып табылады. Жаңа патшалық дәуіріндегі сәулет ескерткіші болып табылатын бұл алып құрылыстар сарайлар, залдар, қақпалар, колонналар, обелисктер, алып мүсіндер, есепсіз сфинкстер (адам басты арыстандар мүсіні), барельефтермен сәнделген. Қарнақ құрылыстары орналасқан алып квадраттың жақтары 1800 футқа тең (5 км 400 м), оның залдарының алыптығы, колонналарының биіктігі сонша – атақты Париж Құдайанасы соборы оның бір залының ортасында ғана кішігірім сәндік заты болып қалады деп жазады атақты египтолог Шампольон [86]. Өкінішке орай бұл Қарнақтардың атауының шығу тегі жайлы ештеңе айтылмайды.
Интернеттегі тағы бір сайтта «татарша – арабша сөздікте «Қарунлық» - төңірегі биік, ортасы терең ойпат болған жер... Шын мәнінде осы фактімен қаралса «Қарнақ» ауылы... төңірегі созылып кеткен байтақ дала ортасындағы қарында жатқан сияқты орналасқан» дейді. Несі бар, Қарнақтың Жарбасқан және Дөдеген деген қырат – адырлардың ортасындағы сайда орналасқаны шындық [87].
Махмұт Қашқаридің «Түрік сөздігі» атты еңбегінің «Сәлім кітабы» бөлімінде «Қарнақ» атауының – қарынды адам деген мағынасы да бар. Онда «Қарнақ ер – Қарынды адам » делінген. Сонымен бірге «Қарнақ. Оғыз қалаларының бірі» деген де анықтама келтірілген [88].
«Тәңірлік топонимдер» атты еңбекте «Қақпақанақ, қабақ, қарақтың ауыспалы мағынасы – жол айрығы», - дей келе «Қарнақ түбіріндегі «қар» сірә атмосфералық табиғат құбылысы емес, мәйегі көнетілдік «ғар» - тау» - деп тұжырымдалған, және алғашқы «Ғарқанақ парсыша Қарнахтқа, одан Қарнаққа» айналған деп болжайды [89].
Ғалым Е. Қойшыбаев «Қарнақ – Сыр бойындағы елді мекен аты (оғыз тайпаларының көнедегі қаласы орнына салынған), этноним», деген пікір айтты [90]. Бұл Қарнақ атауының бір халық не тайпа атынан шыққандығы жайлы (этноним) батыл ұсыныс еді.
Өзбек ғалымы Л.Каримова «Қарнақ» топонимі қар және – нақ (ноқ) – лақ // лоқ, - ла + қ, лиқ, ли+қэлементтерінің қосылуынан пайда болып, «қарлы жер» деген мағына білдіреді. Ал нақ / ноқ аффиксі өзбек тілінде тұрақ – жай атауларын жасаушы – лоқ аффиксінің бір варианты болып саналады», - дейді [91]. Мұндай ойды бізге 1999 ж. Қарнақ ауылы тұрғыны Еркін Патуллаев та айтқан болатын, ол кісінің түсіндіруінше:
Қарнақ – қары мол;
Сунақ – суы мол;
Шорнақ – соры мол;
Ташнақ – тасы мол;
Шобанақ – шөбі мол немесе Шобан – өзі кішкене болса да ауыр затқа берілетін теңеу, ауыр, зілдей деген мағына береді. Алтыншы «нақ» деп ол кісі Жүйнекті тұңғыш рет атады. Еркіннің айтуынша Ахмет Жүйнеки бұрын Иуғнақи, Иугнаки (орысша Югнаки деп жазылып жүр) деп аталған [92]. Дегенмен, біз Ташнақтан басқасын этнотопоним (тайпа аты) деп жобалаймыз.
Түркітануші Г.Е. Корнилов «на древнебулгарском языкекар – «город, «укрепление». Шубаш кар – «булгарская крепость, укрепление, поселение», в названии которого шуаш– «военачальник» + кар– «крепость» - деп жазады. Мұнда «кар» жалғауы қала, қорған, бекініс дегенді білдіріп тұр, ал, көне бұлғар тілі де Түркі тілінің құрамына жататындығы белгілі [93].
Жоғарыдағы деректерді талдай келе ғалым Телғожа Жанұзақ «Қарнақ атауы «айнала – төңірегі қоршалған, мықты бекіністі қала» мәнінде қойылған болуы мүмкін», - дейді [94].
«Нақ» жалғауы (жұрнағы) жайлы белгілі жазушы, тіл маманы Байбота Серікбайұлы Қошым – Ноғай өзінің «Ана тілі» газетінде 1992 ж. жарияланған «Нақ» тек қана жұрнақ па?» атты мақаласында жеріне жеткізе талдап жазды. Біз екі нөмірге жарияланған бұл үлкен мақаладан тек Қарнаққа қатысты жеріне тоқталмақпыз.
Б.С. Қошым – Ноғайдың жазуынша « - нақ» («-ақ») деген жұрнақ бұл күндері бұлыңғыр тартса да, өзінің байырғы «мекен», «орын», «қоныс», «жер» деген тәрізді мағынасын көмескі болса да аңғартып тұр» - деп Х. Махмудов пен Ғ.Мұсабаевтың «Қазақша - орысша» сөздігіндегі қызойнақ, қозыойнақ, құланойнақ сөздерін мысалға келтіреді [95]. Сонымен бірге, «қар» сөзінің қандай мағына беретіндігіне Э.М. Мурзаевтың біз жоғарыда келтірген анықтамаларын (гора, гар, гүр, гирис, гайру – тау; кар, гархи - тас) келтіре отырып түркі – монғол тілдеріндегі –қар, кер, қыр сөздері тау, тас,шыңмағынасын беретіндігіне тоқталады. Бұған қосымша венгр тілінде «қар» сөзі «ру, ұрпақ» деген мағына беретіндігін айта келе «Демек, Қарнақты «таудағы қала», «қырдағы қоныс» немесе «руластар мекені» деп түсінуге болады деп ойлаймыз», - дейді [96].
Ру демекші «Жеріңнің аты еліңнің хаты» атты энциклопедиялық анықтамада «Байылдыр», «Божбан», «Қарнақ», «Қоңырат», «Сауран», «Теке», «Ұранғай», «Шаға», «Шәуілдір», «Шорнақ» деген атауларды ру немесе түркі тайпаларының этникалық тобының атынан шыққан дейді [97]. Бұл елді мекендердің барлығы Түркістан мен Отырар жазираларында орналасқан.
Ғылымда ІХ – ХІІ ғғ. Қазақстанның батысы, Арал – Каспий, Сыр бойы, Ресейдің оңтүстігі, Өзбекстан, Түркменстан территорияларына дейін жайылған Оғыз қағанаты болғандығы белгілі. Тарихи карталарда олардың орналасқан жері Сыр бойында Сығанақ қаласының оңтүстігімен өткен деп белгілейді [98].
ХІ ғасырдан бастап жазба деректерде Оғыз тайпаларының аты кездесе бастайды.
Бір қызығы бұл оғыз тайпаларының атымен аталған топонимдер Сығанақтан төмен қарай Оңтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл, Алматы облыстарында да кездеседі. Әсіресе, Түркістан жазирасында өте көп.
Оғыз тайпалары жайлы ХІ ғ. Махмұт Қашқаридың «Түрік сөздігінде» 22 тайпаның аты [99] мен таңбасы берілген. Онан соң ХІІІ ғ. басында Мұхаммед ибн Мансұр Мерверрудидің «Тарих – и Мубарак - шах» атты еңбегінде түркілердің 60 тайпасының аты берілді [100].
ХІV ғ. Рашид – ад – диннің «Джами ат - таварих» деген еңбегінде оғыздардың 24 тайпасы аталады [101]. ХVІІ ғ. Хиуа ханы Әбілғазының «Түрік шежіресі» жазылып онда Оғыз ханның 6 ұлынан тараған 24 және олардың күңдерінен (кәнизәктарынан) туған тағы да 24 немересі жайлы айтылды.
Бұл шежірені ХVІ ғ. соңы мен ХVІІ ғ. өмір сүрген Қадырғали Жалайыр өзінің «Шежірелер жинағы» еңбегінде кеңірек таратып береді [103].
Өзбек тіліндегі Әбілғазының еңбегінде аттары аталатын кәнизәктарынан туған ұлдары 22 деп берілген [104].
ХІХ – ХХ ғғ. өмір сүрген Шәкәрім Құдайбердіұлы да өз еңбегінде Оғыз хан ұрпақтары мен Түркімендердің тайпаларын сөз етеді [105].
