Охрана труда:
нормативно-правовые основы и особенности организации
Обучение по оказанию первой помощи пострадавшим
Аккредитация Минтруда (№ 10348)
Подготовьтесь к внеочередной проверке знаний по охране труда и оказанию первой помощи.
Допуск сотрудника к работе без обучения или нарушение порядка его проведения
грозит организации штрафом до 130 000 ₽ (ч. 3 статьи 5.27.1 КоАП РФ).

Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014

Почему стоит размещать разработки у нас?
  • Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
  • Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
  • Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
Свидетельство о публикации
в СМИ
свидетельство о публикации в СМИ
Дождитесь публикации материала и скачайте свидетельство о публикации в СМИ бесплатно.
Диплом за инновационную
профессиональную
деятельность
Диплом за инновационную профессиональную деятельность
Опубликует не менее 15 материалов в методической библиотеке портала и скачайте документ бесплатно.
25.04.2019

Ана өмірдің гүлі

Методика «Ана – өмірдің гүлі» арқылы балаларды 8 Наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне дайындау. Бұл материал балалардың анаға деген мейірімділігін арттыруға, үлкендерге құрмет пен кішілерге үлгі бола білуге баулуға бағытталған. Жұмыс барысында қазақ қызына тән ізгілік, инабаттылық, сыпайылық сияқты аса құнды қасиеттерді қалыптастыруға ерекше назар аударылады. Тәрбиелік сағаттар мен іс-шаралар балалардың отбасылық құндылықтарды түсінуін тереңдетеді және мерекелік салтанатты сүйіспеншілік пен құрметпен өткізуге ықпал етеді.

Содержимое разработки

Г.Б.ИСАТАЕВА

ТОО «Дастан-2016» МДҰ «Нұрсәт»

Ақтөбе облысы,Мәртөк ауданы

Даярлық тобы тәрбиешісі: Исатаева Г.Б

Тақырыбы: «Ана - өмірдің гүлі»

Мақсаты:

1. 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту.

2. Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету.

3. Бала бойында ізгілік, инабатгылық,биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.

Мерекеге сай әсем безендірілген залға қыздар жүгіріп кіріп «Ғажайып сәт» биін билейді.

Жүргізуші: Армысыздар, бақытты балалық шағымыздың шат көңілді өтуіне барлық жағдайды жасап отырған аяулы да ардақты аналар! Сіздерді 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!Адам бойындағы жақсы қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен жаралған.Сондықтан құрметті асыл аналар, қадірлі әжелер бүгінгі «Ана- өмірдің гүлі» атты мерекелік кешіміз сіздердің құрметтеріңізге арналады.

1.Балғынбек

Мәпелеп мені өсірген

Ризамын мен өзіңе

Ана деген керемет

Силап өтем өмірде

2.Нұралы

Еркелетіп асырадың

Мойныңа асыламын

Аман болшы ардақты ана

Мен әрқашан қасыңдамын

Жүргізуші: Құрметті қауым, бүгінгі кешімізді біз сәл ерекшелеу өтсек па деген оймен қыздардың арасында сайыс ұйымдастырдық.Енді сіздерді сайысымызды тамашалауға шықырамыз.Олай болса алдымен сайысқа қатысатын аруларымызды қол шапалақтап қошеметпен ортаға шақырайық.

1.Бадиканова Жаннұр

2.Қайрат қызы Мадина

3.Базарбаева Ару

4.Құпыр Балнұр

5.Көптілеуова Әсем

6.Лабақбай Әсел

7.Парахатова Балхадиша

Жүргізуші: Ендігі кезекте сайысымыздың шартымен таныстырып өтейік

Сайыс шарттары.

1. Таныстыру

2. Анамның сүйікті тағамы

3. Сән үлгісі

Жүргізуші: Біздің бүлдіршіндердің орындауындаӘн: «Ай дидарлы анашым».Қабыл алыңыздар.

Жүргізуші: Ак көңілмен, ниетпен,

Әділ баға берсін деп,

Шаршамай, еш жалыкпай,

Айтқаныңызға көндік деп,

Әділқазы алқасын,

Сайлап алсақ жөн болар.

Әділқазылар:

1.Балабақша меңгерушісі- Филатова Светлана Петровна

2.Балабақша әдіскері-Асатбаева Инна Владимировна

3. Ата-аналар комитетінің төрағасы Ақмарал

Тақпақ:

1.Қайсар

Аялаған анашым

Мәпелеген анашым

Менің саған тілерім

Қартаймашы анашым

2. Айбол

Ана біздің гүліміз

Ана біздің күніміз

Аналардан тарайды

Біздің ана тіліміз

3. Ислам

Аспандағы айымсың

Бақытыма балаған

Құтты болсын мереке

Айналайын жан анам

Жүргізуші: Енді сайысымызды бастайық.

