- Курс-практикум «Педагогический драйв: от выгорания к горению»
- «Формирование основ финансовой грамотности дошкольников в соответствии с ФГОС ДО»
- «Патриотическое воспитание в детском саду»
- «Федеральная образовательная программа начального общего образования»
- «Труд (технология): специфика предмета в условиях реализации ФГОС НОО»
- «ФАООП УО, ФАОП НОО и ФАОП ООО для обучающихся с ОВЗ: специфика организации образовательного процесса по ФГОС»
- Курс-практикум «Цифровой арсенал учителя»
- Курс-практикум «Мастерская вовлечения: геймификация и инновации в обучении»
- «Обеспечение безопасности экскурсионного обслуживания»
- «ОГЭ 2026 по русскому языку: содержание экзамена и технологии подготовки обучающихся»
- «ОГЭ 2026 по литературе: содержание экзамена и технологии подготовки обучающихся»
- «ОГЭ 2026 по информатике: содержание экзамена и технологии подготовки обучающихся»
Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014
- Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
- Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
- Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
в СМИ
профессиональную
деятельность
Ана гүл, ана жыр, ана өмір шуағы
Аналар мерекесіне арналған мерекелік сценарийі «Ана – гүл, ана – жыр, ана – өмір шуағы»
Мақсаты: -мерекелік көңіл-күйін құру -анасына, әжесіне сыйластық тәрбиелеу, махаббат тарту -ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру -балалардың назарын жалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру -өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.
Кейіпкерлер: жүргізуші, клоун Ертеңгілік өткізуге қажетті құрал-жабдықтар: гүлдер, құмыра, 2 тегене, ұзын жіп, кір қысқыш. • Ойындар: 1. Гүлді жина эстафетасы 2. Ананың даусын тану 3. Кір жуу Ертеңгіліктің барысы: Жүргізуші: Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар Аналардан туған небір даналар. Ана деген тіршіліктің тірегі, Армысыздар, қасиетті аналар! Қош, келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналар мен ажарлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі «Ана – гүл, ана – жыр, ана – өмір шуағы» - атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады. Енді балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар. Қошеметпен балаларды шақырайық. (балалар орындықтардың алдына келіп тұрады) Хормен Үлкенге де сіз, кішіге де сіз, Құрметпенен сіздерге, бас иеміз біз! Ильяс: Қайырлы таң! Қайырлы күн! Күліп шықты күн бүгін Мерекелі осы күн! Сәлеметсің бе Алтын күн! Сәлеметсің бе Жер ана! Сәлеметсің бе көк аспан! Сәлеметсіздер ме қонақтар! Дария: Бүгінгі көктем күнінде, Барлық адам қуанар, Аналарды мейраммен Құттықтайды балалар. Елнұр: Өзің мені өсірген, Айналайын ақ әжем. Тентек болсам кешірген Шөлдедің бе дана әжем. Жания: Ақ қабақты анашым Күн сәулелі анашым. Әлпештеген баласын, Айналайын анашым. Жахангир: Әр сөзімді жаттаған, Жүрегімде сақтаған. Анашым деп мақтанам, Айналайын ақ анам! Балнұр: Көктем келді шуақты, Балаларды қуантты. Алақай-ау, алақай! Құстар сайрап, бақтар жайнап, гүл атты! Данара: Айналайын анашым, Әлпештеген баласын. Еміп өскен бөбекпіз, Анамыздың мамасын. Несібелі: Анамды мен жақсы көрем, Айтқан тілін алып жүрем. Қасымда анам жүргенде, Шаттанып ойнап- күлем! Дария: Мен үшін не керек – бәрін іздеп табасың. Айналайын анашым, жұмысыңа барасың. Қайтып мені көргенде, шын сағынып қаласың. Айбота: Қандай бала болмайық, Анамызға балдаймыз, Көтерейікші көңілін Ән салайық бәріміз. Ән «Айналайын, ақ мамам!» (отырады) Жүргізуші: Біздің ұлдарымыз қыздарға тосын сый дайындап келді ғой. Бізге қонақтарды шақырды. Балалар, оны шақырайық па? Балалар: Иә! Бәрі шапалақтайды. Залға сайқымазақ келеді. Сайқымазақ: Сәлеметсіңдер ме, достар! Сәлеметсіздер ме, қымбатты ата-аналар! Жүргізуші: Сәлеметсің бе, сайқымазақ! Сайқымазақ: Менің атым Тили