Жоғарыда айтқан Оғыз ханның алты ұлынан туған 24 немересінің есімдері мынадай:
Күн ханнан – Қайы, Баят, Алқаүйлі, Қараүйлі;
Ай ханнан – Языр, Дөкір, Дудырға, Ябыр (Ебір, Йасыр);
Жұлдыз ханнан – Аушар, Қарнақ, Бектілі, Қарқын;
Көк ханнан – Байындыр, Беженек, Чавулдур, Жебні;
Тәк ханнан – Салұр, Емүр, Ала жұнтты, Үрегір;
Теңіз ханнан – Үгдір, Бекдүз, Ыва, Қынық, (Жарұқлығ;)
Ал, кәнизәктарынан туған немерелерінің есімдері төмендегідей:
Кене, Көне, Тұрбатлы, Керейлі, Сұлтанлы,Оқлы, Көклі, Сужелі, Хорасанлы, Жұртшы, Жамшы, Тұрымшы, Қуми, Сорқы, Құршық, Суваршық, Қарашық,Қазғұрт, Қырғыз, Тәкин, Лала, Мұрда,Шой,Сайыр.
Алты ұлдан тараған немерелері де, кәнизәктарынан тарағандары да әрқайсысы бір рулы елге айналғаны (М.Қашқари – ұлыстар, рулар, тайпа деп те жазады) мәлім [106].
Түркістан жазирасында Қарнақ, Байындыр, Қайы,Қарашық, Тәкин, Шой, Сорқы, Сайыр есімдеріне ұқсас елді мекендер бар, ал, Тұрбатлы, Қазғұрт, Сұлтанлы, Оқлы, Қырғыз, Чавулдур, Мұрда атауларын көрші Отырар мен бұрынғы Ленгір, Ленин, Арыс, Шымкент, Сайрам, Созақ аудандарынан кездестіреміз. Атауларды қатар қойып салыстырып көрелік:
Қарнақ – Қарнақ елді мекені
Қайы – Оранғай – Уранқай елді мекені [107].
Байындыр – Байылдыр ауылы
Қарашық – Қарашық – Төрткүл І,ІІ қаласы
Тәкин – Теке елді мекені
Шой – Шойтөбе қаласы, Шойтөбе І,ІІ қоныстары
Сорқы – Сор төбе қонысы (Сорнақ, Шорнақ?)
Сайыр – Сүйір – Төрткүл (Сури) қалашығы
Тұрбатлы – Тұрбат ауылы
Қазғұрт – Қазығұрт асуы
Қырғыз – Қырқыз бекінісі
Сұлтанлы – Сұлтанрабат қалашығы
Оқлы – Оқшы ата, Оқсыз қалашығы
Чавулдур – Шәуілдір селосы
Мұрда – Мүрдетөбе қалашығы, І – ІІ қоныстары
Қалған тайпалардың барлығы да түркі тілдес халықтар құрамында әлі күнге кездесетіні белгілі. Көріп отырғанымыздай, Оңтүстік өлкесінің территориясында сонау Оғыз заманынан қалған этнотопонимдер (халық, ел, тайпа, ру аттарынан шыққан атаулар) баршылық.
Оғыздар біздің өлкеге Түркі, Батыс Түркі қағанаты тұсында түркі халықтарының құрамында қоныстанған (VІ – VІІІ ғғ.), ал, ІХ ғ. Сырдың орта және төменгі ағысы мен Каспий, Арал теңізі жағалауларында Оғыз мемлекетін құрды. Оғыздардың құрамында отырықшы және көшпелі тайпалар да болып, олар қатар өмір сүрді. Отырықшы тайпаларының аттары елді мекендерімен бірге бүгінгі күнге дейін жетті. Орта ғасырларда барлық халықтардың ата, ру, тайпаларға бөлініп, мүмкін болса бір жерге қоныстанып, бірге көшіп – қонып, бір жайлау мен қыстауды, не қаланы мекен етуге тырысқаны тарихи жазбалардан мәлім. Қазақтағы «У ішсең ұруыңмен» деген сөз сол замандардан қалған, тіпті, ауыл, қала, қоныс қана емес мемлекеттердің де атауы халықтардың атымен аталатыны сол дәірден қалған жаңғырық. Олай болса Махмұт Қашқари, Рашид ад – дин, Әбілғазы хан, Шәкәрім еңбектерінде кездесетін Оғыз тайпаларының аттары сол өздері VІ – VІІІ ғғ., ІХ – ХІ ғғ. қоныс еткен мекендеріне беріліп бүгінге дейін жеткен деуге толық негіз бар. Солардың бірі жоғарыдағы деректерде «Қарнақ, Қарнұқ, Карнак» түрінде кездесетінҚарнақ елді мекені демекпіз.
Үштөбе (орталық) қонысы
Қоныс солтүстік – шығыстан оңтүстік – батысқа қарай созылып жатқан екі деңгейлі төбе түрінде сақталған. Үстіңгі биік төбешігі цитадель деп есептеледі, оның ұзындығы – 55 м, ені – 27,5 м, төменгі деңгейден 3 м биік. Ал, төменгі – шахарістан деп есептелетін үлкен төбенің ұзындығы – 137 м, ені – 92 м, айналадан биіктігі – 4 м. Үстіңгі бөлігі - кешік – замоктың қалдығы деп есептеледі. Бір заманда шахарістан да, цитадель де қорған дуалмен қоршалған сияқты.
Қазіргі күні цитаделдің СБ етегі тегістеліп бақшалыққа айналдырылған, дегенмен, ең жақсы сақталған қоныс осы болып табылады.
Ескерткіш 1970 ж. Отырар кешенді археологиялық экспедиция тарапынан (Ақышев К.А.) зерттеліп І мыңжылдықтың 1-ші жартысымен (І – V ғғ.) мерзімделген.
2003 ж. Түркістан археологиялық экспедициясы зерттеп осы датаға тоқталды. Басты мәселесі ескерткіштің аман сақталуы болып отыр, бақшалықты қоршаған сым торды әрі қарай 30 метрге жылжыту керек. Жергілікті ауыл әкімшілігі осы мәселеге көңіл бөлсе құба-құп болар еді.
Үштөбе (батыс) қонысы
Ескерткіш планы жағынан трапеция түріндегі тіктөртбұрышты еске түсіреді, үш деңгейлі төбе СБ-н ОБ-қа қарай 100 метрге созылып жатыр. Солтүстік – шығыс бетінің шығыс бұрышында ұзындығы 17,5 метрлік тіл сияқты сыртқа шығып тұрған бөлігін қосқанда 81 м болады. Оңтүстік – батыс бетінің тап осындай «тілін» қосқанда 62,5 м болады. Бұл «тілдер» бір кездегі қорғаныс мұнараларының іздері, ондай тілдер батыс бетте де болуы тиіс еді, алайда, бұл беті түп – түзу етіліп қырылып, кесіліп кеткен де егістікке айналдырылған. Дегенмен, төбенің оңтүстік – батыс бұрышында ішке қарай кірген сай түріндегі қақпасының ізі сақталған, оның ені – 10 м, ал, ұзындығы – 15 м. Қоныстың ең биік жері- цитаделінің формасы бұрыштары дөңгеленіп келген төрт бұрышты еске түсіреді, оның жақтары 31 х 32 м, айнала қоршаған жерден есептегендегі биіктігі – 6 м. Бұл цитадель, яғни, кешік (замок) болып есептеледі, оның СБ бетінде үшбұрыштанып келген екінші деңгейдегі алаң орналасқан, мұны шахарістан деп есептеуге болады. Алаңның солтүстік бетінің өлшемі – 45 м, батыс беті – 30 м, оңтүстік беті – 25 м, ал, қисая орналасқан шығыс беті – 35 м. Айналадан биіктігі – 4м. Бұл екі деңгейдің ОШ бетінде ұзындығы – 100 м, ені 35 метрден 56 метрге дейін ұлғайатын қоныстың үшінші деңгейі, яғни – рабады орналасқан, бұл үш бөлікке қарасақ, қоныс дегеніміз қала болып шығады. Мұндай көлемдегі қалалар ежелгі заманда көп болған, тіпті – Үштөбе (орталық) қонысы да өзінің құрылымы жағынан қалаға көбірек ұқсайды. Тек, Үштөбе (шығыс) қонысы ғана жеке тұрған кешік – замок сияқты. Мұның да проблемасы – аман алып қалу, қаланың дәл үстіне тұрғын үй, төрт шаруашылық құрылысы түскен. Ол аздай, Үштөбе (орталық) қонысының батыс бөлігінен бастап ұзындығы – 110 м, ені – 62 м жерді бақшалық ретінде сым тормен қоршап, бетін трактормен тегістеп тастаған. Бақшалықтың ОБ бөлігіне бау еккен, қалған жері егістік болатын сияқты. Бұл бассыздықты тез арада тоқтатып, тұрғын үйді, бақшалығымен басқа жерге көшірмесе І – V ғасырлардағы ең алғашқы Қарнақ қаласынан айырылып қаларымыз анық. Үй иесінің құрылыс үшін цитадельдің шетін шауып кесек құйғаны көрер көзге көрініп тұр. Бұл ескерткішті де 1970 ж. Отырар кешенді археологиялық экспедициясы зерттеп І мыңжылдықтың 1-ші жартысы (І – V ғғ.) деп мерзімдеген, біз де мұны қуаттаймыз. Табылған азды – кемді керамика осы кезеңге жатады, алайда ескерткішті үлкен қазба салып, шындап зерттеу керек. Алайда, біреудің ауласына қазба сала алмаймыз.
