- Курс-практикум «Педагогический драйв: от выгорания к горению»
- «Оказание первой помощи в образовательных учреждениях»
- «Труд (технология): специфика предмета в условиях реализации ФГОС НОО»
- «ФАООП УО, ФАОП НОО и ФАОП ООО для обучающихся с ОВЗ: специфика организации образовательного процесса по ФГОС»
- «Специфика работы с детьми-мигрантами дошкольного возраста»
- «Учебный курс «Вероятность и статистика»: содержание и специфика преподавания в условиях реализации ФГОС ООО и ФГОС СОО»
Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014
- Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
- Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
- Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
в СМИ
профессиональную
деятельность
Тәуелсіздіктің тұғыры биікте
Тәрбие сағатының тақырыбы: "Тәуелсіздік тұғыры биікте"
Мақсаты:
Білімділік: Тәуелсіздік туралы ұғымын кеңейту.Еліміздің ең басты жетістіктерімен таныстыру,потриоттық ,отаншылдықсезімін ояту.
Дамытушылық: Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнгеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге тәрбиелеу;
Тәрбиелік: Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.
Көрнекілігі: Тақырып,Қазақстан Республикасының рәміздері,қанатты сөздер,суреттер, слайдтар.
Әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндірмелі, көрнекілік
Формасы: тәрбие сағаты
Тәрбие үрдісі: Азаматтық, патриоттық және полимәдениеттік тәрбие беру.
Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім сөзі:
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар.Бүгін біз сіздермен "Тәуелсіздік тұғыры биікте" атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Биыл үлкен мереке.Тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл толды.Тәуелсіздік біздің ең басты бақытымыз.1991 ж 16 желтоқсан - тарихтағы ұлы күн. Бұл күн Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялады.
Тәуелсіздік қандай қасиетті ұғым.Тәуелсіздіктің бізге бергені ұшан теңіз.
Тәуелсіздік биік болсын тұғырың
Тарылмасын терең алған тынысың
Бақыт орнап, тыныштығы елімнің
Ұзақ болсын,ұзақ болсын ғұмырың!
Бәрі: Қазақстан - Туымен тұғырлы,
Елтаңбасымен еңселі,
Әнұранымен айбатты.
Біздің тірегіміз:Тәуелсіздік
Тілегіміз: Бейбітшілік
Білегіміз: Бірлік
Алға Қазақстан!
Отаным менің сен қандай көркем,
Бұлбұлың болып сайрасам ба екен?
Бейбіт күн жаса мәңгіге деймін,
Нұрымен күннің мен де гүлдейін!
Тәуелсіз елге тілеулес менмін бүгінде,
Ырыс құт дарып, бақыт кеп қонсын еліме.
Молшылық тойдың куәсі болып әрдайым,
Ынтымақ болсын Қазақтың шалқар жерінде.
Жиырма бес жыл міне,, жұлдызды күндер өтіпті.
Тарихта өшпес іздерін тастап кетіпті.
Шыдамды қазақ, өз бейнетінің арқасы,
Аңсаған талай бақытты күнге жетіпті.
Хор :Ән Атамекен
Тәуелсіздік – қасиетті ұғым, ұлы сөз
Өлеңнің сөз маржанын терейінші,
Алқадан сөз бастап бір берейінші.
Қазақтың мың толғаған күйі болып,
Қобыз боп құлақтарға енейінші.
Бабалар армандаған – тәуелсіздік,
Ақындардың жырлағаны – тәуелсіздік.
Еркіндік, елдік берген – тәуелсіздік.
Ұрпақтарға аманат – тәуелсіздік.
Тәуелсіздік елімнің сөнбес шырағы,
Сарқылмайтын қазағымның бұлағы.
Тәуелсіздік – қасиетті ұғым, ұлы сөз,
Көк аспанда қалықтаған қыраны.
Тәуелсіздік – баршамызға жарық күн,
Тәуелсіздік – баршамызға тыныш түн.
