- Курс-практикум «Педагогический драйв: от выгорания к горению»
- «Труд (технология): специфика предмета в условиях реализации ФГОС НОО»
- «ФАООП УО, ФАОП НОО и ФАОП ООО для обучающихся с ОВЗ: специфика организации образовательного процесса по ФГОС»
- «Специфика работы с детьми-мигрантами дошкольного возраста»
- «Учебный курс «Вероятность и статистика»: содержание и специфика преподавания в условиях реализации ФГОС ООО и ФГОС СОО»
- «Центр «Точка роста»: создание современного образовательного пространства в общеобразовательной организации»
Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014
- Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
- Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
- Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
в СМИ
профессиональную
деятельность
Математикалық сауаттылықтан тест тапсырмалары
1. №1.Салыстырыңыз:А бағаны | В бағаны |
A) A=B B) A>B C) A<B D) шарт жеткіліксіз E) бірден анықталмайды
№2. Қай жерге текше қойылса фигура симметриялы болады?
A) C B) A C) B D) E E) D
3. Бір аптада кассадан киноға сатылған билеттер диаграммасы көрсетілген. Бір күнде 500 билет сату жоспарланған. Қай күндері жартысынан көп, бірақ 300-ден аспайтын билеттер сатылды?
A) сәрсенбі, бейсенбі B) сейсенбі, дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі C) сейсенбі, жексенбі D) дүйсенбі, бейсенбі E) дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі
4. Әсем пойыздың басынан есептегенде жетінші вагонға отырды. Мадина пойыздың соңынан есептегенде жетінші вагонға отырды. Сонда қыздар бір вагонда болды. Пойызда неше вагон бар?
A) 13 B) 15 C) 11 D) 12 E) 14
5. Гүлдананың осыдан үш жылдан кейінгі жасы осыдан үш жыл бұрынғы жасынан үш есе артық. Гүлдана қазір неше жаста?
A) 9 B) 6 C) 4 D) 10 E) 86.
6. Егер тәуліктің қалған бөлігі өткен бөлігінің 60%-ына тең болса, қазір сағат неше болатынын табыңыз.
A) 14 сағ B) 14 сағ 40 мин C) 15 сағ D) 7 сағ 20 мин E) 3 сағ
7. амалы кез-келген a мен b үшін орындалады. Төмендегі ұйғарымдардың қайсылары дұрыс?
A) №3, №2 B) №1, №2 C) №4, №2 D) №1, №3 E) №1, №4
8. Сымды 18 бірдей бөлікке бөлді. Егер сымды 12 бірдей бөлікке бөлетін болса, онда бөліктің ұзындығы 8 см-ге артады. Сымның ұзындығын анықтаңыз.
A) 312 см B) 272 см C) 288 см D) 256 см E) 264 см
9. Егер m станок тапсырманы p сағатта орындай алатын болса, онда сол тапсырманы m+2 станок қанша сағатта орындай алады?
10. Саматтың үйі мен тоғанның арасын қосатын жолдың жиегінде 17 ағаш өседі. Самат олардың кейбіреулерін қызыл таспамен мына ережеге сүйеніп белгіледі: тоғанға бара жатып ол бірінші ағашты, сонан соң әрбір екінші ағашты белгіледі. Үйге қайтып келе жатып, ол тағы да бірінші ағашты, сонан соң әрбір үшінші ағашты белгіледі. Белгіленбей қалған ағаштардың санын көрсетіңіз.
A) 7 B) 6 C) 5 D) 8 E) 4
11. Көк базарда салмағы бойынша екі қауын үш асқабаққа, ал үш асқабақ бір қарбызға тең болса, онда бір қарбыз неше қауынға тең екенін анықтаңыз.
A) 2 B) 3 C) 4 D) 5 E) 6
12. Кестеде байқау тестілеуіндегі математика пәнінен бес оқушының нәтижелері көрсетілген.
