Охрана труда:
нормативно-правовые основы и особенности организации
Обучение по оказанию первой помощи пострадавшим
Аккредитация Минтруда (№ 10348)
Подготовьтесь к внеочередной проверке знаний по охране труда и оказанию первой помощи.
Допуск сотрудника к работе без обучения или нарушение порядка его проведения
грозит организации штрафом до 130 000 ₽ (ч. 3 статьи 5.27.1 КоАП РФ).

Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014

Почему стоит размещать разработки у нас?
  • Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
  • Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
  • Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
Свидетельство о публикации
в СМИ
свидетельство о публикации в СМИ
Дождитесь публикации материала и скачайте свидетельство о публикации в СМИ бесплатно.
Диплом за инновационную
профессиональную
деятельность
Диплом за инновационную профессиональную деятельность
Опубликует не менее 15 материалов в методической библиотеке портала и скачайте документ бесплатно.
18.05.2018

Біз мектепке барамыз!

«Біз мектепке барамыз!»
Мақсаты: Балалардың мектепалды даярлық сыныбында алған білімдерін тиянақтау. Ой –өрісін жан-жақты дамыту. Ертеңгілік өткізу арқылы өнер білімге деген қызығушылығын арттыру. «Біз мектепке барамыз» ертеңгілігін өте қызықты етіп ұйымдастыру және ұйымшылдықпен қатыстыра білу.
1.Жүргізуші:
Қымбатты ата – аналар, қонақтар бүгін біздің бүлдіршіндерімізді мектеп табалдырығына шығарып салғалы отырмыз. Әрине бұл да үлкен той, тойларыңыз құтты болсын! Кәнекей кішкентай түлектеімізді тағы да бір қошеметтеп бір қол соғып қояйық.

Содержимое разработки

«Біз мектепке барамыз!»
Мақсаты: Балалардың мектепалды даярлық сыныбында алған білімдерін тиянақтау. Ой –өрісін жан-жақты дамыту. Ертеңгілік өткізу арқылы өнер білімге деген қызығушылығын арттыру. «Біз мектепке барамыз» ертеңгілігін өте қызықты етіп ұйымдастыру және ұйымшылдықпен қатыстыра білу. 
1.Жүргізуші:

Қымбатты ата – аналар, қонақтар бүгін біздің бүлдіршіндерімізді мектеп табалдырығына шығарып салғалы отырмыз. Әрине бұл да үлкен той, тойларыңыз құтты болсын! Кәнекей кішкентай түлектеімізді тағы да бір қошеметтеп бір қол соғып қояйық.

Құрметті ата-аналар, қонақтар бүгін біздің кішкентай түлектеріміз тойымызды театрлық өнерлерімен бастайды. « Мақта қызбен мысық»-ертегісін тамашалаңыздар.

Мақта қыз бен мысық.

Бұл екеуі дос болып жүреді. Мақта қыз үйін жинап жүріп бір мейіз тауып алады да, мысықты шақырады. Мысық келмейді.

Қыз: «Келмесең,келме!» -деп мейізді өзі жеп қояды. Жеп болған соң, мысық келіп:

-Неге шақырдың? -деп сұрайды. Мақта қыз айтпайды.

Сонан соң мысық:

-Ендеше, қатығыңды төгем!-дейді.

-Мен құйрығыңды кесіп аламын!-дейді Мақта қыз. Мысық қатықты төгеді. Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады.

-Апа, апа, құйрығымды берші! -дейді мысық.

-Менің қатығымды төле! -дейді Мақта қыз.

Мысық сиырға барады.

-Сиыр, сиыр, маған қатық берші! -дейді.

Сиыр:

-Менің қарным ашып тұр. Маған жапырақ әкеліп берші,- дейді.

Мысық ағашқа барып:

-Ағаш, ағаш, жапырағыңды берші! -дейді.

-Мен шөлдеп тұрмын. Су әкелсең, жапырақ беремін,- дейді ағаш.

Мысық суға бара жатса, су әкеле жатқан қыздарды көреді.

-Қыздар,қыздар, маған су беріңдерш!-дейді.

Қыздар оған:

-Бізге сағыз әкеліп берсең, біз саған су береміз, -дейді.

Мысық дүкенге барады.

-Әй, дүкенші, маған сағыз берші!-дейді.

-Маған жұмыртқа бер, -дейді дүкенші.

Мысық тауыққа барады.

-Тауық, тауық, маған жұмыртқа берші!-дейді.