Арайлап атқан күн мен батқан түннің,
Мазмұны Әнұранда шырқалып тұр.
Тәуелсіздіктің алғашқы белесінде,
Тіл туралы заң енді өз күшіне.
Еуропаға төрағалық еткеннен соң,
Беделіміз арта түсті күннен-күнге.
Сарыарқаның сайын даласында,
Бой түзеді Астана қаласы да.
Еліміздің, халқымыздың мақтанышы,
Бола бермек құт-береке қаламызда.
Талай-талай жетістікке жеттік біз,
Астанада Саммит, Азиада ойындарын өткізіп,
Қазағымның асқақтап мәртебесі,
Төрткүл дүние танып бізді жырға қосып.
Бейбітшілік аспанында,
Елтаңбамызды жарқыратар,
Көк Туымызды асқақтатар,
Әнұранымызды қалықтатар,
Мәңгі жастар жасасын!
Мен Қазақстандықпын!
Барлық есік ашық деймін,
Өз елімде мен үшін.
Ата-бабам қорғап қалған,
Ұрпақтары, елі үшін.
Тәуелсіздік төрімізде,
Желбірейді туымыз.
Қазақпын деп мақтанады,
Қызымыз бен ұлымыз.
Еңсемізді тік ұстап,
Мақтанатын кез келді.
Қазақстан таң қалдырды,
Туысқан, дос, өзге елді.
Елу елдің қатарына,
Жетеміз деп сенемін.
Жастар адал Отанына ,
Көркейтетін өз елін.
Туған жерім — Қазақстан!
Өскен елім — Қазақстан!
Ән жырым да — Қазақстан!
Байлығым да — Қазақстан!
Хор : Туған ел әні
Тәуелсіздік таңы
Шаттық пенен бақыт тілеп жеріме,
Жас шабытым алып ұшты көгіне.
Талай ғасыр бабаларым аңсаған,
Тәуелсіздік таңы атты еліме.
Мен тілеймін бейбітшілік еліме,
Бай да сұлу шалқып жатқан жеріме.
Тілеп өтем туған халқым, Отаным,
Асқақтасын туы зеңгір көгінде.
Асқақтасын көк туымыз – көк аспан,
Ата Заңым алда болса адаспан.
Әнұраным шарықтасын, шалқысын,
Бірлік, ерлік, өр рухқа жол ашқан.
Қазақ елі - мәңгілік ел
Біз қазақпыз!
Ежелден - ақ қазақ болып аталған,
Қатал болды әр күн, әр түн, атар таң
Күйдірсе де ызғарлы аяз, жалынды от,
Ел боп келдік, қалып қоймай қатардан.
Түркі әрпімен жазуы бар басында,
Билік құрған сонау 6 - ғасырда.
Қазақ деген анық түскен жазу тұр
Жыр жазылған Күлтегіннің тасында.
Осынау кең қазағымның жерінде,
Даласы, тауы, өзен – көлі, теңізде.
Мемлекет құрып ғұмыр кешті Ғұндар да
Бәрі сөйлеп ортақ түркі тілінде.
Араб, түркі тілдерінде жазылған,
Еңбектері бағалы көп сан алуан.
әл - Фараби, Махмуд Қашқари,
Жүсіп Баласағұн, Ахмет Яссауи
Теңдесі жоқ ғылым қорын қалдырған.
Біз қазақ ежелден - ақ ел боп келдік,
Ел қорғауда жасадық сан мың ерлік.
Болашақтың атар деп жарқын таңы,
Ұрпақ үшін тозақтың отын көрдік.
Тарихта хандық құрған Керей, Жәнібек,
Халық баға береді әділ хан деп.
Бар қазақтың алғашқы ханы болған,
Керей ханның билікте орны ерек.
Бізге жеткен тарихта көп бар дерек,
Өз тұсында әр ханның орны бөлек.
