Охрана труда:
нормативно-правовые основы и особенности организации
Обучение по оказанию первой помощи пострадавшим
Аккредитация Минтруда (№ 10348)
Подготовьтесь к внеочередной проверке знаний по охране труда и оказанию первой помощи.
Допуск сотрудника к работе без обучения или нарушение порядка его проведения
грозит организации штрафом до 130 000 ₽ (ч. 3 статьи 5.27.1 КоАП РФ).

Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014

Почему стоит размещать разработки у нас?
  • Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
  • Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
  • Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
Свидетельство о публикации
в СМИ
свидетельство о публикации в СМИ
Дождитесь публикации материала и скачайте свидетельство о публикации в СМИ бесплатно.
Диплом за инновационную
профессиональную
деятельность
Диплом за инновационную профессиональную деятельность
Опубликует не менее 15 материалов в методической библиотеке портала и скачайте документ бесплатно.
09.04.2014

Баяндама «Қазақ тілі сабағында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың танымдық әрекеттерін ұйымдастыру»

Айнур Ахмединова
учитель казахского языка и литературы
Баяндама қазақ тілі сабағында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) қолданудың тиімді әдістеріне арналады. Материалда цифрлық құралдарды пайдалана отырып, оқушылардың танымдық әрекеттерін белсенді ұйымдастыру жолдары қарастырылады. Бұл тәсіл сабаққа деген қызығушылықты арттырып, білім сапасы мен оқу мотивациясын жоғарылатуға мүмкіндік береді. Іс-тәжірибеге негізделген ұсыныстар мен әдістемелер сыныпта тиімді енгізуге бағытталған.

Содержимое разработки

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ӘРЕКЕТТЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

Ахмединова Айнұр Бағадатқызы

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Еліміздегі жаңа білім беру реформасы 12 жылдық білім беруге көшу арқылы шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасауды, «жалпыға арналған білімнен», «білім әркімге өмір бойы» үлгісіне көшуді мақсат етеді. Қазіргі қоғамдағы мұғалімнің міндеті ғылым мен техниканың қарқынды дамып келе жатқан заманда өмір сүруге икемді, қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзыретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру. Мемлекеттік тілді білу- әркімнің міндетті парызы. Осы ұстанымды әрқашан есте ұстап, мемлекеттік тілді білуге ынталанған оқушыға оқытуда барлық күшті салу қажет тудырады.

Келмей жатса қазақ шәкірт шамасы.

Сөйлегенде төмен қарап күбірлей,

Қуантады басқа ұлттың баласы

Мемлекеттік тілде сөйлеп мүдірмей! - демекші, қазіргі таңда білім беру саласында түрлі технологиялар енгізуде, бірақ олардың ішінен тиімдісін дұрыс таңдап алу, сабақтың әр кезеңінде қолдану- ұстаздың басты мақсаты және сол технологияларды пайдаланып оқушылардың сөйлеу әрекеттерін жетілдіру. Ізденудің нәтижесінде, белсенділік, іскерлік туралы жазылған ғылыми-әдістемелік еңбектер мен озық тәжірибелерде байқалғаны-көрнекілік әдісі көбірек айтылады. Көрнекілік әдісі жайында қалдырылған түйіндерді қарайық: «Балаға не нәрсе үйретсең де, көрсетіп үйрету керек…»,- дейді М. Жұмабаев.[1].Көрнекілік туралы Қ.Жарықбаев: «Ж. Аймауытов көрнекілік мәселесінде психологиялық талапты басшылыққа алады. Мәселе, оқыту жүйесінде, әрбір сабақтың көрнекілікпен ұштасуы шәкірттердің ой-санасына әрі қонымды, әрі практикалық мәні зор болады. Ұстаз кез-келген тақырыпты ауыз екі үлгіде баяндағаннан гөрі сурет-өрнекпен бейнелі, бедерлі жеткізсе, шәкірттер арасында жүйелі әңгіме-сұхбат, нақтылы байланыс болады». [2].

