- Курс-практикум «Педагогический драйв: от выгорания к горению»
- «Труд (технология): специфика предмета в условиях реализации ФГОС НОО»
- «ФАООП УО, ФАОП НОО и ФАОП ООО для обучающихся с ОВЗ: специфика организации образовательного процесса по ФГОС»
- «Специфика работы с детьми-мигрантами дошкольного возраста»
- «Учебный курс «Вероятность и статистика»: содержание и специфика преподавания в условиях реализации ФГОС ООО и ФГОС СОО»
- «Центр «Точка роста»: создание современного образовательного пространства в общеобразовательной организации»
Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014
- Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
- Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
- Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
в СМИ
профессиональную
деятельность
Қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлерін үйрету
Басқа тілде оқытылатын мектептерде оқушыларға «Қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлерін үйрету негізінде» тәлім және тәрбие беру.
Тарих атты сын тағдырдың төсінде,
Қиындықтың көрген, не бір талайын,
Қазағымның символына айналған,
Ата салтын ұмытпайық, ағайын!
Бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын, тегін, салт –дәстүрін, тілін, білімін, адамзаттық мәдениетті, адам и қасиетті мол терең түсінетін шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеу бүгінгі күннің басты талабы, қоғамның талапшаң қажеттілігі.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2014 жылғы Қазақстан халқына арнаған жолдауында « Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.
Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді.
Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді.
Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық.
Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы.
Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді.»
Қазақ мәдениеті -ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мәдениет.Ол ұлттық тәлім-тәрбиенің негізінде дамып, қалыптасты.Ұлттық тәрбие сол ұлттың мәдениетін дамытудың қозғаушы күші болып табылады. Әрбір халықтың тарихи тіршілігі мен рухани тәжірибесі бар. Халықтың тұрмыс –тіршілігіндегі рухани тәжірибелері арқылы қалыптасқан тәрбиелік және дүние танымдық көзқарастарын біз халық педагогикасы дейміз.Халық педагогикасы –халықтың мәдени мұрасы. Халық педагогикасы сол халықтың (ұлттық) этностық ерекшеліктеріне байланысты дамып, қалыптасқан.
Ал, ұлттық тәрбие мәселесі- адамзат тарихынан өнбойына ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат. Бүгінде адамзаттың өркениеттің өзгеше биігіне көтерілген,
үшінші мыңжылдыққа қадам басқан кезеңінде де жас мемлекетіміз үшін рухани асыл мұрат болып Қазақстандық патриотизм, азаматтық парыз, тұлға бойындағы ұлттық
құндылықтар мен ар тазалығы және тағы басқа қасиеттерді жатқызамыз.Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің бағдарлы идеялары еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың "Қалың елім Қазағым" атты жинағында мемлекеттік идеология мәселесін ұдайы есте
ұстауымызды ескерте келе былай деп жазады: “ Бес арыстарымызға арналған тарихи зерде кешенінде мен қазақстандық отаншылыдық сезімін тәрбиелеуге көңіл бөлген
едім. Қазақстанда тұратын әрбір адам өзін осы елдің перзентті сезінбейінше, оның өткенін біліп, болашағына сенбейінше біздің жұмысымыз ілгері баспайды…”
Олай болса, қазіргі кезеңде мектеп табалдырығынан бастап білім беруде ел тарихын терең қозғап, тәрбие сағаттарыда қазақ зиялы қауымының еңбектерін, қоғам дамуына қосқан үлесін айтыптүсіндіру арқылы оқушылардың адами құндылық қасиеттерінқалыптастыра аламыз. Сондай-ақ ұлттық салт-сананың өмірдегіқолданылмалы көріністері: рәсімдер, рәміздер, ырымдар, тыйымдар, жөн-жоралғылар, діни уағыздар, сенімдер, кісілік рәсімдері, перзенттік парыз, адамгершілік борыш, ұрпақтық міндет арқылы іске асырылып ұлттық қасиеттерге айналады. Оқушының ұлттық қасиеттеріне меймандостық,кісілік, сыйласымдылық, имандылық, кішіпейілділік,кеңпейілділік, салауаттылық, тіршілікке бейімділігі,өнерпаздық, шешендік, ақынжандылық, сыпайылығы, мәдениеттілігі т.б. қасиеттері арқылы ерекшеленеді.
