«Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы – мұғалім. Еліміздің аз ғана жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын - мұғалімдердікі», - деген қазақтың кемеңгер ақыны М. Жұмабаев. Ал менің мұғалім мамандығын таңдауым ойламаған жерден Алланың берген тосын сыйы болды десем қателеспеймін. Бастапқыда әрине үйренісе алмай жүрдім, себебі, мұғалім мамандығы жауапкершілігі жоғары, қатаң тәртіп пен мәдениеттілікті талап ететін мамандық.
Колледжіміздегі тәжірибелі ұстаздарымыздың, қашанда өзгеге көмек қолын соза білетін колледж басшысының орынбасарларының арқасында мен өз мамандығыма деген қызығушылығым арта түсті. Өзім Алматы құрылыс-техникалық колледжінде «Электрлік және электромеханикалық жабдықтар» мамандығы бойынша арнаулы пәндер мұғалімімін, сонымен қатар сынып жетекшісі ретінде бала тәрбиесіне тікелей араласып келемін. Колледжге келген алғашқы үш жылда өндірістік оқыту шебері қызметін атқардым. Өндірістік сабақ өткізуге маған Ұлжан Сейілхановна көмек көрсетіп, сабақ өткізу барысын, студенттермен қалай қарым-қатынас жасау керектігін үйретті.
Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.