Оқушының аты | Ұпай саны |
Айдана | 21 |
Нәйлә | 23 |
Арыстан | 25 |
Диас | 22 |
Даниял | 19 |
Кестеге сәйкес келетін диаграмманы көрсетіңіз
A)
B)
C)
D)
E)
13. Футбол алаңындағы бір команданың ойыншыларының орташа жасы 29 жас. Бір ойыншыны ойыннан шеттеткеннен кейін қалған он ойыншының орташа жасы 30 жас болды. Шығып қалған ойыншының жасы нешеде екенін анықтаңыз
A) 28 B) 25 C) 20 D) 26 E) 19
14. А, В, С, D нүктелері бір түзудің бойында жатыр. АВ ара қашықтығы 100 см, АС арасы 12 см, ал В-дан D-ға дейін 35 см. D-дан С-ға дейінгі қашықтық 123 см болса, В-дан С-ға дейінгі ара қашықтықты табыңыз.
A) 88 см B) 112 см C) 51 см D) 135 см E) 75 см
15. Кестедегі мәліметтерді пайдаланып, тік бұрышты параллелепипедтің көлемін табыңыз.
Ұзындығы, см | Ені, см | Биіктігі, см | Көлемі, см3 |
12 | 3 | 7 |
A) 250 см3B) 254 см3 C) 253 см3 D) 252 см3 E) 256 см3
16. Сызбадан белгісіз бұрыштың градустық мәнін табыңыз.
A) 90º B) 30º C) 50º D) 40º E) 20º
17. Кітап беттері 559 цифрмен нөмірленген. Егер кітап беттері оның үшінші бетінен бастап нөмірленсе, кітапта барлығы неше бет болғаны?
A) 222 B) 225 C) 224 D) 221 E) 223
18. Балауса мен Жансезім төмендегі тоғыз санды өзара бөлісіп алды:1, 3, 7, 8, 9, 11, 14, 25, 32Әркім өзіне төрт сан алды және бір сан артық қалды. Балаусаның сандарының қосындысы Жансезімнің сандарының қосындысынан үш есе көп болса, артық қалған санды анықтаңыз.
A) 3 B) 11 C) 14 D) 8 E) 9
19. Сымнан қабырғасы 16 см тең қабырғалы үшбұрыш құрастырылды. Егер осы сымды жазып, одан квадрат жасаса, онда оның ауданын табыңыз.
A) 144 см2 B) 100 см2 C) 81 см2 D) 36 см2 E) 64 см2
20. 5, 8, 4 және 1 төрт цифрымен жазылған ең үлкен және ең кіші төрт таңбалы сандардың айырмасын табыңыз.
A) 4393 B) 7056 C) 4356 D) 7083 E) 4383
21. Сандар белгілі бір заңдылықпен берілген.Жетінші орындағы санды табыңыз:
22. Сандар белгілі бір заңдылықпен берілген. Бесінші санды табыңыз:22; 202; 2002; ...
A) 20002 B) 200000 C) 200002 D) 22000 E) 20000
23. Сыныпта математикадан 10 есептен құралған олимпиада өткізді. Әрбір дұрыс шығарылған есеп үшін 5 ұпай қосылатын, ал әрбір қате шығарылған есеп үшін 3 ұпай алынып тасталатын. Оқушылардың біреуі барлық есепті шығарып (дұрыс немесе қате) 26 ұпай жинады. Ол қанша есепті дұрыс шығарғанын анықтаңыз.
A) 5 B) 8 C) 6 D) 7 E) 4
24. Ұлы 7 жаста, әкесі 31 жаста. Неше жылдан соң әкесінің жасы ұлының жасынан үш есе артық болатынын анықтаңыз.
A) 3 B) 7 C) 6 D) 4 E) 5
25. Төменде берілген фигуралар тізбегіндегі 15-ші орында қандай фигура тұрғанын анықтаңыз.
26. Ребустағы әріптердің орнына тиісті цифрларды тауып, F+E-D=? өрнегінің мәнін табыңыз.
A) 9 B) 8 C) 12 D) 7 E) 6
27. өрнегінің барлық мүмкінмәндер жиынын табыңыз.
28. 10 тонна кірпішті үш фирманың біреуінен алу қажет. 1 кірпіштің салмағы – 5 кг. Төмендегі кестені пайдаланып, ең арзан сатып алуға қанша ақша төленетінін анықтаңыз.
Фирма | 1 кірпіштің бағасы (теңгемен) | Жеткізу бағасы (теңгемен) | Жеңілдіктер |
Кірпіш-1 | 48 | 9000 | Жоқ |
Кірпіш-2 | 51 | 7500 | 100000 теңгеден артық сомаға сауда жасаса, жеткізу тегін |
Кірпіш-3 | 55 | 6500 | 125000 теңгеден артық сомаға сауда жасаса, жеткізуге 50% жеңілдік |
A) 105000 теңге B) 113250 теңге C) 102000 теңге D) 110000 теңге E) 96000 теңге
29. Сызбадағы zº және kº мәндерін салыстырыңыз.