Әрбір ұлттың ұлттық қасиеттері ұлттық тәрбиеге (халық педагогикасына) байланысты дамып, қалыптасқан. Халық педагогикасы ұлттық әдебиет пен сол ұлттың салт-
дәстүрлерінен құралады. Әдебиет көркем шығармалар арқылы сан үйренуден бастап, шығарма кейіпкерлерінің тілін,ойын, іс-әрекеттерін, мінез-құлқын, ұлттық қасиеттерін
үлгі ретінде әсерлі баяндап, содан соң көркемдеп көрсетіп үйрету арқылы жеке тұлғаның адамдық қасиетерін қалыптастырып, кісілік сана сапасын арттырады. Ал ұлттық салт - дәстүрлер игі әдеттердің әдеп-ғұрыпқа ( әдепті іс-әрекетке) айналып, одан әдеп (ұлттық мәдени көрніс), әдептен дәстүр (мәдени үрдістің ұлттық дәрежедегі көрнісі) дәстүрден салт (дәстүрдің санаға сіңіп, сөзсіз қолданыста болуы ұлттық) қалыптасқанын көрсетіп жеке тұлғаның ұлттық мәдениқасиеттерінқалыптастырады. Мысалы, қазақ халқының мейман ғұрыпқа айналған, әдет-ғұрып ұлттық қолданыста әдепке ( ұлттық мәдени көрніске) айналып, ол ұлт өкілдерінің сөзсіз орындауында дәстүр деп аталады, ал дәстүр ұлттық заңдылыққа айналып, ол ұлт өкілдерінің сөзсіз орындауында дәстүр деп аталады, ал дәстүр ұлттық заңдылыққа айналып, ол салт болады. Салттың ұлттық санадағы көрнісі
салт-сана деп аталады. Қазақ халқының аса бай ұлттықәдебиеті, қайрымды, әдепті салт-дәстүрлері оның этностық(ұлттық) ерекшеліктерін көрсетеді де, ол жеке тұлғалардың
ұлттық қасиетерін қалыптастырады.Оқушылар бойына ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, сақтауға тәрбиелеуде белгілі әлемдік, отандық ғалымдарымыздың еңбектеріне тоқталып, сараптап өтсек.
Белгілі педагог К.Д. Ушинский “Халықтың (этностың) тәжірибесіндепедагог та жоқ, педагогика да жоқ” дейді. Ал, Аристотель “Біз балатәрбиелеуде халық тәжірибесіне сүйенеміз “ деп қарастырды.
Отандық ғалымдарымыздың бірі Қ.Б. Жарықбаев“Еліміз бен жеріміздің түпкілікті иегері-қазіргі қазақтардың психологиясында осы этносқа ғана тән біртұтас ұлттық ерекшелік бар деп айту қиын. Өйткені, қазақ этносының бүкіл тыныс-тіршілігінде,
от басындағы әдеп-ғұрып пен салт-санасында кең байтақ өлкемізде мекендеген басқа халықтар мінездерінің нышандары көрініс беріп жүр. Бірақ, кейбіреулер айтып жүргендей, бұрын жылқы мінездіболып, енді қой мінезді болған жуас, намыссыз халық емеспіз” – тұжырымдайды.
Әрбір мәдениетті, білімді адам өзінің кәсіптік, дүниетанымдық деңгейін ұлттық мәдениетпен ұштастыра білуге міндетті. Мәдениетті болу үшін білімді болу – міндет. Білімдіболғанмен ұлттық мәдениетті игермеген болса ондай тұлға ұлт алдында “мәңгүрт”, мәдениетсіз болып көрінеді де,халықтың наразылығына ұшырайды. Кәсіптік-мұрагерлік әдеп (мәдениет) сақталған жерде дамыған дарынның мәденижемістері көрінеді. Білім беру мен тәрбиелеудің мақсатын айқындау үшін қазақ білімпазы Жүсіпбек Аймауытовтың мына сөздерін еске алған жөн. “Мектеп бітіріп шыққан соң бала бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің өміріне білім жүзімен ашылған саналы ақыл көзімен қарай білсе, міне, білімдендірудің көздейтін түпкі мақсаты осы.
Мектеп осы бағытта баланың келешекте жетілуінемықты негіз салуы керек” –деген екен.