Вили. Мен сендерді сонау Америкадан кұттықтауға келдім. Хелоу! Хелоу! Хелоу! ( балалардың қолынан ұстап амандасады). Сайқымазақ: Мен бүгін мереке бойы сендерді күлдіртіп, көңіл күйлеріңді көтеремін. Ал қазір мен сендерге акробатикалық номерді көрсетеміз. (Сайқымазақ басына тұрайын деп, құлай береді). (Бәрі күледі) Жүргізуші: Қой Тили Вили Сен мойыныңды сындырарсың. Оданда біздің балаларымыздың биін қабыл ал. Дария: Ой балалар, балалар Ойналық та күлейік Қане енді бұралып Би билеп те берейік (Гүлдермен би билейді) Сайқымазақ: Қандай жақсы би. Енді мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр. Ойын «Гүлді жина» эстафетасы Ойынның шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. Әр топ 5 баладан. Алдарында орындықтың үстінде бес гүл жатыр. Балалар сол гүлдерді кезек кезек бір бірден алады. Сосын құмыраға салады. Сайқымазақ: Ал мен әнді жақсы айтамын, маған микрофон беріңіз, моэстро музыку. (музыка ойнайды, сайқымазақ ырғағына қарамай біресе төмен, біресе жоғары айтады) Жүргізуші: Тили Вили сен босқа өз тамағыңды шаршатпа. Біздің тобымызда өлең айтатын балалар бар. Қазір бізге Ильяс қыздарға арнап ән айтып береді. Ильяс «Бағала» әнін айтады. Сайқымазақ: Енді құлақтарыңның естуін тексерейік. Қазір сендер көздеріңді жұмып отырыңдар. Ал бір баланың анасы оны «қошақаным» немесе «ботақаным» деп шақырады. Сендердің мақсаттарың ананың даусын тану. Ойын «Ананы дауысынан тану» Жүргізуші: Тили Вили сен көп ойындарды біледі екенсің. Сайқымазақ: Иә, білемін. Тағы ойнаймыз ба, балалар? Балалар: Иә. Сайқымазақ: Ал, қазір маған 2 бала анасымен ортаға шығады. Балалар аналарына қалай көмектеседі екен, соны көрейік. «Кір жуу» ойыны Ойын шарты: мамасы кірді жуады, ал баласы оны іліп, қысқышпен қыстырып шығады. Кім бірінші бітіреді сол жеңеді. Жүргізуші: Рахмет, саған сайқымазақ. Сен бүгін бізді қызықтырып жүрдің. Сайқымазақ: Иә, біз сондаймыз. Біз көп ойындар, әндер де, билер де білеміз, және біз фокустар көрсете аламыз. Сендерге де қазір фокус көрсетеміз. Фокустар: Саусақпен. Саусақты жұтып алады. . Гүлмен. Бір гүлді каробкаға салып, айтады: «Қазір осы гүл басқа бояумен боянады». Шығарса, боянбапты. Ой, неге боянбайды. Жүргізуші: сиқырлы сөздерді айту керек қой. Балалар, қандай сиқырлы сөздерді білесіңдер. Балалар айтады. Сайқымазақ: Фокус, мокус. (Каробканың ішіне қараса, ішінде кәмпиттер жатыр екен.) Балалар, қараңдар гүліміз кәмпиттерге айналды. Балаларға кәмпиттер таратылады. Жүргізуші: Осымен біздің мерекеміз аяқталды. Қымбатты да аяулы аналар! Мерекелеріңіз құтты болсын! Әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді, ең қамқор адам осы отырған сіздер. Дендеріңіз сау, көңілдеріңіз шат болсын, әрқашан аман болайық!! Сауболыңыздар!
БЕСПЛАТНО!
Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)
Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.
- «Современные подходы к изучению физики»
- «Труд (технология): специфика предмета в условиях реализации ФГОС ООО»
- «Содержание и методы психологической работы с детьми с ОВЗ и детьми с инвалидностью»
- «Нейросети в работе педагога»
- «Трудовое воспитание и развитие ответственности через образовательную систему»
- «Профилактика буллинга в образовательном учреждении в соответствии с методическими рекомендациями Минобрнауки России»
- Особенности обучения предмету «Труд (технология)»
- Социально-педагогическое сопровождение обучающихся в образовательном процессе
- Учитель изобразительного искусства. Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса
- Содержание и организация профессиональной деятельности по присмотру и уходу за детьми
- Реализация учебно-воспитательного процесса в дошкольной образовательной организации
- Химия: теория и методика преподавания в образовательной организации

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.