Төле бидей данадан тәлім алған,
Хан Абылай қазаққа болды керек.
Қуғын - сүргін, зобалаң көргеніміз,
Алаштық кетті атылып зиялымыз.
Тектен - текке жазалап жала жауып,
Болар ма бұдан өткен қиянат іс.
Қазақ деген ежелден батыр халық,
Ұлы Отан соғысында болды анық.
Көрсетіп ұл да, қыз да ерен ерлік,
Барлық жұрт ұлтымызды білді танып.
Тоңдырса да аязы желтоқсанның,
Жігерін жеңе алмады боздақтардың.
Тәуелсіздік талабын жария етті,
Бетін ашты көрінбес айғақтардың.
Тәуелсіздік бізге онай келген жоқ
Тарихы оның тым әріден басталған
Бұл қазаққа тәуелсіздік оңайлықпен келмеді,
Құрбан болды, айдауға көніп, алпарысып жан берді.
Еркіндік, елдік үшін жан қиған қыршындардың,
16 желтоқсанда ерліктерін ел көрді.
Көрініс: Қайрат Рысқұлбеков (үзінді)
Қашанда арман болған тәуелсіздік,
Жарқ етіп ашылды - ау бір қара түңдік,
Исатай, Махамбеттің туын ұстап,
Бодандықтың тас буын белін үздік.
Ешкімге тәуелсізбіз, егеменбіз,
Қазақстан Республикасы деген елміз.
Дамыған даңқы асқан көп елдердің
Қатарына әлі - ақ жетіп, теңелерміз.
Ең басты маңызды іс әрі мәнді,
Қуанышпен қарсы алу нұрлы таңды.
Сайладық Қазақстан Президенті деп -
Назарбаев Әбішұлы Нұрсұлтанды.
Егемендігіміздің берік негізі,
Мемлекеттік елтаңба, ту мен гимні.
Біртұтастығымызды бейнелейтін,
Қазақстан Республикасы рәміздері.
Ата заңды қабылдап тоқсан бесте,
Шықтық бір көтеріліп дөң белеске.
Содан бері Ата заң негізінде,
Қаншама заң өмірге келді емес пе?!
Құрылысына күш жұмсап егемендік,
Құлшыныспен ұмтылдық, жігерлендік.
Кемеңгер, дара тұлға - Елбасының,
Бойында мол қасиет көрегендік.
Көздегені, мақсаты, басқы арманы -
Егеменді елінің жақсарғаны.
Болашақты болжамдап алдын - ала,
«Қазақстан - 2030» - ды жоспарлады.
Сене алмады бұған жұрт әуел баста,
Дәл осылай болары шын, рас па?
Деген жұрттың көңілін күмән билеп,
Ішінде түйді ойын талай қасқа.
Күн - күн сайын қарыштап алға басқан.
ТМД елдерін артқа тастап,
Гүлденген Мәңгілік ел – Қазақстан.
Сейілді күмән бұлты ойындағы,
Жігер күші артты елдің бойындағы.
«Қазақстан - 2030» жоспары кезеңімен,
Мезгіліне жетпей - ақ орындалды.
Бір мүдде, бір болашақ, бір мақсатқа,
Елбасы бастап берген саясатқа.
Ден қойып ұмтылыспен күш саламыз,
Жеңіске жету үшін болашақта.
Спортта жүлде алды қыз бен ұлым,
Ойналып гимн, желбіреді көк туым.
Қазақстандық көбейді чемпиондар,
Шарықтап әнім, асқақтап шықты үнім.
Тауысып айту бар жеңісті мүмкін бе?
Сан - салалы жетістік көп бұл күнде.
Отыз елдің қатарында дамыған,
Болу үшін тер төгеміз күн - түнде.
Тарихта Есімханда болды ескі жол,
Тұсында Қасымханның бар қасқа жол.
