Охрана труда:
нормативно-правовые основы и особенности организации
Обучение по оказанию первой помощи пострадавшим
Аккредитация Минтруда (№ 10348)
Подготовьтесь к внеочередной проверке знаний по охране труда и оказанию первой помощи.
Допуск сотрудника к работе без обучения или нарушение порядка его проведения
грозит организации штрафом до 130 000 ₽ (ч. 3 статьи 5.27.1 КоАП РФ).

Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014

Почему стоит размещать разработки у нас?
  • Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
  • Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
  • Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
Свидетельство о публикации
в СМИ
свидетельство о публикации в СМИ
Дождитесь публикации материала и скачайте свидетельство о публикации в СМИ бесплатно.
Диплом за инновационную
профессиональную
деятельность
Диплом за инновационную профессиональную деятельность
Опубликует не менее 15 материалов в методической библиотеке портала и скачайте документ бесплатно.
19.04.2019

Салт-дәстүрді сақтаймыз!

Мақсаты: Балалардың санасына халқына деген мақтаныш сезімін ұялату. Халықтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын үйрете отырып, Наурыз қазақ халқының ұлттық мейрамынын мазмұнын түсіндіру. Ұйымшылдыққа, жылдамдыққа, шапшаңдыққа, туған жерін, халқын, салт-дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу.

Содержимое разработки

Бекітемін:

«Нұрсәт» балабақшасының

меңгерушісі:

______Филатова.С.П.



22 –Наурыз

«Салт-дәстүрді сақтаймыз»



Топ:«Ертөстік» ортанғы тобы

Тәрбиеші:Юсупова Б. С.

2018-201



Тақырыбы: «Салт-дәстүрді сақтаймыз!»

Мақсаты:Балалардың санасына халқына деген мақтаныш сезімін ұялату. Халықтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын үйрете отырып, Наурыз қазақ халқының ұлттық мейрамынын мазмұнын түсіндіру. Ұйымшылдыққа, жылдамдыққа, шапшаңдыққа, туған жерін, халқын, салт-дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу.

Жүргізуші:Құрметті ата-аналар, әріптестер бүгінгі мерекеге шақырылған қонақтар! Хош келдіңіздер! Ұлыстың ұлы күні – Наурыз құтты болсын! Наурыз тек қана жақсылығын, жақсы жаналығын әкелсін. Ақ мол болсын, халық тоқ болсын!

-Наурыз – өте көнеден келе жатқан мейрам. Наурыз сөзі парсы тілінің «Нау» – жаңа, «рыз» – күн деген сөздерінен шыққан, жаңа жылдың бірінші күнін білдірген. Жылдың басы осы Наурыздан басталып, саналады.

Ілесіп Наурыз бен көктем жетсін,

Көңілін үлкен – кіші көкке өрлетсін.

Енсесін көтеріліп ер – азамат,

Ескі жылмен реніш, өкпе кетсін.

Ән хормен: «Көктем келді»

Жүргізуші:Наурыз туралы тақпақ айтайық.

Әбдірахим.

Уа, ағайын халайық,

Мұнда назар салайық.

Мерекесі халықтың,

Наурыз тойын бастайық!

Айжан.

Наурыз тойым, Наурыз тойым,

Құтты болсын халайық!

Қане, достар, қане, достар,

Шырқап әнге салайы

Балауса

.Наурыз келді сан құрып,

Жасарып жаңғырып.

Құлпырды жер мен көк,

Мейрім таң күліп.

Али.

Көктем келді, балақай,

Жасарды жер, алақай.

Наурыз тойын тойлайық,

Әсем әнге сал, апай.

Анель.

Қыс өтіп, қар кетіп

Шырайлы жаз жетіп,

Шаруаның кенелген

Мейрамы ежелден –

Құтты болсын, Наурыз!

Дәукен.

Наурыз тойы – тамаша

Наурыз тойы – жаңаша.

Табиғат та тамаша,

Тамылжып тұр жараса.

Алим.Жылдың басы Наурыз,

Жердің басы Наурыз.

Мерекеге арналсын

Бүгінгі жыр- әніміз.

Бала:Сүйінші, сүйінші, сүйінші дүниеге ұл бала келді.

Жүргізуші: «Ат қою дәстүрін көрсету.

Қане балалар дүниеге ұл бала келді,ұлды болдық.Енді осы ұл балаға ат қоямыз.Кім деп қоямыз.

Балалар: «Сенің атың – Наурызбек»

(Бала үш мәрте қайталайды).

Жүргізуші:Жарайсыңдар балалар, Наурызбекке жақсы тілектер айтайық.

- Наурызбектің денсаулығы зор болсын!

- Наурызбектің өмір жасы ұзақ болсын!

- Бақытты болсын!

- Абай атадай ақын болсын!

- Құрманғазы атадай күйші болсын!

Сымбат әже:Сәлеметсіңдер ме,балалар!Мен сендерді арнайы немереме бесікке салуға шақырдым.Рахмет сендерге балалар Наурызбек деп ат қойғандарыңа.Енді Наурызбекті бесікке салайық.

Бесік жыры тұрмыс-салт жырларының көне түрінің бірі.Әлемде бесік жырын айтпайтын халық жоқ.Бесік жыры баланың сәби кезінде, яғни 1-5 жас аралығында бала жасына жағымды әуенмен айтылады.