Адамдардың бойында қалыптасқан имандылық қадір-қасиеттер рухани құндылықтарға, ал адамдардыңқолымен жасалған тұтыну заттары мен кәсібіматериалды құндылықтарға жатады.Өзімізді өзіміз бағалай білуге бет бұру – ұлттықбайлығымызды игеру, ұлттық санамызды дамыту. Ұлттық құндылықтарды іріктеп, оқыту процесіне
енгізу арқылы ұлттың тұнып тұрған асыл мұралық рухани байлығынан болашақта ел билейтін ұрпақтардысусындатып, отбасында да, мектепте де ұлтжандалылық пен отаншылдыққа баулып, өз халқын, өз мемлекетін көздің қарашығындай қорғайтын тұлғаларды тәрбиелеп шығару.Өз ұлтын қадірлеп-қастерлеген, ұлт қадірін білген заматтың бірі Ж.Аймауытов: «Мен халыққа кіндігіммен байланып қалғанмын.Оны үзе алмаймын.Үзу қолымнан келмейді» - дейді. Сырым Датұлы: «Мен ағайынды екеумін:бірі -өзім, екіншісі-халқым» - дейді.
Қазақ халқының осындай дәріптеуге, қастерлеуге,дамытуға тұрарлық ұлттық рухани және материалдық құндылықтары туралы ұлағатты, құнды ойларын халық игілігіне, келешек ұрпақты, ел-жұртқа ие болар азаматтарды тәрбиелеуге неге қолданбасқа?
Қоғамдағы адамдар жасаған рухани, материалдық, мәдени құндылықтардың алмасуы оқыту процесі арқылы жүзеге асырылады.Соның ішінде сынтұрғысынан ойлау жобасы арқылы оқыту – саналыпроцесс екенін айтқым келеді. Интеллектуалдық деңгейіжоғары тұлғаны қалыптастыру үшін, оны оқытып қана қою жеткіліксіз. Оны тұлға ретінде жан – жақтыдамытуға қолайлы, оқытудың шығармашалақ түрін жасау қажет, яғни шығармашылық оқу әрекетін туғызуқажет. Бұл баланы, берілген оқу материалын жаттап
алу ғана емес, керісінше өз бетімен білім алу үшін ізденуге үйретеді.Жеке тұлғаны ұлттық тәрбие арқылы дамыта отырып, нақты әрекет арқылы оқытуда төмендегі құндылықтардың болуы қажет:
- белсенді қарым-қатынас: оқушы мен мұғалімнің әрбір мәселеде өз көзқарастарын білдіріп отыруы;
- индивидтік: мұғалімнің әр жеке оқушының ерекшелігін дамытуы, қоғам алдындағы жауапкершілігінің болуы;
- өзіндік тәртіп: өзіндік бақылау мен бағалауды, шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту;
- шыдамдылық: әр түрлі пікірлерді қабылдай алу, бір-бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау.
«Адам мен адамның бір-бірімен араласу,өзара қарым-қатынасында ғана адамның адамдығы өзі үшін де,өзгелер үшін де ашылады»,-дейді философ М.М.Бахтин. Оның пікірінше, диалог тұлғаны қалыптастырудың құралығана емес,оның адамдық болмысын да көрсетеді.Тұлғаның белсенділігі,өзін-өзі дамытып отыруға ұмтылуыөзгелерден бөлек жағдайда емес,өзге адамдармендиалогтық қатынастарға түсу кезінде жүзеге асырылады.
Бірлескен қарым-қатынас негізінде оқушы-оқушы, мұғалім-мұғалім, оқушы-мұғалім арасында өзара құрметтеу, мойындау, түсіне білу және сыйластықәрекеттері пайда болып, толеранттық пен мейірімділіккөзқарастары қалыптасады. Сонымен бірге сыни ойлау арқылы тұлға бойында рефлексиялық сапаларды қалыптастыру. Рефлексиялық сапа дегеніміз білім мен тәрбиені өзіндік сана арқылы қабылдап, тұлғаның рухани дамуы, ғылыми ақпараттардыигеруі болып табылады. Оқушы бойында рефлексиялық сапалардың қалыптасуы білім беруді ізгілендірудіңнәтижесі болып табылады.Оқушының өзін тану үшін және өмірлік проблемаларын шешудің бірден-бір тәсілі – рефлексиялық басқаруды жүргізе алуы. Ол үшін төмендегі басты ерекшеліктерді дағдыға айналдыруыңмаңызы зор:
- өз тәжірибесін пайдалана отырып, жаңа білім арқылыдүниеге өзіндік түсінік пен танымды қалыптастыру;
- өзге адамдардың ұсынатын идеяларына конструктивтік көзқараспен қарай алу;
- өзіне қарама-қарсы идеяларды жоққа шығаруға емес,үсінуге ұмтылу, одан өзі үшін нәтиже шығару;
- өз біліміндегі олқылықтарын көре білу жәнеоны жоюдың жолдарын табу.