-Бізге жем әкеліп берсең, біз саған жұмыртқа береміз,- дейді.

Мысық «Енді қайттім?»-деп бара жатса, ін қазып жатқан бір тышқанды көреді. Мысық тышқанды бас салды.

-Жаныңның барында айт, үйіңде не бар?-дейді.

Тышқан қорыққанынан:

-Үйімде бір табақ тарым бар,-дейді.

-Маған бір уыс тары бер! -дейді мысық.

Тышқан үйіне барып, бір уыс тары әкеліп береді. Мысық тарыны тауыққа апарып береді, тауық жұмыртқа береді, жұмыртқаны апарып дүкеншіге береді. Дүкенші сағыз береді, апарып сағызды қыздарға береді. Қыздар су береді, суды апарып ағашқа береді, ағаш жапырағын береді. Жапырақты апарып сиырға береді. Сиыр қатығын береді. Қатықты апарып Мақта қызға береді. Мақта қыз мысықтың құйрығын қайтарып береді.

(Аншлаг- презентация,фотография и видео).????????? Собрать

Кіру: Вальс –әуеніне. Музыку надо.??????

1.Жүргізуші:

Алдыңдағы балалар 
Мектепке кетіп барады 
Тақпақ айтып бір – бірден 
Қимай кетіп барады- дей отырып 
ортаға балаларымызды өз тақпақ өлеңдерін айтуға шақырамыз 

Тақпақтар: 
1 Құрметті тәрбиешілер мен ата-аналар Раяна

Кез келді сіздерден ақ бата алар 
Ұл қыздарын көрсетпекші өнерін 
Бар қауым тамсана таңдай қағар. 

3 Ақ тілекті ағытып бір тастайық  Аружан
Қоштасатын кешімізді біз бастайық 
Жүздеріңнен көркем шаттық арайын 
Болсын солай әр бір күнің, әр айың 
Ұлылықты ардақ тұтар үнемі 
Алтын ұя ақ босаға киелі 
Қанат қақтың білім алып өзіңнен 
Күллі бала басын саған иеді. 

4 Ботақаным бөбек деп  Анеля
Еркелеткен ұл қызын 
Анамызды ерекше 
Қуантатын күн бүгін 
Өсті міне бойымыз 

Өсті міне ойымыз 
Қуанышқа ортақпыз 
Құтты болсын тойымыз. 

5 Қызық күндер өткіздік.  Алижан
Мектеп ұя бағында. 
Көп оқыдық, көп білдік. 
Ел мен Отан жайында. 

6 Ана тілін ардақтап  Жантөре
Ата салтын біз көрдік. 
Сурет салып, ән жаттап. 
Оқып- жазып үйрендік. 

7 Оқимыз білім аламыз  Салтанат
Болашақ жолын саламыз 
Мектеппенен қоштасып 
Біріншіге барамыз 

Мерекеде сызылтып ән саламыз  Томирис
Ән айтып би де билеп жан саламыз 
Бұл ұлы мерекеде ән салғанда 
Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады. 

Би «Самбо» Томирис
Жүргізуші:

 
Ән: «Домбырасыз ән кайда---------»  Сымбат 
Көнілді әүенімен Білім Ханшайым келеді 
Білім ханшайымы: 
-Сәлеметсіздерме балалар, қонақтар! 
Бөбек еді ол рас 
Кіп кішкентай кешегі 
Бүгін міне азамат 
Болды бәрі деседі 
Әріп танып сурет салып 
Жаттықтырды қолдарын 
Мектебіне шығарып сап 
Тілейін ақ жолдарын!!! 

(Киім ауыстыруға керек Аяулым,Аружан, Анеля)
Жүргізуші: Сәлеметсізбе Білім Ханшайымы! Балалар амандасайық! 
Балалар амандасады 
Білім ханшайымы: Құрметті де сүйікті балалар, 
сіздерді мектепке барардағы 
дайындықтарынызды білгім келіп тұр, мен сендерге 
Алтын Кілтімді алып келдім, ол кілт білім 
ордасына апарады, бірақ сендер менің тапсырмамды 
орындауларың керек. 
Білім ханшайымы: бірінші тапсырма математика пәніне 
байланысты. 
0..........10 дейін ретімен санау және кері санау. 
Математикалық есептер: 
Аулада бес үйрек, 
Қорада үш үйрек. 
Бір үйрек тығылды, 
Бір үйрек жығылды. 
Қалғаны неше үйрек? (6) 
Бес алманың үшеуін, 
Досың сұрап алады. 
Айтшы сонда нешеуі 
Өз қолыңда қалады? (2) 
Бір-бірімен жарысқан, 
Бір аю, бір арыстан. 
Екі қоян, үш түлкі, 
Бәрі нешеу ойлан сен? (7) 
Бір қоянның екі құлағы бар, 
Екі қоянның неше құлағы бар? (4) 
Табақта 5 алма, қолымда 2 алма, 
Барлығын қосқанда, болады неше алма? (7) 
Ойын: Сандарды ретімен орналастыр 
3 2 7 5 6 4 9 10 8 1 

