Охрана труда:
нормативно-правовые основы и особенности организации
Обучение по оказанию первой помощи пострадавшим
Аккредитация Минтруда (№ 10348)
Подготовьтесь к внеочередной проверке знаний по охране труда и оказанию первой помощи.
Допуск сотрудника к работе без обучения или нарушение порядка его проведения
грозит организации штрафом до 130 000 ₽ (ч. 3 статьи 5.27.1 КоАП РФ).

Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014

Почему стоит размещать разработки у нас?
  • Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
  • Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
  • Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
Свидетельство о публикации
в СМИ
свидетельство о публикации в СМИ
Дождитесь публикации материала и скачайте свидетельство о публикации в СМИ бесплатно.
Диплом за инновационную
профессиональную
деятельность
Диплом за инновационную профессиональную деятельность
Опубликует не менее 15 материалов в методической библиотеке портала и скачайте документ бесплатно.
30.04.2014

Мен және менің мамандығым

Саттарбекқызы Анел
преподаватель биологии
Методический материал «Мен және менің мамандығым» поможет педагогу провести открытый урок или классный час. Ученики смогут написать искреннее и вдохновляющее сочинение о своей будущей профессии. В разработке раскрыты методы, которые пробуждают у школьников любовь к выбранной специальности, мотивируют на усердную учебу и осознанное планирование карьеры. Практические рекомендации и готовые задания способствуют развитию речи и критического мышления у детей.

Содержимое разработки

«Мен және менің мамандығым»

Егер мұғалім өн бойына, өз ісіне,

шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса,

ол нағыз ұстаз. 
                                                                                                               Л.Н.Толстой

Машинада отырмын. Сыртта жаңбыр жауып тұр. Жаңбырдың тамшылары машина терезесіне соққылап ұрып жатыр. Осынадай ауа – райының ойға шабыт берері хақ. Көзімді жұмып, өте аз уақыт арасында жазуым керек эссе жайында ойландым. Миымда толассыз шабуыл басталды. «Не жазуыма болады? Тереңірек ойланып, қағаз бетіне түсініктірек етіп түсіруге тырысуым керек. Балалар жайында да жазуды ұмытпауым керек. Құдайым – ау, мен ештеңеге де үлгермеймін. Жарайды, тыныштал, сабыр сақта. Не жайында жазуға болады? Ойыма не түссе соны жазамын. Менің жазған эссем жауынды еске түсіретін болады ». Ойларым бірінің артынан бірі қатарласа , шиыршықталып жатыр, бірақ солардың ішінен ең негізгі, ең бастысын таба алар емеспін. Шарасыздықтан көз жасымда өз –өзіне ерік беріп, ытқып шығуға дайын тұр. Көзімді қайта жұмып «Тапсырманы ойлама, тек қана шығар нәтижесін ойла » деп мәжбүрлеп , өз –өзімді қолға алуға тырыстым.

Мектеп тәлімгері болып жұмыс жасап жатқаныма жақын арада бір жылдай уақыт болады. Бұл аз уақыт па, әлде жоқ па? Тағы да сұрақ! Менің ойымша, аз уақыт және тәжірбием жеткіліксіздеу. Бірақ мен осы уақыт аралығында көп нәрсеге үйрендім, үнемі тәрбиеге қатысты маңызды жаңалықтардан қалып қоймауға,ренуге тырыстым. Жұмыста күнде әріптестеріммен, оқушыларыммен, ата- аналармен әңгімелесу барысында өз – өзімді жетілдіру үстіндемін. Әр күн сайын мен бір нәрсені жоспарлаймын, саралаймын, көрсетемін, соның нәтижесін талқылаймын . Үйде күтіп тұрған өзіндік ізденіс жұмысым, ғылыми жобалар мен презентация, үй шаруасының қиыншылықтары. Осылай болуы тиіс, бұл – дұрыс.

Мен көзімді аштым. Жаңбыр тамшылары әлі де болса әйнекті ұрғылап жатыр, көкжиекте күннің әлсіз ғана сәулесі көрініп тұр. Езуіме еріксіз күлкі үйірілді. Далада мынадай лай болып жатқанда, жылы, құрғақ машинада болған қандай жақсы. Мен енді не жайында жазатынымды білемін! Тезірек үйге жетіп, эссемді жазып, аяқтап , айналамдағыларға «Бір – бірімізді бағалап, жақсы көріп, сыйлайық! Тек сонда ғана біздің балалар шынайы бақытқа бөленеді» деп айқайлағым келді.