Рефлексиялық әрекеттер барысында оқытудың жолдары талданады, өзіндік шешім қабылдауға жағдай туғызылады.Сөйтіп, бала өзін-өзі дамыту, тәрбиелеу, өз әрекеттерін
ұйымдастыру мүмкіндігін алады.Өз ерекшелігі мен деңгейін таниды.
Сонымен бірге оқушы тұлғасына шоғырланған білім беру мұғалім тарапынан әр оқушының өзіндік жақын даму аймағында дербес қабілетін дамытуға түрткі болу,оларды оқыту мен оқу құндылықтары жүретінпрактикалық әрекеттерге баулу, баланың қолынан келетін істерін қолдау арқылы қиын проблемаларын шешуге көмектесу болып табылады.
Оқушы тұлғасына шоғырланған білім берудің мәні неде?
1.Оқушы тұлғасына шоғырланған білім беру – адамның қалыптасуы,тұлғаның өз мәдениетінің субьектісі болуына көмектесу, шығармашылық өмірге үйрету.
2.Оқушы тұлғасына шоғырланған білім беру сырттанкелетін тәрбиелеу емес, адам бойынан адамдықты табу,онықолдау және дамыту негізінде өзін-өзі реттеуге, тәрбиелеугеәкеледі.Сол арқылы өзіндік болмысы, санасы бар тұлғалық бейне қалыптасады.
3.Оқушы тұлғасына шоғырланған білім беру – адамның дене және рухани денсаулығы, адамгершілігі,бостандығы.Ол – тұлғаны түсіну,өзара түсіністік, ынтымақтастық қарым-қатынастың, салауатты өмір мен парасаттылықтың, өзіндік қатынастың негізін қалау.
4.Оқушы тұлғасына шоғырланған білім беру тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағыттлады.Сондықтан оның мазмұны баланың өзін тұлға ретінде дамыту үшін, өз өмірінің субьектісі болу үшін жағдай туғызуға негізделеді.
Оқушы тұлғасына шоғырланған білім беруде мұғалімнің құзырлылығы қандай?
«Тәрбиелеу үрдісі оқушыны тәрбиелеуге емес, оқушы өзін өзі тәрбиелеуе әкелетін үрдіс болуға тиіс» - деп көрсетеді Л.С.Выготский. Оқыту процесіне соңғы кездері жаңа жобалар мен озық технологиялар енгізіліп жатыр.Оның мәні – тұлғаны өзінің әрекеттеріне талдау жасауға,өзі үшін маңыздымәселелерді анықтай алуға және шешу жолдарын таба білугебағыттау.Осы орайда Д.Дьюи философиясының идеясын айтар болсақ, яғни өмірлік тәжірибеге негізделген өз білімін оқушының да, оқытушыныңда пайдалана білуі жүзеге асырылады.
Сондықтан жаңа үрдісті тәжірибеге енгізуде мұғалімдердің сыртқы форманы ғана басшылыққа алмай, оның философиясын ұғыну маңызды шарт.Өйткені оқытудағы басты мақсат – алдындағы оқушыларға таза білімнің өзін бере білу емес, бүгінгі алған білімін өмірлік қажеттіліктеріне сай қолдана білуге үйрету. Осыған сәйкес оқыту мазмұны құндылықтық, танымдық, әрекеттік- шығармашылық және тұлғалық қызметтерді қамтиды:
- құндылықтық қызмет: тұлға үшін мәнді бағдар жүйесін, өзіндік даму траекториясын таңдап алуы;
- танымдық қызмет: тұлғаның рухани дамуының негізі ретінде ұлттық мәдениет, дәстүр, жан-жақты ғылыми білімдерін игеруі;
- әрекеттік-шығармашылық қызмет: тұлғаның оқу, еңбек ету, ғылыми, көркемдік және басқа да әрекет түрлерінде өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруы, шығармашылық қабілетін қалыптастыру және дамытуы;
- тұлғалық қызмет: өзіндік санаға бағытталған рефлексиялық қабілетті дамыту арқылы өзінің өмірлік мұратын дұрыс қалыптастыруды қамтамасыз етуі.