Жүргізуші: Бір кішкене дем алып қыздардың өнерлерін көрейік. Аяулым, Анеля, Аружан.
Білім ханшайымы: Екінші тапсырма сауат ашу пәніне байланысты. 
1. .Дыбыстар нешеге бөлінеді? 
2. Дауысты дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз? 
3. Дауыссыз дыбыстарды ше? 
4. Сөздердібуынғабөліпоқыпбер. 
(Бо-та, қа-ла, да-ла, ай-на, ба-ла, ма-ши-на, ба-ла-пан, са-ғат, мы-сық ) 
5. Мақал-мәтелкімайтады? 
Ойын: «Сөз ойла,тез ойла» 

Ән: «Ақ анам ------- Салтанат.
Білімханшайымы:Үшінші тапсырма сұраққа жауап беру. 
1.Біз қай елде тұрамыз? «Отан», «Қазақстан» 
туралы жаттаған өлеңдерің бар ма? 

Хордың орындауында : «Қайзақстаным Отаным»
2.Қай қалада тұрамыз? 
3. Мектебіміздің аты қалай аталады? 
4. ҚР рәміздерін кім атап береді? Дайындау керек?????????????
5. Неше жыл мезгілі бар?
 
6. 1 аптада неше күн бар? 
Ж а р а й с ы ң д а р б а л а л а р ! Өте жақсы! 
Білім Ханшайымы: Енді балаларға Алтын Кілті берейін!!! 
Сол уақытта Карлосон жүгіріп кілті алып алады. 
Карлосон: үйретіп үйретіп әбдәң есімін шығарды, 
сендердің білімдерің ешкімге керегі жоқ. 
Білім Ханшайымы:Карлосон неге сіз біздің 
мейрамызды бұзасыз? 
Карлосон: Қайдағы мейрам ха-ха-ха! 
Білім ханшайымы: Ия сенбейсіз ғой, балалар бізде 
қандай мейрам? 
Балалар: Мектепалды даярлық тобымен қоштасу. 
Карлосон: ойбай-ойбай!!! Мектепалды даярлық тобымен қоштасу 
екен оларда,қарашы оларды қандай қу болып алған. 
Жүргізуші: Карлосон балалармен амандасаншы 

Карлосон: Неге мен амандасамын, олар қоштасады ғой, 
менде олармен қоштасамын. 
Балалардың қулақтарын ұстап қоштасады 
Карлосон: ҚОШ, ҚОШ 
Әнді орындайды 
Ешкім мені жақсы көрмейді 
Менімен де дос болмайды, 
Ұялы телефонға ызвандамайт 
Неге мені жақсы көрмейді. 
Мендей жақсы ағай жоқ, 
Мендей мейірлі адам жоқ 
Мен сендерге варенье беремін 
Тек мені жақсы көріндер 
Жүргізуші: Карлосон сіз қоштаспаныз бізбен, оданда 
балалардың бәріне арналған биді көрініз

Би: «Жалқаубек» 

Білім Ханшайым: менің сұрақтарыма жауап бере аласыңдар ма,?

Білім Ханшайым: кай жыл мезгілінде мектепке барасыңдар?
Карлосон: Ойййй..... көктемде,?
Балалар:--------------Күзде

 Білім Ханшайым:Бүгін аптаның нешінші күні?
Карлосон: аптаның үшінші күні? 
Балалар:--------------- Жұма

 Білім Ханшайым: Оқу құралдарын салуғу не керек?
Карлосон: Оқушының сөмкесі? 
Балалар:------------- Портфель. 