Ғар төбе (Қарнақ) қаласы
Қала Қарнақ ауылының солтүстік – батыс шетінде орналасқан. Бұл үш деңгейлі төбе, биік жері цитадель, одан төмен солтүстік бетіндегі алаң – шахарістан, ең төменгі солтүстік беті – рабады. Цитаделінің жан – жағы түгел қазылған, бұзылған – соған қарағанда қамал қорғаны сақталмаған сияқты. Көлемі 105 х 80 м (0,72 га), биіктігі – 12 м. Шахарістанның сақталған бөлігі 45 х 40 м (0,1,8 га), биіктігі – 3 – 4 м. Рабадының көлемі 165 х 120 м (1,7 га), биіктігі – 1 – 1,5 м. Цитадельдің ЖПС – пен анықталған (теңіз деңгейінен) биіктігі 369 м. Қаланың жалпы көлемі – 2,96 га, ал, батыс бетіндегі тегістеліп, үйлер, бақшалар түсіп кеткен бөлігін қоссақ – 3,5 га шамасында болады. Рабадының барлығы дерлік мазаратқа айналдырылған, аз ғана бөлігіне бау егілген (1 – сурет). Ескерткішті алғаш рет 1970 ж. Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясы (К.А.Ақышев) зерттеген, екінші рет 1999 ж. Түркістан археологиялық экспедициясының отряды (М.Қ.Тұяқбаев) зерттеп, планын түсіріп, кішігірім қазба жүргізген. Алайда, алғаш зерттеген экспедиция қаланы Отырар – Қаратау мәдениетіне жатқызып І – ІV ғғ. мерзімдеген[35]. Екінші зерттеу барысында бұл мерзім дәлелденбеді, керісінше қала VІ– ХІVғғ. Өмір сүргендігі анықталды[36].Қаланың планы арнайы құралмен түсіріліп, аэрофотосы дельтапланмен алынып, жан – жағынан фотоға түсіріліп, цитадельдің шығыс бұрышына барлау шурфы 4 х 1 х 1,5 м көлемде түсірілді. Қазба барысында бір құрылыс қабаты аршылды, ол белгісіз бір құрылыстың тастан қаланған фундаменті мен екі еденін ашып көрсетті, сонымен бірге, қазбаның ең ұшында мәйіттерді лахатқа топтап жерлеген қабірдің бар екенін көрсетті (2 – сурет). Керамикалық табыстар жинағы негізінен ас ішетін және тамақ дайындайтын ыдыстар фрагменттерінен тұрады. Бояусыз керамика жинағы дастархандар, құмыралар мен олардың қақпақтарының саптарынан және түрлі ыдыстардың ауыз жиектері бөліктерінен тұрады (3 а,б,в,– суреттер). Жоғарғы қақпағының жиегіне саусақпен басып өрнек салған және жапқышында бу шығатын тесігі бар қақпақтың сабы өте қызықты табыс болып есептеледі (3 а – суреттің 1-сі). Керсен сияқты ыдыстардың екі бөлігінің аналогтары (3 б – суреттің 4-сі) Қой қырылған қаладан табылған ыдыстарға өте ұқсас, олар Кангүй мемлекеті кезеңімен мерзімделген (І – ІVғғ.)[37]. Тек осы ыдыс қана әзірге, 1980 ж. Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясының қалаға берген мерзімін қуаттап тұр.Цитадельге үлкен стратиграфиялық қазба түсірсек Ғартөбенің жасы І – ХІV ғғ. арасын көрсетіп қалуы да мүмкін. Жарма көрінісінде төрт бұрышты болып келген, формасы «С» әріпі тәрізді, қалың саптар (3 а – суреттің 5-сі) Шаушұқұмтөбе [38] мен Топырақ қаланы қазғанда көптеп кездескен [39]. Саусақпен қос сызық сызылған, немесе ағаш штампен гүлді дөңгелек өрнектер басылған дастархандар Шардарадағы Ақтөбе І қаласынан да, өзіміздің Иқан қаласы мен Шойтөбе – І қонысынан да кездесіп Х – ХІІ ғғ. мерзімделген [40] (3 а – суреттің 2,3-сі; 3 б – суреттің 1,2,5-сі). Қол шырағданды ақ не қара нүктелермен сәндеу Х – ХІ ғғ. Отырар мен Түркістан жазирасына тән құбылыс болатын (3 в – суреттің 7-сі) [41]. Бояулы керамика түрлері ашық фонға қоңыр, сарғыш – жасыл өрнектер салып түссіз шыңылтырмен (глазурь) қапталған (3 в – суреттің 1,2,3-сі), мұндай ыдыс түрлері ортағасырлық Шаш [42] пен Хорезм жазирасындағы Шемаха – қаладан да кездескен [43]. Ғартөбенің бояусыз керамикасының барлық түрлері (3 а, 3 б – суреттері) Шардарадағы АқтөбеІ мен Отырар жазирасындағы Қаршығалықта кездеседі [44].Жоғарыда аталған ескерткіштерде келтірілген керамикалар топтамалары VІ – VІІІ ғғ. да ХІІІ – ХІV ғғ. дейінгі аралықпен мерзімделген. Жазба деректердің ішінен Қарнақ жайлы алғаш рет Махмұт Қашқаридің (ХІ ғ.) «Түрк сөздігі» атты еңбегінде кездесіп, ол оны оғыз қалаларының тізіміне енгізеді [45]. Кейінірек Қарнақ орыс деректерінде көбірек кездеседі, соның бірі 1695 ж. Федор Скибин мен Матвей Трошиннің Қазақстан мен Орта Азия сапары жайлы жазбалары, бірақ бұл Қарнақ кейінгі ХІV – ХVІІІ ғғ. Ішкент жайлы болып отыр. Дегенмен, А.Н. Бернштам өз еңбегінде «Қарнақ Сығанақпен қатар Хғ. Авторларының жазбаларында аталып кететінін ескертеміз», - деп жазады [46]. Міне бұл Қарнақ анық Ғартөбе екендігі даусыз, өкінішке орай, А.Н. Бернштам өзі әңгіме етіп отырған Х ғ. авторларының есімдері мен еңбектерін атап өтпейді. Оларға жоғарыда (Кіріспеде) біз атап өткен Х ғ. авторлары – әл – Масуди, әл – Истахри, әл – Мақдиси, Ибн Хаукәл, әл Хамадани, Нершахи, Ибн Фадландардың кез келгені жатуы мүмкін. Бұл тереңірек зерттеуді қажет ететін тақырып. Әйтседе, біз Х – ХІ ғғ. араб – парсы авторларының жазбаларында Ғартөбе – Қарнақтың да аты оғыз қалаларының тізімінде аталатынына көз жеткізіп отырмыз, ол авторлар еңбектерін өздері сапар шеккен елдерді суреттеп, жолдар мен қалалар арасының қашықтығын дәл көрсетіп, керуенбасыларға бағыт – бағдар ретінде дайындаған және ол қалалардың ішінен баруға тұрарлық ірілерін атап көрсеткен. Яғни, Ғартөбе – Қарнақ бұл тұста саудасы да, шаруашылығы да дамыған, тауар өткізуге болатын базары бар, ол жерден де тауар сатып алуға лайықты экономикасы дамыған қала болған деп есептейміз. Шаштөбе, Ғартөбе, Қарнақ, Ішкент және т.б. атаулардың мағынасына арнайы бөлімде кеңірек тоқталамыз, сондықтан Қарнақтың өміріндегі үшінші кезең Ішкент тарихына көңіл бөлейік.