Білім беру үрдісіндегі демократиялық және гуманитарлық қарым-қатынастар оқушының танымдық қабілетінің дамуына, өз әрекеттеріне өзгеріс енгізе алуына, өзін үнемі жетілдіріп отыруына ықпал етеді.Оқытудыңосы тұрғыда ұйымдастырылуы әр оқушының жеке тұлғасындаағы өзіндік ерекшеліктері, өзіндік өмір тәжірибесі мен өзіндік құндылықтрын ескеру арқылыөзіндік және өзара бірін-бірі дамытуға жол ашады.
Осылайша қарастыру негізінде білім беру үрдісіндеоқушының өзіндік сана, өзіндік таным, өзіндік білім алу,өзара қарым-қатынас, өз өмірінің субьектілігі сияқты педагогикалық рефлексиялық сапалары пайда болады және одан әрі дамиды деген тұжырым жасауға болады.
«Баланы тәрбие қылу – тұрмыс майданында ақылмен, әдіспен күресе білетін адам шығару деген сөз.Қалса өзін, асса барлық адам баласын әділ жолмен өрге сүйрейтін ер шығару деген сөз.Тұрмыста түйіндімәселелерді тез шеше білетін, тұрмыстың тұңғиық
теңізін қалың қайратпен кеше білетін, адалдық жолда құрбан бола білетін, қысқасы, адамзат дүниесінің керек бір мүшесі бола алатын төрт жағы түгел кісі қылыпшығару.Баланы мұндай адам қыла алу үшін тәрбиеші бар күшін, бар білімін жұмсап, жалықпай, шаршамай үйрете білу керек».
Олай болса, оқушылардың ұлттық құндылық қасиеттерін қалыптастыру негізінің бірден-бірі мектепішілік жүргізілетін тәрбиелік іс-шаралар. Адамның бойына жақсы адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы, өнер-білімді игеруі – тәрбиеге, өскен ораға, үлгі-өнегеберер ұстазға байланысты. Осыны жақсы түсінген халқымыз “Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы”, “Тәрбие басы – тал бесік” деп ұлағатты ұстаздың еңбегін текке кетпейтіндей өсиет еткен. Тәрбиенің түп қазығы үлгі берер ұстазда, “Ұстазға қарап шәкірт өсер” деп халқымыз ұстазға үлкен жүк артқан. Ұстаз үшін өз еңбегінің жемісін көруден артық бақыт жоқ. Қазіргі таңда тәлімгер ұстаз оқушылардың тәрбие жұмысын ұйымдастырушы болып табылады. Оған негізінен мынандай үш түрлі басты міндет жүктеледі:
- тәрбие жұмысын үйлестіріп отыру;
- сыныпта оқушылармен бүкіл тәрбие жұмысын ұйымдастырып, оған бағыт беру;
- мектеппен отбасының байланысын жасау;
Тәлімгер ұстаздың жұмысы қиын, жауапты, өте күрделі.Сондықтан балаларға сүйіспеншілікпенқарап, барлық күш-жігерін салмаса, оны талапқа сай орындау қиын. Қазіроқушылардың ақыл-ойының дамуын зерттеу т.б. мәліметтерді әр кезде біліп отыру,
тестік әдісті қолдану мектептерде орын ала бастады. Әсіресе баланың даму барысын есепке алу, бейімділігін, қызығушылықтарын, сабаққа деген өзқарасын т.б. кейбір объективтік көрсеткіштерді назардан тыс қолдануға болмайды. Мектептің жүрегі мұғалім болса, сыныппен жұмыс жүргізетін сынып жетекшісі.
Ойымызды тұжырымдай келе оқушылардың ұлттық рухани құндылық қасиеттерін оқыту процесі мен сыныптан тыс тәрбиелік іс-шаралар арқылы қалыптастырып, ғылыми
тұрғыда дәлелдеп дамыту біздің тікелей парымыз.
