Охрана труда:
нормативно-правовые основы и особенности организации
Обучение по оказанию первой помощи пострадавшим
Аккредитация Минтруда (№ 10348)
Подготовьтесь к внеочередной проверке знаний по охране труда и оказанию первой помощи.
Допуск сотрудника к работе без обучения или нарушение порядка его проведения
грозит организации штрафом до 130 000 ₽ (ч. 3 статьи 5.27.1 КоАП РФ).
Повышение квалификации

Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014

Почему стоит размещать разработки у нас?
  • Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
  • Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
  • Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
Свидетельство о публикации
в СМИ
свидетельство о публикации в СМИ
Дождитесь публикации материала и скачайте свидетельство о публикации в СМИ бесплатно.
Диплом за инновационную
профессиональную
деятельность
Диплом за инновационную профессиональную деятельность
Опубликует не менее 15 материалов в методической библиотеке портала и скачайте документ бесплатно.
13.02.2017

Детский сад и семья как единое социальное пространство для ребёнка

Әмен
тәрбиеші
Детский сад и семья — это единое социальное пространство, фундамент для гармоничного развития ребенка. Эффективное взаимодействие между педагогами и родителями создает согласованную воспитательную среду, где дети чувствуют себя защищенными и понимаемыми. В материале раскрываются принципы построения доверительного партнерства, формы совместной работы и практические методы вовлечения семьи в образовательный процесс ДОУ. Это ключ к формированию у дошкольника целостной картины мира, социальных навыков и эмоционального благополучия.

Содержимое разработки

Балалар бақшасы және отбасы –бала үшін бірінші әлеумет

Балабақша және отбасы баланың ең жақын әлеуметтендіру ортасы. Осы ортада баланың өмірдің мақсаты, оның құндылықтары, не біліп, өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы мағлұматтар меңгеріледі және онда басқалармен қарым-қатынас орнатуға дағдыланады. Сөйтіп, өзінің «кім» және «қандай» екенін, басқалардың «кім» және «қандай» екенін тәжірбиеде сынап байқап көреді.Балар отбасында әртүрлі жағдаяттар мен төтенше ахуалдарда өзін ұстаудың нормаларын, мінез-құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді. Қазақстан Республикасының Конститутциясында «балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу — ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» деп, отбасының міндеті нақты көрсетілген.«Қазақстан-2030» бағдарламасында балаларымызды алыс болашақта қандай сапада көруіміз керектігі айтылған. Сонымен бірге, отбасы туралы заң жоғары және орта білім тұжырымдамасында әрбір отбасына өзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға қосу міндеті жүктелген.Қазіргі заманда отбасының құрылымы өзгеріп, оның мүшелер саны азайып, бала саны да кеми түсті. Қоғамдағы әлеуметтік, мәдени экономикалық жаңғырулар, әр түрлі сипаттағы әлемдік деңгейдегі ақпарат алмасу, отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас сипатына да өз әсерін тигізіп отыр.   Қазіргі аналардың көпшілігі жұмыс жасайтын болғандықтан бала уақытының көбін пассивті тәрбиешілермен өткізеді.  Бала тәрбиесі қалалық отбасына тән болып отырған келесі ерекшеліктерімен шартталған: балалардың көбісі күннен күнге ұлғайып отырған айырылысулардың нәтижесінде әкесіз немесе анасыз өседі; теледидар, жеке бөлме т.с.с. өркениеттің жетістіктері балалар мен олардың ата-аналарының арасындағы қарым-қатынас процесін қиындатады.