30. Кестені пайдаланып, Диас жеңіл машинасының жазғы доңғалақтарын қысқыға айырбастау (доңғалақты теңестіруді қоса есептегенде) үшін қанша ақша жұмсайтынын анықтаңыз.
Атқарылатын қызмет түрі | Бағасы |
Доңғалақты алып-салу | 150 теңге |
Доңғалақтың шинасын айырбастау | 300 теңге |
Доңғалақты теңестіру | 400 теңге |
A) 2550 теңге B) 3400 теңге C) 850 теңге D) 4000 теңге E) 1700 теңге
31. Дене шынықтыру сабағында бір топ оқушының 100 м қашықтықты жүгірген уақыт кестесі берілген. Уақыттың өзгеріс ауқымын табыңыз.
Оқушылардың аттары | Жүрген уақыты (секунд есебімен) |
Назерке | 14,1 |
Меруерт | 18,2 |
Әлихан | 15,5 |
Әлішер | 16,2 |
Әлібек | 22,4 |
Сәкен | 16,2 |
A) 8,3 с B) 17,1 с C) 16,8 с D) 14,1 с E) 13,8 с
32. Екі санның қатынасы 2 : 3 қатынасына тең. Егер бірінші санға 10 санын қосса, осы екі санның қатынасы 4 : 5 қатынасына тең болады. Осы сандарды табыңыздар.
A) 25; 75 B) 50; 75 C) 100; 125 D) 30; 45 E) 75; 100
33. Аманкелді қыры 3 дм ағаш кубты көк түске бояп, оны қыры 1 дм болатын кубтарға бөлді. Қыры 1 дм болатын кубтардың нешеуінің екі жағы ғана боялғанын анықтаңыз.
A) 24 B) 12 C) 8 D) 6 E) 1
34. Сызбадан белгісіз бұрыштың градустық мәнін табыңыз.
A) 125° B) 155° C) 145° D) 135° E) 115°
35. Төбелері суреттегі A, B, C, D, E, F, G, H нүктелері болатын неше үшбұрыш бар екенін анықтаңыз
A) 64 B) 48 C) 56 D) 60 E) 52
36. Қораптың ішінде 12 сары түсті және 12 көк түсті қаламдар бар. Қораптың ішіне қарамай, бір-бірінен өзгеше түсті екі қалам шығару үшін ең кемінде қанша қалам шығару керектігін табыңыз.
A) 24 B) 13 C) 2 D) 3 E) 11
37. Шардың радиусы 20%-ға арттырылды. А және В бағандарын салыстырыңыз.
А | В |
Шар беті ауданының пайыздық өзгеруі | Шар көлемінің пайыздық өзгеруі |
A) A=B B) берілген мәліметтер жеткіліксіз C) A>B D) A<B E) 2A=B
38.
39. Әкесінің жасы баласының жасынан 5 есе үлкен. Жеті жылдан кейін әке мен баланың жастарының қосындысы 74-ке тең болса, онда әкесінің қазіргі жасын анықтаңыз
A) 40 B) 52 C) 48 D) 32 E) 50
40. Арман 120 беттен тұратын кітапты 15 күн оқыды. Ол бірнеше күн күніне кітаптың 6 бетін, ал қалған күндері күніне кітаптың 11 бетін оқыды. Арман неше күн күніне кітаптың 6 бетін оқығанын табыңыз.
A) 8 B) 6 C) 10 D) 7 E) 9
41. Астана қаласына қыдырып келген Әмір төмендегі кестені пайдаланып, екі күнге автомобильді жалға алу үшін ең тиімдісін (арзанын) есептеп алды. Егер Әмір күніне 100 км жүрген болса, онда қанша ақша төлегенін анықтаңыз.