Өнер қуып арулар өтер деймін

Бір басына өнерлері жетер деймін.

Бәсекеге түскен арулар кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтер деймін,

деп кезекті таныстыруға берейік.

Таныстыру:

1.Бадиканова Жаннұр

2.Қайрат қызы Мадина

3.Базарбаева Ару

4.Құпыр Балнұр

5.Көптілеуова Әсем

6.Лабақбай Әсел

7.Парахатова Балхадиша

Жүргізуші: -Біз мәңгілік сіздерге,аналар борыштармыз дегім келеді.Сіздерге балалық жүректен мың да бір алғыс. Мерекелеріңіз тағы да құтты болсын!

Жан анам,құтықтаймын мереке күніңмен.

Көктемнің құлпыра бер нарт гүлімен.

Өрлесін елдің берген бақыт бағы.

Жазбасын шат көңілін ақ күніңмен-деп

«Джентелмендер» биін қабыл алыңыздар

Жүргізуші: Сұлулық табиғаттан басталады

Көктеммен олар бірге шаттанады

Бәйшешектей құлпырып,олар гүлдей

Сүйкімді қыздарымызды ортаға шақырамыз,- дей келе келесі кезекті «Сән үлгісіне» береміз.

1.Бадиканова Жаннұр

2.Қайрат қызы Мадина

3.Базарбаева Ару

4.Құпыр Балнұр

5.Көптілеуова Әсем

6.Лабақбай Әсел

7.Парахатова Балхадиша

Жүргізуші: Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап.

Ана деген бәйтерегі өмірдің,

Ана деген — алтын қазық, алтын бақ,- дей келе ұлдарымыздың тақпақтарын қабыл алыңыздар:

1.Ибраһим

Құтты болсын ақ анам

Сегізінші наурызың

Қасымда бол әр қашан

Жансың жарық жұлдызың

Тілейді бақыт бір саған

Әлпештеген ұл қызың

2.Азиз

Теңдесі жоқ данасың

Арқа сүйер панасың

Еңбегіңді ақтаймын

Аман болшы анашым

Жүргізуші: Ендігі кезекті ғажайып әнге берейік.

Ән « Мамонтенок».

Жүргізуші: Әке көрген оқ жонар,

Шеше көрген тон пішер.

Ешқайсысы жоқ сияқты

Бір-бірінен кем түсер, — дей отырып, аналарымыздың қолдарымен әзірленген тағамдарын аруларымыз таныстырулары керек.

1.Бадиканова Жаннұр

2.Қайрат қызы Мадина

3.Базарбаева Ару

4.Құпыр Балнұр

5.Көптілеуова Әсем

6.Лабақбай Әсел

7.Парахатова Балхадиша

Жүргізуші: Әділ қазы алқасы,

Әділден берсін багасын.

Жеңіске жеткен қыздардың

Өркендей берсін талабы,- деп отырып әділ қазылар алқасына сөз берейік. Номинациялар: 1.Білімді ару 2. Мейірімді ару 3. Парасатты ару 4.Көрікті ару 5. Сыпайы ару 6. Өнерлі ару 7. Сүйкімді ару

Жүргізуші: Ана-адамзат ететін жер шарының әр түкпірінде, әр үйінде мейірім мен мерейдің, достық пен туыстықтың туын тіккен адам.

Ана деген адамға Атамекен.

Әр адам анаменен адам екен.

Бір өзіңе көрсеткен жақсылығым.

Бір күнгі тәтті ұйқыдан садаға екен,-дей келе балаларымыздың биіне кезек берейік.

Би: «Ана жүрегі»

Жүргізуші: Аналар мерекесінде барлық аналарға құрмет көрсетіп, тағзым ете отырып, кешімізді аяқтаймыз

Таң шуақ тәуелсіздік елімізде,

Бақ- дәулет шалқи берсін жерімізде.

Аман-сау болайықшы көріскенше

Көк байрақ, желбірей түс көгімізде!

Балалар аналарына арналған сыйлықтарын табыстайды.

Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/358346-anamirdi-gli

Свидетельство участника экспертной комиссии
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и закажите рецензию на методическую разработку.
Также вас может заинтересовать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ
БЕСПЛАТНО!
У вас недостаточно прав для добавления комментариев.

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.

 

Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)

Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.

Рекомендуем Вам курсы повышения квалификации и переподготовки