 Білім Ханшайым: жақсы 
Ал ертегілерді білесіндер ме? 
1. Қасқыр жейді.............. ҚЫЗЫЛ ТЕЛПЕК 
2. Қарлығаш........... ҚАРЛЫҒАШ ПЕН ДӘҮІТ 
3. Тышқан жүгіріп, қуйрыгымен ......ШҰБАР ТАУЫҚ 
4. ТҮЛКІ ЖЕП ҚОЯДЫ............БАУЫРСАҚ
Білім ханшайымы: қалай екен біздің балалар? 
Карлосон: Өте жақсы. 
Жүргізуші: Ал біздің балалар саған: « Аққу арман» әнін  Аяулым
орындап береді 
Ән: « Аққу арман»
Білім Ханшайымы: Ойын «Кім жылдам сөз айтады» 
Шарты: Ортаға әр түрлі әріптер тасталады, балалар музыка тоқтағанда әріптердің үстіне тұра қалады, сол әріпке сөз айтады. 
Білім ханшайымы:Енді келісі ойын: «Ия, ия» «Жоқ, жоқ» ойынын ойнайық. 
1. Мектепке біз барамыз ба? 
2. Кілең бестік аламыз ба? 
3. Айтқан тілді аламыз ба? 
4. Ақылды бала боламыз ба? 
5. Нан жеймін деп жылаймыз ба? 
6. Ертеңгісін тұрамыз ба? 
7. Сабақ та отырып ұйықтаймыз ба? 
8. Ойыншықтармен ойнаймыз ба? 
9. Екі алғанда жылаймыз ба? 
10. Оқушы біз боламыз ба? 
Карлосон: Ой балалар апаларың да, мамаларың да шаршайды ғой, 
бармаңдар мектепке не керек? 
Білім ханшайымы: Олай болса ата – аналармен де «Ия, ия» «Жоқ, жоқ» 
ойының ойнайық. 
1. Балаңызға әрқашан тірек сіз бе? 
2. Сабақ оқып, есепке сіз жүйрік сіз бе? 
3. Тамағын уақытылы бересіз бе? 
4. Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз бе? 
5. Сериал көріп жатасыз ба? 
6. Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба? 
7. Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба? 
8. Сен оқыт, мен оқып шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба? 
9. Балаңыз үшін балаларды соғасыз ба? 
10. Бала үшін асулардан асасыз ба? 
Ән: «-------» Ағылшын тілінде
Жүргізуші: Балаларымыз көңілді 
Шақырамыз ортаға 
Тойымызға сән беріп 
Би билейік тамаша 
Кешіміздің одан әрі жалғасын биге берейік 

Би «Зумба» Аяулым, Муслима, Сымбат.
Жүргізуші: 
– Балалар біз мектепке не үшін барамыз? 
1- бала. – оқып білім алу үшін 
2- бала: – еліме еңбек ету үшін 
3- бала: Білімді азамат болу үшін 
4- бала: Ер жетіп Отанымды қорғау үшін 
Ән: Хормен «Атамекен»
Білім Ханшайымы: Карлосон енді бізге кілтімізді қайтарыныз! 

Карлосон: жарайды, қайтарамын, бірақ мен әлі 
сендер мен болатурайымшы, маған балаларыныз унайды! 
Білім ханшайымы: Әрине қалыныз, 
Балалар, сендер мектепалды даярлық тобымен қоштасып, 
мектепке барғалы отырсыңдар. 
Мен сендерге оның кілтін табыс еткелі отырмын. 
Бір бала, бір қызға кілтін табыс етеді. 
Жүргізуші: Жарайсыңдар! Олай болса, тентек болмауға, 
сабақта жақсы оқып, әдепті болуға ант беріңдер. 
Бәрі: ----------------------------Ант етеміз! 

Диплом мен медаль беріледі.??????

Би:«Вальс» 
Білім ханшайымы: ойынға да уақыт келді, қалай балалар ойлайсындар?!
Білім ханшайым: Көріп тұрып түлектерді қаншама, 

Жақсы тілек білдірейін баршаңа 
Өрендерім өлең айтып, би билеп, 
Өнерлерін салсын бүгін ортаға 
Жүргізуші: Ал балалар келіңдер 
Әнді айтып беріңдер!! 
Ән: «Сәлем саған мектебім» 

Жүргізүші: Білім ханшайымы алдымен біз мектепке 
баратын балалардың тақпақтарын тындап жіберейікші. 
Тақпақтар 
Жақсы оқып келемін, Сымбат
Сабақтан да қалмаймын.
Осы өлең жолдарын
Мектебіме арнаймын

6 жасқа толамыз 

Әдепті бала боламыз 

Қуантып ата-ананы 
Мектепке кетіп барамыз 

Сезімде туған баламыз Муслима
Оянды оқып санамыз 

Адамдықтың бастауын 
Өзіңнен алып барамын 

Мектепке ертең барамыз  Аяулым
Оқимыз сауық құрамыз 
Қашық болмас арамыз 
Сіздерге келіп тұрамыз. 