Автомобиль тұтынатын жанармай | 1 л жанармайдың бағасы (теңгемен) | Әр 100 километрге жұмсалатын жанармай (литрмен) | 1 тәулікке жалға алу бағасы (теңгемен) |
Дизель | 108 | 5 | 19500 |
Бензин | 125 | 11 | 18500 |
Газ | 55 | 16 | 19000 |
A) 39700 теңге B) 39760 теңге C) 38970 теңге D) 39720 теңге E) 39750 теңге
42. K және M нүктелері ABCD тіктөртбұрышының AC диагоналын бірдей үш кесіндіге бөледі
A) шарт жеткіліксіз B) AB C) A>B D) A<B E) A=B
43. Сабақтан кейін үшінші сыныптың оқушылары мұражайға барды. Мұражай кіреберісінде мұғалім оқушыларды үш қатармен сапқа тұрғызды. Ералы, Ибрагим, Әли үшеуі әр сапқа қатар тұрды да өздері алдынан санағанда 7-ші, артынан санағанда 5-ші қатарда тұрғанын білді. Мұражайға қанша оқушы барғанын табыңыз.
A) 30 B) 33 C) 35 D) 36 E) 24
44. А және В бағандарын салыстырыңыз.
А | В |
20 санының бөлгіштерінің саны | 20 санының 130 санынан кіші еселіктерінің саны |
A) берілген мәліметтер жеткіліксіз B) A>B C) A < B D) A=B E) A=B+2
45. 5...4...6...3 сандарының арасына «+», «×», «‒»амалдарыбірретқанақолданылыпқойылды.Өрнектіңнәтижесіболаалмайтынсандыкөрсетіңіз.
A) 26 B) 23 C) 19 D) 17 E) 21
46. Сызбадан белгісіз бұрыштың градустық мәнін табыңыз.
A) 45° B) 25° C) 55° D) 65° E) 35°
47. Суретте берілгендер бойынша сұрақтың орнына қойылатын санды табыңыз.
A) 90° B) 45° C) 18° D) 20° E) 180°
48. Асықтар екі дорбаға салынған. Бірінші дорбадағы асықтар екінші дорбадағы асықтардың жартысынан 5 асық артық. Екінші дорбадағы асықтар бірінші дорбадағыдан 10 асық артық. Екінші дорбада қанша асық бар екенін анықтаңыз.
A) 20 B) 30 C) 24 D) 32 E) 36
49. Егер 11r = 3r – 24 және болса, және болса, r · s көбейтіндісін табыңыз:
A) – 4,2 B) 3 C) – 3,4 D) – 2,8 E) 5
50. 1, 3, 7, 15, ... тізбектің жетінші мүшесін табыңыз.
A) 255 B) 127 C) 113 D) 32 E) 63
51. «Астана-Павлодар» жолаушылар пойызы Астанадан 29 маусым күні 22 сағ 45 минутта шығып, Павлодарға 30 маусым күнгі 6 сағ 50 минутта келді. «Астана-Павлодар» жолаушылар пойызы Астанадан Павлодарға дейін қанша уақыт жолда болғанын анықтаңыз.
A) 7 сағ 55 мин B) 7 сағ 50 мин C) 8 сағ 50 мин D) 7 сағ 5 мин E) 8 сағ 5 мин
52. Суретте таразы тепе-теңдікте орналасқан болса, өрнегінің мәнін табыңыз.
A) 6,2 B) 5,3 C) 6,3 D) 7,1 E) 4,5
53. Тік төртбұрыштың ұзын қабырғасына квадрат салынған. А және В бағандарын салыстырыңыз.
А | В |
Квадраттың периметрінің сан мәні | Тік төртбұрыштың ауданының сан мәні |
A) A<B B) A<B C) берілген мәліметтер жеткіліксіз D) 2A=B E) A=B
54. саны қандай цифрмен аяқталатынын анықтаңыз.
A) 6 B) 1 C) 7 D) 3 E) 9
55. Марат және Жанат кітап сатып алғылары келді. Маратқа 70 теңге керек, ал Жанатқа 10 теңге керек. Олар кітапты бірігіп сатып алмақшы болды, бірақ ақшаларын қосқанда да жетпеді. Кітаптың бағасы бүтін сан болса, оның бағасын табыңыз.
A) 60 тг B) 50 тг C) 40 тг D) 70 тг E) 35 тг
56. ABCDEF алтыбұрышы аудандары көрсетілген екі квадрат пен екі үшбұрышқа бөлінген. ABCDEF алтыбұрыштың периметрін табыңыз.