Қазақ тілін оқытудың басты мақсаты-оқушыны ауызекі сөйлеуге төселдіру, өз ойын еркін айтуға дағдыландыру болғандықтан, оқулықтарда тіл ұстартуға арналған тапсырмалар және оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым сияқты сөйлеу әрекеттерінің әрқайсысына түрлі тапсырмалар беріледі. Тыңдап – түсіну, көріп – байқау құралдарының концепциясында оқыту былайша орналасады: тыңдау – сөйлеу – оқу – жазу. Оның ішінде ауызша қабылдау (тыңдау мен сөйлеу) әрдайым ілгері шығып отырады. Әр сабақта оқушы жаңа білім алу үшін мәтінмен жұмыс істейміз, мәтінді тыңдайды, іштей оқиды да, сосын мәнерлеп, қазақ тіліне тән дыбыстарына ерекше көңіл қойып, үйлесімді ырғақ, екпін, әуен тауып, дауыстап оқиды (мәтінді компьютерден, ұялы телефоннан тыңдауға болады ). Осы жерде, айтуға тура келіп тұр, себебі оқушылардың көз қарасы да басқаша болады. Ақпараттық – коммуникациялық технология арқылы сабақтарды түрлендіріп, жаңаша ұйымдастыра алуға мүмкіндік туып отыр. Мысалы, әр сабақтың басында тұсау кесер өткізуіміз. Бұл міндетті түрде тақырыпқа байланысты бейнежазба көрсету арқылы балалардың сабаққа деген уәжін көтеріп, белсенділігін арттыру. «Ой қозғау» барысында ән, өлең тыңдатып, көз алдарына не елестегенін анықтап, «менің ойымша, менің елестеумше, қиялдауымша» деу арқылы қызығушылық оятамыз, ойларын топтастырамыз, сызу арқылы ойларын білдіреміз.(«Қазақ дастарқаны», «Баянауыл- менің мақтанышым», «Құстар - біздің достарымыз», «Музыка тыңдау») т.б. бейнефильмдер көрсету, қызықтыру. Әннің сөзін тез жаттау үшін, компьютерден ән тыңдату және сөздер жаттау өте тиімді. Ақпараттық технологияның көмегімен жүргізілетін сабақтарда – оқушы өзін белсенді және еркін ұстай алады. Қазақ тілі сабағында ақпараттық – коммуникациялық технологияны енгізу арқылы сабақтың белсенділігін арттыруға, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға, сабақты шапшаң жүргізуге мүмкіндік береді. Сабақты интернет желісіне қосылған компьютер арқылы өткізу өте тиімді және қызықты. Сабақтарымда кез келген жазушыны өтіп жатып, оқушыларға гиперссылка жасау арқылы қосымша материал іздеуге дағдыландырамыз.Ұтымдылығы, оқушылардың қызығушылықтарының оянуы соншалық, деңгейі төмен оқушыларының өзі орындай бастайды. Мысалы, Ыбырай Алтынсарин, Қасым Аманжолов, Мақағали Мақатаев,т.б. Сонымен қатар интернет желісіне қосылған компьютер арқылы сабақ өткізу, сөйлеу әрекетінің төрт түрінде (оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым) де пайдалануға болатыны белгілі. Яғни, ақпараттық технология – оқу орындарында білім жетілдіруші құрал, иллюстративтік және диалогтік мүмкіндіктері оқу үрдісінің уәждеме саласы мен әрекеттік құрылымына үлкен әсерін тигізеді. Қазақ тілі сабағында мынадай тапсырмаларды орындатуға болады, тақырыпқа байланысты көрген бейнежазбаға өз ойын білдіру; диалог, монолог құру; сурет арқылы ойын жеткізу; компьютер экранына сөйлемдер жазылады. Ол сөйлемдер белгілі уақыттан соң өшеді. Экранда қандай сөйлем жазылғанын есте сақтап, қатесіз дәптерлеріне жазу керек. Аудиожазба тыңдағаннан кейін қандай ассоциация пайда болды? Мәтін не туралы?(«Мектеп», «Ұлттық тағам, киім», «Ұлттық салт-дәстүр», «Досым», «Екі дос»,, т.б.) мәтіндерін тыңдайды, не туралы екенін топпен талқылайды, мазмұндайды. Мәтінді түсініп тыңдап, бір біріне сұрақ қояды, өздерінің жауаптарынан мәтін құрайды, мәтінде естігенін, көргенін бейнефильммен сәйкестендіреді.(«Менің мектебім» мәтіні,бейнефильм). Құрастырған мәтіндері мен аудиомәтінді қайта тыңдап, салыстырады. Мәтіннің басын тыңдап, аяғын өздері құрастырып, аяқтайды. Бірнеше сөйлем беремін, солардың біреуі ғана аудиомәтіннің мазмұнына сәйкес келетінін табады..., т.б. Осы ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен байланысты берілген тапсырмалар мына нәтижелерге жеткізеді:

- оқу материалын терең түсінуге;

- оқу мотивациясының артуына;

- алған білімнің ұзақ уақыт есте сақталуына;

- білім беруге жұмсалатын уақыттың азаюына ықпал етеді.

Мысалы, компьютерлік оқулықтар және компьютермен түрлі жұмыстар жүргізу арқылы оқушының біліктілігі мен белсенділігін, пәнге деген қызығушылығын арттыру жүзеге асырылады. Сондықтан да оқушы компьютерде жұмыс істеуге қажетті біліктілігі меңгеру қажет. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін компьютермен оқытудың мақсаты-оқу жұмысының жоғары дережелі болуына жағдай жасайды, оқушының қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша біліктілігі мен белсенділігін арттырады, жеке тұлғаның әлеуметтенуіне әсер етеді, өзін-өзі реттеуді дамытады, оқушының мақсатты қызметін ынталандырады. Мысалы, ұлы Абай, С.Торайғыров, Б.Момышұлы, О.Сүлейменовтың «Арғымақ» өлеңімен 8–сынып оқушыларын таныстырғаңда сабақты компьютер кабинетінде өткіздік. Әрбір тақырыптарды өткен кезде ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығы немесе шығармаларының мазмұны, композициясы, сюжеті, көркемдік ерекшілігі, т.б. туралы тірек-сілтемелер /кластер, схема/ беріледі. Оқушы тірек-схемалар арқылы ойын жинақтап, шығармашылықпен жұмыс істей алады. Сонымен бірге оқушылардын көмегімен бағдарламадан тыс материалдарды жинақтап, мультимедия бағдарламасы бойынша репортаж дайындауға, ұйымдастыруға болады. Компьютерді пайдалану сабақ сапасын көтерумен қатар оқушылардың ынтасын, белсенділігін арттыруда ерекше орын алады, оқушының назарын пән мазмұнына аударады, өз бетінше практикалық жұмыстарды орындауға қызықтырады дегіміз келеді. Мультимедиа ресурстары, белсенді тақта арқылы ақын – жазушылардың шығармаларын, сазгерлердің күйлерін тыңдату оқушылардың тыңдау әбден, дауыс қарқынын, мәнерлеп оқу қабілетін қалыптастырады. Соңдықтан біз өз сабақтарымызды мультимедиа кабинетінде, интербелсенді тақтасы кабинетінде өткіземін. Мысалы. («Музыка туралы», «Жас әншілер»: «Әсем Жәкетаева, Ренат Мальцагов, Жанар Дуғалова - еліміздің мақтанышы», «Спасибо» тобы және өңіріміздің спортшыларын, мектебіміздің әнші-спортшыларын ) таныстырғанда ақпараттық ресурстар арқылы таныстыру өте тиімді де, оқушыларға өте қызықты. Көрнекілік оқушылардың материалды тез және саналы түрде түсінумен бірге, оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі. Бірнеше сезім мүшелері қатысуы арқылы берілген білім берік сақталады. «Баланы бір затпен таныстырмақшы болсақ, сол зат туралы сөйлеп қана қоймай, алып келіп балаға көрсет» - деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, «Ақпараттық – коммуникациялық технологияны» сабақта ұтымды пайдалану – заман талабы ғана емес, жаңа сөзбен, жаңа ұғыммен таныстырып, оны қолданысқа түсіруде пайдасы зор.