Ішкент – Қарнақ қаласы
Қала Атабай – Қарнақ селосының ортасына орналасқан. Қазіргі күнгі планында тіктөртбұрышты болып келген екі деңгейлі төбе. Дөңгеленіп келген бұрыштары әлемнің төрт бұрышына бағытталған (1 – сурет). ХХ ғасырдың 50-ші жылдары қала трапецияға ұқсас планда болған (2 – сурет) және тарихи бейнесін ең жақсы сақтап тұрған планы да осы сызба. Мұнда қала цитаделінің үстінде ХІХ ғ. бері сақталған алты құрылыстың қирандысы төбешіктер түрінде сақталған (2 – сурет, А бөлігі). Қаланың 1950-ші жылдардағы өлшемдеріне келсек – СБ беті – 150 м, СШ беті – 100 м, ОШ беті – 112 м, ал ОБ беті 103 м болған. Қаланың шахарістаны үш бөліктен тұрған (2 сурет – Б,В, Г бөліктері) және оның жиегінің биіктігі 2 – 2,5 м, ал, үсті – 1 – 1.5 м шамасында ойлы – қырлы болып келген. Жиегімен айнала қала қорған қабырғасының қирандысы биіктігі 1 м жал түрінде өткен.
Цитадель үш жағынан да сумен қоршалып жатыр, Агеева мен Пацевич (1950 ж. зерттеген археологтар) бұл арықтардың терең және суы мол екенін жазады. Арық қаланы ортасынан қақ жарып өтіп Бабатай қақпасы жанынан ағып шығады (2 сурет) [47]. Бұл шахарістанды қақ жарып өткен (2 сурет – В – Г бөліктер) арық, сірә, ХІХ – ХХ ғғ. қазылған болуы керек, онда да 1864 ж. орыстар келген соң көп халық қаланы тастап, сыртқа, кең жерге үй салған соң ғана. Біздің қолымыздағы Мырзаев Бекташтың 1967 ж. 100-ге келген шалдардың әңгімесі негізінде жасаған Қарнақ картасында (2 г - сурет), бұл арық цитаделдің төрт жағынан да қоршап жатыр және ол СБ беттегі Нышан қақпадан ағып шығады. Бұл картада цитадель ғана емес бүкіл қала төрт жағынан да сумен қоршалған және бұл ортағасырлардағы қалалардың барлығына тән құбылыс. Қалған карталардың барлығында цитаделге енетін қақпа орыны дәл көрсетілмеген, Агеева мен Пацевич цитадель мен шахарістанның түйіскен жерінде дейді, мұнысы Нышан қақпаға келеді [48]. Ал, Б. Мырзаевтың картасында цитадельдің солтүстік бұрышында болған және ол «Қырғыз қақпа» деп аталған, біз осы карта Қарнақ – Ішкенттің ХІХ ғ. екінші жартысындағы әлі бұзылмаған кездегі көрінісін береді және шындыққа ең жақыны деп есептейміз. Бұл картаға қарасақ қалаға Нышан, Бабатай және Мүсәллә қақпалары арқылы, ал, цитаделге Қырғыз қақпасы мен бірге қала ішінен екі жерден – ОШ және ОБ беттердегі кішігірім қақпалар арқылы енген (2 г – сурет – А,Б,Г бөліктері). Қала рабады 1950-ші жылдардағы картада СШ бетте көрсетілген, бұл үшбұрышты төбенің өлшемдері 130 х 90 м, биіктігі – 2м болғандығын жазады Агеева мен Пацевич. Өкінішке орай, бұл төбеден қазіргі күні ештеңе қалмаған. Мұндай ірі қалалардың рабадтары да ірі болатыны белгілі (Түркістан қаласының рабады 1000 гектардан асып кететін), қазіргі күні қаланы жан – жағынан қоршап жатқан тұрғын үйлер мен бақшалықтар, бақтардың барлығын бір кездегі Қарнақ – Ішкенттің рабады деп есептеу керек. Қала топографиясы (өкінішке орай) 1950-ші жылдардағы көрінісін де жоғалтқан, бұған себеп болған ХХ ғ. 60 – 70-ші жылдары жүргізілген жол салу, ауылды абаттандыру жұмыстары. Жол салушылар цитадельдің үстіне (бұрынғы қақпаларының орындарынан) шығатын пандус – жыралар жасаған, олардың ені – 7 – 8 м. Сол арқылы төбенің үстіне техника шығарылып трактормен тегістетілген, осының салдарынан цитадель үстіндегі алты құрылыстың орыны болып табылатын төбелер мүлдем жойылған (1,2,2В – суреттер), ал, мәдени қабаты 1- 1,2 м сүріліп ХVІІІ – ХІХ ғғ. жататын құрылыстар, бір де бір зат, керамика қалмаған. Шахарістан да мүлдем өзгеріп төмендетілген, оның ОБ бөлігі 1,2 – 2м дейін төмендетілгенін 2 В суреттегі электр бағандарының түбінде қалып қойған үйіндіден байқаймыз. Топырақ қабаттары сүріліп қаланы қоршаған орды толтыруға жұмсалған. 50-ші жылдардағы шахарістанды қақ жарып өткен арық та, сай да (2 – сурет) сүрілген топырақпен көміліп, артезиан скважинасы қазылып, диаметрі 220 мм труба төселген (1 – сурет). Қала үстін түгел баққа айналдыру жоспары болғандығын 2 а – суреттен көреміз, бұл схема бойынша цитадель түгел, шахарістанның жиегі мен мешіт айналасы ағаша егілетін алаңдар ретінде жобаланған [49]. Қарнақтың тарихына үңілсек ол монғол шапқыншылығына дейін – ақ белгілі болған, бірақ ол заманнан қалған жазба деректерден бізге белгілісі екеу – ақ. Біріншісі – әл – Мақдисидің (Х ғ.) еңбегінде ол «Катак» деген атпен кездеседі, сірә еңбекті кейінгі заманғы көшірушілер дұрыс оқи алмай қате жіберген болуы керек. Мұндай қателіктер араб – парсы жазбаларының көшірмелерінде көптеп кездеседі. Екіншісі Махмұт Қашқаридің «Түрік сөздігіндегі» - Қарнақ (ХІ ғ.) оғыз қаласы. Бірақ, бұл екі еңбек те Қарнақ деп қазіргі Ғартөбені айтып отыр.Ол замандарда қала Шауғар –Иасы әкімшілк округіне қараған. ХІІІ –ХVІІІ ғғ. аралығында Қарнақ монғол шапқыншылығын да, Ақ Орда, Әмір Темір мемлекеті, Шәйбанилер билігі, Қазақ хандығы биліктерінде және Жоңғар шапқыншылығын да бастан кешті. Қаланың негізгі орталығы болып, қазір ауылдың ортасында қалып қойған, тік төртбұрышты құрылыс қалдығы табылады. Бұл Төрт қақпадан, төрт махалләдан тұратын қалалық құрылым биіктігі 8 метрлік қорған қабырғасымен қоршалған. Бас махаллә – қала билеушілері тұрған цитадель, оған Қырғыз қақпасы арқылы енген. Қалған үш махалләға ОШ-ғы Мүсәллә, ОБ – Бабатай, СБ – Нышан қақпалары арқылы кіретін болған. Бұл махалләлар кішігірім көшелер арқылы 15 бөлікке бөлінген. Бабатай қақпасынан шыққан жол екіге бөлініп шығыстағы саласы Түркістанға тіке кетсе, оңтүстік жол Жүйнеке, Шипанға, Қарашыққа, Кәріз ауылға соғып өткен. Сауран бағытына Нышан және Қырғыз қақпалардан басталатын жолдар арқылы шығуға болатын.
Қарнақ – Ішкенттің қазіргі жағдайы мен зерттелуі
Бүгінгі күндері үсті тегістелген қаланың өлшемдері 1950-ші жылдардағы (2 – сурет) өлшемдерге сай келмейді. Қазіргі цитаделдің СШ беті – 55 м, СБ беті – 70 м, ОШ беті – 60 м, ОБ беті – 57 м және биіктігі 5,4 м. Шахарістанның ОШ бөлігінің өлшемдері мынадай: СШ – 50 м, СБ – 157 м, ОШ – 150 м, ОБ – 45 м, биіктігі – 4 м; ал, шахарістанның оңтүстік – батыс бөлігінің өлшемдері төмендегідей: - СШ – 70 м, СБ – 65 м, ОШ – 85 м, ОБ – 55 м, биіктігі – шамамен 5 метрдей. Қаланың жалпы көлемі 2 га шамасында, теңіз деңгейінен биіктігі – 335 м. Қаланы алғаш рет 1947 ж. Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (А.Н. Бернштам), екінші рет 1986 ж. Тарихи – мәдени ескерткіштер Шежіресін (Свод) дайындаушы экспедиция (К.М.Байпақов) зерттеген. Соңғы рет 1999 ж. Түркістан археологиялық экспедициясы зерттеп, қазба жұмыстарын жүргізді. Цитаделге бір, шахарістанға екі стратиграфиялық тілме шурфтар салынды. Цитаделдің ОБ беткейіне өлшемдері 6 х 2 м-к шурф салынды (3 – сурет). Алғашқы ярустан – ақ (тереңдігі 50 см белдеу, 2 ярус – 50 ден 100 см-ге дейін, осылай әр 50 см қалыңдыққа нөмір беріледі) мәдени қабаттың қатты бүлінгені байқалды. Екінші ярустың түбіне дейін (100 см-ге дейінгі тереңдік) барлық қабырғалар, едендер, тандырлардың қирандысы мен суфалар қиратылып, бұзылып араласып кеткендігі көрінеді. Мұны 3 – суреттің үстіңгі екі ярусына қарап та байқауға болады. Ең үстіңгі құрылыс қабаттары цитаделдің СБ және ОБ жиектеріне қарай сүріліп тастағаны көрінеді, бұған дейін бұл беттердегі қорған қабырғасы мен үй қабырғалары сүріліп тасталған. Жарма көріністен үш құрылыс қабатының да едендері үй қабырғаларына емес, төбеден төгілген, сүрілген топыраққа тіреліп жатқандығын көреміз. Цитаделдің өзі биік төбеге емес, мол сулы өзеншенің жағасына тұрғызылған, ол цитаделді шығысы мен оңтүстігінен қоршай ағып жатқан. Бұл Қарасу бұлағы мен Қызыл су жылғасынан пайда болған өзенше Қарасу немесе "Мір Қарасу" деп аталған ол жайлы Әмір Темірдің «Вакфнамесінде» де айтылады [50]. Оның суының молдығынан үшке бөлуге тура келген: шығыстағысы «Арғын арық», ортадағысы – «Мір Қарасу», батыстағысын «Қожа арығы» деп аталған.
