- Курс-практикум «Педагогический драйв: от выгорания к горению»
- «Труд (технология): специфика предмета в условиях реализации ФГОС НОО»
- «ФАООП УО, ФАОП НОО и ФАОП ООО для обучающихся с ОВЗ: специфика организации образовательного процесса по ФГОС»
- «Специфика работы с детьми-мигрантами дошкольного возраста»
- «Учебный курс «Вероятность и статистика»: содержание и специфика преподавания в условиях реализации ФГОС ООО и ФГОС СОО»
- «Центр «Точка роста»: создание современного образовательного пространства в общеобразовательной организации»
Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014
- Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
- Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
- Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
в СМИ
профессиональную
деятельность
Қазақ тілі сабақтарында инновациялық оқыту технологияларын қолдану маңызы
«Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің
Каменскорал орта мектебі» ММ
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ МАҢЫЗЫ
АуезхановаАлияЖолтаевна
Меңдіқара ауданы, Камен-Орал мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
kur.men@mail.ru
Каменскорал ауылы. 2016 жыл
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ МАҢЫЗЫ
АуезхановаАлияЖолтаевна
Меңдіқара ауданы, Камен-Орал мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
kur.men@mail.ru
Аннотация
Ғылыми мақалада қазақ тілі сабағында қолданылатын жаңа инновациялық технологиялар жайлы жазылған. Мақаланың кіріспе бөлімінде модульдік оқыту технологиясы мен дамыта оқыту технологиялары туралы теориялық мәлімет беріліп, оларды қазақ тілі сабақтарында жаттығулар жүргізу арқылы жүзеге асыру жолдары көрсетіледі.
Аннотация
В статье рассказывается представлены инновационные технологий , используемые на уроках казахского языка. В начале статьи дается теоретическая информация о модульной и развивающей технологии обучения и о способах их применение на уроках казахского языка.
Abstract
Kazakh language lesson of scientific articles written about the new innovative technologies. The introductory section of the modular technology and given information about learning technologies to develop theoretical and ways of implementation through training Kazakh language lessons.
Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Осы міндеттерді іске асыру мақсатында білім беру саласы қызметкерлерінен оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруын, сондай-ақ қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын педагог-зерттеуші оқытушы болуын қажет етіп отыр.
Инновациялық технологиялар тілдік білім сапасын арттырып, қарым-қатынаста еркін қолдана алу мүмкіндіктеріне жол ашады: әр сабақта қазақ тілін игертуге қатысты интерактивті әдістерін қолдану; әр оқушының психологиялық ерекшеліктерін ескеру, қазақ тілді үйренуге деген ынтасына, зейіні, қызығушылығына көңіл аудару; міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейлерін ашу; инновациялық технологияларды сынау арқылы тиімділігін арттыру, жаңа заман жағдайына бейімдейді.
Елбасымыздың жолдауында «ХХІ ғасырдың табалдырығы алдында білім беру капиталға айналуда. Оның өзі мазмұны жөнінен стратегиялық ресурстармен бәсекелесе алады. Елдің даму деңгейі осы арқылы бағаланатын болады» – деп қазіргі кезде өзекті мәселе болып отырған, сапалы білім беруге ерекше назар аударған еді.
Еліміздің білім беру саласында соңғы жылдары жақсы нәтижелерімен белгілі бола бастаған жаңа педагогикалық технологиялар баршылық. Соның ішінде төмендегілерді атап айтқымыз келеді:
- дамыта оқыту;
- деңгейлеп оқыту технологиясы;
- модульдік оқыту;
- проблемалық оқыту;
- қатысымдық технологиясы;
- сын тұрғысынан ойлауды дамыту;
- сатылай комплексті талдау;
- жобалау технологиясы;
- тірек сигналдары технологиясы;
- саралап даралап оқыту.
