Охрана труда:
нормативно-правовые основы и особенности организации
Обучение по оказанию первой помощи пострадавшим
Аккредитация Минтруда (№ 10348)
Подготовьтесь к внеочередной проверке знаний по охране труда и оказанию первой помощи.
Допуск сотрудника к работе без обучения или нарушение порядка его проведения
грозит организации штрафом до 130 000 ₽ (ч. 3 статьи 5.27.1 КоАП РФ).

Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014

Почему стоит размещать разработки у нас?
  • Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
  • Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
  • Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
Свидетельство о публикации
в СМИ
свидетельство о публикации в СМИ
Дождитесь публикации материала и скачайте свидетельство о публикации в СМИ бесплатно.
Диплом за инновационную
профессиональную
деятельность
Диплом за инновационную профессиональную деятельность
Опубликует не менее 15 материалов в методической библиотеке портала и скачайте документ бесплатно.
13.01.2017

Қауіпті жүктерді тасымалдау жайы

Қауіпті жүктерді тасымалдау ережелері мен технологияларын меңгеру маңызды мамандықтың негізі болып табылады. Бұл ашық сабақта интерактивті тақтаны пайдалана отырып, жүк тасымалын ұйымдастыру пәні бойынша білімдер тереңдетіледі. Оқушылар қауіпті материалдарды тасымалдаудың қауіпсіздік талаптары, заманауи логистикалық жүйелер мен автоматтандырылған бақылау құрылғыларымен танысады. Сабақтың мақсаты – болашақ мамандардың білімін кеңейтіп, нақты өндірістік мәселелерді шешу дағдыларын қалыптастыру. Оқу үдерісі қызықты әдістер арқылы жүргізіліп, пәнге деген қызығушылықты арттырады.

Содержимое разработки

Қызылорда облысы білім басқармасы

И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледжі

« Жүк және жолаушы тасымалын ұйымдастыру» пәні бойынша

Ашық сабақтың жоспары

Тақырыбы: «Қауіпті жүктерді тасымалдау жайы».

Әзірлеген: пән оқытушысы А. Абуова.

Әдістемелік талдау « теміржол мамандықтары » пәндері циклдық комиссиясының мәжілісінде қаралып, бекітілді.

Хаттама № 1 « 1» 09- 2011ж

ЦӘК төрағасы: А. Әбдіқадыр.

Оқу әдіскері: З. Асанбекова.

Қызылорда 2011 жыл

Алғы сөз

Тәуелсіз Мемлекет болғалы елімізде көп жаңа өзгерістер мен ғылыми тұрғыда көп жаңалықтар, автоматика және телемеханикалық құрылымдар мен құрылғылар шығып жатыр, оқу процессінде де көптеген оқу техникалары мен құрылымдар , компьютерлік өрістер өркен алуда. Осылардың көмегімен дұрыс қолдана алудың арқасында өндіріске қажетті білімді де білікті мамандар даярланып шығарылуда. Соған байланысты «Жүк және жолаушылар тасымалын ұйымдастыру » пәні бойынша алған білімдерін кеңейту, нығайту және тереңдету қажет. Оқушыларға сабақ беру кезінде түрлі әдістерді қолданып интерактивті тақтаны қолданып сабақты қызықты өткізу оқушылардың осы пәнге деген қызығушылығын арттыруға болады.

Сабақ жоспары №17

Сабақ өткізу күні: 10 / 11 – 2011 жыл.

Оқу тобы: ВХ-19о

Сабақтың тақырыбы: «Қауіпті жүктерді тасымалдау жайы».

Сабақтың түрі: Теориялық.

Сабақтың типі:Құрамдас.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімдік:Қауіпті жүктерді жіктеу,қауіпті жүктерді жалпы

және арнайылап тасымалдау жайымен таныстыра отырып,

қаптау,маркілеу жүкті қабылдау және беру жайларын

үйрету және қойылған талапты орындау қажеттілігін,

білімін тереңірек дамыту.

б) Тәжірибелік: Болашақ маман ретінде жүк және жолаушы

тасымалын ұйымдастырудың маңыздылығына көз

жеткізу, ұғындыру сүйіспеншілік сезімінде тәрбиелеу

жауапкершілік, іскерлік, тиянақтылыққа баулу.

в) Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттілігін

дамыту. Сабаққа проблемалық ситуацияларды туғыза

отырып, оқушыларды ой еңбегіне жетелеу және осы

сабақта алған білімін іс жүзінде қолдануға қалыптастыру.

Оқыту әдістері: Баяндау, әңгімелеу, топпен жұмыс, жеке жұмыс түрлері, талдау, электрондық оқулықтан, бейне фильмнен үзінді қолдану, модульдік оқыту технологиясынан ойын элементтерін пайдалану.

Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, проектор, интерактивті тақта, электрондық оқулық , бейне фильм, слайд, тест сұрақтары, макет.

Сабақты өткізу барасы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, олардың дайындығына және дәрісхана тазалығына назар аудару.

Сабақтың жаңа тақырыбын хабарлау, мақсатын қою – 2 мин.

Ал, құрметті оқушылар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:

«Қауіпті жүктерді тасымалдау жайы».

Қаралатын сұрақтар:

Қауіпті жүктерді жіктеу.

Қауіпті жүктерді жалпы және арнайылап тасымалдау жайы.

Жүкті қаптау маркілеу, қабылдау және беру жайларына қойылатын талаптар.

Бүгінгі тақырыбымызды бастамас бұрын өткен тақырыпқа шолу жасайық .

Өткен тақырып: «Ашық жылжымалы құрамада агрегатты

және түйір жүктерді тасымалдау жайы».

Габаритсіз жүктер

Ауыр салмақты жүктер

Шынжырлап және көліктеп тасымалдау

Кішігірім және азтонналап жөнелтілетін жүктерді тасымалдау, сұйық жүктерді тасымалдау жайы.

Өткен тақырыпты сұрау үшін -25 мин беріледі

/ Бинго, кубик сюрприз, карточкі тарату, т.б сабақ сұрау /.

Құрметті оқушылар өткендегі тақырыпты қалай меңгергенімізді қазір сынап көрейік, ол үшін екі командаға бөлініп білім сайысына түсеміз, неғұрлым көп балл жинаған команда мықты теміржолшылар атағына ие болады.

Командаларға шатасып кетпес үшін мынадай ат беріледі:

1.Команданың аты « жүк вагондары» .

2.Команданың аты «жолаушылар вагондары ».

Енді команданың мақсаты өткен тапсырмаларды жақсы біліп, берілген тапсырма және сұрақтарға дұрыс және жылдам жауап беруі қажет.

Тақырыпқа мына бағалар беріледі: Сигнал түстері екіге бөлінеді: поиыздық және маневрлік.

Поиыздық сигналдар түстеріне: қызыл- 5, сара – 3, жасыл – 4.

Маневрлік сигналдар түсіне: көк – 1; ақ – 2. дөңгелектер беріледі.

1-ші тапсырма « Бинго», оған екі жақтың команда басшысын шақырып интерактивтік тақтада құрылған бинго торының

9- сұрақтарына жауап беруін талап етеміз.

Сұрақтардың тізімі :

« Жүк вагондары » үшін мына сұрақтар:

Бағдаршамның түстері нешеу ?

Бір адамның көмегімен бірнеше поиыз қозғалысын бақылап- басқаратын жерді не деп атаймыз?

Стрелкі, бағдаршам және басқа да құрылымдардың жұмысын қадағалайтын жерді не деп атаймыз?

Автокөлік пен теміржол бойының қиылысуын не деп атаймыз?

Бағдаршамда көбіне қандай әйнек қолданады?

Қолмен түнде шам жарығын айналдырсақ ол белгі нені білдіреді?

Өткел тоннель және көпірдің алдына қандай белгіні қояды?

Егер де өрт болса қандай белгі береді?

Сигналдағы айдай ақ түс нені білдіреді?

«Жолаушы вагондары » үшін мына сұрақтар:

Қозғалыстағы жасыл және ақ түс нені білдіреді ?

Көрінетін сигналға не жатады ?

Станцияларда көбіне қандай бағдаршамдар орналасады?

Станса және аралықтарға қандай автоматика құрылымдары орналасқан?

Жолды жөндеу кезінде қандай сигнал белгісін қояды?