Бесік-нәрестені бөлеуге арналған ағаш төсек.

Бесік құралдарымен таныстыру: құс төсек, жастық, жөргек, қолбау, тізебау, бесік көрпе, шүмек, түбек.Қазақта бесік-қасиетті, киелі құтты мүлік.

Бесікті аластау:Алас, алас, алас, пәледен алас,

Көзі жаманның көзінен алас,

Тілі жаманның тілінен алас.

-Қане, балалар, мен өзім баланы бесікке бөлейін.

Бесік жыры: Әлди, әлди, ақ бөпем,

Ақ бесікке жат, бөпем.

Құнан қойды сой, бөпем,

Құйрығына той, бөпем.

Әлди, әлди, бөпешім.

Ұйықтай қойшы, көкешім.

Тербетейін, жата ғой,

Тәтті ұйқыға бата ғой!

Жүргізуші:Балалар, бесік туралы қандай тыйым сөздер білесіңдер?

Балалар тыйым сөздер айтады.

Бос бесікті тербетпе.

Ел болам десең, бесігіңді түзе.

Жүргізуші: «Батырлар биі» ұлдар билейді.

Ән хормен: «Наурыз жыры»

Жүргізуші: «Арқан тарту».Балалар бұл ойын қазақтың ұлттық ойыны.Қане екі топтан қайсымыз күшті екенбіз, көрейік.

Жүргізуші:Жарайсыңдар,ал енді Наурыз туралы тақпақ айтамыз.

Рамазан.Наурыз келді алақай,

Кел билейік балақай.

Бізде қарап тұрмайық,

Тойға шашу шашайық!

Ақбота.

Наурыз жауын, наурыз сән,

Әсем әуен, сазды ән.

Қыз бозбала қыдырған,

Жасыл желек, көк аспан.

Абзал.Нарыз тойын әдейі,

Әжем еске түсірді.

Біздерге арнап әдейі,

Наурыз көже пісірді.

Тамирис.Армысыздар, халайық!

Әр кез аман болайық

Наурыз тойын қуанып

Жылда қарсы алайық.

Ермұрат.Наурызбен құттықтап,

Алыс, жақын қауышты.

Көктемдегі жарқын сәт,

Көңілдерге ауысты.

Айсана.Наурыз келді еліме,

Наурыз келді жеріме.

Байлық, бақыт тілеймін,

Бүкіл қазақ еліне.

Амина.Той думанға келіңіз,

Тамашалап көріңіз,

Ән айтайық бәріміз

Қол соғайық бәріміз!

Айзере.Наурыз – бұл мереке,

Құтты болсын береке.

Қыдыр ата келсін,

Жақсы тілек әкелсін.

Арман.Арпа, бидай бастаған

Жеті дәммен аспаған,

Наурыз көже ежелден.

Бұл тойдағы бас тағам.

Нұрдәулет.Ұлы күні ұлыстың,

Күні мен түнді теңеген.

Тәтті дәммен ырыстың.

Таттық наурыз көжеден.

Жүргізуші:Балалар Наурызбегіміз үлкен ер азамат болып тәй-тәй басқалы тұр.Енді біз Нұрымның әжесін «Тұсау кесер» рәсіміне шақырамыз.Әжесі Наурызбектің тұсауын кессін.

Тұсау кесу – сәби қаз тұрғаннан кейін тез, жығылмай, сүрінбей жүріп кетсін, болашағы жарқын болсын деген тілекпен жасалатын дәстүр.Арнайы дайындалған ала жіппен баланың аяғын тұсап байлайды. Ала жіппен тұсаудың негізінде «Болашақта бала ешкімнің ала жібін аттамасын!» деген тілек бар.Жіпті қадірлі, ісі алға басып тұрған, әрі жылдам, сүрінбей жүретін адам кеседі.Бұл-бала осы адамға тартсын деген тілекпен туған рәсім.Тұсау кесуші өткір қайшымен ала жіпті кесіп жатып:

Қаз-қаз, балам, қаз, балам,

Қадам бассаң, мәз болам.

Күрмеуіңді шешейін,

Тұсауыңды кесейін,- деп жырлайды.

Тұсауыңды кесейін, - деп жырлайды. Тұсау кескен әйелге баланың әке-шешесі арнайы сыйлық береді. Тұсауы кесілген баланы екі қолынан ұстап тез жүгіртеді.

Баланың алғашқы қадамына арналған той қызу әңгімемен, ән-күймен жалғасады.

Би: «Қазақ би» қыздар билейді.

Ойын:«Қол күрес» .

Жүргізуші:

Сәулесі бар Наурызда таңғы үміттің

Басын қосқан сан адам сан ғұртың

Ұлыстың ұлы күні паш етейік.

Белгісін достықпенен мәңгіліктің.

Би: «Қара жорға»

Жүргізуші:Құрметті қонақтар Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз осымен аяқталды.Сау болыңыздар!

Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/357568-salt-dstrdi-satajmyz

Свидетельство участника экспертной комиссии
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и закажите рецензию на методическую разработку.
Также вас может заинтересовать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ
БЕСПЛАТНО!
У вас недостаточно прав для добавления комментариев.

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.

 

Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)

Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.

Рекомендуем Вам курсы повышения квалификации и переподготовки