- Курс-практикум «Педагогический драйв: от выгорания к горению»
- «Формирование основ финансовой грамотности дошкольников в соответствии с ФГОС ДО»
- «Патриотическое воспитание в детском саду»
- «Федеральная образовательная программа начального общего образования»
- «Труд (технология): специфика предмета в условиях реализации ФГОС НОО»
- «ФАООП УО, ФАОП НОО и ФАОП ООО для обучающихся с ОВЗ: специфика организации образовательного процесса по ФГОС»
Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014
- Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
- Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
- Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
в СМИ
профессиональную
деятельность
8- класс оқушыларына арналған көмекші құрал
Мазмұны
І. Бақылау жұмыстары
1.Химиялық алғашқы ұғымдар
2.Оттегі. Оксидтер. Жану.
3.Сутегі. Қышқылдар. Тұздар.
4.Авогадро заңы. Газдардың мольдік көлемі және газдардың салыстырмалы тығыздығы.
5.Су. Ерітінділер. Негіздер.
6.Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары арасындағы генетикалық байланыс.
7.Д.И. Менделеевтің периодтық заңы мен периодтық жүйесі.
8.Химиялық байланыс.
9.Галогендер. Тұз қышқылы.
10.Жылдық қорытынды бақылау жұмысы.
ІІ. Тест тапсырмалары.
1.Химиялық алғашқы ұғымдар
2.Оттегі. Оксидтер. Жану.
3.Сутегі. Қышқылдар. Тұздар.
4.Авогадро заңы. Газдардың мольдік көлемі және газдардың салыстырмалы тығыздығы.
5.Су. Ерітінділер. Негіздер.
6.Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары арасындағы генетикалық байланыс.
7.Д.И. Менделеевтің периодтық заңы мен периодтық жүйесі.
8.Химиялық байланыс.
9.Галогендер. Тұз қышқылы.
Кіріспе
«Тәуелсіз еліміздің болашағы жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың болашағы ұстаздардың қолында», - деп Елбасымыз айтқандай, әрбір ұстаз келешекте өз бетінше өмір сүре алатын білімді де, шығармашыл жастардың қабілетін дарынын ояту білу керек деп ойлаймын. Оқушы білімін тиянақты қалыптастыруды мұғалімнің жауапкершілігі өте жоғары, әрбір ұстаз ізденімпаздықпен оқытудың тиімді әдіс – тәсілдерін өз тәжірибесінде қолдану тиіс. Берілген құралдың мақсаты оқушылардың оқу материалдарын өз бетінше анализ жасауға, пысықтауға, оқулықтағы жаңа білім элементтерін анықтай білуге дағдыландыру. Негізгі мектептің химия курсын жаңа буын оқулығы бойынша толық қайталау. Оқушының қабілетіне сай әр түрлі деңгейлік тапсырмалар берудің негізгі көздегені де – оқушының білімін бағалау. Сондықтан бұл ұсынылып отырған жинақтағы бақылау жұмыстары оқушының дәл анықтау үшін жеңілден бастап күрделілігіне қарай орналастырған және соған сәйкес үш деңгейге бөлінген. Әр тарау соңында оқушы білімін тиянақты тексеруге үстеме ретінде тест тапсырмалары беріледі. Бұл есептер мен тест тапсырмалары 8 – кластың бағдарламасына сәйкес құрастырылған. Жинақ химияны енді бастап оқып жатқан 8 – класс оқушылырына арналған.
Ұсынылып отырған жинақтың негізгі мақсаты – оқушылардың өздігінен жұмыс істеуге және сол арқылы шығармашылықпен ойлануға үйрету.
Жинақталған бақылау жұмыстары мен тест тапсырмаларының негізгі дені сандық есептердің қызметіне жүктелген.
Бақылау жұмыстары
Химиялық алғашқы ұғымдар
1-нұсқа
1)Төмендегі қосылыстардағы элементтердің массалық үлестерін есепте:
BaSO4 Fe2(SO4)3 Ca(NO3)2
2)Қосылыстардың молекулалық массасын есептеу:
AgNO3 Ca3(PO4)2 Fe(NO3)3
3)Реакция теңдеулерін аяқтап, коэффициенттерін койыңыз
Н2 + О2 = К + О2=
Ва + О2 = Na + S=
4)Мына жазу нені білдіреді: 5Р, 4 Н2, 3СО2 , 6Са
5) Қосылыстардағы элементтердің валенттілігін анықтаныз:
SCL6, CH4,Mn2O7,PH3, H2S.
2- нұсқа
1)Қосылыстардағы элементтердің валенттілігін анықтаныз:
PbO, SO3, Ag2S,FeCI3.
2)Мына қосылыстардағы элементтердің массалық үлестерін есепте:
Na3PO4 kMnO4
3)Төмендегі қосылыстардың молекулалық массасын есептеу:
Ва(ОН)2 ,(NH4)2SO4, Na2 СО3
4)Мынажазу нені білдіреді: 5Н2О, 3С, 2К.
5) Төмендегі қосылыстардағы оттек атомдарының санын анықтыңдар:
P2O3, H2O, CrO3, CI2O7,СаSiО3
3- нұсқа
1)Мына қосылыстардағы элементтердің массалық үлестерін есепте:
Zn SO4, AgCI, Са СО3
2) Төмендегі қосылыстардың молекулалық массасын есептеу:
KClO3,Cu(NO3)2,CaCl2, H3PO4.
3)Реакция теңдеулерінің коэффициенттерін койыңыз:
AlCl3+Mg→ Al+Mg Cl2 N2+O2→ NO
Al+Cr2O3→ Al2O3+Cr KCIO3 →KCI+O2
4) СО2 көміртек (IV) оксидінің оттегі бойынша тығыздығын есептеніз.
