- Курс-практикум «Педагогический драйв: от выгорания к горению»
- «Труд (технология): специфика предмета в условиях реализации ФГОС НОО»
- «ФАООП УО, ФАОП НОО и ФАОП ООО для обучающихся с ОВЗ: специфика организации образовательного процесса по ФГОС»
- «Специфика работы с детьми-мигрантами дошкольного возраста»
- «Учебный курс «Вероятность и статистика»: содержание и специфика преподавания в условиях реализации ФГОС ООО и ФГОС СОО»
- «Центр «Точка роста»: создание современного образовательного пространства в общеобразовательной организации»
- «Навыки успешного разрешения споров»
- «Здоровьесберегающие технологии в системе дополнительного образования»
- «Каллиграфия: основы формирования и развития навыков письменной выразительности»
- «Основы конфликтологии и урегулирования споров с помощью процедуры медиации»
- «Медиация: техники и приемы урегулирования споров»
Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014
- Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
- Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
- Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
в СМИ
профессиональную
деятельность
Cтатья на тему: «Кәсіби бағдар беруге арналған апталық»
Ақиық ақынымыз Мұқағали Мақатаев, "Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі - жар таңдағанда, екіншісі - мамандық таңдағанда" деп бекер айтпаса керек. Шынында да, әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына да байланысты екені анық. Биылғы жылы алтын ұя мектебімізден тағы бір топ түлектеріміз ұшқалы тұр. Алда олар үшін сын сағаттар, қанат қағар сәт. Сол сынақтың бірі, бірі емес, тіпті бірегейі – мамандық таңдау. Мамандық таңдау – адам өміріндегі ең жауапты, толғанысты сәттердің бірі.Бірақ барлық бала дұрыс таңдау жасай алмайды, біреулерге еліктеп қоғамдағы сұранысқа ие емес мамандықтарды таңдап, жұмыс таба алмай жүретін кездері жастар арасында өкінішке орай көптеп кездеседі. Осы тұста оқушыларға мамандық таңдауда бағыт көрсететін мектептің үлесі өте зор. Оқушыларға бастауыш сыныптан - ақ мамандық таңдай білуге үйрету керек. Ұлы ақын Абай Құнанбаев «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан» деп жастардың қоғамда өз орнын дұрыс таба білуі керектігін айтқан еді. Осыған орай, мектебімізде оқушыларымызға кәсіби бағдар беруге арналған бірқатар іс-шаралар өткізілуде. Соның бірі 2016 жылдың 19-24 желтоқсан аралығында болып өткен «Мамандықтың бәрі жақсы» тақырыбымен апталық болып өтті. Аталмыш апталық шеңберінде оқушыларымызды мамандыққа бір қадам болса да жақындата түскен түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды.
Апталықтың ашылуы салтанатты жиындағы мектеп директоры - Қалмаханов Берден Игенбайұлы мен оқу ісі жөніндегі орынбасар – Затова Нұргүл Айтбекқызының алғы сөздерімен ашылып, одан соң әдеби музыкалық кешке ұласты. Тарих пәнінің мұғалімі – К.Баймуратованың ұйымдастыруындағы 6 сыныптардың қатысуымен өткен әсем ән, тартымды би, сондай – ақ, заманауи үлгідегі флешмоб пен мамандыққа байланысты сахналық көріністерге толы болған концерттік бағдарлама көрерменге үлкен әсер қалдырды.
Сондай – ақ, апталық барысында бірнеше сынып сағаттары да өткізілді. Бастауыш сынып мұғалімі – Д.Жалгасбаева өзі жетекшілік ететін 4 «А» сыныбы оқушыларымен «Сен істі сүйсең, іс саған бас иеді» тақырыбында, ал ағылшын тілі пәнінің мұғалімі –Ж.Нұржанова өзі жетекшілік ететін 5 «Ә» сыныбы оқушыларымен «» тақырыбында кәсіби бағдарға толы, мазмұнды тәрбие сағаттарын өткізді.