A) 64 см B) 68 см C) 50 см D) 60 см E) 72 см
57. Осыдан үш жыл бұрын ағасы мен қарындасының жастарының қосындысы 12 жас болды. Жеті жылдан кейін олардың жастарының қосындысы неше жас болады?
A) 30 B) 27 C) 22 D) 25 E) 32
58. Ұзындығы 63 м сымның бірнеше метрі қиылып алынды. Сымның қиылып алынған бөлігі, оның қалған бөлігінің жартысынан 3 есе кем. Сымның қиылып алынған бөлігінің ұзындығын анықтаңыз.
A) 51 м B) 18 м C) 12 м D) 54 м E) 9 м
59.
60. Саяхатшы моторлы қайықпен дүйсенбі күні сағат 12-де өз саяхатын бастады да, 100 сағат саяхаттап қайта оралды. Ол қай күні неше сағатта қайтып келген?
A) Сенбі күні сағат 16:00-де B) Сәрсенбі күні сағат 04:00-де C) Бейсенбі күні тал түсте D) Жұма күні сағат 04:00-де E) Жұма күні сағат 16:00-де
61. Амина 4 жаста, оның апасы Назеркенің жасы одан 3 есе үлкен. Назеркенің жасы Аминадан 2 есе үлкен болған кезде, Амина қанша жасқа толады.
A) 12 B) 10 C) 8 D) 16 E) 9
62. Cуреттегі үйдің жоспарын пайдаланып, осы үйдің жалпы ауданын анықтаңыз.
A) 74 м2 B) 76 м2 C) 75 м2 D) 72 м2 E) 70 м2
63. Әсемнің сағаты әрбір бір сағатта 4 секундқа қалып қалады. Әсемнің сағаты бір тәулікте қанша уақытқа қалып қалатынын анықтаңыз.
A) 1 мин 36 с B) 48 с C) 1 мин 12 с D) 1 мин 24 с E) 1 мин 48 с
64. Сұрақ белгісінің орнындағы санды табыңыз.
A) 1 B) 3 C) 2 D) 6 E) 4
65. Тік бұрышты параллелепипедтің бір төбесі ортақ үш жағының аудандары: 35 см2, 21 см2, 15 см2. Тік бұрышты параллелепипедтің көлемін табыңыз.
A) 205 см3 B) 105 см3 C) 145 см3 D) 245 см3 E) 125 см3
66. Сандар белгілі бір заңдылық бойынша орналасқан. Сұрақ белгісінің орнындағы санды табыңыз.
3 | 2 | 15 |
4 | 6 | 30 |
5 | 9 | ? |
A) 45 B) 42 C) 50 D) 41 E) 40
67. өрнегінің мәні:
A) – 2 B) – 1 C) 1 D) 2 E) 0
68. Отбасында екі қыз бар. Олардың әрқайсысының үш інісі бар. Отбасында ең аз болғанда неше бала бар?
A) 6 B) 2 C) 5 D) 8 E) 3
69. Төрт таяқтың 8 ұшы бар. Бес жарым таяқтың неше ұшы бар екенін анықтаңыз.
A) 11 B) 10 C) 14 D) 12 E) 7
70. (2001 + 2002 + 2003 + . . . + 2016) – (1 + 2+ 3 + . . . + 15)
A) 32016 B) 32001 C) 8001 D) 8000 E) 32000
71. Қанша үштаңбалы санның цифрлары (орналасу реті бойынша) геометриялық прогрессия құрайтынын анықтаңыз.
A) 4 B) 6 C) 1 D) 3 E) 8
72. 5-ке бөлінетін үш таңбалы сан нешеу?
A) 90 B) 300 C) 180 D) 200 E) 100
73. Үсен мен Майра бір үйдің балалары және үйде олардан басқа да балалар бар. Үсеннің неше ағасы болса, сонша қарындасы бар. Ал Майраның ағаларының саны сіңлілерінің санынан екі есе артық. Отбасында неше бала бар?
A) 5 B) 6 C) 4 D) 7 E) 3
74. Қызыл, жасыл, көк, сары түсті шарлардың барлық саны 123. Қызылдан басқа шарлар саны 94, жасылдан басқа шарлар саны 81, көктен басқа шарлар 89. Сары шарлар саны-М, көк шар саны-К болса
A) M = 20, K = 34 B) 2M < K C) 3M = 2K D) M = K – 16 E) М>K
75.