Қазба барысында екінші және үшінші ярустардың шекарасында алғашқы аман қалған еден аршылды, бірақ бұл екінші құрылыс қабатына жататын. Бірінші құрылыс қабаты (қалыңдығы 1 м) түгел қиратылып, сүріліп тасталған. Мұндағы екінші құрылыс қабатының екі едені сақталған (3 - сурет), қазбаның СШ бетінен қабырғаның аздаған фрагментін және бүтін сақталған тандырды көреміз. Тандыр суфа ішіне орналастырылған және оның табаны деңгейіндегі екінші еден қазбаның СБ қабырғасынан көрініп тұр (3 – сурет «С3»). Үшінші құрылыс қабаты 4 – 5 ярустарды алып жатыр, мұнда біз пахсадан тұрғызылған қабырға, үш қатар еден мен қызыл – қоңыр суфа қалдығын көреміз (3 – сурет – ІV – V ярустар). Төртінші құрылыс қабаты 6 – 7 ярустарға орналасқан, мұнда екі деңгейде орналасқан тандырлар мен үш қатар едендер жүйесін байқаймыз. Бір құрылыс қабатында бірнеше еденнің болуы заңды құбылыс. Әрбір 15 – 20 жылда үйге үлкен жөндеу жүргізіп немесе кейбір бөлмелерін қайта бұзып салған сайын жаңа еден, суфа, тандыр жасалатын болған. Кейбір тандырлар мен суфалар 25 – 30 жыл қызмет ететіні археологияда белгілі жағдай (3 – сурет – VІ – VІІ ярустар). Енді бұл құрылыс қабаттарынан табылған заттарға шолу жасайық.
Қирап кеткен бірінші құрылыс қабатының керамикасынан қалың қабырғалы тағаралардың фрагменттерін беріп отырмыз (4 – сурет – 3,4). Іш жағынан «созылған спираль» деп аталатын өрнек қара бояумен салынған, оның үстіңгі, астыңғы жақтарынан қарамен және көгілдір түспен сызылған сызықтар жүргізілген. Мұндай ыдыстардың дәл мерзімделген көшірмелерін Отырар мен Ескі Түркістанның ХVІІ – ХVІІІ ғғ. тән құрылыс қабаттарынан кездестіреміз [51].
Екінші құрылыс қабаты бізге «ляган» деп аталатын табақ пен «бадийя» деп аталатын кең жиекті кесені берді (4 – сурет – 1,2). Бұларды «мерекелік дастархан ыдыстары» деп те атайды. Алғашқысы – түбі жалпақ та тегіс болып келген, жиегімен биік емес қиғаш «бортик» жүргізілген және тек іш жағынан ғана өрнекпен сәнделген ыдыс (4 – сурет,1).Бояуларының түсі – сары, жасыл, қызыл және олардың үстінен түссіз шыңылтыр (глазурь) жағылған. Екіншісі – орта кесенікі сияқты түбі бар, сырты бірнеше қатар арықшалармен сәнделген, іші тегіс, жиегі сыртқа кілт қайрылған тостаған. Көлемі орта кеседен екі - екі жарым есе үлкен. Сырты да, іші де – ақ ангоб бояумен фон беріліп оған көгілдір және қара бояумен өрнектер түсірілген(4–сурет–2).Ыдыстардың мұндай түрлерін ХVІІғ.Ташкент пен Хорезм керамикасы ішінен кездестіреміз [52].
Үшінші құрылыс қабаты «тимуридтер керамикасы» деп аталатын ыдыс сынықтарына тола болды, бұл ақ ангобқа сиякөкпен өрнек салып түссіз шыңылтырмен қапталған ыдыстар (5 – сурет – 3,4,5,6,7) Ескі Түркістан керамика жинағында өте көп кездеседі және ХV – ХVІ ғғ. мерзімделген [53].
Ең төменгі төртінші құрылыс қабаты археологияда «сары шыңылтырлы» керамика деген атпен белгілі ыдыстар фрагментін берді (5 – сурет – 1). Қызыл ангобпен қапталған ыдыстың ішіне ақ түспен нүктелер, үтірлер түсіріліп, қосарланған сызықтармен төртке бөлініп, үстінен сары түсті шыңылтыр (глазурь) жағылатын мұндай ыдыстар Отырар мен Түркістанда ХІІІ – ХІV ғғ. мерзімделеді [54].Ескерткішті жазба деректерде кездесетін Қарнақпен сәйкестендіріп нақтылауда біраз талас пікірлер туды. Кеңес дәуірінде «Атабай» деп аталып кеткен ауылды 1940 - 1950 жж. Қарнақ деп ешкім атамайтын. Жергілікті халық ортағасырлық қаланы «Ішкент» деп қана атайтын, алғаш рет 1947 ж. оның шын атауы «Қарнақ» екендігін ұсынған А.Н. Бернштам болды, ол жергілікті тұрғындармен әңгімелесіп дерек жинаған болуы керек. Алайда, ғалымдар Е.И. Агеева мен Г.И.Пацевичтер 1958 ж. шыққан өздерінің монографиясында бұл гипотезаға қарсы шықты. Олар Ішкентті әл – Мақдисидің еңбегінде аталатын Шағылжанмен сәйкестендірді [55]. Ал, Қарнақ деп олар Шорнақты есептеді. Мұндай қателесулер тіл білмегендіктің немесе жергілікті тұрғындар арасында сұрау салмағандықтың кесірінен болатындығы белгілі. ХІV ғ. соңында Қарнақта, Әзірет Сұлтан кесенесіне арнап, Әмір Темірдің бұйрығымен атақты тайқазан құйылғаны белгілі. Қазан құйылған жерді жергілікті халық «Дороз» дейді. Бұл сөздің мағынасын Д.Мұстапаева араб – парсы тілдерінде – «Дараз»- ұзын, «дорост» - түзу, «дорошт» - ірі, «дарз» - «даруз» - «дарзун» - біріктіру, толтыру, тігіс деген сөздермен байланыстырады [56].Ал, ХІХ ғ. орыс авторы Арандаренко «дегрез» - шойын құюшы деп анықтап, Қарнақта олардың төртеу екендігін және олардың бүкіл Түркістан уезін қазандар, құмғандар және т.б. заттармен жабдықтап отырғандығын жазады [57]. Мұнда шойын қорытатын пештерді «вагранка» деп атаған, ал, орыс тілінің сөздігінде бұл сөздің шойын қорытуға арналған шахталы пешті білдіретіндігі және онда мыс қорытпаларын да дайындайтындығы айтылған [58]. Қазанның жеті қымбат металдан құйылғандығы жайлы аңыз бар, ал Хафиз Таныштың «Шараф – нама – йи Шахи» атты кітабында «Вдруг заиграла труба из хафтджуш», - дегенөлең жолдары кездеседі. Осы сөздің түсініктемесінде – «Хафтджуш – сплав из семи металлов:» железа,свинца, меди, олова, золота, серебра, сурьмы»деп анықтама берген [59], ал, сүрме – сурьма дегеніміз күмістей жарқыраған морт сынғыш, нәзік металл [60].Қазанның «Тайқазан» аталуына да ұғынықты анықтаманы Д. Мұстапаева өз еңбегінде келтіреді, оның айтуынша түркі-монғол халықтарында «тайлаған» деген сөз бар, бұл сөздің негізін «тай» - құрбандық шалу-етістігі құрайды. Малды құрбандыққа шалу, сыйыну тувалықтарда – тайлаған; алтайлықтарда – тай, тайылға, хақас (қырғыз) және бельтырлерде – тайых деп аталған, яғни, Тай – тайых – қазан – деген сөз құрбандық шалып сыйынатын қазан дегенді білдіреді [61].