Бағдаршам түрлері нешеу және оны ата?

Дабылдың неше түрі бар және оны ата?

Жол бағыттары нешеу және оны түсіндір?

Стрелкі және басқа құрылымдар бұзылса кім жөндейді?

2. тапсырма - карточкінің сұрақтарына жауап беру команданың бір- екі оқушысына осы 8 карточкіні ұсынамын ол екеуін таңдауы қажет.

Карточка №1

1. Дыбыс сигналдарының қызметі.

2. Қол сигналдарының қызметі.

3. Сигналдың түрлері және бір-бірінен айырмашылығы

.Карточка №2

Дыбыс пен Дабыл сигналдарының айырмашылығы.

Бағдаршамның құрылысына байланысты бөлінуі.

Қоршау сигналдары

Карточка №3

Тасымалды сигналдар.

Бағдаршамның бөлінуі, түрлері және қызметі.

Поезды аралықта амалсыз тоқтаған кезінде қоршау.

Карточка №4

Станцияларда поездар қозғалысына кедергі жасайтын жерлерді және жұмыстар жүргізілетін жерлерді қоршау.

Бағдаршамның әйнектерінің бөлінуі.

Маневірлік жұмыста қолданылатын бағдаршамдар.

Карточка №5

1. Жылжымалы құрамды станциялық жолдарда қоршау.

2. Сигналдың нұсқағыштар және белгілер.

3. Уақытша сигналдық белгілер.

Карточка №6

Поездарды және локомотивтерді белгілеу үшін қолданылатын сигналдар.

Арнайы нұсқағыштар.

Дыбыс сигналдары.

Карточка №7

Дабыл сигналдары.

Жылжымалы бірліктерді белгілеу үшін қолданылатын сигналдар.

Тұрақты сигналдық белгілер.

Карточка №8

Жылдамдықты азайтудың тұрақты дискілері.

ДО-диспечерлік орталық.

Автоматты өтпелік сигнал беруі және автоматты тоспалар.

3-ші тапсырма, «Сканворд» , ол өткен тақырыпқа сай құрылуы керек,бұл тапсырманы екі команданың 4 оқушысына береміз (плакат,маркер) олар бір-біріне сұрақтарын құрып шешкізуі қажет .

4ші тапсырма - « кубик сюрприз», интерактивті тақтаға

6-оқушыны шақырамыз 3-жүк вагоны, 3- жолаушы вагонынан олар 1 кубиктен таңдап алуы қажет, кубиктің бір-бірінен ерекшелігі:

1,2,3-ші кубиктерде- сұрақ жасырылған, олар соған жауап беруі керек.

4,5-ші кубиктерде – келесі командаға 3-4 сұрақ қою қажет.

6 кубик – сюрприз бар, оның да қолына балл беріледі /ақ немесе көк түсті/.

«Кубик сюрприз» сұрақтары:

1- ИПС 6,4-6,5-6,6-6,7 суреттері түсіндір?

2- ИПС 4,1-4,2-4,3-4,4-4,5 суреттерді түсіндір?

3- ИПС 4,6-4,7-4,8-4,9-4,10-4,11 суреттерді түсіндір?

5-ші тапсырма, « Венн-диограмма », «Шатастыру» әдісін интерактивтік тақтадағы сұрақтардың дұрыс жауаптарын тауып қою қажет, 2 командадан бір-бір оқушыдан шығуы қажет.

Кәдімгідей сабақ сұрау- екі командадан бір-бір оқушыдан шығады, оларға да қосымша сұрақтар келесі командадан қойылады.

Әр түрлі тәсілдермен 18-19 оқушыдан сабақ сұралады. Командалардың артық кемшіліктерін айта отырып қолдарындағы белгілері арқылы әр оқушының бағасын журналға қоямыз.

Жаңа сабақты түсіндіру -25 мин.

Тақырыбы: «Қауіпті жүктерді тасымалдау жайы».

Қаралатын сұрақтар:

Қауіпті жүктерді жіктеу.

Қауіпті жүктерді жалпы және арнайылап тасымалдау жайы.

Жүкті қаптау маркілеу, қабылдау және беру жайларына қойылатын талаптар.