5)Қосылыстардағы элементтердің валенттілігін анықтаныз:
NH3, SiO2, Mg3P2, AI4C3, CrO, SnO2.
Оттегі. Оксидтер. Жану.
1-нұсқа
Массасы 112г кальций оксидін алу үшін жұмсалатын кальцийдің массасы.
2) Оттектің: магниймен, натриймен, мырышпен, алюмиймен қосылу реакциясының теңдеуін жазыныз.
3)Мына оксидтердің айырылу реакциясының теңдеулерін жазыныз:
Н2О, Au2O3,HgO.
4) 18г су аыйрылғанда неше грамм сутегі және оттегі бөлінеді?
5) Төменде берілген заттардың ішінен оксидтерді теріп жазыныз:
CuO, Al2O3, Mg2Si, P2O5, H2O,Cr2O3,KIO3,H2SO4,NO, H2О.
2- нұсқа
Массасы 230г азот (IV) оксиді қалыпты жағдайда қанша көлем алады?
Мөлшері1,5 моль көміртек (IV) оксидінің массасы мен көлемін есептеу.
3)Оттектің: кальциймен, фосформен, бариймен қосылу реакциясының теңдеуін жазыныз.
4)20гкальций оттекпен әрекеттескенде неше грамм кальций оксиді пайда болады.
5) Қалыпты жағдайда О2,СО2,NO газдардың тығыздықтары.
3- нұсқа
1)Термохимиялық теңдеу: CH4+2O2→CO2+2H2O+880кДж, осы реакция кезінде метанның қанша массасы түзіледі, егер 5280 кДж жылу бөлінсе.
2)Қанша грамм натрий 11,2л оттекпен реакцияласады.
3)Мына оксидтердегі, оттегінің массалық үлесі: P2O5, H2O, Cr2O3.
4) Оттектің: кремниймен, сутекпен, күкіртсутекпен қосылу реакциясының теңдеуін жазыныз.
5)64г алюминий жанғанда түзілетін оксидтің, массасы мен зат мөлшерін есептеніз.
Сутегі. Қышқылдар. Тұздар.
1-нұсқа
1) СаСО3 затының молярлық массасы.
2). 20г натрий сумен әрекеттескенде қанша көлем сутегі бөлінеді
22 моль су ыдырағанда неше моль сутегі бөлінеді?
4). 10,2г алюминий мен 3,2г күкіртті қыздырғанда түзілетін алюминий сульфидінің массасы.
5). 3,1г фосфор (V) оксидің суда еріткенде қанша грамм фосфор қышқылы түзіледі.
2- нұсқа
13г мырыш пен 24,5г күкірт қышқылы әрекеттескенде түзілетін сутегінің көлемін табу.
2)187,2г натрий хлоридің алу үшін қанша грамм натрий қажет?
3) Мына қосылыстардағы элементтердің массалық үлестерін есепте:
LiNO3 , FeCI2, H3PO4 , HNO3
3 моль азот қышқылы мен 4 моль барий гидроксиді ерітінділерін араластырғанда түзілетін барий нитратының зат мөлшері:
4г мыс (IІ) оксидімен әрекеттесуге қанша моль сутегі қажет?
3- нұсқа
1)28г темір мен 16г күкіртті қыздырғанда түзілетін темір сульфатының массасы:
2) 200г күкірт қышқылы мен 200г мыс (IІ) оксидін араластырғанда қанша грамм түз түзіледі.
3) Мына қосылыстардағы элементтердің массалық үлестерін есепте:
CaSO4 , HCI, H2SO4 , HJ, K2CO3.
4)49г фосфор қышқылын алуға жұмсалатын фосфор (V) оксидінің массасы:
5)1,5 моль магний мен тұз қышқылы әрекеттескенде бөлінген сутегінің көлемі.
Авогадро заңы. Газдардың мольдік көлемі және газдардың салыстырмалы тығыздығы.
1-нұсқа
CO2, О2, CH4 газдарының сутегі бойынша тығыздықтарын есептеу.
3 моль СаСО3 массасы
2 моль H2SO4 молекула саны
4)Заттың оттегі бойынша тығыздығы 1, 35. Осы заттың молекулалық массасын есептеніз.
5) 22г CO2 қанша көлем алады.
2- нұсқа
4 моль хлорсутекті алуға жұмсалатын хлор мен сутегінің көлемі.
2)СІ2, H2 ауа бойынша тығыздығын есептеу.
3)Заттың оттегі бойынша тығыздығы 2,755. Осы заттың молекулалық массасын есептеу.
4)72г су қанша көлем алады.
5)182,5г тұз қышқылы мен марганец(IV) оксиді әрекеттескенде қанша литр хлор түзіледі?
3- нұсқа
3,2 моль азот қандай көлемге ие болады?
84г натрий карбонаты О,5 моль хлорсутек ерітінділерін араластырғанда бөлінетін газдың көлемі.
1 моль суда судың неше молекуласы бар.
Сутегімен салыстырғанда тығыздығы 17. Осы заттың массасын есептеніз.
5) NH3, H2S,NO газдарының сутегі бойынша тығыздықтарын есептеу.
Су. Ерітінділер. Негіздер.
1-нұсқа
1) Na+H2O=NaOH+H2 реакция теңдеуіндегі судың алдына қойылатын коффициент:
30г су 10г натрий гидроксидің еріткенде түзілетін сілтінің массалық үлесі.
3)400г 2 % ерітінді даярлау үшін алынатын тұздың массасы.
4) 19,6г күкірт қышқылы ерітіндісін бейтараптауға жұмсалатын калий гидроксидінің массасы.
5)Массасы 4г кальций сумен әрекеттескенде неше грамм сутек газы бөлінетінің есептеніз.
