- Курс-практикум «Педагогический драйв: от выгорания к горению»
- «Труд (технология): специфика предмета в условиях реализации ФГОС НОО»
- «ФАООП УО, ФАОП НОО и ФАОП ООО для обучающихся с ОВЗ: специфика организации образовательного процесса по ФГОС»
- «Специфика работы с детьми-мигрантами дошкольного возраста»
- «Учебный курс «Вероятность и статистика»: содержание и специфика преподавания в условиях реализации ФГОС ООО и ФГОС СОО»
- «Центр «Точка роста»: создание современного образовательного пространства в общеобразовательной организации»
Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014
- Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
- Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
- Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
в СМИ
профессиональную
деятельность
Циклдік алгоритм
Күні:
Сынып: 6
Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: Циклдік алгоритм
Мақсаты:
Білімділік: белгілі бір әрекеттер тізбегі бірнеше рет қайталанатын болса, онда циклдік алгоритмдерді қолданып, есептерді шешу керектігін оқушыларға түсіндіру. Циклдік алгоритмдердің сызба-нұсқаларын құрып, соған байланысты алгоритімін құруға дағдыландыру;
Дамытушылық: циклдік алгоритмдерді құру кезінде есепті жүйелеу арқылы шешіп, ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырып, ой - өрісін жетілдіру;
Тәрбиелік: оқушыларды циклдік алгоритмдерді өмірмен байланыстыру арқылы циклдің мәнін ұғуға тәрбиелеу. Өмірмен байланыстырып, мысалдар келтіру арқылы өмірдің қайтымсыз екендігіне көз жеткізу.
Сабақтың түрі: Практикалық, түсіндірмелі.
Сабақтың әдісі: Практикалық іс-әрекеттерді ұйымдастыру.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, А3 парағы, стикерлер, бағалау парағы
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі 1 мин
1. Оқушылармен амандасу,
2. Оқушыларды түгендеу, жаңа сабаққа дайындау.
ІІ. Топтастыру. «Жылы жүрек» сергіту сәті 3 мин
Оқушылар жүрекшелері стикерлерді бір бірлеріне тілек айтып ұсынады. Және де қолына тиген жүрекшелі стикерлердегі сызықтық және тармақталған алгоритм сөздері бойынша 2 топқа бөлінеді.
1-топ (6 адам): сызықтық алгоритм
2-топ (5 адам): тармақталған алгоритм
Әр топтың топ басшылары сайланады және оларға бағалау парақшасы беріледі. Сабақ бойына топ басшылары топ мүшелерін бағалап отырады.
ІІІ Үй тапсырмасын тексеру 6 мин
Үй тапсырмасы «Көшпелі бұлт» арқылы сұралады. Топтағы оқушылар күн бетін басқан бұлттардағы сұрақтарға жауап бере отырып, күн көзін ашуы керек. Сұрақ қою бірінші топтан басталады. Бірінші топ, яғни «сызықтық алгоритмдер» тобы бұлтты таңдайды, егер ол оқушы жауап бере алмаса, екінші топ, яғни «тармақталған алгоритмдер» тобы сол сұраққа жауап бере алады. 1 сұрақ 1 смайликпен (1 ұпаймен) бағаланады.
Үй тапсырмасын тексеру сұрақтары:
Алгоритмнің типтері нешеу?
Тармақталған алгоритм дегеніміз не?
Тармақталған алгоритмде қандай қызметші сөздер (түйінді сөздер) қолданылады?
Тармақталған алгоритмнің неше түрі бар?
Алгоритм дегеніміз не?
Алгоритмнің жазылу түрлерін атаңдар
Тармақталған алгоритмге кез келген мысал келтіріңдер
Сызықтық алгоритм дегеніміз не?
ІҮ. Жаңа тақырып 18 мин
Мұғалім 2-3минут жаңа сабақтың мақсатын айтып, алгоритм түрлерін, соны ішіндегі циклдік алгоритм туралы, циклдік алгоритмнің түрлерін қысқаша түсіндіріп кетеді. Әрі қарай оқушыларға постер қорғау тапсырмасы беріледі (оқулық бойынша жұмыс):
І топ: Сызықтық алгоритм мен циклдік алгоритмның айырмашылығы.
1.Алгоритмдердің орындалуы, жазылу пішімі
2. Блок-схемасы
3. Мысал келтіріңдер
ІІ топ: Тармақталғаналгоритм мен циклдік алгоритмнің айырмашылығы.