Алдыма таза ақ қағаз жатыр. Сол таза парақ бетіне мен өз ойымды сыйғызуым керек. Көз алдыңа келтіріп ойлауға қарағанда, жазу үнемі қиынырақ соғады. Өзіме үнемі , жиі қоятын сұрағым өте көп. Мен неге мұғалім болдым? Мен неге тәрбие , тәлім беруші болдым? Неге басқа мамандықты таңдау мүмкіндігі туып , жоғарғы оқу орнына магистр академиялық дәрежесін қорғау үшін құжат тапсырғанда , ойланбастан қайтадын педагогикаға қатысты саланы таңдадым? Неге? – Себебі , менің осы Жер бетінде келгендегі орындауым тиіс өзіндік ерекшелігі бар нысаным мен мақсатым болатын...

Менің мамандық таңдауым жай кездейсоқтық емес. Менің жақындарымнан осы мамандықты таңдағандар өте көп, олар бүгінгі таңда да осы салада жұмыс жасап жатыр. Бала күнімнен бастап – ақ мені мектеп өмірінің атмосферасы қоршап тұрды. Анамның және әжемнің түн ортасы ауғанға дейін отырып ертеңгі күнге күнделікті сабақ жоспарын жазатындары, дәптер тексеретіндері әлі күнге дейін есімде. Мектеп жайындағы әңгімелері, келіспей қалушылықтары, әр оқушыларын қорғап отыратындары, тау болып үйіліп , сақтаулы тұратын құттықтау хаттары ... Менің әжемді оқушылары қалай жақсы көргендері де, өзімен шамалас болып қалған, өте ертеректе бітірген оқушыларының қонаққа үнемі келетіндері де есімде.

Әрине осыдан бірнеше жыл бұрын, мен енді ғана мұғалім болуға шешім қабылдағанымда , ешқандай да философияны ойлағаным жоқ. Мен тек қана балалығыммен айырылысқым келмеді. Балалықта мәңгі қалып қоюдың мүмкін емес екенін жақсы түсіндім. Балалық шақ қайта оралмасқа кетіп, орнына түсініксіз ересектік өмір келді. Барлық жол ашық тұрды. Бірақ қай жаққа баруға болады? Мен өзім шешім қабылдауым керек болды. Кері бұрылып алтын ұя мектебіме қарадым да, өз шешімді тез – ақ қабылдадым. Міне – менің өмірлік жолым. Мен ересектік өмірге қорқынышсыз ене аламын және балалық шағыммен де айырылыспаймын.

Менің өзім де бала болдым және осы балалық қиялымменен мінсіз мұғалімнің суретін жиі салатынмын. Ол қандай болған еді? Көз алдыма мейірімді, адам жанын тез түсінетін , сиқырға толы ғажайып ертегідегі феяның бейнесі елестейтін. Ол мені жақсы көргенін , сыйлағанын, менің болмашы жетістіктерімді елеп , бағалағанын қалайтынмын. Бұл менің арманымның тек бір ғана бөлшегі болатын.

Содан бері міне қаншама жылдар өткеннен кейін балалардың арманында не өзгеріс болды екен? Қызығы қазіргі таңның балалары да дәл сол бейнені көз алдарына келтіреді екен. Махаббат, мейірімділік, шынайылық пен әділеттілік – міне осылар қазіргі таңның оқушыларына да керегі. Балаларының жағдайын жасау үшін ата – аналары күні – түні жұмыс жасап балаларына қарауға шамалары да келмейтіндіктен, осы адами құндылықтар біздің балаларымызға жеткіліксіз болып жатыр. Бала өзіне жылу мен қамқорлықты қайдан алады? Егер мұғалім де бұл қасиеттерді бере алмаса онда адамзат баласының болашағы неге айналады? Біз берілген тапсырманы ғана орындайтын жансыз роботтарға айналып кетпейміз бе? Салқындық , тек есеппен өмір сүру, сараңдық пен арамдық үнемі біздің айналамыздан табылатын болады.

Мен күнде мектеп ауласынан өтіп мектепке кіремін. Өзім асыға жеткен оқушыларыммен қауышамын . Олардың ешқандай жаман ойсыз , тұнық, күлімдеген көзқарастары менен көп нәрсені күтеді.