Қарнақтың металқорыту орталығы болғандығы жайлы орыс деректерінде де сақталған. Орыс елшілері Федор Скибин мен Матвей Трошин өз жазбаларында «А свинец плавят из руды в городе Карнаке» деп хабарлайды [62]. Бұл дерек те Ішкенттің кейінгі ортағасырлық Қарнақ екендігін дәлелдейді, ал, ерте және дамыған орта ғасырларда (V – ХІ және ХІІ – ХІV ғғ.) «Қарнақ» деп қазіргі Ғартөбені атаған. Ол бір себептермен ХІІІ – ХІV ғғ. өмір сүруін тоқтатып қала жаңа жерге қоныс тебеді де айналасын түгел рабадының құрылыстары қоршап жатқан соң Ішкент – «Ішкі кент» деп аталып кетеді. Бірақ, бұлай деп оны Қарнақтықтардың өзі ғана атайтын болған.
Қарнақ елді мекенінің өмір сүру кезеңдері бойынша жасалған ғылыми – сараптамалық Қорытынды
Қарнақ елді мекені мен оның территориясында орналасқан елді мекендерді зерттей келе төмендегідей тұжырымдар жасауға болады:
Қарнақ кіші жазирасы (микрооазис) тас ғасырынан бері адамдар мекен етіп келе жатырған сулы, нулы, климаты жайлы, тұрмысқа қолайлы мекен. Оның жалпы аумағы 750 шаршы км, мұның 330 шаршы км – н тау мен тау шөгінділері алып жатыр. Шығысында Жарбасқан, батысында Дөдеген жоталары алып жатқан бұл жазирамен Иреката, Бестоған, Ермексу, Ермекөзен, Қарсақты өзендері мен Тазадарарық, Мірқарасу, Арғынарық, Қожа арығы және Қайнарбұлақ, Қарасу, Шекербұлақ, Тасбұлақ, Жамбұлақ, Ащыбұлақ, Ясар бұлақ сияқты су көздері ағып жатқан.
Тұрғын халық егіншілікпен, бау – бақшамен және металл өңдеумен айналысқан. Атақты Қарнақ бидайы Әулие ата бидайынан кем түспей даңқы шыққаны жайлы Арандаренконың еңбегінде айтылады.
Көрші орналасқан Шаға кіші жазирасындағы Қосқорған, Шоқтас ескерткіштері төменгі палеолит (б.з.д. 2 млн-нан 140 мыңыншы жылдарға дейінгі аралық) дәуірінен қалған, мұндағы алғашқы адамдар аулаған аңдардың өмір сүрген уақыты б.з. дейінгі 522 мың жыл мен 427 мың жылдар аралығы деп анықталған, яғни, жарты миллион жыл бұрын Түркістан жазирасын адамдар мекен еткен.
Қарнақ кіші жазирасынан табылған Шыпан қорымынан Қола дәуірінде (б.з.дейінгі 2000 жылдан VІІІ ғ. дейін), Сақ – Үйсін кезеңінде (б.з.д.ІІІ ғ. – б.з. ІІІ ғ. дейін) және Түркі дәуірінде (VІ – VІІІ ғғ.) жерленген адамдардың мазарлары табылды, яғни, бұл қорым 3000 жыл бойы адамдарға қызмет етіп, қасиетті жерге айналған.
Қарнақ кіші жазирасы Түркістан жазирасының құрамында болып б.з.д. ІІІ ғ. – б.з. ІV ғ. дейін Қангүй мемлекетінің, ІV – VІ ғғ. ақ ғұндар деп аталатын эфталитер мемлекетінің, VІ – VІІІ ғғ. Түркі, Батыс, Түркі, Түргеш қағанаттарының, VІІІ – ХІ ғғ. саманидтер, қарлұқтар (тау оғыздары), оғыздар мемлекеттерінің, ХІІ – ХІІІ ғғ. қараханидтер, салжұқтар, қарақытайлар мен Хорезмшахтар мемлекеттерінің құрамында болды. ХІІІ – ХVІ ғғ. аралығында Монғол билігі мен Ақ Орда, Әмір Темір мемлекеті құрамында, ХVІ – ХVІІІ ғғ. Қазақ хандығы, ХVІІІ – ХІХ ғғ. Бұхар, Қоқан әмірлерінің қол астында болып, 1864 – 1917 жж. аралығын Ресей империясының құрамында өткізді.
Көріп отырғанымыздай, бұл өлкені көптеген тілдерде сөйлеген түрлі халықтар мекен етті, олардың бірі басқыншы болып келсе, екіншілері бейбіт жолмен қоныс аударып келді. Ақыры түркі тілдес халықтардың ата қонысы, ата мекені болып қалды.
Қарнақ кіші жазирасының өзен – суларының бойлары 2,5 мың жылдан бері отырықшылық мәдениет дамыған жерлер деп есептеледі.
Мұнда Шаштөбе (б.з.д V ғ. – б.з. ІІ ғ.); Оқжетпес (б.з.д. І – б.з. V ғғ.); Ақынтұма, Үштөбе І,ІІ,ІІІ, Жайдақ І,ІІ,ІІІ (І – V ғғ.); Жүйнек (VІ – ХVІІІ ғғ.), Ғартөбе (VІІ – ХІV ғғ.), Оғызтау-ІІ (VІІ – ХІІІ ғғ.), Қарнақ – Ішкент (ХІV – ХІХ ғғ.), Оғызтау-І (ХV – ХVІІІ ғғ.) сияқты қалалар мен қоныстар қалыптасты.
Бұл өлкені ғалымдар ХІХ ғ. бастап зерттеп келеді, ал археологиялық зерттеулер Қарнақ жазирасында 1947 жылдан басталады. 1947 – 1959 жж. А.Н.Бернштам, Г.И.Пацевич пен Е.И.Агеева бастаған Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы Ішкент қаласын, 1967 – 1970 жж. К.А. Ақышев бастаған Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясы Шаштөбе, Үштөбе І,ІІ,ІІІ, Жайдақ І,ІІ,ІІІ, Жүйнек қалаларын, 1986 ж. К.М. Байпақов бастаған Қазақстан тарихы мен мәдениеті ескерткіштерінің Жинағын (Свод) дайындаушы Археологиялық экспедициясы Оғызтау І,ІІ, Ғартөбе қалаларын зерттеді. 1996 – 2003 жж. Е.Ә. Смағұлов пен М.Қ. Тұяқбаев бастаған Түркістан археологиялық экспедициясы Қарнақ жазирасын зерттеп Шаштөбе, Ғартөбе, Қарнақ – Ішкент, Жүйнек, Ақынтұма қалаларының өмір сүрген уақыттарын түзетіп, нақты материалдармен дәлелдеді.
