- Курс-практикум «Педагогический драйв: от выгорания к горению»
- «Формирование основ финансовой грамотности дошкольников в соответствии с ФГОС ДО»
- «Патриотическое воспитание в детском саду»
- «Федеральная образовательная программа начального общего образования»
- «Труд (технология): специфика предмета в условиях реализации ФГОС НОО»
- «ФАООП УО, ФАОП НОО и ФАОП ООО для обучающихся с ОВЗ: специфика организации образовательного процесса по ФГОС»
- Курс-практикум «Цифровой арсенал учителя»
- Курс-практикум «Мастерская вовлечения: геймификация и инновации в обучении»
- «Обеспечение безопасности экскурсионного обслуживания»
- «ОГЭ 2026 по русскому языку: содержание экзамена и технологии подготовки обучающихся»
- «ОГЭ 2026 по литературе: содержание экзамена и технологии подготовки обучающихся»
- «ОГЭ 2026 по информатике: содержание экзамена и технологии подготовки обучающихся»
Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014
- Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
- Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
- Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
в СМИ
профессиональную
деятельность
Өнегелі өмір
Өнегелі өмір
Адамның адам болып қалыптасуы оның тәрбиеленген ортасына байланысты. Әсіресе, өмірден өз орныңды табуға жол бастайтын, үлгі-өнеге, ақыл-кеңес беретін жанашыр ұстаздың болуы үлкен бақыт. Ұстаз шәкіртінің білімін шыңдаушы, білімнің биігіне қанат қағып, талай асуларды бағындыру жолындағы демеушісі әрі қолдаушысы екені әмбеге аян. Әлемнің екінші ұстазы атанған ұлы бабамыз Әбу Насыр Әл - Фараби «Адамға ең әуелі білім емес, тәрбие керек, тәрбиесіз білім адамзаттың қас жауы» деген екен. Әрбір адам білім нәріне сусындамас бұрын тәлім - тәрбиеден өтеді. Ұстаздың ұлағаты шәкіртіне білім нұрын төкпей тұрып санасына сан қырлы сәуле құюы да баба сөзінің салмағы болар. Осындай ұлағатын ұдайы көрсеткен ұстаздардың бірі, талантты басшы – Сайын Сақтағанов.
Халқымызда «Білім – инемен құдық қазғандай» деген мағыналы сөз бар. Осы тұрғыдан алғанда, сол білімді шәкірт санасына сіңіру одан да қиын, маңдай терді тамшылатар мехнатты іс екені бәріне аян. Міне, Сайын Сақтағанов ғұмыр бойына осындай абыройлы, парызды арқалаған айтулы ұстаз. Жүзінен үнемі шуақ есіп тұратын, жаны жайсаң осы бір жан тек мен үшін емес, бүкіл ауылға, қала берді Мәди Бегенов орта мектебінен түлеп ұшып, еліміздің әр бұрышында жүрген азаматтар үшін ерекше ыстық. Ауылымыздың асыл азаматы, әріптестерінің сүйеніші, бірлігі жарасқан шаңырақтың иесі, балаларының асқар таудай әкесі, абыздай ардақты атасы Сайын Сақтағанов туралы айтарымыз мол. Көп жылдар бойы Мәди Бегенов орта мектебінде өскелең ұрпаққа математиканың қыры мен сырын үйреткен ұлағатты ұстаз шын мәнінде өз мамандығын шексіз сүйетін азамат демеске лажымыз жоқ. Оқушыларының оның әрбір сабағын қызыға тыңдауы, мүлтіксіз дайындалуы, өз өмірі, қоғамдағы түрлі жағдайлар туралы сыр шертуі, пікір алмасуы бұл азаматтың өз мамандығын дұрыс таңдағанына көз жеткізеді. Ұстазға осыдан артық қандай бақыт керек?! Сақтағанов Сайын – жауапкершілікті жете сезінетін ерекше еңбекқор жан.
Жаңашыл тәжірибелерімен танымал, білім беру саласына ерен еңбегі сіңген мұғалімнің ұстаздық белестері өнеге етуге тұрарлық.
1963 жылы Шаржау қаласындағы Түрікмен мемлекеттік педагогикалық институтын физика - математика мамандығы бойынша бітіргенінен кейін осы ауданның орта мектептерінде мұғалім болған. 1968-1977 жылдарда Бейнеу ауданының Сам орта мектебінде оқытушы, мектеп директорының орынбасары оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып, мектеп директоры қызметіне дейін жоғарылады.
1977-1982 жылдары Сам орта мектебінің директоры, 1982-2003 жылдары Мәди Бегенов атындағы орта мектебінің директоры болып істеген. Одан кейін зейнеткерлікке шығып, Бейнеуге қоныс аударуына байланысты Үстірт орта мектебінде педагог-психолог қызметін жалғастырды. Өзінің тынымсыз ізденімпаздылығымен, іскерлігімен танылып, Қазақстан республикасы оқу ісінің үздігі, білім министрлігінің Құрмет грамотасы, Тәуелсіздіктің 10 жылдығына орай Президенттің «Алғыс хатымен», аудан әкімі Б. Әзірхановтың «Алғыс хатымен» марапатталған. Көптеген жылдар селолық кеңестің депутаты болған.