Қазіргі жаңа технологиялардың алдарына қоятын мақсаты – тілдің дербес ерекшеліктерін ескере отырып, өз бетінше ізденуін, шығармашылығын арттыруды көздейді. Сапалы білім – ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш болып табылады. Бүгін мектеп партасында отырған бүлдіршіндер ертең ел тағдырын шешетін азаматтар. Олардың сапалы білім алуын бүгін қамтамасыз ету –мұғалімнің басты міндеті [1;6 ]
Оқытудың жаңа технологияларының бірі – модульдік оқыту технологиясы. Оқу процесін модульдік принцип негізінде ұйымдастыру дегеніміз – ол оқу жылын модульге бөлу, яғни оқу пәнін ірі тарауларға бөліп, сонымен қатар әр тараудың мазмұны, білімі мен ептілігі анықталып, сол модульді меңгеруге қажетті бақылау және орындалған жұмыс туралы есеп беру әдістерін қарастырады [ 1;13 ]
Қазақ тілін оқытуда модульдік технология элементтерін қолданудың тиімділігіне тоқталсақ: біріншіден, білім деңгейі әр түрлі оқушылармен жеке тұлғалық жұмыс ұйымдастыру жүйесін жүргізуге бағытталады; екіншіден, оқу үрдісінде оқушы әр деңгейлі жұмыстарды таңдауда, бағаланатын тапсырмаларда айқындауда, жоғары ұпаймен бағаланатын күрделі тапсырмаларды орындауға, қорытынды бақылау тапсырмаларына алдын ала дайындалуға мүмкіндік алады; үшіншіден, технологиялық картада күрделі тапсырмаларды, сөздік қорын қолдану арқылы оқу үрдісінің тиімділігі жоғарылайды.
Модульдік оқыту жүйесінде іскерлік ойын арқылы оқытудың маңызы аса зор. Оқушылар әр түрлі проблемаларды талдайды, оның шешу жолдарын іздестіреді. Мұндай сабақтар оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, пәнге қызығуын арттырады, өмірде кездесетін түрлі қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді. Іскерлік оқыта-үйрету ойын сабақтарын өткізу 3 кезеңнен тұрады:
1 кезең. Дайындық (рөлдерді бөліп беру, оқушыларды топтарға бөлу, проблемаларын алдын- ала таныстыру, қажетті материалдарын жинау).
2 кезең. Ойын кезеңі (оқушылар жасаған хабарламаларды тыңдау, пікірталас жасау, қабылданатын шешімді қабылдау).
3 кезең. Қорытындылау (проблемаларды шешудің тиімді жлолдарын іздестіру) [ 2 ; 6 ]
Дәстүрлі түрде ұйымдастырылған оқуға қарағанда, ойын арқылы оқыту үрдісінде оқушылар аз шаршайды және көп мағлұмат алады.ойын барысында жағымды эмоциялар алып, белсенділігі артады, сөздік қоры дамиды, жеке тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандырады.
Ұсынылған іскерлік ойындарды педагогтің кәсіби шеберлігін дамытуда, құзырлығын анықтауда пайдалану арқылы оң нәтижеге қол жеткізуге болады [2 ; 8 ].
Қазақ тілі пәнін модульдік оқыту технологиясы бойынша оқытуда төмендегідей оқыта-үйрету ойындары ұйымдастырылады:
«Қазымыр оқушы» оқыта үйрету ойыны.
Ойынның шарты: оқушылар кезекпен бір-біріне өтілген тақырып бойынша сұрақтар қояды. Неғұрлым көп сұрақ қойған оқушы жеңіске жетеді. Кім қанша сұрақ қойғанынан жаңылып қалмау үшін сұрақ қойған оқушыларға бірден алдын ала дайындалған текшелер беріп отыру керек. Мұғалім жауаптадың дұрыстығын қадағалайды.