Қашанда адам баласын жетістікке жетелейтін мамандық екені рас. Осы орайда апталығымыздың жалғасы «Мамандықтың бәрі жақсы, таңдай біл» деп аталатын қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі – Л.Мендибаева мен 9 сынып оқушыларының бірлесуімен өткен кездесу кешімен ұласты.
Кездесу кешіне бүгінгі күні алған мамандығы бойынша еңбек етіп жүрген қаламыздағы С.Джиенкулова атындағы колледж мұғалімдері – арнайы шақырылды. Кездесу барысында оқушылар қонақтарға өздері қызықтырып жүрген сұрақтар қойып, тиісінше тұщымды жауаптар алынды. Әсіресе, оқушыларды қатты қызықтырған сауалдар қатарында: мемлекеттік білім беру гранты конкурсына қатысу үшін қажет құжаттарды қабылдау тәртібі мен уақыты, әр түрлі мамандықтардың кәсіби ерекшеліктері, Грант ұтып алу үшін қажетті орташа ұпай туралы болды. Колледж мұғалімдері мектебіміздің биылғы 9 сынып оқушыларын колледжге оқуға түсуге шақыруды да ұмытпады. Қонақтармен әңгімеден соң, оқушыларымыз мамандықты қателеспей, дұрыс таңдау – өзіңді табысқа жетуге бағыттау екендігін, алдына мақсат қою және сол мақсатқа жоспарлы түрде ұмтылу арқылы, қателіктерге бой алдырмай өз қабілетіне, ерекшелігіне, қызығушылығына сәйкес сапалы түрде мамандық таңдауға болатындығын ұғынды.Кеш соңында9 «Б» сынып оқушысы – П.Туртбаева өзінің орындауындағы әсем ән мен өзі жазған жүрекжарды өлеңін тарту етті.
Мектеп оқушыларына мамандық таңдауда кәсіби бағыт – бағдар берумен қатар психологиялық көмек те қажет. Оқушылардың психологиялық саулығын сақтау және нығайту бойынша жағдай жасау мақсатында педагог – психолог – Г.Есенбаеваның өткізуімен «Жаныңа жақын мамандық» тақырыбында 11 сынып оқушыларымен тренинг өткізілді. Тренинг барысында «Маман болып танысу», «Сезімдерді бөлісейік», «Аяқталмаған сөйлем» секілді жаттығулармен оқушыларда кездесетін қобалжуды тежеу, стрестен арылуға бағытталған тыныс алу жаттығулары жүргізілді. Сондай – ақ, тренинг барысында оқушыларға мамандық таңдау, олардың негізгі түрлері, классификациялық белгілері, мамандықтар тобы, таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта-ықыласын арттыру, кәсіптік бағдар беру, өзін-өзі тану аумағын кеңейту, мамандық әлемінен ақпараттар беру мақсатында бейімділігін, қабілетін, қызығушылықтарын ескеру керектігі жөнінде кеңестер беріліп, мамандық таңдауда нақты жоспарлы түрде ұмтылу арқылы мақсатқа жетуге болатындығы айтылды.
Қай заманда болсын, қандай маман иелері үлкен құрметке ие болса, жастардың сол салаға бет бұратыны шындық.
Апталық жұмысы оқытушылардың шығармашылық жаңашылдығына жол салып қана қоймай, кәсіби шыңдалуына зор мүмкіндіктер туындатты. Әрбір өткізілген іс- шара- кәсіби өсудің кепілі.
қазіргі заман талабына сай мамандықтар мен кәсіп иелері туралы толық ақпаратпен қамтамасыз етіл
«Түйір нан – тамшы тер» демекші, жақсы маман иесі болу үшін көп ізденіс, оқу, білім алу, ең бастысы мамандыққа деген сүйіспеншілік қажет.
Бұл іс-шаралар барысында оқушыларға алдағы уақытта мамандық таңдауда аз да болсын бағыт бере алдық деп ойлаймын.
