- Курс-практикум «Педагогический драйв: от выгорания к горению»
- «Формирование основ финансовой грамотности дошкольников в соответствии с ФГОС ДО»
- «Патриотическое воспитание в детском саду»
- «Федеральная образовательная программа начального общего образования»
- «Труд (технология): специфика предмета в условиях реализации ФГОС НОО»
- «ФАООП УО, ФАОП НОО и ФАОП ООО для обучающихся с ОВЗ: специфика организации образовательного процесса по ФГОС»
Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014
- Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
- Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
- Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
в СМИ
профессиональную
деятельность
Информатика алғырлары
Информатика алғырлары сайысы
Ойынның мақсаты: Оқушылардың информатика пәніне қызығушылығын арттыру, ой-өрісін және танымдық қабілетін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білу және өткенді жылдам еске түсіру дағдыларын қалыптастыру
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Мектебімізде өтіп жатқан информатика-физика, математика пәндері апталығына байланысты өткізгелі отырған «Информатика алғырлары» білім сайысына қош келдіңіздер! Олай болса бүгінгі білімділік сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.Сайысқа төрелік етуші әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.
____________________
____________________
____________________
Жарыс кезеңдері:
І. “Бәйге” (Сайыскерлерге 10 сұрақ қойылады.(Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі).
ІІ. “ Кім жылдам?” (Дұрыс жауапқа 5 ұпай).
ІІІ. “Адасқан әріптер” (Дұрыс жауапқа 5 ұпай).
ІV. “Тіл - өнер” (Жұмбақталып 10 жасырын сөз оқылады. (Дұрыс жауапқа 10 ұпай).
V. Марапаттау.
Барысы:
Кіріспе сөз
Мұғалім: ХХІ ғасырдың білімді, ойлы ұрпақтары, осы жоспарды болашақта іске асырушы, еліміздің экономикасына үлес қосушы сендерсіңдер деп білемін. Қазақстан болашағы – білімді ұрпағында. Ендеше, сендер болашаққа бүгін де өз үлестеріңді қосып, еңбек еткелі отырсыңдар. Сол еңбектеріңді, осы уақытқа дейін информатика пәнінен алған білімдеріңді ұшқыр ойларыңмен, шешендік тілмен өрнектеп ортаға саласыңдар. Сонымен сайысқа қатысушылар, бүгінгі “Информатика алғырлары» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Сайыста әрбір айналымнан сүрінбей, ойланып, нақты жауап берген топ қана “Информатика алғырлары” атына ие болады. Ойын 4 айналымнан тұрады.
Ал, келіңдер, келіңдер!
Біріңе-бірің еріңдер,
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қатысып қөріңдер – дей отырып, ойынымыздың «Бәйге» деп аталатын Ікезеңін бастайық. Бұл бөлімде ойыншыларға сұрақтар қойылады. Жауап нақты, тез болу керек. Қай оқушы қолындағы жалаушаны бірінші көтереді, сол ойыншы жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.
Ақпарат
Ақпараттық процестерді атаңыз.(сақтау, өңдеу, жеткізу).
«Ақпарат» сөзі латынның қандай сөзінен шыққан? (informatio)
Ақпарат қалай бағаланады? (түсінікті, дәл, толық, жаңа, пайдалы болуы керек)
Paint
Paint графикалық редакторының құралдар тақтасында неше құрал орналасқан. (16)
«Paint» қандай редактор? (графиктік)
Палитраның неше түсі бар? (30)
Әр түрлі
1. Сигнал деген не? (адамға немесе белгілі бір құрылғыға-ақпарат қабылдаушыға әсер ететін физикалық процесс)
2. Компьютердің негізгі құрылғылары? (пернетақта, монитор, жүйелік блок)
3. ЭЕМ-нің буындары және элементтік базалары (І-буын электрондық шамдар)
Ғалымдар
1. Компьютердің атасы (Чалрльз Бэббидж)
2. 19 жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасын жасап шығарған ғалым (Блез Пасклаь)
3. ХҮІІ ғасырдың басында логарифм түсінігін енгізген шотландық математик (Джон Непер).