2- нұсқа
1)Төмендегі айналымдарды асыруға мүмкіндік беретін химиялық реакция теңдеулерін жазыңдар: Н2→ Н2О→ NaOH
2)Массасы 8г мыс (IІ) оксидін сутекпен тотықсыздандырғанда қанша грамм су түзілетін есептеніз.
28г кальций оксидің суда еріткенде түзілетін негіздің массасы.
4)Химиялық теңдеуді аяқтау: К+H2O= Ва+H2O= Н2О→
5) 50г 16%-дық сілті ерітіндісін дайындау үшін қанша грамм сілті алу қажет?
3- нұсқа
20 %-дық 500г ерітінді даярлау үшін қанша грамм тұз және су қажет?
78г калий сумен әрекеттескенде неше грамм калий гидроксиді мен зат мөлшері түзіледі?
3)Мына заттардың ішінен тек негіздердің формулаларын теріп жазыңдар:
NaOH, NH3, H2S,Cr(O)3,Са(ОН)2,FeCI2, H3PO4.
4)3,2 г күкірт (IV) оксидін суда еріткенде неше грамм қышқыл түзіледі?
5)10, 8г су ыдырағанда қанша қөлем сутегі және оттегі бөлінеді?
Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары арасындағы генетикалық байланыс.
1-нұсқа
1)Төмендегі айналымдарды асыруға мүмкіндік беретін химиялық реакция теңдеулерін жазыңдар: Са → СаО→ Са(ОН)2→ СаСІ2→ СаСО3
2) Оксидтердің сәйкес гидроксидтерінің формуласын жазу:
ZnO, MgO, AI2O3 , СаО, Fe2O3 .
Реакция теңдеулерін аяқтау, коэффициенттерін қою.
а)NaOH + HNO3= б) Ba(OH)2 + H2SO4
в) K2CO3+HCI= г) P2O5+ Н2О=
4)Массасы 28г литий гидроксиді темір(IІ) хлоридімен әрекеттескенде түзілетін тұнбаның массасын есептеніз?
5) Массасы 4 г кальций сумен әрекеттескенде түзілетін газдың көлемі, массасы және зат мөлшері.
2- нұсқа
1)Төмендегі оксидтерді жіктеп, атын атаңдар: Mn2O7,P2O5, Cr2O3, SO3, SiO2, AI2O3, BaO, СаО, ZnO.
Химиялық реакция теңдеулерін толықтырып аяқтаңдар:
SO3+---→Na2 SO4+--- P2O5+---→ H3PO4
Na2O+---→ NaOH СаО+---→Са SiO3
3)Берілген заттың қайсысы тұз қышқылымен әрекеттеседі. Жүзеге асатын раекция теңдеулерін жазыныз: СаО, H2SO4 , AI2O3, NaOH, Cu.
4) 10г күкіртті мырышпен араластырғанда неше грамм мырыш сульфиді түзіледі?
5)Масасы 37г кальций гидроксиді қанша грамм азот қышқылымен әрекеттеседі?
3- нұсқа
1)Төмендегі айналымдарды асыруға мүмкіндік беретін химиялық реакция теңдеулерін жазыңдар: Li → L2O→ LiOH → L2SO4.
2)Массасы 7,4г кальций оксиді неше грамм фосфор қышқылымен әрекеттеседі?
Берілген заттың қайсысы натрий гидроксидімен әрекеттеседі. Жүзеге асатын раекция теңдеулерін жазыныз: Zn(OН)2 ,P2O5, SO3, BaO, КСІ, Н2О.
4)Массасы 20г натрий сілтісіне көмірқышқыл газын жібергенде түзілетін тұздың массасын есептеніз.
5) Мөлшері 0,1 моль барий нитраты қанша моль натрий сульфатымен әрекеттеседі?
Д.И.Менделеевтің заңы мен периодтық жүйесі.
1-нұсқа
1)Мына элементтердің жоғары оксидтерінің формуласын жазу: Са, К, P, S. Сәйкес гидроксидтері мен қышқылдарының формуласын, алу жолдарының реакция теңдеулерін жазу.
2)Атом құрылысы: 2е,8е,1е және 2е,8е,7е болатын элемент түзілетін жай заттардың арасындағы реакция теңдеулерін жазып, түзілетін затты атаныз.
3)Элементтерге сипаттама беру: Mn, Mg, Ва, Cr,Si.
1,11г сілтілік металл сумен 0,16г сутегі түзілсе, қандай металл болғаны?
5)Масасы 4,05г мырыш оксиді натрий гидроксидімен әрекеттескенде, неше грамм натрий цинкаты түзіледі?
2- нұсқа
1)Атом құрылысы: 2е,8е,2е және 2е,8е,18е,7е болатын элемент түзілетін жай заттардың арасындағы реакция теңдеулерін жазып, түзілетін затты атаныз.
2)Реттік нөмірлері:11 және 19, 16 және 34 элемент атомдарының құрылысында қандай ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар?
3)+19К, +22Ti, +25Mn, +33As, +35Br атомдарында электрондардың таралуының электрондық және графиктік формулаларын жазыныз.
4)Барлық элементтердің тотығу дәрежелерін анықтау: Na3PO4, H3BO3, HCIO4,K2CO3, CaSO4, K2ZnO2, MgCI2, Ba(NO3)2.
5)Күкірт қышқылының 0,1молімен әрекеттесетін мырыш гидроксидінің массасын есептеңдер.
3- нұсқа
1)Бериллий гидроксидінің 0,2 моліне калий гидроксидінің артық мөлшерімен әсереткенде неше грамм калий бериллаты түзіледі?
2)Қай элемент атомының ядросында нейтрон көп: №9 және №10, №15 және №16, №19 және №20, №21 және №22.