Бүгінде бар Нұрсұлтанның кең даңғылы,
«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»
Нұрлы жолмен біз алысқа барамыз,
Даму үшін бірліктен қуат табамыз.
Тоныкөк абыз кеткендей айтып өсиет,
Қазақ елі – Мәңгілік ел боп қаламыз.
Тарих тағлымы (білімдерін тексеру)
1991 жылғы 29 тамыз. Ядролық полигонның ресми жабылуы. 16 желтоқсанда ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев «ҚР Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық Заңға қол қойды.
1992 жылғы 2 наурыз. Қазақстан БҰҰ-ның мүшелігіне қабылданды.
1993жылы 28 қаңтарда Тәуелсіз Қазақстанның бірінші Конституциясы қабылданды.
1993 жылғы 15 қараша. ҚР ұлттық ақша теңге айналымға енгізілді.
1994 жылғы ақпан. Қазақстан ядролық қаруды таратпау жөніндегі шартқа қол
қойды.
1995 жылғы 1 наурыз. Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды.30 тамыз
ҚР-ның қазіргі Конституциясы қабылданды.
1996 жыл. Алматы қаласында Тәуелсіздік монументі ашылды.
1997 жылғы 10 желтоқсанда мемлекеттік өкіметтің жоғарғы органдары жаңа астанаға көшіріле бастады.
1998 жылғы 10 маусымда Қазақстанның жаңа астанасы- Астана қаласының
тұсау кесер рәсімі өткізілді.
1999 жылғы 24 ақпан. Тәуелсіз Қазақстанда алғашқы санақ өткізілді.
2000 жылғы 10 қазан. Жаңа халықаралық ұйым-Евразиялық экономикалық
одақ құрылды.
2001 жыл. Тәуелсіздіктің 10 жылдығы.
2002 жыл. Денсаулық жылы.
2003-2005 жылдар. Ауылды көтеру жылы
2005 жыл- 4-желтоқсан. ҚР Президентінің Бүкілхалықтық сайлауы болды.
2006 жыл. Ресейдегі «Абай жылы» және Қазақстандағы «Пушкин жылы». Тәуелсіздіктің 15 жылдығы, «Желтоқсан оқиғасының» 20 жылдығы.
2007-2009 жылдар. «Мәдени мұра» бағдарламасының екі жылдық жоспары
қабылданды.
2008 жыл 6-шілде. Астана қаласында «Қазақ елі» момументі ашылды.
2009 жыл 25 ақпан-6 наурыз аралығы. ҚР Ұлттық санағы өткізілді.
2010 жыл. ҚР Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастығы ұйымына
төрағалық етті.
2011 жыл. ҚР Ислам Конференциясына Төрағалық етті.
2011 жыл. Астана мен Алматыда 7-Қысқы Азия ойындары өтті.
2011 жыл. Тәуелсіздіктің 20 жылдығы. «Желтоқсан оқиғасының» 25 жылдығы.
2012 жыл. Лондон олимпиадасында 13 медальға ол жеткізді.
2013-2014ж
2015-2016ж
Ән: Егеменді Қазақстан.
Сөзжұмбақ «Жолдау» сөзі шығу керек.
1. Әлемдік сөзінің синонимі (жаһандық)
2. Отағасының антонимі (отанасы)
3. Ата-ана тәрбиелейді? (бала)
4. «…-біздің табысты болашағымыздың негізі» (Ұлт денсаулығы)
5. Тіл дамуы, сақталуы үшін қандай қаріпке көшпекпіз? (латын)
6. Ел ертеңі жарқын болу үшін не істеу керек? (Білім алу)
Қазақстаным – Отаным гүлдей жайнаған,
Төсінде оның тасқындап еңбек қайнаған.
Төскейі малға, астыққа толып қамбасы,
Еліміз дамып, жылжыды өрге арбасы.
Әнұран,Туы, Елтаңбасы бар азат ел!
