- Курс-практикум «Педагогический драйв: от выгорания к горению»
- «Формирование основ финансовой грамотности дошкольников в соответствии с ФГОС ДО»
- «Патриотическое воспитание в детском саду»
- «Федеральная образовательная программа начального общего образования»
- «Труд (технология): специфика предмета в условиях реализации ФГОС НОО»
- «ФАООП УО, ФАОП НОО и ФАОП ООО для обучающихся с ОВЗ: специфика организации образовательного процесса по ФГОС»
Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014
- Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
- Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
- Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
в СМИ
профессиональную
деятельность
Әлеуметтік педагог және оның мектептегі рөлі
Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы,
Аймақ негізгі мектебінің әлеуметтік педагогы
Шарипова Динара Кошкарбаевна
Баяндама тақырыбы: «Әлеуметтік педагог және оның мектептегі рөлі»
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы
Ұстаз болу – жүректің батылдығы
Ұстаз болу – өмірдің күн шуағы
Азбайтұғын адамның асылдығы
Ғ.Қайырбеков
Бүгінгі таңда ұрпақ алдында «Қазақстан – 2030 бағдарламасындағы» , «Барлық Қазақстандықтардың өсіп – өркендеу қауіпсіздігі мен әл – ауқатының артуы» деген мерзімдік міндетті үшінші мыңжылдықта іске асыру жауапкершілігі тұр.Еліміздің болашағы, ұлтымыздың ертеңі мектеп қабырғасында білім алатын жас ұрпақтың саналы ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты .Сондықтан да егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әртүрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз барлық іс-әрекетінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын тани алатын жеке тұлғаны қалыптастыру ісіне ерекше мән берілуде. Ендеше, мектеп оқушыларының дүниетанымын кеңейтуде , оқу танымдық белсенділігін арттырып, білім ,біліктерін жетілдірудің қоғамдық мәні зор деген сөз.Әрбір адамға жақсы маман болып қалыптасуы үшін білім,тынымсыз еңбек,өзіне деген сенімділік, мақсатына жетуге деген ерік-жігер,тиянақтылық сияқты қасиеттер қажет.Әлеуметтік ұстаз – бала қамқоршысы.Оның ұстаздық өнері бала үшін барлығын өзі істеу емес,керісінше қандай да болмасын қызметке баланы қызықтырып баулу.Әлеуметтік ұстаз -тәрбиеленуші жасөспірімге қоршаған ортаны танып білуге көмектеседі.Бала тәрбиесі өз заманына қарай өзгеріп отырады.Соның нәтижесінде әр заманның жеке бір тұлғасы өз несібесімен қалыптасады.Қазақстанның ертеңгі болашағы – бүгінгі білімді ұрпақты тәрбиелеу ісінде басқа да ұстаздар сияқты әлеуметтік ұстаздың атқарар үлесі зор.Қоғамға, мектепке керек бұл мамандықтың қыр-сыры,қызмет ерекшелігі жан-жақтылықты талап етеді.Ең алдымен жалпы білім беретін мектептердегі әлеуметтік ұстаз жұмысына арқау болатын негізгі обьектілерін анықтауы керек.Әлеуметтік ұстаз жұмысының осындай кең ауқымдылығына байланысты маман сан қырлы, жан-жақты болуы керек.Әлеуметтік педагог- өзінің негізгі жұмыс бағытын оқушылардың сабақтан бос уақытын тиімді пайдалану мәселесімен айналысады.Олар ата-аналармен бірлесе отырып,мектептен тыс көптеген қызықты жұмыстар жүргізе алады. Оқушылардың сабақтан тыс уақыттағы іс-әрекеттері әлеуметтік педагогтың үлесіне тиеді. Алдымен әлеуметтік педагог әрбір өскелең жас адамға ақылшы,ұстаз,ұйымдастырушы, психолог,тәрбиеші,үйлестіруші- әдіскер олардың әлеуметтік құқықтарын қорғаушы болуға тиіс.Әлеуметтік педагогтың жұмыс обьектілері оқушылар мен ата- аналар ғана емес , сонымен қатар ,әртүрлі жастағы адамдар,клубтар,секциялар,топтар және қоғамдық бірлестіктер.Мұндай ортада барлығы өздерін еркін ұстайды,тәуелсіз сезінеді.Сондықтан да бұл ортада жұмыс істеп,оқушының бос уақыттағы тәрбиесін дұрыс ұйымдастыру қиын да күрделі жұмыс.Біліктілігі жоғары маман ретінде әлеуметтік педагогтар,сондай-ақ баланы әлеуметке бейімдеудің жалпы,ауқымды мәселелерімен қатар тиісті мекемелерде балалар тамағына бөлінген қаржының дұрыс жұмсалуын бақылау, интернат типті тәрбие орындарында гуманитарлық көмекте әділ болуы,т.б. сияқты жеке мәселелерді шешеді.