Мен ең алғаш рет жұмысқа орналасқан күні ең алғаш кездесуім керек сыныптың есігінің алдына ұзақ уақыт бойына бойымдағы түсініксіз сеземнен айрыла алмай ұзақ тұрдым. Ол сезімім қобалжу мен қорқынышпен астасып жатты . Есікті әрең дегенде ашып , сыныпқа кірдім. Бірақ олардың жүзін көргенде ештеңеден қорқудың қажеті жоқтығын түсіндім. Міне олар: маған таңдана , күлімдей қараған 28 жұп көз. Олармен жақсылап танысу үшін алғашқы тренингті бастап кеттім. Олар менің айтқанымды айнытпай қайталап , маған сеніп, мен қандай тапсырма берсем де бұлжытпай орындауға дайын екендерін маған қараған жанарларынан байқадым. Бұл маған ерекше бір әсер қалдырды. Осы ең алғашқы , ең маңызды кездесуім маған күш сыйлады. Келесі сыныптарға да сеніммен қадам бастым. Оқушылармен , олардың ата – аналарымен сыныптан тыс жерлерде кездесіп қалғанда, социальды сайттарда байланысқанда олардың мен жайында айтылған жағымды пікірлерінен кейін керемет бір сезімге бөленесің.Тек қана рухани емес, кәсіби де. Менің қолымнан келді! Мен жасай алдым!

Өз – өзіме : «Тыныштық тек түсіме ғана кіретін болды ау » деп жиі қайталаймын. Кейбір сәттері барлығын тастап , басқа салаға кетіп қалғым келеді. Бірақ ... кенеттен көз алдыма маған үйренісіп қалған оқушыларым көз алдыма келеді. Олармен күніне бір сәтке болса да кездесу мен үшін ауамен тыныстағандай боамын. Мен тыныстамай өмір сүре алмаймын. Қолымда Арманның: «Это Вам! Ангел-хранитель… » деп жазылған суреті тұр. Бұл бір ерекше бақыт... Кейбір сәттері барлығын тастап , басқа салаға кетіп қалғым келеді. Бірақ ... кенеттен көз алдыма маған үйренісіп қалған оқушыларым көз алдыма келеді. Олармен күніне бір сәтке болса да кездесу мен үшін ауамен тыныстағандай боамын. Мен тыныстамай өмір сүре алмаймын. Қолымда Арманның: «Это Вам! Ангел-хранитель… » деп жазылған суреті тұр. Бұл бір ерекше бақыт... Мен оларға керекпін, оларға көмектесу менің қолымнан келеді, демек мен осында, осы қабырғалардың ішінде, осы балалармен бірге болуым керек. Қиын , бірақ қызықты әрі сауапты! Мен жарнамадағыдай : өз қалауыммен арнай және ұзақ уақытқа келдім.

Менің жұмысым кейбіреулерге салмақты емес, ешқандай маңызы жоқ, тіпті күлкілі көрінеді. Осындай ойдың иелеріне қарап бірден – ақ олардың ешқашан баламен жұмыс жасап көрмегенін, тығыз қарым – қатынаста болмағанын, оларға рухани көмек беріп көрмегенін, мейірім мен махаббат сыйлап көрмегенін , сенің әрбір сөзіңнің олардың алға қарай жылжуына көмек болатын білмеген адамдар екенін байқауға болады. Сондықтан да менің жұмысым тек қана оқушыларға тәлім беру емес, сондай – ақ ( бірінші кезкте) өз – өзімді тәрбиелеу! Ал өзіңді тәрбиелеу ол өте қиын іс. Біздерге, яғни ересектерге осы балалардан көп нәрсені үйренуге болады. Мысалы, бір – бірін кешіру, өмірдің кішкен ғана сыйға тартқан аз ғана қуаныштарына әр минут сайын қуана білу, бір – бірін ештеңеге қарамастан шынайы жақсы көре білу. Кішкентай адамның бойына жақсы қасиеттерді сіңірту үшін әуелі біздің бойымызға о баста жаратқан иеміз құйып берген адами қасиеттерімізді жоғалтып алмауға тырысуымыз керек!