3)+24 Cr,+26Fe,+17CI,+15P,+29Cu атомдарында электрондардың таралуының электрондық және графиктік формулаларын жазыныз.
4)Атом құрылысы: 2е,8е,3е және 2е,8е,7е болатын элемент түзілетін жай заттардың арасындағы реакция теңдеулерін жазып, түзілетін затты атаныз.
5) Мына элементтердің жоғары оксидтерінің формуласын жазу: Сr, Mg, Cu, Se, Fe, Si, C, N. Сәйкес гидроксидтері мен қышқылдарының формуласын, алу жолдарының реакция теңдеулерін жазу.
Химиялық байланыс.
1-нұсқа
1)N2, O2, CI2, H2O қосылыстардағы байланыс типтерін және олардың түзілу сызбанұсқасын жазыныз.
2)Төмендегі көрсетілген заттардың ішінен ионды, ковалентті полюсті, полюссіз байланысты заттарды бөліп көрсетініз: HBr, Na2O, CsCI, NaF, NH3, Br2, H2O, AI2O3, CS2.
3)Байланыс типін анықтау: Ғ2, НCI, АІСІ3, Mg3N2, СО2, І2.
4)Реакцияның электрондық баланс теңдеуін құрастырыныз:
КСІО3+S→ SО2+КСІ
5)Тотығу дәрежелерін анықтау: ССІ4, K Сr O2,Na2 SO3, АІРО4.
2- нұсқа
1) РН3, Ғ2, Н2 S, NaСІ қосылыстардағы байланыс типтерін және олардың түзілу сызбанұсқасын жазыныз.
Төмендегі көрсетілген заттардың ішінен ионды, ковалентті полюсті, полюссіз байланысты заттарды бөліп көрсетініз: HСІ,O2, СН4 , CsF, NaCI, Н2Sе
Байланыс типін анықтау: СІ2, AI2O3, SiO2, Cu, H2O.
Реакцияның электрондық баланс теңдеуін құрастырыныз:
S+ NaOH → Na2 S+Na2 SO3+ H2O
5) Тотығу дәрежелерін анықтау: KMnO4, H2CrO4, NaNO2, KNO3.
3- нұсқа
1) HI, I2, KBr, AI2S3 қосылыстардағы байланыс типтерін және олардың түзілу сызбанұсқасын жазыныз.
2) Төмендегі көрсетілген заттардың ішінен ионды, ковалентті полюсті, полюссіз байланысты заттарды бөліп көрсетініз: CHCI3, SiH4, Br2, N2, NaBr
3) Байланыс типін анықтау: O2, CuCI2, MgO, CI2.
4) Реакцияның электрондық баланс теңдеуін құрастырыныз:
S+HNO3=H2 SO4+NO2+ H2O
Тотығу дәрежелерін анықтау: HMnO4, K2MnO4, NaCIO3, Mg(NO3)2.
Галогендер. Тұз қышқылы.
1-нұсқа
1)Хлор мен фтордың тығыздығын есептеніз
2)5 моль бромның массасын есептеніз
3) 200г 10%-тік натрий бромиді ерітіндісіне фтор жіберілгенде түзілетін тұздың массасын есептеніз
4)Тұз қышқылы мына заттардың қайсысымен әрекеттеседі, реакция теңдеуін жазыныз: HNO3,H2 SO4,NaOH, AI2O3.
5)35,5грамм хлордың молекула саны
2- нұсқа
1)Бромның және хлордың ауа бойынша тығыздығын есептеніз
2)58,5 ас тұзы күкірт қышқылы мен әрекеттескенде түзілетін хлорсутектің көлемін есептеніз.
3)8,96л хлорсутек алу үшін реагенттердің көлемін есептеніз.
4)Хлор берілген заттардың қайсысымен әрекеттеседі, реакция теңдеуін жазыныз: Na, K, NaBr, H2
5)Фторид, хлорид, йодит иондарын қалай анықтайды? Реакция теңдеін жазып, түсініктеме берініз.
3- нұсқа
1)1,5 моль фтордың, 32г хлордың молекула саны.
2)Фтордың ауа сутек бойынша тығыздығын есептеніз
3)400г 18,5%- тік тұз қышқылы ерітіндісіндегі хлорсутектің массасымен зат мөлшерін есептеніз?
4)11,2г алий гидроксиді хлорсутекпен әрекеттескенде түзілетін тұздың массасы
5)49г натрий гидроксиді мен 36,5г тұз қышқылы әрекеттескенде қанша тұз қышқылы түзіледі.
Жылдық қорытынды бақылау жұмысы
1-нұсқа
1)Мына элементтердің электрондық формуласын жазу.
Са, Br, N, Mn.
2)K2MnO4 күрделі заттың құрамындағы элементтердің массалық үлестерін табыныз.
3)Химиялық реакциялардың теңдеулерін құрыныз
CuO+…= CuSO4 + H2O K+ H2O=….+….
CaO+…= Ca(OH)2 NaOH+…=Na2SO4+ H2O
4)2 моль сутегі алу үшін неше грамм мырыш және тұз қышқылы қажет.
5)Айналуларды жүзеге асыру: CuSO4 - Cu(OH)2 – CuO – CuCI2
2- нұсқа
1)Химиялық реакциялардың теңдеулерін құрыныз және типін анықтаныз:
AI(OH)3=…+… …+…= Na2ZnO2 +….
Zn+…= ZnCI2 +… …+…= K2CO3
2)Мына элементтердің молекулалық массасын есептеніз:
AgNO3, Na3PO4, Ca3(PO4)2, BaSO4, Mg(NO3)2.
3)20г натрий хлоридіне күміс нитратын кұйғанда неше грамм тұңба түзіледі
4)Массасы 94,8грамм калий перманганаты (KMnO4) ыдыраған кезде бөлінетін оттектің (О2) көлемін есепте.