Поиыздардың жүрісін басқару жүйесі пайдалану жұмысын техникалық тұрғыда және шұғыл жоспарлауды, тасымалдауды және тасымалдау құралдарын реттеуді, пойыздардың жүрісіне шұғыл басшылық жасауды және орындалған жұмысты талқылауды қамтиды.

Теміржолдардың барлық телімдерінде поездық диспетчерлік, поездық станса аралық, станциялық, желелік – жол, стрелкалық байланысы болуы тиіс.

Автоблоктаумен, диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған телімдерде және барлық электрлендірілген телімдерде энергодиспетчерлік және аралықтық байланыс болуы тиіс.

Кабельдік байланыс желілерібар телімдердің СОБ және байланыс электрмеханиктерінің қызметтік байланысы болуы тиіс. Сонымен қатар, теміржолдарда поиыздар қозғалысын, билеттерді сатуды және желілік бөлімшелер жұмысын басқару үшін телефондық және телеграфтық байланыстың магистральдік, жолдық, жолдық өкімдік, билеттік- диспетчерлік, ақпараттық -есептеу, жергілікті және басқа түрлері болуы тиіс. Бұл байланыстар қаіпті жұктердің тасымалдануын хабарлап ұйымдастырып қауіпсіздігін қамтамасыз етуде көп көмегін тигізеді. Қауіпті жүк басқа жүктердей емес тасымал кезінде өзіне барлық назар аударылуын талап етеді. Қауіпті жүктер цистера вагон, арнай вагон және кейбір кезде жабық вагондармен де тасымалданады. Қауіпті жүктерге өздігінен жанатын, жарылатын және қатты иіс шығаратын заттар жатады / күкірт, бензин, радиоактивті жүктер жатады/.

Бұндай жүктерге оларды жөнелтетін составқа арнайы күзет беріледі , ал вагондардың сырты сары түске боялып маркілері жапсырылады.

Теміржолдардың барлық телімдері поездық радиобайланыспен жабдықталған.

Поездық радиобайланыс поездық локомотивтердің, маторвагонды поездардың, арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамалар машинисттерінің:

Бүкіл диспетчерлік телім шегенде поезд диспетчермен;

Аралықты шектейтін станциялардың кезекшілерімен;

Бір аралықта жүрген қарсы бағытта және ізімен келе жатқан локомотивтердің, маторвагондарды поездардың, арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құраманың машинисттерімен;

өтпелер және деполар бойынша кезекшілермен;

жөндеу жұмыстарының басқарушыларымен және сигнал берушілермен;

поездардағы және обектілердегі әскерилендірілген ведомоствалық күзетінің атқыштарымен;

кабинадан шыққан кезінде машинисттің көмекшілерімен;

жолаушы поезының бастығы мен / механик-бригадирімен/ вагондарды қараушы- жөндеушілермен сенімді екі жақты байланысын қамтамасыз етуі тиіс.

Станциялардың жабылуы салдарынан немесе станциялар бойынша кезекшілердің кезекшілікті тоқтатуы себебінен аралықтар ұзындығының 15км астам ұзаруы кезінде, радиобайланыстың жаңа жүйелері енгізілінгенге дейін поиыздық локомотивтердің, маторвагондық поездардың және арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрам машинисттеріннің аралықпен жүруі кезінде поездиспетчерімен тұрақты радиобайланыс болған жағдайда ғана ең жақын орналасқан станцияның кезекшісімен радиобайланысын қамтамасыз етуге рұхсат беріледі.

Бұл ретте, машинисттердің, поезд диспетчерінің және станциялар бойынша кезекшілердің поездар қозғалысын қамтамасыз ететін өзара әрекеттесуінің тәртібін және осындай аралықтардың тізімін тасымалдар бөлімшелерінің басшылығы белгілейді. Поездар қозғалысы қарқынды және диспетчерлік орталықтандыруы бар темір жол телімдеріне ендірілетін поездық байланыстың жаңа жүйеелері аралықтардың ұзақтығына қатыссыз осы тармақта атап өтілген қызметкерлердің сенімді екі жақтылық байланысын қамтамасыз етуі тиіс.