2016 жылдың 23 желтоқсан күні 11 сыныптар арасында «Мамандық таңдау – ертеңді ойлау» атты сайыс сабағы өткізілді. Сайыс үстіміздегі жылдың желтоқсан айының 19 – 24 күндері аралығында өткізілген «Мамандықтың бәрі жақсы» тақырыбындағы апталық аясында өткізілді.
Шараның мақсаты - мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру, оқушыларға мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау, кәсіби бағдар беру, мамандық әлемінен ақпараттар алу, қазіргі заманның тапшы мамандықтарын көрсетіп, сол бағытқа қарай бағыттау, өз пікірін еркін айтып, өзгенің пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу, оқушыларды терең білім алу жолында үздіксіз еңбектенуде еңбекқорлыққа тәрбиелеу болды.
Сайысқа 11 «А» сыныбының 7 оқушысынан құралған«Дәрігерлер» тобы мен 11 «Ә» сыныбының 7 оқушысынан құралған «Инженерлер» тобы қатысты. Сайыс төмендегіше кезеңдерден тұрды:
1. Таныстыру кезеңі
2. «Білеміз бе?» пікір сайыс
3. «Мамандықты тап» ойыны
4. «Келісемін, келіспеймін, дәлелде» пікір сайыс
5. «Әріпті мамандық» ойыны
6. Зияткерлік тапсырмалар
7. «Әуезді мамандық» ойыны
8. «Мен таңдаған мамандық» сайысы
Сайыстың«Таныстыру» кезеңінде әр топ өздерін танымал әуендердің ырғағына салып, топтарының аттарына сай өлең шығару арқылы өз топтарын таныстырады. «Дәрігерлер» тобы Т.Төреәлінің «Бол жанымда» әнінің әуеніне салса, ал «Инженерлер» тобы Т.Төреәлінің «Біртүрлі қыз» әнінің әуеніне сала отырып, өздерін таныстырды.
«Білеміз бе?» деп аталатын пікір сайыс кезіндеалдын ала екі топқа тақырыптар берілген. Айталық, «Дәрігерлер» тобына «XXI ғасырда пайда болған мамандықтар», ал «Инженерлер» тобына «Қазіргі таңдағы жалақысы жоғары қызықты мамандықтар» тақырыптары берлді.Осы тақырыптар аясында сайыскерлеріміз өз ойларын, пікірлерін ортаға салып, қосымша мәліметтерімен бөліседі. Бұл кезеңде екі топта белсенділіктерін көрсетіп, ізденімпаздықтарын танытты. Сондай-ақ, екі топта қызықты мәліметтерімен тақырыптарын аша білді.
«Мамандықты тап» деп аталатын сайыс кезеңінде екі топқа үлестірмелі кеспелерге жазылған мамандықтар таратылады. Осыған орай сол мамандық иелерінің кескін-келбетін ым-ишарамен рөлге ене отырып, көрермендерге көрсетіп, ал көрермендер дұрыс табуы керек.
«Дәрігерлер» тобына берілген мамандық иелері: БАНКИР, ДӘРІГЕР, ТРАКТОРИСТ, АКТЕР;
«Инженерлер»тобына берілген мамандық иелері:ҰШҚЫШ,МҰҒАЛІМ,БИШІ, СУДЬЯ;
Бұл кезең бойынша екі топта өздерінің әртістік қабілеттерін көрсетіп, көрермендермен жақсы жұмыс жасай білді.
«Келісемін, келіспеймін, дәлелде» атты пікір білдіру кезеңінде әр топ мүшелері берілген тұжырымдар қатары ішінен өздерінің келісетін және келіспейтін тұжырымдарын таңдап алып, ой-пікірлерін дәлелдейді. Бұл кезеңде де сайыскерлеріміз өз ойларын ашық, нақты әрі түсінікті ете отырып жеткізумен қатар өзіндік ой-пікірлерінің қалыптасқандықтарын көрсетті.