Жоғарыдағы зерттеулер мен тұжырымдар негізінде Қарнақ жазирасындағы қала құрылысы мәдениеті бойынша төмендегідей Қорытынды жасауға болады:
Қарнақ кіші жазирасын төменгі палеолит кезеңінен бері адамдар мекен еткен, олар аңшылықпен, терімшілікпен күн көрген;
Қола дәуірінде Қарнақ жазирасын Андронов мәдениетін жасаушы адамдар қоныс етіп олар малшылықпен және егіншілкпен айналысқан;
Ерте темір дәуірі мен ерте ежелгі дәуірде бұл жазираны Сақ тиграхауда, сақ – массагеттер, сақ – үйсіндер мекен еткен. Ол дәуірден қалған ескерткіштер Шаштөбе қаласы мен Шыпан қорымы;
Біздің заманымызға дейінгі ІІ ғ. бастап Қаратау мен Сырдың ортасындағы жазықпен Жібек жолының жаңа саласы қалыптасады, жол бойындағы бекіністің бірі осы жазираға жататын Оқжетпес (б.з.д. І – б.з.ІV – V ғғ.) қонысы болып табылады;
Б.з.д. ІІІ ғасырдан б.з. ІV ғ. дейін Қарнақ жазирасы Қангүй мемлекетінің Сусе аймағының құрамында болды, бұл кезеңге жататын ескерткіштерден Үштөбе І,ІІ,ІІІ пен Ақынтұма қаласын айтамыз;
Ерте және дамыған орта ғасырларда (V – ХІV ғғ.) Қарнақ жазирасы Түркі, Батыс Түркі, Түргеш, Қарлұқ, Оғыз, Хорезм, Монғол мемлекеттерінің құрамына кірді, бұл дәуірлерді бастан кешкен ескерткіш Ғартөбе – Қарнақ қаласы;
Дамыған ортағасыр мен кейінгі ортағасырларда (ХІІІ – ХІV – ХVІІІ ғғ.) жазира Ақ Орда, Темір мемлекеті, Қазақ хандығы қол астында болды, бұл кезеңдерді Қарнақ – Ішкент қаласы мәдени қабаттарынан табамыз;
Жаңа заманда (ХІХ – ХХ ғғ.) бұл өлке Бұхар, Қоқан, Ресей қол астында болды, бұл кезеңдер қазіргі бүкіл Қарнақ ауылының мәдени қабаттарымен дәйектеледі;
Қорытынды
Қазіргі Қарнақ ауылы территориясында қала құрылысы мәдениетінің төрт нақты ескерткіші орналасқан, олар – Үштөбе І,ІІ,ІІІ қоныстары (І – V ғғ.), Ғартөбе – Қарнақ қаласы (VІ – ХІV ғғ.), Қарнақ – Ішкент қаласы (ХІV – ХІХ ғғ.) және Атабай – Қарнақ селосы (ХІХ ғ. – қазіргі күнге дейін). Ғартөбе – Қарнақтың цитаделінің астында да І – ІV ғғ. өмір сүрген қоныс болуы керек деп болжаймыз. Бұл ескерткіштердің әр жерде орналасуы Қарнақ елді мекенінің І ғасырдан бері осы ауыл территориясы аумағында түрлі тарихи, табиғи себептермен орын ауыстырып келгендігін көрсетеді. Ал, олардың өмір сүрген уақыттары бұл елді мекеннің өмірінің тарихи кезеңдері болып табылады және ол І ғасырдан ХХІ ғасырға дейін созылып отыр. Осы тарихи, археологиялық деректер негізінде Қарнақ елді мекенінінің жасы 2000 жылдан асып отыр деп есептейміз.
Әдебиеттер:
Известия древних авторов о Скифии и Кавказе.
Перевод В.В. Латышева. ВДИ,1947. №1- С.295 – 297.
Бернштам А.Н. Памятники старины Таласской долины. А-Ата, 1941.-С.10.
Дестунис С. Византийские историки. СПб, 1861.
Агеева Е.И., Пацевич Г.И. Из истории оседлых поселении и городов Южного Казахстана. А-Ата, 1958.Т.V. Археология. Труды ИИАЭ. -С.75.
МИТТ, VІІ – ХV вв. Пер. Волина С.идр. «Территория Туркменистана в ІХ и Х вв. Старейшие арабские и персидские известия о гузах-туркменах». – М.-Л.,1939.Т.І.; Волин С.Сведения арабских источников ІХ – ХVІ вв. о долине Реки Талас и смежных районах. // Труды ИИАЭ АН Каз ССР.-1960. Т.6.; Материалы по истории Казахских ханств ХV – ХVІІІ вв. Извлечения из персидских и тюркских сочинений. – А-Ата, 1969; Пищулина К.А. Присырдарьинские города и их значение в истории казахских ханств в ХV – ХVІІ вв. // Казахстан в ХV – ХVІІІ вв. – А-Ата, 1969; Бернштам А.Н. Проблемы древней истории и этногенеза Южного Казахстана // Известия АнКаз ССР. Сер.археол. 1949. Вып.2; Байпаков К.М. О локализации средневековых городов Южного Казахстана // Археологические исследования в Отраре. А-Ата,1977.
Туякбаев М.К. Историческая топография и развитие городов и поселений Туркестанского оазиса (ХІІІ – ХІХ вв.) А., 2009. - С. 13 – 16.
Арриан. Анабазис Александра или история походов и завоеваний Александра Великого в семи книгах. Перевод с греческого Н. Коренькова. СПБ. - С.225; Известия древних авторов о Скифии и Кавказе. ВДИ, 1949. №1.- С.287 – 290.
Известия древних авторов...ВДИ, 1947.№4.С.228.; Арриан.Анабазис Александра...- С.225.
Бичурин И. Собрание сведений о народах, обитавщих в Средней Азии в древние времена. М. – Л., 1950. Т.ІІ. - С.150.
Бернштам А.Н. Древний Отрар. // изв. АН Каз ССР. Сер. Археол.Вып.З.1951.№108. - С.97.; Его же: Проблемы древней истории и этногенеза Южного Казахстана.// Изв. АН Каз ССР. Сер. Археол. Вып.2.1950.№67. - С.90 – 91.
Бернштам А.Н. Памятники старины Таласской долины. А-Ата, 1941.- С.25-26.
Сведения арабских, персидских и тюркских источников о долинах реки Таласа, реки Чу и Испиджаба. Перевод С.В.Волина. Рукопись Института истории АН Каз ССР. №30.- С.9 – 10.
Кляшторный С.Г. Древнетюркские рунические памятники как источник по истории Средней Азии. М. 1964. - С.13
Гафуров Б. Таджики. Древнейшая, древняя и средневековая история. М., 1972. - С. 316.
Бартольд В.В. Туркестан в эпоху монгольского нашествия. Соч. Т.1. М., 1963.- С. 248 – 250.
История Казахской ССР в пяти томах. Т.2.- С.120 – 121
Акишев К.А., Байпаков К.М., Ерзакович Л.Б. Древний Отрар. А – Ата, 1972. - С.37.
Сборник материалов относящихся к истории Золотой Орды. Извлечения из персидских сочинений, собранных В.Г. Тизенгаузеном и обработанных Н.А. Ромаскевичем и С.Л. Волиным. Т.ІІ. М. – Л., 1941. - - С. 129 – 130.
Гафуров Б.Г. Таджики...- С.482.
История Узбекской ССР. Т.І., кн. 2.- С. 118.
Туякбаев М. Историческая топография...- С. 44 – 46.
Акишев К.А., Байпаков К.М., Ерзакович Л.Б. Древний Отрар. – А. – Ата., 1972. - С. 170 – 171.
Байпаков К.М. Свод памятников истории и культуры Казахстана. Южно – Казахстанская область. – А., 1994.- С. 305. №627.
Воробьева М.Г. Керамика Хорезма античного периода // Труды ХАЭЭ. Рис. 12 – 5,6,7; Рис.13 – 20,23.
Треножкин А.И. Согд и Чач // КСИИМК. Вып. ХХХІІІ. Москва – Ленинград, 1950. Рис. 69, ІV – 4; Немцева Н.Б. Стратиграфия южной окраины городища Афрасиаб // Афрасиаб. Вып.І. Ташкент, 1969. - С. 165. Рис. 5 – 9.
История и археология Средней Азии. Ашхабад, 1978.- С. 101. Рис. 1 – 5; - С. 102. Рис. 2 – 2, 11,21,23,27,29,30,34,37,41; ИМКУ. Вып. 17. – С. 82. Рис. 1. Бухара – І – 3,4,8; Бухара – ІІ – 2,4,5,19,25,26; - С.87. Рис.2. Бухара – ІІІ – 1.
ИМКУ. Вып.13. - С.58. Таблица – Рамиш ІІ и ІІІ.
Шишкин В.А. Варахша. Москва, 1963. - С.117. Рис. 55 – 48.
Пугаченкова Г.А. Халчаян. Ташкент, 1966. – С. 34. Рис. 13; – С. 35. Рис.14; - С.41. Рис. 18 и 19; - С. 42. Рис.20.
Кой – кырылган –кала – памятник культуры древнего Хорезма. ІV.в. до н.э. – ІV в. н.э. М., 1967. - С.329. Табл. І – 5,6,16,22; - С. 320. Табл. VІІ – 12,13; - С. 329. Табл ХІІІ – 40.
Филанович М.И. Шаштепа – древнейшее поселение – оседлых земледельцев на территории Ташкента // У истоков древнеий культуры Ташкента. Ташкент, 1982. - С. 110. Рис. 38 – 13,14.
Воробьева М.Г. Дингильдже – усадьба І тысячелетия до н.э. в древнем Хорезме. М., 1973. - С. 177. Рис. 47 – 4,5,7.
Городище Топрак – кала. М.,1981 - С.74. Рис. 39 – 7,831,32,37.
Свод памятников истории и культуры Казахстана. Южно – Казахстанская область. А., 1994. - С. 304 – 305. №624, 625, 626.
Свод памятников...- С. 304. №623.
Туякбаев М. Историческая топография и развитие городов и поселений Туркестанского оазиса (ХІІІ – ХІХ вв.) Алматы, 2009. - С. 118 – 120. Рис. И. 1. – И.3.
Кой - кырылган– кала – памятник культуры древнего Хорезма (ІV в. до н.э.- ІV в. н.э.) // Труды Хорезмской археолого – этнографической экспедиции. – М., 1967. – Том V. - С. 323.