Отбасындағы ата - ана мен баланың қарым - қатынас нәтижесінде, адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесінің алғашқы үлгілері қалыптасады. Ал әке мен шеше - баланың алғашқы тәрбиешілері. Ата - аналар бала бақытының шынайы бағбаны болуы тиіс . Бала бақыты - білімде. « Білім бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не жасаса да келістіріп жасайдф », - дейді А. Байтұрсынов. Бүгінгі таңда болып жатқан өміріміздегі өзгерістерге байланысты ұстаздар мен ата - аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі арта түсуде. Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасының басым ролін мойындай отырып бірлесе жұмыс жасау керек. Әрбір ұстаз ата - аналармен қарым - қатынас жасауда түрлі тәсілдерді, қазіргі жаңа технологияларды пайдалана отырып, ата - ананың қызығушылығын арттыру мақсатында жұмыс жасаса, ата - ананың балабақшаға, тәрбиешіге деген көзқарасы өзгерер еді. Ата - аналармен жұмысты ұйымдастырудың негізгі мақсаты: Ата - ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту; Баланың бүгінгі жасаған қадамы ертеңгі тұлға қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту; Ата — аналармен жұмыс жасаған кезде бірізділік қағидасын басшылыққа алу; Ал міндеттері: Бала өміріне қолдау жасау, келешекте өз жемісін береді. Қоғам тарапынан көрсетілген қолдау, ата - ананың өміріндегі тұрақтылық пен болашаққа деген сенімін нығайтады. Қазіргі уақытта жұртшылықтың балаларды тәрбиелеуге қатысы кеңейе түсіп, тәрбие жұмысы еңбек ұжымының күнделікті ісіне айналуда тәрбиешілердің практикасында ата - аналармен және көпшілікпен бірігіп жұмыс істеудің әр түрлі формалары қалыптасып, жемісті түрде қолданылуда. Олар ата - аналармен жекелеп және ұжымдық жұмыстар жүргізді. Отбасы тәрбиесіндегі кездесетін сәтсіздіктер ата - аналардың пеадгогикалық сауатсыздығынан және оларда тәрбие жұмысын жүргізуге қажетті тәржірибенің жоқтығынан болады. Балаларды тәрбиелеудің дұрыс жолын табу үшін ата - аналарға көмектесу тәрбиешілердің міндеті . Ата - аналармен жүргізілетін жұмыс түрлерін қалай ұйымдастыруға болады? Ол үшін біз ата - аналармен жақынырақ танысып, отбасының әлеуметтік жағдайын, отбасы мүшелерінің бала тәрбиелеудегі ролін анықтау үшін, ата - аналардың ұсыныс - пікірлерін, ойын бөлісу мақсатында сауалнамалар, анкеталық сұрақтар алуымызға болады. Сонымен бірге жыл бойғы жүргізілетін жұмыс түрлерін ата - аналармен бірлесе отырып жасаған тиімді. Себебі, ата - аналар заман талабына сай өзекті мәселелерді, отбасы тәрбиесіне байланысты тақырыптарды өздері ұсына алады. Сонымен қатар ата - аналардың ұсыныс – пікірлермен санаса отырып ата - аналарға арналған әңгімелер мен лекциялар, консультациялар, сұрақ - жауап кештері, тәрбие жұмысын алмасу жөніндегі

конференциялар, ата - аналарды педагогикалық әдебиеттермен таныстыру әдіс - тәсілдері

қарастырылады. М. Әуезов « Қай істің болсын өнуіне үш түрлі шарт бар. Ең алдымен әуелі ниет керек, одан соң күш керек, одан соң тәртіп керек » . өмірлік тәжірибе ұлы жазушымыздың сөзінің құдіреттілігін байқатады. Отбасы мен балабақша арасындағы байланысты күшейтіп, бағытты жұмыс жүргізу, ұйымдастырылатын мерекелік іс - шараларға, ата - аналар және топ жиналыстарына ата –