«Кім шапшаң?» оқыта-үйрету ойыны. Оқушылар жұптасып отырған қалпында бір- біріне тірек белгілер бойынша сөйлемдер сызып береді. Енді әрқайсысы өзіне ұсынылған тірек белгілер бойынша сөйлемдер құрауы шарт. Алдымен оқушылар бір -бірін бағалайды, одан кейін мұғалім оқушылар жұмысын бағалайды.
Үлгі:
№
_________
========
_ _____
_._._._.__._
1_ _____
_________
_._._._.__._
========
№2
Ойындардың тиімділігі: оқушыларды тез ойлауға, тапқырлыққа жетелейді.
«Бастауышы біздікі, басқасы сіздікі» оқыта-үйрету ойыны.
«Бастауыш» тақырыбын өткенде тапсырмалық ойындар ойнатылады.
1 тапсырма. Төменде берілген сөздерді бастауыш етіп сөйлем құраңдар:
Біз, төрт, оқу, жақсы. Ертіс, «Абай жолы» романы, арман, ақ, үйрену, өзің. «Балбырауын» күйі, білімді, алтауы, оқыған, бірсігүні.
«Кім тапқыр ?»оқыта-үйрету ойыны.
Тапсырмаларды тез әрі дұрыс орындаған балалар тапқыр бала болады.
1 тапсырма. Бастауыштары құрамы жағынан қос сөз, қысқарған сөздер болып келген сөйлемдер тауып айтыңдар.
2 тапсырма. Өздік, жалпылауыш, белгісіздік есімдіктерін бастауыш етіп үш сөйлем құра.
3 тапсырма. Бастауышы күрделі етістік болып келетін сөйлем ойлаңдар.
Ойын тапсырмаларының тиімділігі: оқушылардың логикалық ойлауы жетіліп, бастауыш туралы түсінігі бекиді[ 3 ; 19 ]
Мұғалімнің басты ескеретіні: ойындарды ұйымдастыру барысында оқушылардың жас ерекшелігі, білім деңгейі, қабілеті, мүмкіншілігіне қарай тапсырмаларды жеңіл, күрделі етіп құру.
Оқыта-үйрету ойындарын жүргізу барысында оқушы мен мұғалімнің іс-әрекеті төмендегідей болады:
Мұғалім іс-әрекеті | Оқушы іс-әрекеті |
Оқушыларды дербес таным іс-әрекетіне кіргізуші. Тапсырмалар мен сұрақтар әзірлеуші, бағыт беруші. Ортада жағымды ахуал туғызушы, оқушыны қолдаушы. Ортақ пікірге, көзқарасқа бағыттаушы. Қол жеткен нәтижені бағалаушы, саралаушы. | Табушы, жаңа өнім жасаушы. Іздеуші, зерттеуші Өз өнімін ортаға салушы, шығармашылықпен жұмыс істеуші. Өзін-өзі, достарын тексеруші, бағалаушы. Өз еңбегін саралаушы, қорытындылаушы. |
Қазіргі кезеңде сапалы нәтижеге қол жеткізудің уақыт пен тиімділігін көрсетіп жүрген бірнеше оқыту технологияларының ішінде дамыта оқыту жүйесінің өзіндік орны анықталған.
Қазақ тілін дамыта оқытудың әдістері мен тәсілдерінің негізін мына тұжырымдар құрады:
1. Теориялық білім мен соған қатысты біліктер арнайы оқу тапсырмалары арқылы меңгертіледі.
2.Мұндай оқу тапсырмалары жалпы ұғымдар қалыптастырудың жолы мен әдістерін меңгертудің көзі болып табылады.
3.Баланың оқу-танымдық әрекетінің белсенділігі, дербес әрекеті оқу тапсырмалары негізінде ұйымдасады [ 4; 16 ].
Қазақ тілі сабақтарында дамыта оқыту технологиясына негізделген жаттығулар жүйесі.