5)Тұздың 5%тік 100г ертіндісін даярлау үшін қанша тұз, қанша су қажет:
3- нұсқа
1)Массасы 10,7г рамм аммоний хлориді (NH4CI) натрий гидрооксидімен (NaOH) әрекеттескенде түзілетін аммиактың (NH3) көлемін есепте.
2)Массасы 31грамм кальций фосфаты (Ca3(PO4)2), күкірт қышқылымен (H2SO4) әрекеттескенде, түзілетін қышқылдың (H3PO4) массасын есепте, егер шығымы 80% болса.
3)Массасы 16 сутек газының (қ.ж) көлемі.
4)Реакцияға өнімдерінің шығымы 75%, 30г темір (ІІ) оксидінен алынған темір (ІІ) хлоридінің массасы.
5)2 моль темір( ІІІ) оксидінің массасы.
Тест тапсырмалары
Химиялық алғашқы ұғымдар.
1. Күкірт оксидіндегі (IV)күкірттің массалық үлесі
А)20%
В)40%
С)60%
D) 80%
E)100%
2.АІ +О2=АІ2О3 реакция теңдеуінде алюминийдің алдында қойылатын коэффициент.
А) 2
B)3
C)4
D) 5
E)6
3.Массасы 800г темірдің зат мөлшері
А) 2моль
B)3 моль
C)4 моль
D)5 моль
E)6 моль
4.Молекуладағы атом санын көрсететін ұғым
Индекс
Коэффициент
Атом
Валенттілік
Тотығу дәреже
5.Төменде көрсетілген құбылыстардың қайсысы химиялық реакцияларға жатады?
А)Мұздың еруі
B) Күкірттің жануы
C)Қанттың еруі
D)Сүттің ашуы
E)В, D
6.10 моль күкірттің массасы (г)
А)32г
В)3,2г
С)320г
D)10г
Е)16г
7.Натрийдің валенттілігі нешеге тең?
А)11
В)23
С)1
D)3
Е)0
8.0,5 моль көміртекте атом саны қанша?
A)6,02*1023
B)3,01*1023
C)30,1*1023
D)6*1023
E)12*1023
9.Зат мөлшерінің өлшем бірлігі
A)Моль
B)Грамм/моль
C)Грамм
D)Кг
E)Авогадро
10.Хром (III) гидроксидінің молярлық массасы.
А)150г/моль
В)53г/моль
С)106г/моль
D)103г/моль
Е)50г/моль
11.Қай қатар элементтері тұрақтылық валенттілік көрсетеді?
A)Na,AI,H
B)Na,Cu,K
C)K,Mg,Cr
D)O,C,Ba
E)Ca,S,O
12.Заттардың қайсысы жай зат?
A)Ауа
B)Су
C)Темір сульфиді
D)Күкірт
E)Сірке қышқылы
13.Көміртегі (IV) оксидіндегі көміртегінің массалық үлесі:
A)23,7%
B)24,9%
C)42,9%
D)27,3%
E)72,4%
14.Валенттік ұғымын кім және қашан еңгізген ?
A)И.В. Ломоносов,1748
B)А.Лавуазье,1789
C)А.Авогадро,1811
D)Э.Франкленд,1852
E)Д.И.Менделеев,1869
15. 4 СО2 нені білдіреді:
А) көмірқышқыл газының 4 молекуласы
В) 4 молекула көміртегі
С) 4 атом көмірқышқыл газы
D) көмірқышқыл газының молекуласы
Е) көмірқышқыл газының 4 атомы
16.Магнийдің валенттілігі
А)ІІ
В) ІІІ
С) VI
D)I
Е)0
17.Н3РО4 - тің салыстырмалы молекулалық массасы
А)94
В) 89
С) 98
D)97,8
Е)98,9
18.Судың 0,5 моль мөлінде қанша молекула:
А)12,06 *1023
В) 6,02*1023
С)3,01 *1023
D)1,2 *1023
Е) 12 *1023
19.2моль темір( ІІІ) оксидінің массасы:
А) 320
В)160
С)80
D)150
Е)16
20.Массасы 16 сутек газының (қ.ж) көлемі:
А)179,2
В)6,72
С)180,5
D)22,4
Е)17,9
21.Азот ( II ) оксидің көрсет:
А)NO
В)NO2
С) N2O
D)N 2O3
Е) N2О
22. А+ВД=АД+В реакциясының типін анықтаныз
А)Айырылу
В)Қосылу
С) Алмасу
D)Орынбасу
Е) Жылу бөліну
23.Зат массасының сақталу заңын ашқан кім және қашан?
A)И.В. Ломоносов,1748
B)А.Лавуазье,1789
C)А.Авогадро,1811
D)Э.Франкленд,1852
E)Д.И.Менделеев,1869
24.Химиялық реакцияның белгісіне жатпайды?
A)Түсінің өзгеруі
B)Тұңбаның түзілуі
C)Газдың бөлінуі
D)Балқуы
E)Жылу бөлінуі
25.Қоспаға жатпайтыны қайсысы?
A)Сүт
B)Ауа
C)Бензин
D)Ас содасы
E)Газ
Оттегі. Оксидтер.Жану.