Ақпараттық ресурстар арқылы затты, көріністі, оқиғаны көруге, дыбыс пен әуенді тыңдауға, өз дауысын жазып, содан соң диктордың сөзімен салыстыруға, жаттығуға, бірнеше рет қайталуға, қайта айналып келуге, түзетуге, тағы да толып жатқан функцияларды орындауға болады. Тіпті, жануарларды, хайуанаттарды, құстарды, көрсетіп қана қоймай, кез-келген затты, жануарды қозғалта аламыз, яғни құстарды ұшқыздырып,ән салдырып, аңдар мен жануарларды жүгіртіп, секіртіп, дыбыстатуға мүмкіншілік толығымен бар. Интербелсенді тақтаның мүмкіншілігін қазақ тілі сабағында ғана емес, әдебиет пәнінің жүйесінде де қолданамыз.

Қызығушылықты оятып, ынталандыруда «АctivStudio», «АctivInspire» бағдарламасының мүмкіншіліктері мол, яғни оқыту үдерісін ақпараттандыруда интербелсенді тақтамен жұмыс жасау оңтайлы. Жұмыс барысында байқалғаны жаңа сөздердің көбі баланың есінде қалмайды, оның себебі, сөзді түсінбеуінде. Түсінбеген сөз қабылданбайды, бала жадында сақталмайды. Бірыңғай түсіндіру, сөз әдісін қолдану оқушы іскерлігін дамытпайтындығын тәжірибе көрсетті. Сондықтан баланы бір затпен таныстырмақшы болсақ, сол зат туралы сөйлеп қана қоймай, алып келіп балаға көрсету интербелсенді тақтаны сабақта дидактикалық оқыту құралы ретінде пайдалану керек. Сабақта оқушыға материалды толық қабылдату оның көру, есту мүшелері арқылы іске асатынын психолог ғалымдар дәлелдегенін жоғарыда айтылды. Сөйлеу үшін сөздік қор болу керек, ендеше, жаңа сөздерді еске сақтап, пайдалануда «нысанды өзгерту», «перде, сәйкестендіру», «контейнер», «дыбыстау», «лупа», т.б. мүмкіншіліктері өте қолайлы. Мысалы, жануарларды, құстарды, жеміс-жидектерін, салт-дәстүрлерін, оқу құралдарын, ойындарды, т.б.осы жерде рөлдік ойындарының пайдалануға болатын себебін айтқан жөн (ойындар және рөлдік ойындар пайдалану).

бұлбұл

оқы

сиқыршы

біз

ұзақ

жаз

сұрғылт

менің

қара

сүрт

қызыл

әрқашан

2 кесте

«Үшінші артық» ойыны

Суреттерге байланысты диалог құрайды. Мысалы,

-Мынау не?

-Мынау азық-түлік дүкені.

-Дүкенде не бар?

Екі-екі оқушыдан шығарып, «Дүкен» ойынын ойнату.Сатушы мен сатып алушы болып рөлдік ойын көрсету.

Сонымен бірге аз уақыттың ішінде барлық оқушылардың білімдерін арнайы «actvote» құралы негізінде тексеріп, бағалауға да болады. Тіпті тұйық, белсенділігі төмен шәкірттің өзі қатысады, себебі жауапты құпия түрде беруге болады. Осы мүмкіндіктер оқытушы уақытын үнемдеп, баланың зейінін, ынтасын арттырады.