Бүгінгі ұрпақтың ертеңгі өміріне тікелей жауапты екенін және сол жауапкершілікті жақсы сезінетіндігін айта кеткен орынды деп білемін. Ол асыл жар, отбасының жылуы, туыстың қамқоры, жеті баланың әкесі. Жаңалыққа жаны құмар, адамдық болмысы кейінгі жастарға үлгі боларлықтай, қарапайым жүрегі кең, еңбексүйгіш адамгершілік құнды қасиеттері жас ұрпаққа тағылым болсын дегім келеді. Әрине, ұстаз шеберлігі, оның жоғары кәсіби деңгейі бір күнде, бір жылда қалыптаспайды. Ол үшін талмайтын талап, ерінбейтін еңбек, ізденіс, педагогикалық шеберлік қажет. Ұдайы осындай інжу ойларын аялап жүретін қарт ұстаз ертеңгі күнге де үмітпен қарайды. Ал жерлестері оны ұстаздардың ұстазы деп ардақ тұтады. Дүйсенбаев Баймұқанбет физика – математика ғылымының кандидаты, Қараев Жауынбай математика ғылымы кандидаты, педагогика ғылымының докторы т. с. с көптеген шәкірттері ғылым жолына түсті, ұжым жетекшісі, халық қалаулысы. Немересі Сайынов Елдос ғылым жолына түсіп, шетелде Қытай Халық Республикасында оқып жатыр, қытай, орыс, ағылшын тілдерін толық меңгерген. Сақтағанов Сайын әркез өз ортасында заманауи ойларын, құнды ұсыныс-пікірлерін әріптестерімен ұдайы бөлісіп отырады. Адамдағы кеңдіктің, еңбектегі ерліктің, өмірдегі кемелдіктің биік өлшемі бола білген қадірменді ұстаздың кейінгіге берер тағылымы зор. Ұлы Абайдың «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген ұлағатты сөзі Сайын ағамыздай абзал ұстаздарға ғана арналғандай.
Сақтағанов Сайын жылдар бойы шәкірт тәрбиелеген, оқытқан, есімі Маңғыстау өңіріне кеңінен танымал азамат, білікті ұстаз, осы өлкеде «Ұзтаздардың ұстазы» атанған, қоғамға, халыққа адал қызмет жасауға бүкіл өмірін сарп еткен – Сайын Сақтағанов 1942 жылы 2 мамырда Түркменстан, Ташауыз облысында дүниеге келген. 1968 жылы Маңғыстау бөктеріндегі Тұрыш елді - мекеніне қоныс аударып, ұстаздық жолын Сам орта мектебінде бастаған. Әуелі физика – математика мамандығы бойынша оқытушы, мектеп директорының орынбасары оқу ісі жөніндегі орынбасары, 1977 жылы сол мектептің директоры, 1982 жылы Мәди Бегенов атындағы орта мектебінің директоры болып істеген. Одан кейін зейнеткерлікке шығып, Бейнеуге қоныс аударуына байланысты Үстірт орта мектебінде педагог-психолог қызметін жалғастырды. Бір қызығы, ағай директорлыққа мамырда келген, дүниеге де мамырда келген. 1980 жылы дүниеге келген кенжесінің атын да Мәди деп, түптің түбінде Мәди Бегеновтей ордалы ұжымды басқаратынын білген де сияқты.
«Әйелің жақсы болса бірінші – иманың, екінші – жиғаның, үшінші ырысыңның тұрағы» деп Төле би айтқандай, зайыбы – Қарлығашпен бас қосып, отау көтерген, бес ұл, екі қыз тәрбиелеген бақытты жанұяның бірі. Балалары да жоғарғы оқу орнын тамамдаған. Атап айтатын болсақ, тұңғыш қызы Қымбат тарих-география мамандығы, ұлы Қази физкультура, Күләш физика-математика, Ізімберген инженер-техник, Жандос мұнай саласы, кенже ұлы инженер - прогаммист мамандығын игерген. «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген халық мақалы тегін айтылмаса керек-ті. Отбасында ардақты әке, арқа сүйер тірегі бола білді.
Осындай іскер жолбасшыны үлгі тұтып, белестерден көрініп жүрген ұстаздар аз емес. Бүкіл саналы ғұмырын білім саласына арнап, білген-түйгенін жас ұрпаққа үйретіп жүрген ұстаздарымыздың еңбегі зор. Мектеп беделі оның шығармашыл ұстаздары мен білімді шәкірттерінің еңбегімен өлшенеді. Соның ішінде ұстаз мерейі қашанда үстем.
«Ұстаздық етпес жалықпас үйретуден балаға» - деген ұлы Абай бабамыз. Сіздер жас ұрпақтың санасына сыналай енгізетін тәлім – тәрбие, үлгі-өнеге өлшеусіз. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады. Қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектеріңізді ескере отырып, өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілеймін. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін ұстаздық жолдарыңыз
тек өрлеу мен өсуге бастасын.
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Күйкен орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Икенова Тілектес Дүйсенбекқызы
Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/50982-negeli-mir
БЕСПЛАТНО!
Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)
Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.
- «Заместитель директора по УВР: организация и содержание профессиональной деятельности»
- «Адаптивная физическая культура в образовательной организации»
- «Обучение работающего населения в области гражданской обороны и защиты от чрезвычайных ситуаций»
- «Инклюзия в дополнительном образовании: специфика организации учебно-воспитательного процесса для детей с ЗПР»
- «Менеджмент в системе среднего профессионального образования»
- «Психолог в социальной сфере: содержание и методы психосоциальной работы»
- Педагогическое образование: теория и методика преподавания истории в образовательных организациях
- Наставничество и организационно-методическое сопровождение профессиональной деятельности педагогических работников
- Физика: теория и методика преподавания в образовательной организации
- Профессиональная деятельность музыкального руководителя дошкольной образовательной организации
- Деятельность учителя-методиста в рамках сопровождения реализации общеобразовательных программ
- Управление в социальной сфере: обеспечение эффективной деятельности организации социального обслуживания

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.