1.Оттегінің ауадағы мөлшері
A)21%
B)16%
C)78%
D)49%
E)89%
2.Массасы 5г оттегінің зат мөлшері
A)0,12 моль
B)0,16 моль
C)0,5 моль
D)0,49 моль
E)5 моль
3.KMnO4-нің құрамындағы оттегінің массалық үлесін табыңыз:
A)40,51%
B)90%
C)16,18%
D)80%
E)18,16%
4.Массасы 12,25г бертолле тұзын айырғанда бөлінетін оттегінің массасы
A)8,19г
B)21,02г
C)17,07г
D)4,8г
E)18г
5.Таза оттегін ашқан ғалым:
A)Шееле
B)Пристли
C)Лавуазье
D)Кавендиш
E)Ньютон
6.Зат мөлшері 0,5 моль болатын оттегінің көлемі
A)6,24л
B)11,2л
C)22,4л
D)44,8л
E)1,12л
7.Судың құрамындағы оттегінің мөлшері:
A)40%
B)90%
C)49%
D)88,9%
E)11,1%
8.Қай қатарда негіздік оксидтер көрсетілген:
A)ZnO, AI2O3, PbO
B)CaO, Na2O, CuO
C)SO2, P2O5, N2O5
D)ZnO, Na2O, CuO
E) P2O5, N2O5, Na2O
9.Қай қатарда қышқылдық оксидтер көрсетілген:
A)ZnO, AI2O3, PbO
B)CaO, Na2O, CuO
C)SO2, P2O5, N2O5
D)ZnO, Na2O, CuO
E) P2O5, N2O5, Na2O
10.Қай қатарда екі дайлы оксидтер көрсетілген:
A)ZnO, AI2O3, PbO
B)CaO, Na2O, CuO
C)SO2, P2O5, N2O5
D)ZnO, Na2O, CuO
E) P2O5, N2O5, Na2O
11.0,5 мольалюминийгидроксиді ыдырағанда түзілетін алюминий оксидінің массасы :
А.20,5г
В)25,5г
С)23,5г
D)22,5г
Е)2,25г
12.4 моль темір( ІІІ) оксидінің массасы:
А)320
В)160
С)80
D)150
Е)640
13. Бейметалл оксиді:
А) СаО
В) К2О
С)СІ2О7
D)ВаО
Е) ZnO
14.45 кДЖ жылу сіңірілсе, қанша көлем (қ.ж.) азот реакцияға түседі
N2+O2=2NO -180kДЖ
А) 44,8л
В) 22,4л
С)11,2л
D)5,6л
Е) 56л
15.Оттегінің сутек бойынша тығыздығы
А) 8
В) 16
С)32
D)2
Е) 1
Сутегі. Қышқылдар. Тұздар.
1.Өнеркәсіпте сутегінін қалай алады?
А) Электролиз арқылы
В) Металл мен қышқыл әсерекеттестіру арқылы
С) Активті металды сумен әрекеттестіру
D) Табиғи газдан
Е) Ауадан
2. 22 моль су ыдырағанда қанша моль сутек бөлінеді?
А) 2
В) 10
С)44
D)22
Е) 11
3.Тұздардың қалай алуға болады?
А) Металл + оттек
В) Қышқыл+су
С)Металл + қышқыл
D)Қышқыл+негіз
Е) С, D
4.Фосфор қышқылының формуласы
А) Н3РО4
В) НРО4
С) НРО3
D)Н4РО4
Е) НРО
5.20 гр. натрий гидрооксиді күкірт қышқылы әрекеттескенде қанша грамм натрий сульфаты түзіледі.
А)36,5 г
B) 355г
С)35,5г
D) 3,55г
Е)3,65г
6.30 грамм калий гидроксиді күкірт қышқылымен әрекеттескенде түзілетін калий сульфатының массасын табыңыз:
А) 466г
B) 46,66г
С)46,60г
D)4,666г
E)4,6 г
7.Сутегі төмендегі қосылыстардың қайсысымен әрекеттеседі?
А) Негіздермен
B) Қышқылдармен
С)Металл мен бейметалл
D)Тұздармен
E)Сутегімен
8.Калий карбонаты ерітіндісінде лакмустың түсі қалай өзгереді?
А) Өзгермейді
B) Көгереді
С)Қызарады
D)Таңұқурай түсті
E)Қызыл сары болады
9.Диссоциация кезінде Na+ катионы мен CI- анионы түзілетін затқа жатады?
А) Орта тұз
B) Қышқылдық тұз
С)Негіздік тұз
D)Сілті
E)Қос тұз
10.ҒеСІ2 ерітіндісі қандай ортаны көрсетеді?
А) Сілтілік
B) Қышқыл
С)Негіздік
D)Бейтарап
E)Орта көрсетпейді
11.Мыс (ІІ) сумен әрекеттескенде түзілетін заттар?
А) CuO+ H2O
B)Cu+ H2O
С) CuO+ H2
D) Cu+ H2
E) Cu H2+ H2
12.Су әрекеттеседі:
А) Cu
B) НСІ
С)Na
D) SO2
E) С, D
13.СаСО3 затының молярлық массасы:
А) 100г/моль
B) 100 моль
С)100г
D) 50г/моль
E) А, D
14.Калийдің сумен әрекеттесуі теңдеуіндегі барлық коэффициентерінің қосындысы тең болады:
А) 3
B) 5
С)7
D) 9
E) 10
15.Қышқылдар қандай қосылыстармен әрекеттеспейді?
А) С, D
B) Қышқылдық оксидтер
С)Негіздік оксидтермен
D)Негіз, негіздік оксид
E)Амфотерлі оксидтер
Авогадро заңы. Газдардың мольдік көлемі.
1.2 моль H2SO4 -тегімолекула саны
А)12,04 *1023
В) 6,02*1023
С)3,01 *1023
D)1,2 *1023
Е) 12 *1023
2.1 моль газ қанша көлем алады?
А)1л
В) 10л
С)22,4л
D)6,02л
Е)Газға байланысты
3.10 моль газдың көлемі нешеге тең?
А)1л
В) 10л
С)22,4л
D)224л
Е)Газға байланысты
4.200г СаСО3 кальций карбонаты ыдырағанда неше көлемкөмірқышқыл газы бөлінеді?
А)5,6л
В) 11,2л
С)22,4л
D)44,8л
Е)67,2л
5.10 моль оттегінің көлемі?