A) L B) Q C) N D) M E) P
76. 30%-ы 60 санының 90%-ын құрайтын санды табыңыз. A) 162 B) 180 C) 54 D) 16,2 E) 18
77. Неше бөренені 18 рет кескенде, олардан 25 бөлік алынатынын анықтаңыз. A) 8 B) 9 C) 10 D) 6 E) 7
78. Толқын және оның ата-анасы, бәрі бір күнде, 1 қаңтар күні туылған. 2015 жылдың қаңтарында Толқын анасынан 6 есе кіші болды, ал 2016 жылдың қаңтарында әкесінен 6 есе кіші болды. Әкесі анасынан неше жас үлкен екенін анықтаңыз.
A) 3 B) 5 C) 2 D) 4 E) 6
79. Суреттегі берілгендер бойынша сұрақтың орнына қойылатын санды табыңыз.
A) 90° B) 180° C) 45° D) 18° E) 20°
80. Жиырма төрт спортшы дөңгелек үстелді айнала бір-бірінен бірдей ара қашықтықта отыр. Олар отырған орындары бойынша 1-ден 24-ке дейін нөмірленген. 9-шы спортшыға қарсы отырған спортшының нөмірін анықтаңыз. A) 23 B) 21 C)19 D) 22 E) 20
81. 8; 23; 48; 83; 128; . . . сан тізбегі берілген. Келесі санды анықтаңыз. A) 173 B) 143 C) 153 D) 163 E) 183
82. Егер a – b = 2 және a2 – b2 = 28 болса, онда a мен b мәні
A) a = 8, b = 6 B) a = 6, b = 4, C) a = 4, b = 6, D) a = 6, b = 8, E) a = 7, b = 5,
83. Сұрақ белгісінің орнындағы санды табыңыз.
A) 28 B) 42 C) 56 D) 63 E) 49
84. Кестеде әр жылдардағы Шкода және Шевролет автомобильдері бағаларының графигі берілген. Тік осьте көліктің бағасы, көлденең осьте жылдар көрсетілген. Жыл бойы екі автомобильдің де бағалары 4000000-нан кем емес болған жылдарды көрсетіңіз
.
A) 2009ж., 2010ж., 2011ж., 2012ж. B) 2009ж., 2010ж., 2011ж. C) 2009ж., 2009ж. D) 2011ж.,2012ж. E) 2009ж., 2010ж., 2012 ж.
Жауаптары:
1) B 2) A 3) C 4) A 5) B 6) C 7) E 8) C 9) B 10) D 11) A 12) A 13) E 14) A 15) D 16) D 17) A 18) C 19) A 20) D 21) A 22) C 23) D 24) E 25) E 26) A 27) 28) C 29) A 30) B 31) A 32) B 33) 34) C 35) A 36) C 37) C 38) A 39) E 40) E 41) B 42) E 43) A 44) 45) A 46) D 47) C 48) B 49) D 50) B 51) E 52) B 53) B 54) B 55) D 56) D 57) E 58) E 59) E 60) E 61) C 62) B 63) 64) C 65) B 66) B 67) С 68) C 69) D 70) A 71) C 72) 73) D 74) D 75) A 76) B 77) E 78) E 79) C 80) B 81) E 82) A 83) C 84) C
Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/291019-matematikaly-sauattylytan-test-tapsyrmalary
БЕСПЛАТНО!
Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)
Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.
- «Основы обучения иностранному языку»
- «Нормативно-правовое обеспечение деятельности школьного учителя-логопеда»
- «Содержание деятельности специалиста по работе с семьей»
- «Семьеведение: содержательные и методические основы преподавания в соответствии с ФГОС СОО»
- «Эстетическое воспитание в образовательной организации: содержание и методы работы со школьниками»
- «Преподавание физики по ФГОС ООО и ФГОС СОО: содержание, методы и технологии»
- Педагогика и методика преподавания истории
- Учитель-наставник. Организационно-методическое сопровождение профессиональной деятельности педагогов
- Оказание социально-психологической помощи: психологическое консультирование и психологическое сопровождение населения
- Теория и методика преподавания русского языка и литературы в образовательных организациях
- Деятельность няни в рамках социального обслуживания населения: теоретические и практические основы
- Тифлопедагогика: обучение и воспитание детей с нарушениями зрения

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.