Оқушының мазмұндық топтастырулар жасау, дедукцияны қолдану, рефлексиялық қабілетін дамытуда, яғни оқушының ізденімдік-зерттеушілік қабілетін қалыптасыру мен дамытуға лайықталған арнайы жаттығулар жүйесі беріледі. Жаттығулар іштейграмматикалық-тілдік, рефлексиялық, сөйлеу, ойын жаттығулары деп бөлінеді. Жаттығу арқылы оқылып жатқан материалмен жүргізілетін оқу әрекеті жүзеге асырылады. Жаттығуларды орындау негізінде оқушылардың ақыл- ой әрекеттері қалыптасып, ақыл-ой қызметінің белсенділігі дамытылады. Маңызды қызметі бар жаттығу оқушының теориялық білім алуында тиімді нәтижелерге қол жеткізуі үшін , оларды тиімділікпен жасау, нәтижелі орындау шарттарын ғылыми негізде анықтау керек. Дамыта оқыту технологиясын қолдануға кірісер алдында мұғалім оқушылар меңгеруі тиіс деп жүйеленген білім мазмұнын жақсылап меңгеруі керек [5;12 ].
Грамматикалық-тілдік жаттығуларды орындау барысында оқушылар морфология бөлімі бойынша мынадай ізденімдік зерттеу міндеттерін шешеді: сөз таптарына байланысты тілдік өзгерістерді бақылайды; сөздердің тапқа бөліну қасиетін анықтау үшін тілдік бақылаулар жүргізеді; сөз таптарын құрайтын жекелеген сөздер мағынасының табиғатын тану мақсатында лексикалық талдау жасайды; сөзднрге морфологиялық талдау жасайды.
Оқушыға ұсынылатын грамматикалық-тілдік жаттығулардың кейбір үлгілері:
1 - жаттығу. Төменде берілген сөздердің мағыналарын түсіндірмелі сөздік өолдана отырып анықта, дәптеріңе жаз.
Үй, бала, ағаш, көше, білім, ұзын, үлкен, көк, жақсы, жүгір, отыр.
2 - жаттығу. 1-жаттығуда берілген сөздердің мағыналарына тағы бір назар салып, олардың ішінде өзара ортақ білгілері бар бар не жоқ екенін анықтаңдар.Егер бірнеше сөздің ортақ бір ұқсас мағынасы бар деп ойласаңдар, оларды топ-топқа бөліп дәптерге жазыңдар.
Үй, бала, ағаш, көше, білім, ұзын, үлкен, көк, жақсы, жүгір, отыр.
Сөйлеу жаттығулары. Дамыта оқыту технологиясында оқушылар орындайтын сөйлеу жаттығулары көп. Жұмысымызда оның кей түрлеріне тоқталайық:
1 - жаттығу. Кім шапшаң? Бірыңғай дауысты не дауыссыз дыбыстар әрбір мақал-мәтелдердің бірінші әрпі. Ойланып көр де, орнына қой.
1.Т...- қ... ө...; 2. А... с... – а…,к… с…- к… ; 3. А... с... а... ө... ;4.Б ...б... т...; 5. Б... е... а... е... е... қ...;
(Түсіндіру: С... с... ө..., т... е... ө...- Сөз сүйектен өтеді, таяқ еттен өтеді. )
2 - жаттығу. Берілген сөздердің синонимдерін тауып, олардың мағынасын анықтаңдар.
3- жаттығу. Жоғарыда берілген сөздердің мағынасына қарама-қарсы сөздер тауып, дәптеріңе жаз.
Рефлексиялық жаттығулар.
1 - жаттығу. Төменде берілген сөйлемді қысқартып, басқа түрде құруға бола ма? Егер болатын болса қалай құрар едіңдер?
Бала өз көзіне сенбестен жаңағы нәрсеге қарай берді, қарай берді.
2 - жаттығу. Берілген мәтінді оқып шығыңдар. Сөйлемдерде қай жерде шылау қажетті деп ойласаңдар, сол жерге қажетті шылау түрін қойып, дәптерге жазыңдар.