А)10л
В) 16л
С)32л
D)22,4л
Е)224л
6.32г метанды СН4 жаққанда түзілетін көмірқышқыл газының көлемі тең?
А)44,8л
В) 22,4г
С)2моль
D)44л
Е)22,4л
7.224л көмірқышқыл газын алу үшін жұмсалатын көміртектің массасы тең?
А)12г
В) 1,2г
С)120г
D)22,4г
Е)224г
8.84г натрий карбонаты мен 0,5 моль хлорсутек ерітінділерін араластырғанда бөлінген газдың көлемі (қ.ж.)тең:
А)5,6л
В) 11,2л
С)16,8л
D)22,4л
Е)30,5л
9.5,9 г аммиак пен 5,6л (қ.ж.) хлорсутегін араластырғанда түзілетін аммоний хлоридінің массасы:
А)5г
В) 5,6г
С)13,1г
D)15,7г
Е)20,1г
10.Авогадро саны тең:
А)12,04 *1023
В) 6,02*1023
С)3,01 *1023
D)1,2 *1023
Е) 12 *1023
11.29,2г тұз қышқылы мен мырыш әрекеттескенде қанша литр сутек бөлінеді?
А)10г
В) 8,96г
С)36,5г
D)11,2л
Е) 8,96л
12.1,5 моль магний мен тұз қышқылы әрекеттескенде қанша литр сутек бөлінеді?
А)1,5л
В) 22,4л
С)33,6л
D)2л
Е)36,5л
13.150г HBr түзілу үшін броммен әрекеттестіруге қанша литр сутекті алу қажет?
А)75л
В) 150л
С)175л
D)25л
Е)50л
14.10г хлорсутек қанша көлем(қ.ж.) алады?
А)4,2л
В) 3,28л
С)6,14л
D)2,74л
Е)6,42л
15.30л (қ.ж.) азоттың массасы?
А)37,52г
В) 39г
С)36г
D)37г
Е) 38г
Су. Ерітінділер. Негіздер.
1.Массалық үлесі 5% 200г натрий хлоридінің дайындау үшін неше грамм тұз және су қажет?
А)37г,52г
В)190г ,10г
С)360г,10г
D)370г,10г
Е) 38г,10г
2.30г тұзды170г суда ерітілді. Осы ерітіндінің массалық үлесі (%) қанша?
А)15%
В)10%
С)36%
D)3%
Е) 38%
3.190г суда ерітіп 5%-тік ерітінді дайындау үшін қанша тұз қажет?
А)52г
В)10г
С)36г
D)3г
Е) 3г
4.200г 9,8%- тік күкірт қышқылын мен 400г 7%- тік калий гидроксидін бейтараптану реакция кезінде тұздың қанша массасы түзіледі?
А)34,85г
В)34,8г
С)36г
D)33,85г
Е) 3г
5.40г 5% - тік тұз ерітіндісіне 5г тұз қосылды. Осы ерітіндінің массалық үлесі (%) қанша?
А)15, 5%
В)10, 5%
С)36, 5%
D)3,5%
Е) 3,8%
6.300г 5 % - тік калий гидроксиді ерітіндісіне 20г калий гидроксиді қосылды. Осы ерітіндінің массалық үлесі (%) қанша?
А)15, 5%
В)12, 5%
С)10, 9%
D) 23,5%
Е)23,8%
7.Ерітіндінің массалық үлесі (%) қанша егер, мына ерітінділерді араластырса 100г 5% - тік мен 300г 15%- тік .
А)15, 5%
В)12, 5%
С)10, 9%
D) 23,5%
Е)23,8%
8.Суда еритін негізді көрсет
А)Cr(OH)3
В)Zn(OH)2
С)Fe(OH)3
D)LiOH
Е)Ca(OH)2
9.Суда аз еритін негізді көрсет
А)Cr(OH)3
В)Zn(OH)2
С)Fe(OH)3
D)LiOH
Е)Ca(OH)2
10.Ca(OH)2 ерітіндісінен көміртек (IV) оксидін CO2 өткізгенде түзілетін заттың массасы?
А) 100г
B) 100 моль
С)100г/моль
D) 50г/моль
E)10
11.Бейтараптану реакция дегеніміз бұл:
А) Оксид + су
B) Негіз +су
С)Негіз + оксид
D) Негіз + қышқыл
E)Қышқыл + тұз
12.Лакмус индикаторың түсі сілтілік ортада қалай өзгереді?
А) Қызыл
B) Көк
С)Күлгін
D) Сары
E)Түссіз
13.Калий гидроксиді мен көміртек (IV) оксидін CO2 әрекеттескенде, түзілетін заттың формуласы:
А) К2СО3
B) К2СО3+Н2О
С) К2 СО3+CO2
D) К2СО3+CO
E) К2СО3+ C
14.Тек қыздырғанда ғана сумен мына заттардың қайсысы әрекеттеседі?
А) Темір
B) Кальций
С) Кальций оксиді
D) Барий оксиді
E) Мыс
15.Судың молярлық массасы:
А) 100 г/моль
В) 100 моль
С)18 моль
D) 18г
Е)18г/моль
Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары
1.1,2г магний оттегінде жанғанда 30кДж жылу бөлінеді. Реакцияның жылу эффектісі.
А) 140 кДж
В) 120кДж
С)160 кДж
D) 1500 кДж
Е)150 кДж
2.Күкірт қышқылын және оның тұздарын анықтайтын қосылыс:
А) ВаCI2
В)BaSO4
С)NaCI
D)Na2SO4
Е)NaOH
3.Ас тұзының формуласы:
А) ВаCI2
В)BaSO4
С)NaCI
D)Na2SO4
Е)NaOH
4.107г аммоний хлориді ыдырағанда 33,6л аммиак түзіледі (қ.ж.). Аммиактың көлемдік шығымын есептеніз.