Біз барлығымызда кемеңгер болып өмірге келеміз. Содан кейін дарынды боламыз, содан кейін қабілетті боламыз...міне нағыз педагогтың міндеті осы кезеңдердің өту уақытын жіберіп алмау. Бір ертедегі философтың «Мені менің ұстазым өте көп уақыт бойына қайта – қайта мақтай бергені сонша, мен ақыр соңында жақсы адам болып тындым» деп айтқан сөзі мен үшін оқушылардың жүрегінен жол табуға деген кілт болып табылды. Біздің ересектеп әлемі қарама – қайшылықтарға толы, біз балардың ашылуына мүмкіндік бермейміз. Мен үшін әр бала – ол жетістікке жету жолындағы кемеңгер жеке тұлға. Әр бала өзіндік қайталанбас ерекшеліктерімен айрықша. Ол әдемілік пен жақсылыққа ғана арналған, жалған нәрсе оларға қатты әсер етеді. Мен балаларға тәлім беру барысында оларды тек қана өз сезімдеріне назар аударуды ғана емес, басқа адамдардың да көз қарастарымен санасуды үйретемін.

Біздің болашағымыз балалар дейміз, сондықтан біз оларға мейірімге толы болашақ сыйлауға міндеттіміз. «Нағыз ұстаздың қолында әр баланың жүрегіне жол табатын сиқырлы кілті болады» дейді. Маған өмір бұл жағынан сәттілікті серік етті.Бұл үшін Жаратқан Иемізге ризамын. Көптеген мамандықтың ішінен мен өзіме осы ұстаздықты таңдадым. Уақыт та , атауы да өзгеріске ұшырайды. Бірақ ешқашан өзгеріске ұшырамайтын – ол баланы тәрбиелеу. Сократ мұғалім мен жаңбыр тамшысын салыстырып , екеуіне ортақ ұқсастықты көрсетіп кеткен екен. Расында да, жауын әрбір дәнектің өнуіне себепкер болатыны сияқты, менің де мақсатым , нағыз педагог ретінде әрбір баланың бойынан дарындылықты дамыту. Менің міндетім – оқушының өз – өзін табуына көмек беру, ең алғашқы және ең маңызды ашылу – өзіндік қабілеттілігін ашу, мүмкін талантын. Мен оқушыларымның бойынан еркін ойлау қабілетін, бейімделушілік, кез – келген мәселені шеше алу сияқты көптеген маңызды қасиеттерді көргім келеді. Ең бастысы – олардың әрқайсысы жарқыраған жеке тұлға болғанын қалаймын. Менен өте көп білім мен күш – жігер, педагогикалық шеберлік талап ететінін түсінемін. Оқушылармен әрбір кездесуіңді өте қызықты және нәтижелі етіп өткізудің көптеген тәсілдері бар , бірақ бұл жолдағы ең бастысы ол өзіңе , өзіңнің мүмкіншіліктеріңе , өзіңнің болашақтағы үлкен жетістіктеріңе деген сенім . Ештеңе жасамайтын адам ғана қателеспейді. Тек қана сол қателіктерді дер кезінде жөндеп үйреу керек.

Жақын арады бір блогтан « мұғалімдік жұмыс – ең ауыры және өте ауыр адамға тән емес күшті талап етеді » деген жазуды оқыдым. Құрметті әріптестер!Біздің мамандығымыз ең керемет және ең қызықты мамандық. Педагогика ғылымы өзіндік ерекшіліктерге ие : оны тек игере салмай, онымен бірге өмір сүру керек, кәсіби шеберлікті игеру үшін оны өз бойымыздан аша білуіміз керек.

Мен өз Қазақстаныма , оның тарихи құндылықтарына, мәдениетіне, қазақ тіліне деген қызығушылығым , жаңа білімге және адамдарға деген құштарлығым да өте жоғары. Бұл жайында оқушылар бойында да үнемі ерекше әсер қалдырып отырамын. Кез –келген сұрақтарына да жауап беруге дайынмын. Педагог ОЛ КІМ,ҚАЙДАН және ҚАЙДА бара жатқанын білмеуі мүмкін емес. Ол балаларға ата – бабамыздың құндылықтарын, тарихи бағыттарды, патриоттық тәрбиені айрықша әсер қалдыратын етіп жеткізуі тиіс. Педагог үйренбей, шығармашылықпен айналыспай тұра алмайды. Ол кәсіби шыңдалған тәрізді болып қана көрінбеуі керек, БОЛУЫ КЕРЕК.

