Охрана труда:
нормативно-правовые основы и особенности организации
Обучение по оказанию первой помощи пострадавшим
Аккредитация Минтруда (№ 10348)
Подготовьтесь к внеочередной проверке знаний по охране труда и оказанию первой помощи.
Допуск сотрудника к работе без обучения или нарушение порядка его проведения
грозит организации штрафом до 130 000 ₽ (ч. 3 статьи 5.27.1 КоАП РФ).

Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014

Почему стоит размещать разработки у нас?
  • Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
  • Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
  • Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
Свидетельство о публикации
в СМИ
свидетельство о публикации в СМИ
Дождитесь публикации материала и скачайте свидетельство о публикации в СМИ бесплатно.
Диплом за инновационную
профессиональную
деятельность
Диплом за инновационную профессиональную деятельность
Опубликует не менее 15 материалов в методической библиотеке портала и скачайте документ бесплатно.
02.04.2018

Внеклассное мероприятие «Ақылшылар»

Иргибаева Сауле Жукеновна
учитель казахского язака
СЫНЫПТАН ТЫС ШАРА: «Ақылшылар»
Мақсаты: Оқушылардың әр пән бойынша алған білімдерін тексере отырып,
білім – білік дағдыларын байқау, ақыл-ой өрісін жан-жақты
дамыту.
Ана тілін сүюге, аталы сөзді түсінуге үйрету. Елін, жерін
қастерлеп, қорғауға тәрбиелеу.
Түрі: интеллектуалдық сайыс
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, өз ойларын жеткізу, қорғау, көрнекілік

Содержимое разработки

СЫНЫПТАН ТЫС ШАРА: «Ақылшылар»

Мақсаты: Оқушылардың әр пән бойынша алған білімдерін тексере отырып,

білім – білік дағдыларын байқау, ақыл-ой өрісін жан-жақты

дамыту.

Ана тілін сүюге, аталы сөзді түсінуге үйрету. Елін, жерін

қастерлеп, қорғауға тәрбиелеу.
Түрі: интеллектуалдық сайыс

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, өз ойларын жеткізу, қорғау, көрнекілік

Көрнекілігі: слайдтар

Барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Жаңа сабақ: Мұғалімнің сөзі:

- Бармысыздар,
Болашақтың бастауы,
Балғын шақты балалар!
Қазір сіздер осы уақытқа дейін алған білімімізді көрсететін «Бастауыш Біліктісі» атты интеллектуалды ойынымызды тамашалайсыздар.
Ал, келіңдер, келіңдер,
Біріңе – бірің еріңдер,
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер!
(Ойынға қатысушы оқушыларды ортаға шақырамыз).

Осы аралықта алған білім дәрежемізді өлең – жыр, жұмбақ, мақал – мәтелмен өрнектеп барымызды ортаға салайық. Біліміміздің артып, санамыздың өскенін, сөз байлығымыздың молайғанын көрсетейік.
«Бастауыш біліктісі» атты интеллектуалды ойынымыз 5 бөлімнен тұрады.
1. «Бәйге»
2. «Тіл өнер»
3. «Ғажайып төрттік»
4. «Тапқырлық»
5. «Жорға
»
Сайысқа қатысатын оқушыларға сәттілік!
1 – бөлім: «Бәйге». Бұл бөлімде 20 сұрақ қойылады. Сол сұраққа ең бірінші қол көтерген оқушы жауап береді. Дұрыс жауапқа 10 балл.
1. Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар?
2. Ең кіші бір таңбалы сан?
3. Сұйық зат?
4. «Қызыл түсі»-қалай аударалады?

5. Қыстың бірінші айы?

6. Бір сағатта неше минут бар?
7. Тудың түсі?
8. Қар қай мезгілде түседі?
9. Қазақстан Республикасының президенті?
10. Көктемнің бірінші айы
11. Бала оқытатын адам
12. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі
13. Балалар сөзіне қандай сұрақ қойылады?
14. Жемістер қай мезгілде піседі?
15. Қазақстан Республикасының астанасы?
16. Екі өркешті жануар?
17. Алфавиттің ең бірінші әрпі?
18. Жаяу жүргінші бағдаршамның қай түсі жанғанда жүреді?
19. Бүгін аптаның қай күні?
20. Жеңіс күні?