аналарды тартудың қажеттілігі: Балаларда іс - әрекетті таңдаудың үлкен мүмкіндігі болады; Балалар маңызды жетістіктерге жете алады; Ұнайды; Балалар еліктеудің жаңа үлгісін алады; Ересектер мұғалім жұмысымен жақын танысып, оны бағалай біледі; Ата – аналар және басқа да ересектер мектепке оқыту философиясымен және оқу жоспарларымен танысады; Ата – аналар және отбасы мүшелері өздерінің бала тәрбиелеуге, оқытуға қатысы бар екендігін сезінеді, Тәрбиешілер ата - аналарға ақыл - кеңес беріп, ұсынылатын тыңдау барысында төмендегідей қарым - қатынас ережелерін есте сақтауы керек; Бір – біріне көңіл бөлу Тыңдау Сыйлау Көзбе – көз қарау Тиімді орынды таңдау әзілді сезіну ұрыс – керістен сақтану сияқты Сонымен қатар ата - аналарға тәрбиеші сөзі әсерлі, отбасы қажеттіліктеріне байланысты екендігін түсіндіріп толық тыңдату үшін; Сиқырлы сөздер айту; Баласының жетістігін айту Сенімді болу Көңіл - күйіне қарау Намысына тимеу Материал арқылы сөйлесу Қарапайымдылық Пікірін сыйлау Ата - аналармен жұмыс жүргізудің негізгі алғы шарттары Әрбір отбасының мықты жақтары болады, әр адам жақсы ата - ана болғысы келеді; Барлық отбасы көмекті қажет етеді, көмек түрі отбасының нақты қажеттіліктеріне байланысты болады; Ата – анамен жұмысты ұйымдастыру барысында ата - ананы, яғни отбасын тәуелді ету емес, оның қиыншылықтарды жеңу мүмкіндігін нығайтуды көздеу; * Баланың дамуы туралы ақпарат ата - аналарға бала тәрбиелеуде өз ролін жүзеге асыруға ықпал етеді; * Әрбір отбасы көрсетілген көмектің тиімділігіне көзі жеткенде ғана, қоғамдық жұмыстарға белсене араласады; * Тәрбиеші мен баланың оқуға деген қызығушылығын арттыру жолдарын түсіндіреді; * Ата - анамен баланың ортақ қарым - қатынастары жөнінде кеңес беру; « Таным » ата – аналар мектебінің жұмысымен танысу « Таным » ата – аналар мектебі Ата – аналар клубы « Балабақшадағы, отбасындағы топтағы кездесетін қайшылықты жағдайларды шешуге арналады» Тақырыптық кеңес « ата – аналарды психологиялық педагогикалық білім және тәжірибе жаңалықтарымен таныстыру, кеңес беру, ой қозғау, ой қорыту » Педагогикалық семинар « Отбасылық тәрбиенің әдіс - тәсілдеріне арналады. Семинарға тәрбиешілер де, ата – аналар да жан жақты дайындықпен қатысуы қажет» Шығармашылық кештер « Балабақша ішілік және топ ішілік болып, озық қабілетті, танымал ата - аналарды үлгі тұту, насихаттау мақсатында ұйымдастырылады» Топқа ата – аналарды тартудың қажеттілігі * Балаларда іс — әрекетті таңдаудың үлкен мүмкіндігі болады * балаларға маңызды жетістіктерге жете алады * балаларға отбасы мен балабақша байланысын сезіну ұнайды * тәрбиешіге балаларға жетекшілік жасау жеңілірек болады жекелеп оқыту мүмкіндігі туады * ата - аналар және отбасы мүшелері өздерінің балаларының оқытуға қатысы бар екендігін сезінеді * ата – аналар балабақшадағы оқыту - тәрбие жоспарларымен танысады Ата – анамен жүргізілетін жұмыс Жұмыс түрлері : • топішілік ата - аналар жиналысы • балабақшаішілік ата – аналар жиналысы • ата – аналармен жеке кездесу • ата – аналар үшін ашық есік күн • мерекелік кештерге шақыру • ата – аналарды тренинг ойындарға қатыстыру • отбасылық жарыстарға қатыстыру Негізгі міндеттері : * тәрбиешінің топ ата - аналармен құрамын зерттеуі * ата – аналармен тұрақты байланыс орнату * ата – аналар ұжымын құру * ата - аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып отыру .Отбасы — қоғамнын, бастапқы ұясы. Сондықтан мемлекет отбасына ерекше қамқорлықпен қарайды, мүмкіндігінше оған көмек көрсетеді, кімнің болмасын оған заңсыз араласуына жол бермейді. Демек, мемлекет те адамдарға, отбасына, белгілі мөлшерде талап та қояды.Отбасы  мен   балабақша   арасындағы   байланысты    күшейтіп,   бағытты   жұмыс   жүргізу,   ұйымдастырылатын  мерекелік   іс —  шараларға,  ата —  аналар  және   топ    жиналыстарына   ата —  аналарды  тартудың   қажеттілігі:

Свидетельство участника экспертной комиссии
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и закажите рецензию на методическую разработку.
Также вас может заинтересовать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ
БЕСПЛАТНО!
У вас недостаточно прав для добавления комментариев.

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.

 

Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)

Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.

Рекомендуем Вам курсы повышения квалификации и переподготовки