3 - жаттығу. Берілген мәтінді түзеңдер: оны қысқартып, қайталаулар мен бірдей сөз тіркестері мен синонимдерді алып тастаңдар.
Ойын жаттығулары.
Сөз таптары туралы сөзжұмбақ- сөздерді әр түрлі тәсілмен құпиялап ойын құрастыру.
Сөз таптарының атын еске түсіруге көмектесетін суретжұмбақ (ребус)- белгілі бір ойды заттардың суреті арқылы жұмбақтайтын ойын.
Түрлі сұрақтарға жауап бере отырып, негізгі бір сөз табына қатысты болатын сөзөрім (кроссворд)- сөздер бірімен – бірі өріліп, тоқылып орналастырылады.
Сөзтуым (вордингворс)- бұл ойын торкөздерсызу арқылы жасалады. Құпияланатын бірнеше сөз торкөздерге көлденең немесе тігінен жасырылады. Бұл сөздердің белгілі әріптерінен мүлде жаңа сөз пайда болады.
Осындай жеке тұлғаны қалыптастыру – оқушының ана тілі болып саналатын қазақ тілін дамыта оқыту әдістемесінің басты өзегі ретінде анықталады [6;8 ].
ҚР «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған, білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделді. Бұл міндеттерді шешу үшін мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге жол ашады . Сондықтан сабақ барысын жаңаша ұйымдастырып, оқушының пәнге деген қызығушылығы мен ынтасын арттыру керек. Жалпы, оқу процесінде инновациялық технологияларды қолданып сабақ түсіндірудің маңызы өте зор және оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, білім сапасын арттырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті тұлғаларды даярлауда үлесі мол. Сондықтан оқу процесінде инновациялық технологияны қолдану – заманның басты талабы болып саналады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Айтбаева А.Б. «Білім берудегі жаңа технологиялар: оқу құралы.-Алматы: Қазақ уникерситеті, 2011.-162 бет
Омарова С. С. «Қазақ мектебінің 8 сыныбында сөйлем мүшелерін модульдік оқыту технологиясы арқылы оқыту әдістемесі» педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясының авторефераты.- Алматы, 2009.- 24 бет
«Қазақ тілі мен әдебиеті» республикалық ғылыми-әдістемелік басылымы., №9.- 2015.- 144 бет
Жұмабаева Ә. Е. «Мектепте қазақ тілі синтаксисін дамыта оқытудың ғылыми- әдістемелік негіздері» педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясының авторефераты.- Алматы.- 2009.- 41 бет
Молдабек Қ. «Қазақ тілін қатысым әдісі арқылы оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері» педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясының авторефераты.- Алматы, 2010.- 49 бет
«Қазақ тілі мен әдебиеті» республикалық ғылыми-әдістемелік басылымы., №12.- 2014.- 144 бет
Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/218429-aza-tili-sabatarynda-innovacijaly-oytu-t
БЕСПЛАТНО!
Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)
Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.
- «Обеспечение безопасности объектов социального обслуживания: противодействие терроризму и экстремизму»
- «Изменения во ФГОС СОО: содержание приказа Минпросвещения России № 732 от 12 августа 2022 года»
- «Цифровые инструменты и сервисы в профессиональной деятельности педагога»
- «Особенности федеральной адаптированной основной общеобразовательной программы обучающихся с умственной отсталостью (интеллектуальными нарушениями)»
- «Нормативно-правовые и методологические основы начального образования в условиях реализации ФГОС»
- «Психологическая реабилитация и абилитация инвалидов и детей-инвалидов»
- Педагогика и методика преподавания физики
- Педагогическое образование. Содержание и организация профессиональной деятельности учителя
- Психолог в сфере образования: организация и ведение психолого-педагогической работы в образовательной организации
- Деятельность учителя-методиста в рамках сопровождения реализации общеобразовательных программ
- Социально-психологическое сопровождение и психологическая помощь населению
- Физическая культура. Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.