Поездық радиобайланыстың техникалық нормативтерін және пайдалану ережелерін «ҚТЖ»ҰҚ»АҚ, ал поездық радиобайланыстың ақаулылығы кезінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібін- Поездар қозғалысы және маневірлік жұмыстар жөніндегі Нұсқаулық белгілейді.

Технологиялық қажеттіліктерге байланысты, станцияларда станциялық радиобайланыс, екі жақты парктік байланыс құрылғылары және жолаушыларға ақпарат беруге арналатын байланыс қолдануы тиіс.

Станциялық радиобайланыс: маневірлік және дөңестік радиобайланыстың, станциялық технологиялық орталықтар, вагондар мен локомотивтерге техникалық қызмет көрсету пункттері радиобайланысының, жүк аудандарының вагондарын коммерциялық тексеру пункттері, контейнерлік алаңшалар, техникалық құралдарға қызмет көрсету (СОБ, информатизация, байланыс, жол, түйіспелі торап және т.б.) және жөндеу бойынша бригадалардың, әскерилендірілген ведомстволық күзет бөлімшелерінің желілерінде екіжақтық байланысты қамтамасыз етуі тиіс.

Жаңа тақырыпты түсіндіріп болғаннан кейін оны пасықтап бекіту үшін оқушыларға интерактивтік тақтадан бірнеше тапсырмалар беремін. /20мин/

1-ші тапсырма « сканворд»үшін мына сұрақтар:

1. Машинист пен диспетчер арасында қандай байланыс бар?

2. Байланыс құрылымдары бұзылса кім жөндеуі керек?

3. Байланыс желілерін ата?

4. Үш түсті сигнал қай қозғалысты реттейді?

5. Байланыс линияларын ата және орналастыр?

6. Радиобайланыс қай жерге орналасқан?

7. Қозғалыс бағыттарын орысша ата, орналастыр?

8. Байланыс түрлерін ата және оны орналастыр?

9. СОБ құрылымдары нешеге бөлінеді ата және оны орналастыр?

10. Қауіпті жүктер қалай тасымалданады?

11. Қауіпті жүктер неше топқа бөлінеді?

2-ші тапсырма «қисық жол».

Бұнда жауаптарын шатастырып жіберемін оқушы сұрақтың жауабын дұрыс беруі керек .

3-ші тапсырма «сұрақ- жауап».

Тапсырманы жауып қойып, дұрыс жауабын беруді талап етем. Оның дұрыстыған, тапсырмамен салыстырам.

Дәл осылай 3-4 тәсіл қолданам.

Қортындылау сұрақтары:

Қауіпті жүктерге нелер жатады?

Қауіпті жүктер немен тасымалданады?

Қауіпті жүктер аман жетуіне кімдер жауапты?

Теміржолдағы байланыс желілерін ата?

Радиобайланыстар орналасқан жерлер қандай?

Радиобайланыстардың сандық жүйесінің түрлері қандай?

Теміржол телемеханикалық байланыстарды ата?

Линиялық байланыстардың түрлері айырмашылығы қандай?

Теміржол байланыс түрлерін ата?

ДО қандай жерлермен байланысқан?

Байланыстар қызметіне байланысты нешеге бөлінеді?

Жаңа сабақты қортындылау

4-ші тапсырма интерактивті тақтада көрсетілген тапсырманың шешімін табу. Белсене араласқан оқушыларға ақ және көк түсті балл-дарды берем соңында екі команданың балл-ын, есептеп салыстырып жеңіске жеткен команданы атаймын, олар мықты теміржолшылар атағына ие болады.

Сабақты қортындылап үйге тапсырма берем-3мин.

Оқулық: « Жүк және коммерциялық жұмыстар, ұйымдастыру және басқару» 6-тарау 42- 46 беттер. АВТ. В.П.Перепон.

Түрлі тәсіл қолданып тақырыпқа сай тапсырма орындау.

Пән оқытушысы: А.Абуова.

Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/238668-auipti-zhkterdi-tasymaldau-zhajy

Свидетельство участника экспертной комиссии
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и закажите рецензию на методическую разработку.
Также вас может заинтересовать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ
БЕСПЛАТНО!
У вас недостаточно прав для добавления комментариев.

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.

 

Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)

Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.

Рекомендуем Вам курсы повышения квалификации и переподготовки