Охрана труда:
нормативно-правовые основы и особенности организации
Обучение по оказанию первой помощи пострадавшим
Аккредитация Минтруда (№ 10348)
Подготовьтесь к внеочередной проверке знаний по охране труда и оказанию первой помощи.
Допуск сотрудника к работе без обучения или нарушение порядка его проведения
грозит организации штрафом до 130 000 ₽ (ч. 3 статьи 5.27.1 КоАП РФ).

Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014

Почему стоит размещать разработки у нас?
  • Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
  • Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
  • Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
Свидетельство о публикации
в СМИ
свидетельство о публикации в СМИ
Дождитесь публикации материала и скачайте свидетельство о публикации в СМИ бесплатно.
Диплом за инновационную
профессиональную
деятельность
Диплом за инновационную профессиональную деятельность
Опубликует не менее 15 материалов в методической библиотеке портала и скачайте документ бесплатно.
17.02.2014

Внеклассное мероприятие на казахском языке

Светлана
учитель начальных классов
Внеклассное мероприятие на казахском языке «Дос болайық бәріміз» направлено на раскрытие ценности дружбы и добрых взаимоотношений. Цель занятия — глубоко раскрыть значение понятий «друг» и «дружба», расширить представления детей об этих важных качествах. Мероприятие способствует развитию интеллектуальных способностей, воспитанию честности, справедливости, искренности и доброжелательности в коллективе. Этот готовый материал идеально подходит для организации воспитательной работы в начальном звене образования.

Содержимое разработки

Солтүстік Қазақстан облысы

Тайынша ауданы

Тайынша қаласы

№2 орта мектебі

Тәрбие сағаты

Мұғалім: Кусаинова Лаззат Салимтаевна

ТАҚЫРЫП: Дос болайық бәріміз

Мақсаты: «Дос» - деген сөздің мағынасын ашу, «Достық» туралы ұғымдарын кеңейту, зерделеу қабілетін дамыту, жолдастық, достық қатынастарды әділетті, ақыл – парасатпен адал болуға, шыншылдыққа, көпшілікке тәрбиелеу.

Барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі

Әкел досым қолыңды,

Тату болған орынды.

Өкпелесіп не керек,

Көрсет қане соныңды.

Баққа бірге кірейік ,

Қол ұстасып жүрейік.

Татулықтың белгісі,

Кел, қосылып күлейік.

2. Кіріспе сөз

Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі «Дос болайық бәріміз» атты сыныптан тыс іс-шарамызға қош келдіңіздер.

Дүниедегі ең ұлы сезімдердің бірі – достық. Әр адам дүниеге келгеннен кейін, ес білгеннен-ақ жан дүниесіндегі сырын, мұң-шерін тарқатып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін дос іздейді. Қандай да бір қиындыққа тап болсаң, оны досыңмен бөлісіп, досыңның  ақылын тыңдап, шешім таба аласың. Менің ойымша, басқаға жақсы да адал дос болу үшін,адамның ең алдымен түсінік, адамды тыңдай, ақыл бере білу қабілеті жоғары болуы тиіс.
Иә, дос табу ақылдыға қиын, ақымаққа оңай. Өйткені, ақымақ үшін достың қандай болу керек екені бәрі бір. Ақылдыға қиын. Өйткені ол, өзін түсінетін, мейірімді, ақылды дос табуға тырысып, оны талғайды, іздейді. Дос досты ешқашан сатпайды. Себебі, достық сезім – мәңгілік.

Жанна: Сүйемін, құрметтеймін достың атын,

Дос барда талмайтындай қос қанатым.

Қосылып жүректегі сырларымыз,

Арманның асқарына жол табатын.

Әсел: Бейімдеп мінезімді мінезіме,

Ұқсағым келіп тұрар бір өзіңе.

Ай нұрлы, шуақ жүзді асыл досым,

Өзіңді балап жүрем күн көзіне.

Ділнәз: Өмір сәні достықта,

Көңіл нәрі достықта.

Жүректі мәңгі жалғадық,

Сырға сырды қостық та.

4. Жүргізуші: Адам үшін ата-анадан кейінгі ең жақыны –жақсы дос. Адам ес білгеннен бастап өзін түсінетін, жанына серік болатын айнымас дос іздейтіні анық. Достық әлемі қызық оқиғаларға, адал, шынай қарым-қатынастарға, асқақ адамгершілікке толы әлем.

Ұлы ғұламалардың өздері достық туралы жан тебірентерлік сыр шумақтарын төкпей қоймаған. Достық – адам өмірінің тірегі. Сол достық туралы ғұламалардың айтқан даналық сөздеріне тоқтала кетейік!

1-ші оқушы: Нағыз достар болу үшін бір-біріне сенімді болу керек.

2-ші оқушы: Ұсақ-түйек кемшіліктерді бір-біріне кешіре алатын адамдарғана шынайы достық байланыста бола алады.

