Охрана труда:
нормативно-правовые основы и особенности организации
Обучение по оказанию первой помощи пострадавшим
Аккредитация Минтруда (№ 10348)
Подготовьтесь к внеочередной проверке знаний по охране труда и оказанию первой помощи.
Допуск сотрудника к работе без обучения или нарушение порядка его проведения
грозит организации штрафом до 130 000 ₽ (ч. 3 статьи 5.27.1 КоАП РФ).
Повышение квалификации

Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014

Почему стоит размещать разработки у нас?
  • Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
  • Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
  • Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
Свидетельство о публикации
в СМИ
свидетельство о публикации в СМИ
Дождитесь публикации материала и скачайте свидетельство о публикации в СМИ бесплатно.
Диплом за инновационную
профессиональную
деятельность
Диплом за инновационную профессиональную деятельность
Опубликует не менее 15 материалов в методической библиотеке портала и скачайте документ бесплатно.
21.04.2014

Ұрпақ танымы мен өнер сабақтастығы

Қазақ халқының рухани қазынасы – сөз, музыка және қол өнері арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жеткен. Саз және сөз өнерінде халықтың даналығы, өмірге көзқарасы мен сан ғасырлық тәжірибесі жинақталған. Музыка – ұлттық болмысты ең терең білдіретін құбылыс, ол адамды адамгершілік пен парасаттылыққа жетелейтін күшті құрал. Дәстүрлі ән мен күй – бүгінгі жастарға асыл мұра, оларды сақтау және дамыту – біздің бүгінгі таңдағы міндетіміз.

Содержимое разработки

ҰРПАҚ ТАНЫМЫ МЕН ӨНЕР САБАҚТАСТЫҒЫ

Нұрымбетова Жамиля Игілікқызы

«ХХ ғасыр табалдырығын аттағанға дейін қазақ халқының жұбанышы болған рухани өнердің қай түрі ? » деген сұрақ қояр болсақ, онда алдымен сөз өнері, музыкалық өнер және қол өнері аталған болар еді. Халқымыздың бүкіл рухани ауыр жүгін осы үш арнаға теңдеген сияқты.

Құрманғазы атындағы ұлттық консерватория профессоры, өнертану ғылымдарының докторы Б.Қаракулов ағамыз: «Қазақтың кәсіби музыкасы, дәстүрлі фольклоры сияқты, көшпелі тұрмыс жағдайында туды және онымен тығыз бірлікте дамыды. Қазақ халқы өзінің өмірі мен тұрмыстық ерекшеліктеріне байланысты өнердің барлық түрлерін рухани қазына етті. Бұл тұрғыда саз өнері мен сөз өнерінің маңызы ерекше. Өнердің бұл түрлерінде халықтың сан ғасырлық ақыл-ойы, парасат пайымы, өмірге көзқарасы мен наным сенімдері жинақталған», - деп жақсы пікір айтқан.

Өнер арқылы мәдениет өзінің тұңғиық тереңінде болып жатқан құбылыстарын дәл бір айнаға қарап көргендей, байқап отырады. Орыстың танымал жазушысы Н.Бердяев: «Культура никогда не была и никогда не будет отвлеченно-человеческой, т.е. национальная, индивидуально-народная, и лишь в таком своем качестве восходящая к общечеловечности», деп қазақ мәдениетін халқымыздың асыл да ардақты қазынасын құрайтын рухани игілік, адамның бүкіл ғұмыр нәрінің бұлағына теңеді. Өнер – адами ақиқат, адамдандырылған “екінші әлем” тудыратын адамның құдіреті. Сондықтан да өнерді “мәдениеттің айнасы” деп анықтауында негіз бар. Халық өз салты мен дәстүрін, ғұмырлық тарихын ең алдымен өнерге сіңірген, сол арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген. Өнер сүйген қауым адам баласына тән ізгі қасиетті, шынайы достық пен махаббатты, әсем мінез-құлықты қастерлейді. Қазақтың әні мен күйін естіп өскен адамды биік мұраттарға жетелейді. «Өнер – бұл құдіретті күш»(О.Бальзак).

Ұлттық қасиеттен ең соңғы ассимиляцияға түсетін – музыка. Бұл – этностар тарихында мың сан рет дәлелденген ақиқат. Демек, ұлттық қасиет пен ұлттық тілді бойына ең мол сіңірген рухани құбылыс деп музыканы айтуға негіз мол. Музыканың тілі сөйлеу тілінен мүлде бөлек. Бәлкім, сөйлеу тіліне, яғни сөзге қарағанда сезімді бейнелеу мүмкіндігі молдау болар. Себебі, музыканың тілінде белгілі бір этностың биопсихологиялық болмысымен біте қайнасқан символдық, емеурендік қасиеттер бел алып жатыр.