Ұпайы аз 2 оқушы ойыннан шығады.
2 – бөлім: «Тіл өнер»

Бұл турда оқушыларға 14 сұрақ қойылып, дұрыс жауапты екі тiлде яғни, қазақ, орыс тілдерінде айтады. Дұрыс жауапқа 10 ұпайдан қосылады.
1. Қолымды 4 алма,
Табақта 4 алма,
Барлығын қосқанда
Болады неше алма? Жауабы: бес – пять 
2. Әкеңнің анасы саған кім болады? Жауабы: әже – бабушка 
3. Сылдыр сұйық, су емес,
Iшсең шөлiң қанады.
Ақ болса да, қар емес.
Шешуiн кiм табады ? Жауабы: сүт – молоко 
4. Аң патшасы? Жауабы: арыстан – лев 
5. Жылы киім тон
“Т” алып тастап
Не деп айтқан жөн? Жауабы: он – десять 
6. Бетін адам ашады,
Білім нұрын шашады. Жауабы: кiтап – книга 
7. Білімнен мол сый – асы,
Балғындардың ұясы. Жауабы: мектеп – школа 
8.Қыста ғана болады, ұстасаң қолың тоңады. Қар-снег

9.Аппақ қардай тоны, күдірейген жоны,

Көзі қызыл моншақ, білесің бе оны? Қоян-заяц
10. Тіл ұшында уы бар
Ол не екенін біліп ал. Жауабы: жылан – змея 
11. Тәтті жеміс? Жауабы: алма – яблоко
12. Он асықтың үшеуін
Досың сұрап алады.
Айтшы, сонда нешеуі,
Өз қолыңда қалады? Жауабы: жеті – семь 
13. Бұл кім?
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған? Жауабы: ана – мама
14.Жазудан бір жалықпаған, жаза-жазаарықтаған. Мел-бор
Ұпайы аз 2 оқушы ойыннан шығады.
Сергету
сәті


3– бөлім: «Тапқырлық»
Бұл турда оқушыларға бір сөз беріледі сол сөзден бірнеше сөз құрастыру қажет.(16 сөз)
Уақыты 1 минут.

Қ А З А Қ С Т А Н
Қаз, ақ, қазақ, ас, ат, ана, зат, нақ, сақ, сақа, тана, сана, қас, қан, тас, Астана.
Ұпайы аз 1 оқушы ойыннан шығады.
5 – бөлім: «Жорға»
Бұл турда ұпайы көп қалған екi оқушыға жеке-жеке 1 минутта 10 сұрақ қойылып, дұрыс жауапқа 10 баллдан ұпай жинайды.
1 – оқушы
1. 35 саныңда неше ондық бар? (3 ондық)
2. Қарға сөзінде неше буын бар? (2 буын, қар – ға)
3. 10 + 8 өрнегінің мәні нешеге тең? (18)
4. Суда еритін заттар? (Қант пен тұз)
5. Тау сөзіндегі у дыбысы қандай дыбысқа жатады? (Дауыссыз)
6. 5 ондық, 9 бірлік нешеге тең? (59)
7. Қазақстан Ресубликасының мемлекеттік тілі? (Қазақ тілі)
8. Мұз бен қар судың қандай күйіне жатады? (Қатты күйі)
9. Қа...бақ көп нүктенің орнында қандай әріп қойылады? (ң)
10. Бұл қандай бұрыш? (Тік бұрыш)
2 – оқушы:
1. 45 саныңда неше ондық бар? (4)
2. Домбыра сөзінде неше буын бар? (3 буын, дом – бы – ра)
3. 30 + 8 өрнегінің мәні нешеге тең? (38)
4. Суда ерімейтін заттар? (Құм мен саз)
5. Ту сөзіндегі у дыбысы қандай дыбысқа жатады? (Дауыссыз)
6. 7 ондық, 8 бірлік нешеге тең? (78)
7. Топырақтың ең басты қасиеті? (Құнарлылығы)
8. Кіта.. . көп нүктенің орнында қандай әріп қойылады? (п)
9. Қазақтың тұңғыш ғарышкері? (Тоқтар Әубәкіров)
10. Бұл қандай бұрыш? (Сүйір бұрыш)

Мұғалім: «Бастауыш біліктісі» марапаттау.
Бастауышта оқиды,
Ойға білім тоқиды
Бұлар бізден жалындар
Ертеңгі ірі ғалымдар
Алдыңда ұзақ жолың бар,
Оқумен өсіп толыңдар
Қиындыққа мойымай
Аман – есен болыңдар.

Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/306308-vneklassnoe-meroprijatie-aylshylar

Свидетельство участника экспертной комиссии
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и закажите рецензию на методическую разработку.
Также вас может заинтересовать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ
БЕСПЛАТНО!
У вас недостаточно прав для добавления комментариев.

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.

 

Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)

Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.

Рекомендуем Вам курсы повышения квалификации и переподготовки
Курсы повышения квалификации