Біз мектепке барамыз Айбарыс

Қолға қалам аламыз 
Кітапты да оқимыз 
Суретті де саламыз. 
Алтыға толды жасымыз 
Ересек біздер баламыз 
Екіні қосып екіге 
Санайда біздер аламыз. 
Ән: «Ұлдар әні» ??????????????
Білім ханшайымы: Алдындағы балалар 
Мектепке кетіп барады 
Тақпақ айтып бір бірден 
Қимай кетіп барады 
Қош балалар сәт сапар 
Үлгілі бәрің болыңдар 
Жақсы болып әрқашан 
Тек бестікті алыңдар. 
Карлосон: Бүгін біздің кешімізге жақсы келгенсіздер. Рахмет Сіздерге, енді балалар сендермен қоштасатын сәтте келіп жетті. Біз білім ханшайымы екеуміз сендердің мектепке дайын екендеріңізді білдік. 
Білім ханшайымы: Сүйкімді балғын бала шақ 
Сендердікі болашақ 
Озат болып оқыңдар 
Ойға білім тоқыңдар 
Жүргізуші: Айналайын гүлдерім 
Ақ шуақты күндерім 
Ерекше қызық тілдерің 
Естен кетпес күндерің 
Айналайын, балғындар, 
Алға бағыт алдыңдар. 
Ертең өсіп толыңдар 
Ел мақтаны болыңдар! 
Орындалсын ойларың, 

Тәрбиешілер бірге -------------------- Ашық болсын жолдарың!!!!

1 Құрметті тәрбиешілер мен ата-аналар  Раяна

Кез келді сіздерден ақ бата алар 
Ұл қыздарын көрсетпекші өнерін 
Бар қауым тамсана таңдай қағар. 

2Ақ тілекті ағытып бір тастайық  Аружан
Қоштасатын кешімізді біз бастайық 
Жүздеріңнен көркем шаттық арайын 
Болсын солай әр бір күнің, әр айың 
Ұлылықты ардақ тұтар үнемі 
Алтын ұя ақ босаға киелі 
Қанат қақтың білім алып өзіңнен 
Күллі бала басын саған иеді. 

3 Ботақаным бөбек деп  Анеля
Еркелеткен ұл қызын 
Анамызды ерекше 
Қуантатын күн бүгін 
Өсті міне бойымыз 

Өсті міне ойымыз 
Қуанышқа ортақпыз 
Құтты болсын тойымыз. 

4 Қызық күндер өткіздік.  Алижан
Мектеп ұя бағында. 
Көп оқыдық, көп білдік. 
Ел мен Отан жайында. 

5 Ана тілін ардақтап  Жантөре
Ата салтын біз көрдік. 
Сурет салып, ән жаттап. 
Оқып- жазып үйрендік. 

6 Оқимыз білім аламыз  Салтанат
Болашақ жолын саламыз 
Мекеппенен қоштасып 
Біріншіге барамыз 

7 Мерекеде сызылтып ән саламыз  Томирис
Ән айтып би де билеп жан саламыз 
Бұл ұлы мерекеде ән салғанда 
Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады. 

Жақсы оқып келемін, Сымбат
Сабақтан да қалмаймын.
Осы өлең жолдарын
Мектебіме арнаймын

Жеті жасқа толамыз 

Әдепті бала боламыз 

Қуантып ата-ананы 
Мектепке кетіп барамыз 

9 Сезімде туған баламыз Муслима
Оянды оқып санамыз 

Адамдықтың бастауын 
Өзіңнен алып барамын 

10 Мектепке ертең барамыз  Аяулым
Оқимыз сауық құрамыз 
Қашық болмас арамыз 
Сіздерге келіп тұрамыз. 

11 Біз мектепке барамыз  Айбарыс

Қолға қалам аламыз 
Кітапты да оқимыз 
Суретті де саламыз. 
Жетіге толды жасымыз 
Ересек біздер баламыз 
Екіні қосып екіге 
Санайда біздер аламыз. 


Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/313033-biz-mektepke-baramyz

Свидетельство участника экспертной комиссии
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и закажите рецензию на методическую разработку.
Также вас может заинтересовать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ
БЕСПЛАТНО!
У вас недостаточно прав для добавления комментариев.

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.

 

Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)

Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.

Рекомендуем Вам курсы повышения квалификации и переподготовки