Ұзақ жылдық педагогикалық іс- тәжірибемде басты қағида етіп ұлттар мен ұлыстар арасындағы татулық, олардағы ұлы мақсат бейбітшілік пен ауызбіршілік, мәдени және
этникалықбайланыстарды нығайтуды , дамытуды мақсат етіп келемін.Бұл тақырыптың негізгі теориялық ұстанымы негізінен Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың « Ұлы дала төсінде мекендеген қазақ халқының өмірлік , дүниетанымдық салт –дәстүріне, тіліне, берері мен айтары мол тәрбие –тағылымына,бай мәдени мұрасына құрметпен қарау, қадірлеуі, үйренуі басқа ұлт өкілдерінің асқан адамилығы-деп білемін және әркез бағалаймын» -деген даналық пікірін, елімізде жүргізіліп отырғанхалықтар ынтымағы
саясатына бағытталғанын баса айтқым келеді.
Шоқан Уәлихановтың досы әрі пікірлесі Г. Н.Потанин «Қазақтың өмір сүру қажеттіліктерінің барлығы, тұрмысы, салты, әдебиеті, мәдениеті үлкен тәрбиелік пәлсапаға негізделген. Сондықтанда бұл халықтың даналығын «Ұлы дала философиясы» ретінде
мойындау қажет және үйренер дүниеміз мол»-деген болатын. Сондықтанда әрбір сабақ процесінде, әрбір шәкірттің жүрегіне бай мұрамызды сіңдіруде осы еңбек көмектесе алады деп ойлаймын. Мен еңбек ететін Заводской кентіндегі кешкі (ауысымдық) орта мектеп ұжымында бұл мәселе бойынша тиімді жұмыстар алып барылуда. Әсіресе орыс тілі (оқытушысы Айша Ес-Мұхамедқызы Мұхтар), ағылшын тілі(оқытушысы Құдайбергенова Гүлдана Бисенбайқызы) өз сабақтарында осы әдісті кең пайдалануда. Әрине шәкірттер қызығушылығыда арта түскендігі мен белсенділігі де артқанын көреміз. Бұл еңбегімді барлық пән оқытушыларының тәрбиелік мақсатта пайдалануы үшін ұсынамын.
Аса құрметті « Мұғалім журналы» ұжымы!
Мен Пардабаева Патима Досмаханқызы Степногорск қалалық білім беру бөліміне қарасты Заводской кентіндегі кешкі (ауысымдық) жалпыбілім беретін орта мектепте 7 жылдан бері қазақ-тілі және әдебиеті пәнінен
дәріс беріп келемін. Жалпы педагогикалық өтілім 35 жылдан асады.1-санатты оқытушымын. Осы көп жылдық тәжірибем барысында мектеп басшылығымен және ұжымымен біргелікте шәкірттерімді қазақ халқының тәрбиесі мен тағылымы мол ұлттық салт-дәстүрлері негізінде тәрбиелеуге тырысып келемін. Өткізілетін әр сабағымды, тәрбие сағаттарын, пән онкүндігін және барлық мерекелік шараларды осы рухта өткеруге тырысып жүрмін.
Қорыта айтқанда , өз тәжірибемнің басқа мектептерде де кең көлемде өндіріске енгенін, сөйтіп аз болсада, ұлтымыздың ұлылығын дәріптеуге өз үлесімді қосқым келетінін айтқым келеді. Сол үшін өз ойларымды сіздердің журналыңызға жіберіп отырмын. Кәделеріңізге жарап жатса өте ризамын. Сіздерге алдын-ала рахмет айтамын және қиын да күрделі жұмыстарыңызға шығармашылық табыстар тілеймін!
Құрметпен Патима Пардабаева.
Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/32940-aza-halyny-ltty-salt-dstrlerin-jretu
БЕСПЛАТНО!
Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)
Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.
- «Формы и методы работы социального педагога»
- «Особенности организации учебно-воспитательной среды при работе с дошкольниками с расстройствами аутистического спектра по ФГОС ДО»
- «Здоровьесберегающие технологии в образовательном процессе в соответствии с ФГОС»
- «Современная библиотека: инновационные формы взаимодействия с читателями»
- «Комплексное сопровождение ветеранов боевых действий в деятельности социального координатора»
- «Современные подходы к преподаванию астрономии в условиях реализации ФГОС ООО»
- Технологии социальной реабилитации и абилитации детей и взрослых
- Деятельность учителя-методиста в рамках сопровождения реализации общеобразовательных программ
- Деятельность няни в рамках социального обслуживания населения: теоретические и практические основы
- Методическое сопровождение реализации общеобразовательных программ. Организация деятельности учителя-методиста
- Русский язык и литература: теория и методика преподавания в образовательной организации
- Технологии оказания социальной помощи гражданам и семьям с детьми

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.