1-ші оқушы; Нағыз дос қана өз достарының осалдықтарына төзе алады.

2-ші оқушы : Қартайғанда достар саны көбеймейді, жоғалғанның бәрі ол кезде қайта оралмайды.

1-ші оқушы: Нағыз дос бақытсыздықта танылады.

2-ші оқушы: Досыңды оңашада сөгіп, көп алдында мақта.

1-ші оқушы: Өзіннің достарыңды сақтаудың ең жақсы жолы оларға опасыздық етпеу.

2-ші оқушы: Достың қолы ғана жүрекке қадалған тікенді жұлып тастай алады.

1-ші оқушы: Нағыз достық күншілдік дегенді білдірмейді.

2-ші оқушы: Қорқақ дос дұшпаннан да жаман, өйткені дұшпаннан сақтанасың, досыңа сеніп қаласың.

5. «Дос болайық біріміз» Жанна, Ділнәз,Әсел

6. Ойын «Жалғасын ата»

Мақал – мәтелдар оқу

Жүз теңгең болғанша – Жүз досың болсын.

Жаман туғаның болғанша – Жақсы жолдасың болсын.

Досыңа өтірік айтпа – Дұшпаныңа сырыңды айтпа.

Есептескен – дос болмас.

Жақсы жаныңа жолдас – Жаман малыңа жолдас

Досы көппен сыйлас – Досы азбен сырлас

Досы көпті жау алмайды – Ақылы көпті дау алмайды.

Досы жоқ адам – тұзы жоқ тағам.

Дос жылатып айтар – Дұшпан күлдіріп айтар.

Гүлзада

Балдырған баламыз ,
Досты көп табамыз
 
Қашан да, қайда да,
 
Достар бір-​біріне сенімді боламыз!

Санжар

 Достар бірге жүреміз,

Бірге ойнаймыз күлеміз

Бірге балық аулаймыз

Міне, біздер қандаймыз!

Данияр

Оралғанда сапардан

Алдымнан жақын жан шықса,

Кездескенде достарым

Құшағын маған кең ашса,

Жүрегім жыли бастайды.

8. Ситуациялық сұрақ «Достың да досы бар»

Достың да досы бар» демекші, әр адамның өзінің жан дүниесін түсінетін ішкі сырын ақтаратын сырлас досы болады. Осы отырған оқушылардың ішінен ең жақын жан достарды ортаға шақырамыз.
Екі достың пікірі (Не үшін? Қалай?)

Достығын ыммен түсіндіру
Ситуациялық сұрақ: мына сандықтың шінде 4 – сұрақ бар. Кезекпен сұрақтарға жауап беру

 1 – сұрақ: Мектепке кешігіп бара жатырсың. Уақыт таяп қалды. Кенеттен құрбың қоңырау шалып, қатты ауырып жатқандығын айтып, дәрі алып келуін өтінеді. Бұл жағдайда қандай әрекет жасар едің?


2– сұрақ: Саған ата- анаң үй тапсырмасын орындау керектігін ескертті немесе сұрап тексереді. Кенеттен жан досың қоңырау шалып, оған бір топ балалар тиісіп жатқандығын айтып, келуін өтінеді. Бұл жағдайда не істер едің?

3- сұрақ. Сіздің құрбыңыз жаман қылық көрсетіп, сол үшін жұрт алдында сөгіс естіді. Бұл жағдайда сіз құрбыңыздікі дұрыс болмаса да, оның көңіліне қарап, оны жақтайсың ба?


4-сұрақ . Сен математикадан есеп шығарып келдің, досың сенен көшіріп алды. Сенен кеткен қатені ол байқап, өзіне қатесіз жазды. Үй жұмысынан сен «4» деген баға, ал ол «5» деген баға алды. Сен бұдан қалай шығасың?

9. «Балалықтың бал әні» Минуара, Жанна

10. Ойын «Досыңды тап»

11. Минуара - өлең оқиды

12.Көрініс « Саңырауқұлақ саясында»

13. «Достық » әні

14.Қорытынды: Сонымен балалар Дос деген кім?

Балалардың жауаптары

Қиын кездерде бір-біріне көмек көрсетіңдер.

Досыңды алдамай, оған адал бол.

Досыңды қорлама.

Досыңменқызықты шақтарды бөлісе біл.

Досыңды барда да сына, жоқта да сына.

Досыңның кемшілігін кешіре біл.

Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/33353-vneklassnoe-meroprijatie-na-kazahskom-jazyke

Свидетельство участника экспертной комиссии
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и закажите рецензию на методическую разработку.
Также вас может заинтересовать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ
БЕСПЛАТНО!
У вас недостаточно прав для добавления комментариев.

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.

 

Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)

Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.

Рекомендуем Вам курсы повышения квалификации и переподготовки