1.Алгоритмдердің орындалуы, жазылу пішімі
2. Блок-схемасы
3. Мысал келтіріңдер
Бүгінгі біздің жаңа сабағымыздың тақырыбы «Циклдік алгоритм». Сабағымызда циклдік алгоритм, өмірде кездесетін циклдік алгоритм мысалдарымен танысамыз.
Қоршаған ортада көптеген процестер жүйелі түрде ретімен бірнеше рет қайталанып отырады. Мысалы, апта күндерінің ауысуы: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі немесе ауа-райының маусымдық ауысуы. Қайталану командалары бар алгоритмдер циклдік деп аталады. Қайталану командаларын цикл құрайды, яғни циклдер бірнеше рет орындалады.
Циклдік алгоритм – бұл командалары бірнеше рет қайталанып орындалатын алгоритм.
Қайталау санының алдын ала белгілі және белгісіз болуына байланысты цикл екі түрге бөлінеді. Қайталау санының алдын ала белгілі циклі арифметикалық цикл деп, орындалу саны белгісіз цикл командалық (интерациялық) цикл деп аталады. Арифметикалық цикл ең қарапайым цикл болып табылады және ол практикада жиі қолданылады. Мысалы, дене шынықтыру сабағында сендер алаңды бірнеше рет айналып жүгіріп келулерің керек.
Ү. Тапсырмалар орындау: 7 мин
Оқушыларға таратпа материалдар беріледі.
Тапсырма. Қоржынға салынған асықтардың ішінде жалғыз қызыл асық бар, сол қызыл асықты табудың алгоритмін құрыңдар.
Компьютерде блок сызбасын салу (Paintбағдарламасы)
І топ: Алгоритмдік тілде жазу
ІІ топ: Блок-схемасын құру
ҮІ Тест тапсырмасы (әр оқушы жеке орындайды). Сабақты қорытындылау мақсатында 6 мин
Тест тапсырмасын орындап болған соң, оқушылар бір-бірінің жұмыстарын экрандағы дұрыс жауаппен салыстыра отырып тексереді және бағалайды.
Қайсысы алгоритмге жатпайды?
А) сызықтық
Ә) бұйрықтық
Б) циклдік
Циклдік алгоритм дегеніміз не?
А. Шартқа байланысты әрекеттердің біріншісін немесе басқасын орындайтын алгоритм
Ә. Командалары бірнеше рет қайталанып орындалатын алгоритм
Б. Командалары бірінен соң бірі тізбектеле орындалатын алгоритм
Блок – сызбада циклдік алгоритмнің шарты ... жазылады
А) тіктөртбұрыш
Ә) ромбта
Б) алтыбұрышта
Жыл мезгілдерінің мауысымдық ауысуы қандай алгоритм?
А. Сызықтық
Ә. Тармақталған
Б. Циклдік
Алгоритм типтері нешеге бөлінеді?
А. 2
Ә. 3
Б. 4
Циклдік алгоритмді табыңдар:
А. Екі санның қосындысы
Ә. Екі санның кішісін табу
Б. Апта күндерінің ауысуы
Тест жауаптары
Тесттің бағалануы:
1 -2 = “2”
3-4 = “3”
5 = “4”
6 = “5”
ІІ. Рефлексия . Бұл кезеңде оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін тақтада ілінген суретке стикерлермен жазу арқылы өз ойларын білдіреді: 1 мин
ҮІІІ. Үйге тапсырма 1 мин
Алгоритм типтері. Циклдік алгоритм
Тармақталған және циклдік алгоритм түрлерін Венн диаграммасы бойынша талқылап келу
ІХ. Оқушыларды бағалау 2 мин
Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/286199-cikldik-algoritm
БЕСПЛАТНО!
Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)
Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.
- «Специфика классного руководства в основной школе и старших классах»
- «Специфика профессиональной деятельности учителя-дефектолога в дошкольной образовательной организации»
- «Современные технологии социального обслуживания населения»
- «Делопроизводство и документооборот в профессиональной деятельности секретаря учебной части»
- «Обеспечение безопасности образовательной организации»
- «Содержание и методы преподавания общеобразовательной дисциплины «Математика» по ФГОС СПО»
- Информатика: теория и методика преподавания в образовательной организации
- Менеджмент в образовании
- Педагогика и методика преподавания истории и обществознания
- Образовательные технологии и методики обучения основам безопасности жизнедеятельности
- Преподавание технологии в образовательных организациях
- Теория и методика дополнительного образования детей

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.