Балаларға үнемі "Сабақ аяқталды", - деймін, бірақ үнемі менің сабағымның, жиналысымның бітпегенін , оның жалғасатынын білемін. Оны өмірдің өзі жалғастырады. Оларды шығарып салып тұрып, ойымда олардың бойына өмір жолында кездесетін мәселелерді шешуге керекті мәліметті енгізе алдым ба екен деген сұрақ тұрады.

Меніңше ХХ1 ғасырдың педагогы – бұл ең әуелі білікті, ізденімпаз, шығармашыл, жұмысына , балаларға жаны ашитын, жақсы көретін , бала бақыты үшін әлемді өзгертуге дайын тұратын маман болуы керек. ХХ1 ғасыр тек мені ғана емес менің шәкірттерімді де бағалау үшін мен бұларды жасай аламын деп ойлаймын және жасаймын! Бұл мен ертең азанда мектепке кіріп : «Саламатсыздарма , балалар!» деп айтамын деген сөз.

Өзімнің эссемді мен үшін кәсіби шыңдау жолында ұраныма айналған ұлы педагог Ш.А.Амонашвилидің сөзмен аяқтағым келіп отыр.

- Оқушыларыңыздың ата - аналары мен әріптестеріңіз сізге қайран қалып «Міне нағыз азамат!» деп таңданыспен айтатындай етіп;

- Сіздің шығармашылығыңызды шыңдау барысындағы девизіңіз «Оқыту арқылы біз өзіміз оқимыз!» болатындай етіп;

- Оқыту барысында оқушылармен қарым – қатынас кезеңінде сізді ешқашан ежелгі данагөйлердің «Адамзат баласына қателесу тән қасиет» деген дана сөзі тастап кетпейтіндей етіп жұмыс жасаңыз.

Мен мұғалімнің өз жұмысын шынайы жақсы көретін жарқын шығармашыл тұлға екендігін барлық қоғамға дәлелдегім келеді. Өзімнің іс – әрекетім арқылы педагог мамандығының мәртебесін көтеруге тырысамын.

«Балаларым кішкене! Күн тәрізді шуақты.

Арамдықпен дос емес,достық қымбат қуатты.

Салқындап ем өмірдің ащысынан түңіліп,

Тек сендерден табылар мені мейірім жұбатты

Сезбейсіңдер ғажайып ,кереметті мендегі,

Мені өзіме қайтарған махаббат қой сендегі.

Күн көремін «қомақты» болмаса да жалақым

Айырбасқа салмаймын...

Айырбастай алмаймын...

Артықсыңдар ,балалар, байлықтан да кендегі

Қайта өмірді егерде баста десе басынан,

Мен тағы да таңдар ем осы жолды жасымай.

Мейіріммен білімді сыйлау үшін асыға,

Табыламын тағы да балалардың қасынан.

Жылу берем сендерге, үйге айналар мектебім,

Тек осыны мақсат қып бұнда сапар шекенмін.

Егер сендер өмірден тапсаңдар жолын бақыттың,

Бұл да маған жетістік, мақсатыма жеткенім.

Қорған болам сендерге , ешбір дауыл құлатпас,

Қалқан берем сендерге өмір жолы жылатпас.

Татулықтың арқанын мықтап байлап беремін,

Мәңгі досқа айналар қасыңдағы сыныптас.

Жарық болам сендерге, түнектерде көрінбес,

Балаларым ешқашан ,ешбір жолда сүрінбес.

Лайықсыңдар әрдайым сапарына биіктік,

Қабырғасы мейірімнің өмір жолда сөгілмес.

Балаға деген махаббатпен мен өстім!

Аралына балалықтың қайта келдім, мен көштім!

«Құламадым» мен бұнда «Қайта оралдым» қалаумен,

Осы жақта мәңгілік қалуға мен келістім!

Әлі талай балаға жол көрсетем жап – жарық,

«Мен осыны қаладым!Мен қалуға тиістімін!» «Тиіспін!»

Саттарбекқызы Анел

Үш тілді оқытылатын дарынды

балаларға арналған мамандандырылған

сыныптары бар «Мұрагер» мектебі

Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/47289-men-zhne-meni-mamandyym

Свидетельство участника экспертной комиссии
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и закажите рецензию на методическую разработку.
Также вас может заинтересовать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ
БЕСПЛАТНО!
У вас недостаточно прав для добавления комментариев.

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.

 

Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)

Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.

Рекомендуем Вам курсы повышения квалификации и переподготовки