Левина Л.М. Керамика нижней и средней Сырдарьи в І тысячелетии н. э. // Труды Хорезмской археолого – этнографической экспедиции. – М., 1971. – Т.VІІ. - С.143.
Городище Топрак – кала // Труды Хорезмской археолого – этнографической экспедиции. – М., 1981. – Т.ХІV. - С.96.
Агапов П., Кадырбаев М. Сокровища древнего Казахстана. А – Ата, 1979. - С.171. Рис. 9.;
Туякбаев М. Историческая топография и развитие городов и поселений Туркестанского оазиса (ХІІІ – ХІХ вв.). А., 2009. - С. 127 – 131. Рис. П.5 – 6,7; Рис. Р.4 – 1,2.
Акишев К.А., Байпаков К.М., Ерзакович Л.Б. Древний Отрар. А – Ата, 1972. - С. 101. Рис. 55 – 5.
Брусенко Л.Г. Глазурованная керамика Чача ІХ – ХІІ веков. – Ташкент, 1986. [Иллюстр.]
Керамика Хорезма // Труды ХААЭ. Вып.ІV. М., 1959. - С.318.
Максимова А.Г. Мерщиев М.С., Вайнберг Б.И., Левина Л.М. Древности Чардары. А – Ата, 1968. - С. 154;
Агеева Е.И., Пацевич Г.И. Из истории оседлых поселений и городов Южного Казахстана. А – Ата, 1958. Т.V. - С. 181.;
Акишев К.А. и др. Древний Отрар. - С. 157.
Махмұт Қашқари. Түрік сөздігі. – А., 1997. – Т.1. – 592 б.
Бернштам А.Н. Проблемы древней истории и этногенеза Южного Казахстана // Известия АН Каз ССР. Сер. Археол. Вып. 2. – А – Ата, 1949. - С.86.
Агеева Е.И., Пацевич Г.И. Из истории оседлых поселений и городов... - С. 103.
Бұл да сонда... 103 бет.
Свод памятников истории и культуры Казахстана. ЮКО. А., 1994. - С.301. №612,613.
Диваев А.А. Жалованная грамота, данная Тимуром Туркестанской мечети Азрета Ясави. // Туркестанские ведомости. – 1901. – №39, 41.
Сенигова Т.Н. Керамика городища Туркестан из верхнего строительного горизонта (ХVІІ – ХVІІІ вв.) // Археологические памятники Казахстана. – А. – Ата, 1978. - С. 174.
Бұл да сонда, 183 б.
Смагулов Е.А., Туякбаев М.К., Бурнашева Р.З. Туркестанская археологическая экспедиция: отчет о полевых исследованиях в 1999 г. // Архив музея – запов. «Азрет Султан». – 1999. – 240 - С. Инв. №4.
Акишев К.А., Байпаков К.М., Ерзакович Л.Б. Древний Отрар. – А – Ата, 1972. - С. 111.
Агеева Е.И., Пацевич Г.И. Из истории оседлых поселений и городов... - С. 104.
Мұстапаева Д. Асыл мұра – қасиетті тайқазан. Түркістан, 2008. 76 – 77 бб.
Арандаренко. Досуги в Туркестане. - С.151.
Энциклопедический словарь в двух томах. (1 – А - Маскарон). Т.1.М., 1963. - С. 162. Ваг – Вай.
Хафиз – и Таныш Ибн Мир Мухаммад Бухари. Шараф – нама – йи Шахи. Часть 2. М., 1989. - С. 262, 284.
Энциклопедический словарь... Т.2. - С. 466.
Мұстапаева Д. Асыл мұра...115 б.
Материалы по истории Узбекской, Таджикской и Туркменской ССР. Л., 1932. – Ч.І. - С. 262
№20 жалпы орта мектебінің
7 б сынып оқушысы Анарбаева Шохнозаның
«Қарнақ елді мекені » атты ғылыми жұмысына
Пікір
Мектеп оқушысы Анарбаева Шохноза аталмыш еңбегі арқылы өзінің ғылыми зерттеу жұмысына бейімі бар екендігін көрсеткен.Автор еңбекте Қарнақ елді мекені тарихын діни аңыздар арқылы да,ғылыми зерттеулер арқылы да, жан-жақты ашуға тырысқан.Тілі түсінікті, тақырыптары нақты,пікірлері тиянақты бұл еңбек «Ғылыми жұмыс»деп атауға әбден лайық деп есептей отырып «Өте жақсы» деп бағалаймын.Болашақта да бұл оқушыны осындай ғылыми ізденістерге қатыстырып шыңдай түсу қажет деп есептеймін.
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік
тарихи-мәдени қорық мұражайы
Археология және ескерткіштерді
қорғау бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.к. М.Қ Тұяқбаев
Оңтүстік Қазақстан облысы ,Түркістан қаласы,
№20 жалпы орта мектебінің
7 б сынып оқушысы Анарбаева Шохнозаның
«Қарнақ елді мекені» атты ғылыми жұмысына
Пікір
Анарбаева Шохнозаның ғылыми жұмыстағы алға қойған негізгі мақсаты Қарнақ елді мекенінің тарихын зерттеу арқылы Түркістан қаласының айналасында орналасқан елді мекендер тарихын насихаттау .Зерттеуге жетекшілік еткен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайы Археология және ескерткіштерді қорғау бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.к. Марат Қымызұлы Тұяқбаев .Оқушының «Қарнақ елді мекені» тақырыбындағы ғылыми жұмысы жоғары деңгейде деп бағаланып,алдағы уақытта бұл оқушының ғылыми тақырыптағы ізденістерін одан әрі шындап,биік белестерден көрінеді деп сенемін.
Мектеп директоры: Дүйсебек .Н
Түйіндеме
Жұмыстың жалпы сипаттамасы:
Ұсынылып отырған жұмыста Қарнақ елді мекені халқының тұрмыс тіршілігі, табиғаты, ішкі сулары, халқы және көне қоныстар мен қалалар тарихи, алғашқы ауыл өмірі, ғалымдардың зерттеулері, ел арасындағы аңыздар қарастырылған
Жұмыстың мақсаты:
Қарнақ елді мекені тарихын зерттеп талдау
Ғылыми жаңалығы:
- Шаш төбе (Актөбе) қаласы
- Үштөбе (орталық) қонысы
- Үштөбе (батыс) қонысы
- Ғар төбе (Қарнақ) қаласы
- Ішкент (Қарнақ) қаласы
Аннотация
Общее описание работы:
В этой научной работе расмотрена быть Карнакского село, природа, внутренние воды, насиление и древные место обитания, история древных городищ, первоначальное образ жизни сельского народа, исследования ученых, легенды которые расказывают в народе
Цель работы:
Исследование и анализ истории городища Карнак
Научная новость:
-Город Шаш тобе (Актобе)
- Населенный пункт Үштобе (Центральный)
- Населенный пункт Үштобе (Западный)
- Город Гар тобе (Карнак)
-Город Ишкент (Карнак)
Annotation
General description of work:
In this research work is considered away of life in Karnak village, nature, inner water, population and ancient settlements, history of ancient cities, the first lifestyle of village nation, investigations of scholars, legends which have survived in nation.
Aim of work:
Investigation and analyze of history of Karnak village
Scientifical newness:
- City Shash tobe (Aktobe)
- Settlement Ushtobe (Central)
- Settlement Ushtobe (Western)
City Gar tobe (Karnak)
City Ishkent (Karnak)
-
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Оңтүстік Қазақстан облысы
Түркістан қаласы
Бағыты:Тарих
Ғылыми Жұмыс
«ҚАРНАҚ ЕЛДІ МЕКЕНІ»
Орындаған:7 «Б» сынып оқушысы Шохноза Анарбаева.
Ғылыми жетекшісі: «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық
мұражайының Археология және ескерткіштерді қорғау
бөлімінің меңгерушісі,т.ғ.к .М.Қ.Тұяқбаев
Жетекшісі: №20 жалпы орта мектептің тарих пәні мұғалімі И.З.Абакеева
Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/203514-selo-karnak
БЕСПЛАТНО!
Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)
Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.
- «Социокультурная адаптация мигрантов»
- «Профилактика и устранение буллинга в СПО в соответствии с современными требованиями»
- Курс-практикум «Мастерская вовлечения: геймификация и инновации в обучении»
- «Менеджмент в системе среднего профессионального образования»
- «Фортепианная техника»
- «Творческая деятельность обучающихся в дополнительном образовании»
- Содержание и организация деятельности учителя-логопеда в дошкольной образовательной организации
- Теория и методика обучения и воспитания
- Педагогика и методика преподавания технологии
- Педагогика и методика преподавания химии
- Содержание и организация методической работы в дошкольной образовательной организации
- Математика: теория и методика преподавания в образовательной организации

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.