Әлемге мәлім, өркендеп өскен ғажап ел!
Бой тікті қала Есілдің қос қапталынан,
Мақтанышыма мұрагер ұрпақ бола көр!
Көшбасшы өзі, тұтқасы елдің Нұр аға,
Қиялын баптап қондыра білген қияға.
Күн санап менің құлпырып жатса бай далам,
Қуанышы шіркін кеудеме менің сия ма?
Мәңгілік болсын тәуелсіздіктің тұғыры,
Күлкімен өтсін, бейбіт күнімнің ғұмыры.
Татулық пенен бірліктің туын көтеріп,
Арманшыл елдің лайланбасын тұнығы.
***
Тәуелсіздік таңы
Елімнің жанған жарық шырағымын,
Халқымның қанат қаққан қыранымын.
Аймалап басқан ыстық құшағына,
Мен мынау табиғаттың ұланымын.
Шаттық пенен бақыт сыйлап жеріме,
Ақын көңіл алып ұшты көгіне.
Талай ғасыр бабаларым аңсаған,
Тәуелсіздік келді менің еліме.
Басқарған соң Нұрсұлтандай елбасы,
Өрге қарай домалады ел тасы.
Қол жеткіздік талай биік шыңдарға,
Соның бәрі тәуелсіздік арқасы.
Желбіреп көк байрағың, айтылып әнұраның,
50 елге қосылу - асқақтаған арманың.
Қазақстанның болашағы жастар болса,
Болашағың, жастарым – асқақ рухың!
Мен тілеймін бейбітшілік еліме,
Бұзылмасын іргесі де, жері де.
Тілеп өтем туған халқым қазаққа,
Биік тұрсын, асқақтасын туы да.
Желбіресін биікте көк байрағың,
Нұрын төксін аспанда алтын күнің.
Қазағымның асқақтап мәртебесі
Бақыт қонсын, басыңа, туған елім!
Хор : Бақытты біздер баламыз.
Жаңа ғана қазағымның таңы атты,
Алу мақсат Ел деп алғыс сауапты.
Әр отбасы, әрбір қазақ, әр адам,
Тәуелсіздік сақтау үшін жауапты.
Бәрі:Қазақстан, сен заңғар биіксің, кеңсің. Біздің жанымыз өзіңе деген мақтанышқа бөленген. Біз сенің атыңды жер бетіне жар салар перзентіңбіз, тәуелсіздікті мықтап қолға ұстаймыз!
Мұғалім:
Біз - тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық.
Мен 21-ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемін.
Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады.
Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық.
Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз.
Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын!
Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын! -деген елбасымыздың сөзімен сабағымды аяқтаймын.
Тыңдап сабаққа қатысқандарың үшін рахмет!
Ұстаздар, ата - аналар, оқушылар сіздерге көп - көп рахмет. Сау болыңыздар!
Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/236760-tuelsizdikti-tyry-biikte
БЕСПЛАТНО!
Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)
Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.
- «Активизация познавательной деятельности учащихся на уроках литературы»
- «Охрана здоровья обучающихся: содержание и особенности организации»
- «Трудное и девиантное поведение обучающихся: содержание педагогической работы с отклоняющимся поведением»
- «Современные подходы к управлению в сфере социального обслуживания»
- «Организация профессиональной деятельности социального педагога в соответствии с ФГОС ООО и ФГОС СОО»
- «Учитель физики: современные методы и технологии преподавания предмета по ФГОС ООО и ФГОС СОO»
- Педагогическое образование. Содержание и организация профессиональной деятельности учителя
- Социально-педагогическая деятельность в образовательной организации
- Педагогика и методика преподавания астрономии
- Педагогическое образование: педагогика и методика преподавания химии в образовательной организации
- Профессиональная деятельность педагога-организатора. Обеспечение реализации дополнительных общеобразовательных программ
- Теория и методика преподавания русского языка и литературы в образовательных организациях

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.