ІІ. Мұғалім. «Кім жылдам?» атты бесінші кезеңімізді бастайық. Берілген торкөздердегі әріптерден кім жылдам және информатикаға қатысты атауларын табар екен?
М | К | А | К | О | М | П |
О | Н | К | С | Т | Н | Ь |
В | И | Т | У | Ы | А | Ю |
И | Т | О | Р | Ш | Қ | Т |
Р | П | С | К | А | Р | Е |
У | Е | Е | Т | Н | Е | Р |
С | Р | Н | А | Қ | Т | А |
Жауап: бұл жерде 7 информатикаға қатысты сөз жасырылған (МОНИТОР, КОМПЬЮТЕР, ВИРУС, КАКТУС, ПЕРНЕТАҚТА, СКАНЕР, ТЫШҚАН)
Мұғалім. Ойынымыздың IІІ кезеңі “Адасқан әріптер” бұл кезеңде информатикаға қатысты сөздер берілген. Осы адасқан әріптер арқылы дұрыс сөз құрастыру. Дұрыс жауапқа 5 ұпай.
Нимотор ----------- Монитор
Пьюромтек ------- Компьютер
Енрепатқат -------- Пернетақта
Лайф ---------------- Файл
Рльоукятакл ------ Калькулятор
Атқсуа -------------- Сақтау
Аэкторикелн ----- Электроника
Дңеөу -------------- Өңдеу
Нқтшаы-------------Тышқан
Мұғалім. “Тіл - өнер” аттыІVкезеңімізді бастайық. Бұл бөлімде жұмбақ беріледі.
Төртбұрышты әйнек,
Тұнып тұрған әлек. (монитор)
Ұзынтұра Жалқаубек,
Тұрмай ылғи жатады.
Қозғала қалса артынан,
Ешбір белгі қалмайды. (бос орын пернесі)
Бұтақ орнында мың бір инесі,
Компьютер жаны мекені (тікенекгүл)
Тетігін бассаң алаңсыз,
Жазады қалам, қағазсыз (пернетақта)
Батырмасын басасың
Қажетті файлды ашасың (тышқан)
Жақтаулар арқылы шектеледі
Бейнебетте төртбұрыш болып бейнеленеді.
(терезе)
Биологияда паразит,
Көзге зорға көрінер.
Информатикада өлшем бірлік,
Ақпаратты өлшер. (бит)
Әдетте үнсіз тұрамын
Белгі берсең ұғамын
Жазуы бар қағаздың
Құралы боп шығамын ( принтер)
Бар нәрсеге жетік
Миы күшті тетік
Ол арқылы сөйлесіп
Кетесің шетелге де өтіп. ( компьютер)
Мұғалім: Бүгінгі көріп тамашалаған «Информатика алғырлары» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Әділқазыларға сөз беріледі. Ойынның қорытындысы айтылып, оқушыларды марапаттау. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз!
Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/290899-informatika-alyrlary
БЕСПЛАТНО!
Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)
Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.
- «Профессиональная деятельность специалиста органов опеки и попечительства»
- «Обучение музыке в условиях реализации ФГОС НОО»
- «Профилактика вирусных инфекций и организация образовательного процесса в период эпидемий»
- «Учитель химии и биологии: современные методы и технологии преподавания по ФГОС ООО и ФГОС СОО»
- «Современные подходы к преподаванию информатики в общеобразовательной школе по ФГОС»
- «Обработка и защита персональных данных в образовательной организации»
- Мировая художественная культура: теория и методика преподавания в образовательной организации
- Обучение детей с ограниченными возможностями здоровья в общеобразовательной организации
- Организация инклюзивного образовательного процесса для обучающихся с ограниченными возможностями здоровья
- Менеджмент социальной работы и управление организацией социального обслуживания
- Инклюзивное образование: организация обучения детей с ограниченными возможностями здоровья
- Руководство и управление организацией дополнительного образования детей

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.