«Әріпті мамандық» кезеңінде екі топқа алфавиттің кез келген бір әрпі көрсетіледі және сол арада аталған әріптен басталатын мамандықтардың атауын атауы тиіс. Айталық, «Дәрігерлер» тобына «К» әрпі берілсе, «Инженерлер» тобына «С» әрпінен басталатын мамандықтарды атау тапсырылды. Бұл кезеңнің нәтижесі бойынша да екі топ бірдей тапқырлық, шапшаңдық көрсетті.
Сайыстың зияткерлік тапсырмалар кезеңінде сайыскерлерімізге мамандықтар мен өз мамандығын кәсіби тұрғыда игеруде биік нәтижеге жеткен танымал тұлғалар және анаграммалар түріндегі сұрақтар қойылды. Аталмыш сұрақтарға да екі топ мүшелері жақсы жауап беріп, өздерінің зияткерлік танымдарын көрсете білді.
«Әуезді мамандық» кезеңіндеәрбір топ техникалық құралдар арқылы қойылған танымал әндерден үзіндіні тыңдап, сол әндердің қай мамандыққа сәйкес келетіндігін және сол мамандықтың нақты аттарын атаулары тиіс еді. Осылайша сайыскерлерімізге байланыс, теміржол, әскери, әуе жолдары салаларының мамандары мен эколог, дәрігер, мұғалім, аспазшылық, почтальон, банкир, бухгалтер секілді мамандықтары туралы әндерден үзінді қойылды. Бұл кезеңде де екі топ мүшелері де әндердің қай мамандықтар туралы айтылғандықтарын немесе қай мамандыққа арналғанын дәл тауып, музыкалық жағынан да қабілетті екендіктерін көрсетті.
«Мен таңдаған мамандық» кезеңінде сайыскерлеріміз аталмыш тақырып бойынша әр топ өздері түсірген бейнероликтерін көрсету керек болатын. Осы орайда, «Дәрігерлер» тобы тігінші мамандығын насихаттау мақсатында тігін тігу кәсібінің қыр-сырын ашатын мазмұнды бейнеролик көрсетсе, ал «Инженерлер» тобы ұлағатты да, ұлы мамандық иесі – ұстаздық туралы қызықты да, мазмұнға толы бейнеролигін көрсетті.
Жалпы сайыс өте тартымды да тартысты өтті. Көрерменнің де, сайысқа сарапшылық еткен директордың бейінді істер жөніндегі орынбасары – Қожағұлова Гүлнар Қылышбекқызы мен тарих пәнінің мұғалімі- Қалиева Гүлбану Шариевнаның да көңілінен шыққан сайыс өз мақсатына жетті.
Сарапшылардың шешімімен екі топ та теңдей түсіп, арнайы дипломдармен марапатталды.
“Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында, яғни сендердің қолыңда, сондықтан олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді” деген Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сөзімен бүгінгі тренинг сабағымызды аяқтаймыз. Қатысқандарыңызға рахмет!!!
Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/239201-ctatja-na-temu-ksibi-badar-beruge-arnalan-
БЕСПЛАТНО!
Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)
Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.
- «Современные подходы к преподаванию астрономии в условиях реализации ФГОС ООО»
- «Содержание и методы психологической работы с детьми с ОВЗ и детьми с инвалидностью»
- «География и биология: применение педагогических технологий и методов обучения согласно ФГОС ООО от 2021 года»
- «Россия – мои горизонты»: особенности преподавания курса внеурочной деятельности в соответствии с ФГОС ООО и ФГОС СОО»
- «Программа воспитательной работы для организаций отдыха детей и их оздоровления: основные аспекты и особенности реализации»
- «Учитель-логопед в ДОУ: диагностика и коррекция речевых нарушений у детей дошкольного возраста»
- Содержание и организация тьюторского сопровождения в образовании
- Практическая психология. Методы и технологии оказания психологической помощи населению
- Педагогическое образование: Теория и методика начального образования
- Управление процессом реализации услуг (работ) в сфере молодежной политики
- Педагог-психолог дошкольной образовательной организации. Содержание и организация профессиональной деятельности
- Содержание и организация профессиональной деятельности педагога-дефектолога

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.