- Курс-практикум «Педагогический драйв: от выгорания к горению»
- «Формирование основ финансовой грамотности дошкольников в соответствии с ФГОС ДО»
- «Патриотическое воспитание в детском саду»
- «Федеральная образовательная программа начального общего образования»
- «Труд (технология): специфика предмета в условиях реализации ФГОС НОО»
- «ФАООП УО, ФАОП НОО и ФАОП ООО для обучающихся с ОВЗ: специфика организации образовательного процесса по ФГОС»
Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014
- Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
- Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
- Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
в СМИ
профессиональную
деятельность
Мен өмірді сүйемін
Тәрбие сағатының тақырыбы: Мен –өмірді сүйемін!
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың өмірге деген құштарлығын , қызығушылығын ояту. Өмірдің мәні туралы ой пікірлерін ортаға салдыру, өмірге жақсы көзқараспен қарауға, қадірлей білуге , өмірді бағалай білуге тәрбиелеу, өмірден өз орындарын таба біліп , айналасына қуаныш сыйлай білуге үйрету.
Қанатты сөздер:
Өмір деген – бұйым емес қолдағы, Өмір дейтін – ұлы бекет жолдағы.
М.Мақатаев
«Өмір –теңіз,өтіп кетем демеңіз,
Ізгіліктен жаралмаса кемеңіз»
Рудаки
«Өмірдің қызығын көрудің бір-ақ жолы бар, батыл болып, жеңілістер мен ауыртпалықтардан қорықпау»
ДЖ.Неру
«Әрбір таңғы қуаныш - өмірге шаттық сыйлайды»
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
Кіріспе сөз: Мұғалім сөзі:
Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар мен ұстаздар!
Шаттық шеңбері: Жүректен-жүрекке
Топқа бөлу: Түрлі-түсті геометриялық фигуралар арқылы
Бүгінгі кездесуімізді Тұманбай Молдағалиев ағамыздың өлеңімен ашқым келіп отыр.Ал, сіздер осы өлеңде ақын ағамыз не жайлы жырлағанын мұқият тыңдап отырсаңыздар.
Акерке:
Адам күліп қарсы алады таң нұрын
Адам жырлап жөнелтеді әр күнін
Сәл қайғырса , ол ұғына түседі
Дүниенің кеңдігі мен тарлығын
Адам күліп қарсы алады таң нұрын
Адам жырлап ұзартады әр күнін
Сәл қуанса , шығарады ол естен
Дүниенің кеңдігі мен тарлығын!
Бұл өлеңде не жайлы жырлаған ? Әрине, өмір жайында .Ендеше бүгінгі біздің ашық тәрбие сағатымыз «Мен өмірді сүйемін!» деп аталады.
Пікірталас сұрақтары:
1. Өмір дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Өмірдің мәні неде деп ойлайсыңдар?
3. Өмір адамға несімен қымбат?
Міне осы сұрақтарға сіздердің берер жауаптарыңыз қандай болмақ? Сөз кезегі өздеріңізде.
Жандос:
Өмір дегеніміз – адам баласының туған күнінен , осы күнге дейінгі жүрген жолы. Өмір былайша алып қарағанда төрт-ақ әріптен тұратын сөз. Алайда осынау сөзге қаншамаұғым сыйып жатыр десеңізші. Оның әрбір мезеті сынақтан тұрады. Қиындық пен қуаныш кезектесіп жетіп отырады.
Адия:
Адам өмірге бір рет келеді, бір рет кетеді. Сол келіп кеткен кезінде көп нәрсені білесің, үйренесің. Бір сөзбен айтқанда өмір- ол емтихан секілді. Емтиханды өткіздің бақыт құшағына бөленесің. Тапсыра алмадың бағың ары қарай өзі шешеді. Өмірді бір жағынан ұзын жіп секілді деп қарауға да болады. Бір жерін үзіп алсаң жалғап қоясың.
Ақжібек:
Өмір деген – Алланың берген сыйы. Өмірдің ащы да, тәтті де кезеңдері болады. Бұл кезеңдерді жеңе білу керек. Адамзат өмірге келген соң өмірін қалай болса солай өткізбеуі тиіс. Яғни адам саналы , жарқын, өмір сүруі тиіс.
Диас:
Адал өмір сүру керек, яғни өтірік айтпау керек, ұрлық жасамау керек. « Ұрлық түбі қорлық» дегендей , жақсыға әуес болу керек.
Алмас:
«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деген мақал бар. Сол мақалды ұстанымға алып, жақсы адамдардан үлгі алу керек.
Рысбек:
Ата-анамызды құрметтеп, олардың айтқан ақылдарын тыңдауымыз керек. Олар біз үшін барлық жақсылықты жасайды емеспе!
Айжан:
Білім алуымыз қажет. « Оқу –білім бұлағы Білім өмір шырағы»
Эльвира:
Жа
Сынып: 5 «А»

Өмір дегенді қалай түсінесіңдер?
Өмірдің мәні неде деп ойлайсыңдар?
Өмір адамға несімен қымбат?