Әлеуметтік педагогтың жұмысының негізгі мақсаты – оқушылардың дамуын,тәрбиесін, білім алуын әлеуметтік тұрғыдан қорғау.Әлеуметтік педагогтың негізгі жұмысының бастысы алға мақсат қоюдан басталады.Өскелең ұрпақты заман талабына сай тәрбиелеу, тұлғаның бойына жауапкершілікті,өз отанына деген міндет – борышын атқаруға,оның гүлденіп,өркендеуіне атсалысуына үйрету,өз тіліне,өзіне
сүйіспеншілігін қалыптастыру, үлкенді сыйлап,кішіге қамқор көрсету,табиғатты аялауға ықпал ету.Жалпы айтқанда осының бәрі ауыл жасөспірімдерінің өнегелі қасиеттерін қалыптастыру мен азаматтық тәрбиелердің негізінде жүріп отырады. Бүгінгі таңда ауыл мектептерінде әлеуметтік педагогтардың аса қажеттілігі туындап отырғандығы мәлім.Әлеуметтік педагог ауыл мектептерінде тек мектеп оқушыларымен ғана емес білім процесіндегі ересектерге де дағдарыс жағдайынан және қиын ситуация- лардан шығу жолдарын көрсетеді.Мектебіміздегі атқарылған жұмыстарға келер болсам, әлеуметтік педагогтың жұмыс жоспары құрылды.Жоспар негізінде жұмыстар жасақталып отырды.Мектеп оқушыларының тізімі жасалынды. « Балаларға жылулық сыйла » республикалық акция аясында « Қамқоршы күніне » байланысты, « Отан – отбасынан басталады » ( фотогалерея ) , « Әркімге жүрек жылуы » ( концерт ) , « Жанашырлыққа жан риза » ( дөңгелек үстел ) , « Қайырымдылық – қайтымды іс » ( көрме ) , « Спорт – денсаулық кепілі » атты танымдық шаралар өткізілді.Аз қамтылған отбасы балаларының материалдық жағдайы зерттеліп,зерттеу актісі толтырылды.Сынып жетекшілерімен бірлескен түрде 1-11 сынып оқушыларының зерттеу картасы жасақталды.Мектептің әлеуметтік паспорты жасалынды.Отбасы мен мектептің арасындағы ынтымақтастық- бұл ортақ мақсатқа негізделген нәтиже болып табылады.Бұл жұмыс ең алдымен отбасын жүйелі,әрі жан-жақты зерттеуден ,отбасы тәрбиесін ерекшеліктері мен жағдайын ескеру- ден басталады.Аз қамтылған отбасы ата-аналарынан « Сіз қандай тәрбиешісіз ? » атты сауалнамалар алынды.Мектептегі көпбалалы ,аз қамтылған отбасының балаларын ауылдық ,аудандық әкім шыршаларына қатыстырылды.5.01-10.02 аралығында «Қайырымдылық » акциясы өткізілді.Оқумен қамтылмаған балаларды анықтау мақсатын- да сынып жетекшілермен бірлесе отырып, мөлтекаудандарды аралап, сабаққа бармай отырған балалардың жоқ екендігі анықталды.Көп балалы, аз қамтылған, толық емес отбасы балаларының тізімі жаңадан жасақталынды.Жоғары сынып оқушыларының арасында « Қайырымдылық – имандылық белгісі » ( дөңгелек үстел), « Жақсылық жасауға асығамыз » ( концерт ) өткізіліп оқушылар белсенділікпен қатыса білді. « Мен бақытты баламын » атты шығармалар жазылып жинақталды.Қорыта келгенде айтарым , әлеуметтік педагог ауқымды көлемде жұмыстар жүргізе білуі тиіс.Ол үшін әлеуметтік педагог нормативтік-құқықтық заңдарды,іс-құжаттарды дұрыс түсініп,игере білуі керек. Бала жанын түсініп,оның құқығын қорғау әрбір әлеуметтік педагогтың басты міндеті десек те болады.Мақсат-айқын,міндет-біреу : ел еңсесін еселеу жолында аянбай еңбек етіп,білімнің алтын қазығын игеру.Олай болса, Елбасының мығым әрі мықты ,сындарлы да, салиқалы саясатын қолдай отыра, ел игілігі үшін бар күш-жігерім мен білімімді сала бермекпін.
БЕСПЛАТНО!
Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)
Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.
- «Особенности организации занятий адаптивной физической культурой для студентов»
- «Особенности работы психолога в социальной сфере»
- «Содержание деятельности социального педагога образовательной организации»
- «Организация воспитательно-образовательного процесса в дошкольном учреждении в условиях реализации ФГОС»
- «Основы сурдопедагогики»
- «Основы профессиональной деятельности учителя-дефектолога (олигофренопедагога)»
- Музыкальное развитие и воспитание в дошкольном образовании
- Содержание и организация деятельности учителя-логопеда в дошкольной образовательной организации
- Теория и методика преподавания музыки в образовательных учреждениях
- Психолог в сфере образования: организация и ведение психолого-педагогической работы в образовательной организации
- Предшкольная подготовка в условиях преемственности дошкольного и начального общего образования
- Педагогическое образование: теория и методика преподавания физики

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.