Сонымен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, келесі нәтижелерге жеткізді:

- тілді белсенді оқытудың түрлері мен әдіс-тәсілдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етті;

- оқушылардың интеллектуалдық потенциалын дамытуға, өз бетімен білім алу біліктіліктерін қалыптастыруға мүмкіндік берді;

- оқушының оқуға деген қызығушылығын кешенді ұсынатын және көру, есту негізінде қабылданатын ақпаратты құбылтып өзгертетін құралдар арқылы арттырады.

Қорыта келгенде, оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны қолдану білім сапасын жақсартуға көмектеседі. «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай жаңа білім беру өте –қажет» деп, ел Президенті атап көрсеткендей, ақпараттық технологияларды мемлекеттік тілді оқытуда тиімді пайдалану – жаңа білім берудің бірден–бір шарты. Мұғалімнің басты мақсаты- оқушыны сөйлету, сондықтан оқушы сабақта тыңдады, сөйледі, түсіндірді, алайда алған білімін пайдалана отырып, мәселені шешуге, талқылауға, бағалауға, өз ойын еркін жеткізуге тырысады.

Мұғалімнің түсіндіруі

5%

Оқу

10%

Аудио-видео

20%

Көрнекілік қолдану

30%

Топтық жұмыс

50%

Тәжірибелік жұмыс

70%

Оқушының өз белсенділігі

90%

3 кесте

Осы кестенің көрсеткіштерін тәжірибе көрсеткен нәтижелермен салыстырсақ, былай болды: оқу арқылы ақпараттың 10%, тыңдау, көрнекі құралдар арқылы 20% ұштастырылса, 40-50% оқыту процесінде оқушы белсенділігін арттыратын мүмкіндіктер жасалса, білімнің 70% есте сақталады екен. Нағыз өмір шындығымен ұштастырылған ақпараттың бала ойында қалу дәрежесі 90%. Олай болса мәліметті есте сақтау қолданылатын әдіс–тәсілге байланысты. Сол әдіс–тәсілдің бірі–әр сабақтарда компьютерді және интерактивті тақтаны пайдалану. Компьютер және интербелсенді тақта арқылы түрлі суреттер, графикалық сызу, дыбыс, музыка тыңдау, мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді әрі әсерлі.Оқыту үрдісінде компьютерді қолдануға негізделген жеке әдістемелер оқу мақсаттары мен жағдайларына байланысты қолданылуы қажет. Компьютердің көмегімен оқушы өз бетінше немесе өзге оқушылармен топтасып бірге жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Компьютерлер көрнекі, бейнелі ойлауды, қозғалыстың ауызша қарым–қатынас машықтары мен әрекеттерді туғызатыны дәлелді. Сондықтан осы тақырыпта жинақтаған іс-тәжірибеммен бөлістім.Облыстық курсына келген мұғалімдеріне «шеберлік сағаттары» арқылы осы ақпараттық - коммуникациялық технологияларды қолданып, мүмкіншіліктері арқылы заманауи сабақтар көрсетіп жүрмін.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Жұмабаев М. Шығармалар жинағы. 3-том. Психология. – Алматы:.»Жазушы», 2005. – 119; 129-беттер

2.Жарықбаев Қ. Жүсіпбек Аймауытұлының психологиялық көзқарастары. – Алматы: «Білім», 2000.- 32-бет.

3.Есжанов А. Электрондық мультимедиа: ресурстары мен құралдары. // «Қазақстан мұғалімі» газеті. - №7-8, 2008.

4.Хасенов Ә. Тіл білімі (Оқу құралы). – Алматы: «Санат», 2003. – 5-бет.

5. К.Құдайбергенова «Құзырлылық – тұлға дамуының сапалық критерийі»

(ғылыми-практикалық конференция материалдары) Алматы-2008

Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/43390-bajandama-aza-tili-sabaynda-aparatty-kom

Свидетельство участника экспертной комиссии
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и закажите рецензию на методическую разработку.
Также вас может заинтересовать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ
БЕСПЛАТНО!
У вас недостаточно прав для добавления комментариев.

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.

 

Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)

Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.

Рекомендуем Вам курсы повышения квалификации и переподготовки