Көптеген ғасырлар бойы музыканың ауызша дамуы арқылы аспаптық өнер қалыптасты. Халық музыкасының бұл түрі дәстүрлі қазақ қоғамының аясында дами отырып, кәсіби өнер талаптарына сай деңгейге дейін көтерілді.“Біз қазір музыка саласында өзіміздің халқымыздың дәстүрінен, дүниежүзілік классикалық үлгіден айрылмай, ілгерілей беруіміз қажет, - дейді ғалымдар Ә. Нысанбаев пен Т.Әбжановтар, - өйткені музыка халқымыздың адамгершілік пен парасаттылық қасиеті жете тануға бастайтын жол ғой”. Өте тура да, әділ айтылған пікір. Ендеше осы халқымыздың дәстүріндегі әсем ән мен тәтті күйіміз, бізді адамгершілік пен парасаттылыққа жетелейтін жол. Осы бір аса бай рухани қазыналардың бүгінгі таңда жастарға тәрбие берудегі ролі де айрықша. Сол үшін де өнер сүйген қауым адам баласына тән ізгі қасиетті қастерлейді. Музыка – ерекше өнер түрі. Оның көп жақты сырын игеру, түсіну, қабылдау, тереңдеу тым ерте, яғни сәби шағынан басталуы тиіс. Сонау Эллада дәуірінде ақылман Аристотель адамның жан-жақты мәдени және рухани дамуына ерекше мән беріп, әсіресе, өнер, соның ішінде музыка адамдарды тәрбиелеудің негізгі құралы деп таныған.

Музыканы қабылдау, әрине, күрделі процесс, осыған орай Д.Кабалевский былай деп жазды: “Музыкаға деген қызығушылық, музыкаға әуестену және оны ұнату, оның ғажайып сұлулығын түсіну үшін қажетті шарт. Сонда ғана ол өзінің тәрбиелік және танымдық рөлін атқара алатын болады. Ал музыкаға қызықпаған, онымен айналыспаған, оны ұнатпаған адамға білім мен тәрбие беремін деу сәтсіздікке ұшыратпай қоймайды”. Көптеген ғасырлар бойы музыканың ауызша дамуы арқылы аспаптық өнер қалыптасты. Халық музыкасының бұл түрі дәстүрлі қазақ қоғамының аясында дами отырып, кәсіби өнер талаптарына сай деңгейге дейін көтерілді. Әрбір оқушының сана-сезімі, мінез-құлқы, өмірге көзқарасы, мәдениеті, музыкалық қабілеті бірдей болып келмейді. Ерекшелігі – тәрбиесіне, шыққан ортасына да байланысты. Демек, оқытушы өзінің тәрбие жұмысында әрбір студентке өз алдына жеке-жеке педагогикалық тәсілдер қолданады. Студенттің музыкалық қабілеттігін арттыру үшін әр-түрлі этюдтар, жаттығу және шығармалармен қамтамасыз етеді. Болашақ маманның ең негізгі міндеті – таңдаған мамандығы бойынша теориялық білім мен тәжірибелік дағдысын ұдайы меңгеру болса, кәсіби тұрғыдан қалыптасуына педагогикалық іс-тәжірибе кезеңінің зор көмегі болады.

Музыкалық білім мен тәрбие берудің негізі, ұлттық дәстүрімізде. Біздің қазақ халқымыздың мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін зерттеу мәселесі де жас ұрпақ тәрбиесінде ерекше маңызға ие болды. Оқушы музыка әуенінің өзіндік ерекшелігін түсінуі керек. Шығарманың шығу тарихымен танысу керек. Кез келген музыкалық шығармадағы характер, құрылым, мазмұн, жанр, стиль, шығу тарихы алғашқы сатыдағы терең талдау әдісіне бағынышты. Екінші кезеңде музыканы өңдеу, штрихтарын жөндеу, саусақтарын қою. Ал, үшінші кезеңдегі шығарманың әсемдігін сезініп, еркін орындай білу, шығармашылық шеберлігін шыңдау.

Халық мұрасының тарихи дәстүрі қанша тереңнен бастап қалың болғанымен, оны жиып-теріп, зерттеп-зерделеп отырудың мәні зор. Шындап келгенде, ғылымның үлкен мақсаты ұрпақтар танымы мен тәжірибесін сабақтастырып отыру ғой. Халықтың рухани өмірі, біртұтас рухани ғұмырнамасы, өмірдің ғана емес, өнердің де сабақтастығы дейтін құдірет – осы (А.Сейдімбек).

Пайдаланылған әдебиеттер:

Нағымова М.М. Қазақстан мектебі № 3, 2000 ж

Үсенбаев Е. Автореферат. 2004 ж

Қалиев С. Көне тарихқа көз жіберсек. Ұлт тағылымы № 1, 2004ж.

Маданов Х. Қазақ мәдениетінің тарихы. Алматы “Қаржы -Қаражат1998 ж.

Тарақты Ақселеу. Күй шежіре. – Алматы: КРАМДС-Яссауи, 1992ж.

Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/45903-rpa-tanymy-men-ner-sabatastyy

Свидетельство участника экспертной комиссии
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и закажите рецензию на методическую разработку.
Также вас может заинтересовать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ
БЕСПЛАТНО!
У вас недостаточно прав для добавления комментариев.

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.

 

Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)

Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.

Рекомендуем Вам курсы повышения квалификации и переподготовки