Жалқау болмауымыз керек. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»
Жанайым:
Әдепті болуымыз керек. «Әдепті кім сақтайды, әркім оны мақтайды» дегендей жаман сөздер айтудан аулақ болуымыз қажет.
Айболат:
Біз бір-бірімізбен төбелеспей дос болуымыз қажет.
Жансая:
Біз өмір сүріп жатқан Отанымызды жақсы көруіміз керек.
Алан:
Жасы үлкен адамдарды сыйлауымыз қажет.
Мұғалім сөзі:
Жарайсыңдар балалар. Жауаптарыңа көп-көп рахмет!
Біз алланың бізге берген үлкен сыйы-өмірімізді жақсы көруіміз керек.Ендігі кезекті қыздарымыздың биіне берейік.
«Қосалқа» қазақ биі (Айша,Анель)
Өмір жайлы тақпақтарымызға берейік:
Аружан:
Өмір,Өмір! Өмірдің мәні қандай?
Қайратыңды жігерге жанығандай
Жүріңдер бұл өмірде қол ұстасып
Достықтарың жарасып дәл осылай
Шыдамдыны мына өмір ұнатады
Бірде қуантып , бірде ол жылатады
Сүріндіріп кейде сені құлатады
Жылатып тұрып жұбатады
Дұшпандарға кейде сені сынатады,
Қатал тағдыр бірақта шыдатады,
Мына өмір бірақта қымбат әлі,
Еркебұлан:
Өмір деген тұрмайды : қап-қарадан
Өмір деген тұрады: ақ- қарадан
Ақ –Қара, екі арасын ашып өтіп
Арымен өз бақытын тапқан Адам!
Каусар:
Балалық шақ - балғын шақ, Өмірдің өзі болашақ Балалық шақ шектеулі, Ойнайтын кезде асыр сап. Қайта оралып келмейтін, Балалық шақтың қызығы. Мектеп те қайта келмейді, Қоңыраудың сыңғыры. Балалықтың шаттығы Ештеңеге жетпейді. Үлкен болып өскенше Ол жаныңнан кетпейді. Гүлім: 1.Өмір деген ойын да емес,той да емес,Басқалардан биік тұрар бой да емес.Өмір деген шахмат емес шатасқан,Өмір деген ұта қояр дойбы емес.Айым: 2.Өмір оны келе жатыр дәлелдеп,Өмір деген - еңбек, еңбек және еңбек.Өмір деген бақыттың да құсы емес,Қарап жатсаң,қона қалар саған кеп. Мадина: Бақ мекеннен барша жұрт тыныс алып Бақ мекенде қанша жұрт туысады, Достасады алдында ұлы іс алып. Сен - ерліктің мекені шынықтырған
Анель:Жапырақ-жүрек жас қайың!Жанымды айырбастайын.Сен адам бола бастасаңМен қайың, бола бастайын.Келісесің бе, жас қайың?Өміріңді маған бір берші!Дүрбелең мына дүниені,Адам көзімен бір көрші.Қайың боп мен де бағайын,Орманнан орным табайын.Беймәлім маған өмірге,Қайың көзімен қарайын.Мұғалім сөзі : Каусардың орындауында «Күй»Мұғалім сөзі:Өмір деген тұрмайды : қап-қараданӨмір деген тұрады: ақ- қараданАқ –Қара, екі арасын ашып өтіпАрымен өз бақытын тапқан Адам!
Дей келе келесі кезекті кіші-гірім бейнероликке береміз
Бұл көрінісіміздің мақсаты : оқушыларды кең пейілді азамат болуға, бауырмалды болуға, адамдарды бір-бірін бауырына тарта білуге, қамқорлық көрсетуге үйрету.
Мұғалім сөзі :
Адияның орындауында
Мұғалім сөзі:
Акерке: «Алма ағашы» аңызын тыңдау
Постер
Қорытынды сөз: Міне, өмір, бақыт дегеннің не екенін манадан талдадық олай болса «Адам боп оңай туғанмен , Адам боп қалу көп қиын» деп Қадір Мырзалиев атамыз айтқандай сіздердің бүгінгі кештен не түйгендеріңізді және осы күнге тілектеріңізді тыңдағым келіп тұр.
Олай болса, мен сіздерді мына ұранмен өмір сүруге шақырамын
Біз өмірді сүйеміз!
Бақытты өмір сүреміз!
Біз бәріміз біргеміз!
Сөз соңында «Адамды өмір үйретеді, үйретпесе күйретеді» дегендей,
«Өмірдің қызығын көрудің бір-ақ жолы бар батыл болып, жеңілістер мен ауыртпалықтардан қорықпау» дегім келеді.
Біз баққытымыз , себебі біз тәуелсіз мемлекетте өмір сүреміз!
Келесі кездескенше сау болыңыздар!
Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/291140-men-mirdi-sjemin
БЕСПЛАТНО!
Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)
Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.
- «Особенности социальной работы с людьми, затронутыми ВИЧ-инфекцией»
- «Применение технологий искусственного интеллекта в современном образовательном процессе»
- «Педагог профессионального обучения, среднего профессионального образования: специфика работы в контексте реализации ФГОС СПО и профессионального стандарта»
- «Физическое развитие детей дошкольного возраста в условиях реализации ФГОС ДО»
- «Обучение на дому: особенности организации образовательного процесса»
- «Нормативно-правовое обеспечение работы социального педагога образовательного учреждения»
- Руководитель специальной (коррекционной) школы. Менеджмент в образовании
- Теория и методика преподавания географии в образовательной организации
- Образовательные технологии и методики обучения основам безопасности жизнедеятельности
- Педагогика и методика преподавания мировой художественной культуры
- Методист дошкольной образовательной организации. Педагогика и методика дошкольного образования
- Подготовка детей к обучению в школе: содержание и организация работы с детьми

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.