А) 7, 5%
В)17,5%
С)79%
D)75%
Е) 78%
5.І валентті қышқылдық қалдық, қай қышқылда
А) ВаCI2
В) Н2SO4
С)НCI
D)Н3NО3
Е)NaOH
6.Күкірт қышқылы қай оксидтің қайсысымен әрекеттеседі
А) СаО
В) SO2
С)СІ2О7
D)В2O3
Е) P2O5
7.Мына қатарда қышқылдық қасиет қалай өзгереді:HNO3 → HPO3 → HAsO3:
А) Өседі
В) Кемиді
С)Кемиді, сосын өседі
D)Өседі, сосын кемиді
Е)Өзгермейді
8.126г СаО мен 126 г HNО3 әрекеттескенде түзілетін тұздың зат мөлшері.
А) 10моль
В) 100 моль
С)1 моль
D) 1,8 моль
Е)18моль
9.160г мыс оксидінде (II) неше грамм мыс болады:
А) 100 г
В) 10г
С)1г
D) 18г
Е)128г
10.Құрамында 68, 4% хром және 31, 6% оттек болатын оксидтің формуласы:
А)Cr2O3
В) Cr O3
С) CrО
D) Cr2O
Е)Cr2O5
11.Берілген заттардың нешеуі сұйытылған күкірт әрекеттеседі H2SO4 :
1)Mg, 2)CuO, 3)HCl, 4)BaCl2, 5)P2 O5 , 6)NaOH.
А)1
В)2
С) 3
D) 4
Е)5
12. 4г натрий гидроксиді мен тұз қышқылы әрекеттесті. Түзілген тұздың зат мөлшері:
А)0,1моль
В)5,85 моль
С) 23 моль
D) 4 моль
Е) 0,05моль
13. Мына өзгерісте «Э» элементі бола алады: Э Э2О ЭОН
А) Ва
В)S (IV)
С)Н
D)N(V)
Е)Na
14.49 г натрий гидроксиді мен 49г күкірт қышқылы әрекеттескенде тұзілетін тұздың массасын есептеніз:
А)71
В)49
С) 87
D) 98
Е)102
15.12 моль СаСО3 қанша грамды құрайды?
А)100г
В)12г
С) 1200г
D) 8,3г
Е)57г
Д.И. Менделеевтің периодтық заңы мен периодтық жүйесі.
1.Периодтық жүйенің 7- ге тең горизонтальді жолдары аталады:
А)Периодтар
В)Топтар
С) Топшалар
D)Қатарлар
Е)Жолдар
2.Период нөмірі нені білдіреді:
А)Атом массасын
В)Валенттілік
С) Тотығу дәреже
D)Электрон санын
Е) Деңгей нөмірі
3.Кремний атомдағы электрон қабаттарының саны:
А)1
В)2
С) 3
D) 4
Е)5
4.Темір атомының ядросындағы протондар саны:
А)10
В)26
С) 120
D) 30
Е)55
5.Энергетикалық деңгейлер қандай деңгейшелерге бөлінеді?
А)s,p,n,f
В)s,p,d,f
С) s,p,d,m
D) s,d,n,m
Е)s,n,m,f
6.Мына электрондық формула қай элементке сәйкес келеді:1s22s2p5
А)Ғ- фтор
В)О- оттек
С) CI- хлор
D)V- ванадий
Е) Fe- темір
7.s- элементтер тобын табыңыздар:
А)Ғ,Zn,Rb,Na
В)О,Fe,C,K
С) CI,Cd,Mn,N
D)Rb,Na,Н,K
Е) Fe, Cu,V, Cd
8.d- элементтер тобын табыңыздар:
А)Ғ,Zn,Rb,Na
В)О,Fe,C,K
С) CI,Cd,Mn,N
D)Rb,Na,Н,K
Е) Fe, Cu,V, Cd
9.Металл гидридтеріндегі сутегінің тотығу дәрежесі:
А) 0
В) +1
С) -1
D) +2
Е)-2
10.Периодтық жүйенің қосымша топшасында қандай элементтер орналасқан:
А)s- элементтер
В) p- элементтер
С) d- элементтер
D)f - элементтер
Е)s,p- элементтер
11.2, 8, 5 сандар қатарында электрондарының энергетикалық деңгейлері сәйкес келетін атом:
А)Са
В) С
С) Р
D) К
Е)О
12.Сыртқы энергетикалық деңгейінің электрондық формуласы 2s22р4-ке сәйкес келетін атом:
А)Күкірт
В) Көміртек
С) Кремний
D)Фосфор
Е)Оттек
13.Үшінші топтың негізгі топшасындағы металдардың электрондық конфигурациясы:
А)ns1np2
В)ns2np1
С) ns0np2
D)ns2np3
Е)ns0np3
14.Қай атомның металдық қасиеті айқын:
A)3s23p2
B)4s2
C)3d104s2
D)3s23p6
E)3d104s1
15.Мына қосылыстардың қайсысында оттегі оң тотығу дәрежесін көрсетеді?
A) H2O
B)H2O2
C)OF2
D)Na2O2
E)K2O2
Химиялық байланыс .
1.Ортақ электрон жұбы арқылы түзілген байланыс қалай аталады?
A) Сутектік
B)Металдық
C)Иондық
D)Коваленттік
E)Атомдық
2.Хлор молекуласы түзілгенде неше ортақ электрон жұбы түзіледі?
A) 1
B)2
C)3
D)4
E)5
3.Оттегі молекуласы түзілгенде неше ортақ электрон жұбы түзіледі?
A) 1
B)2
C)3
D)4
E)5
4.Азот молекуласы түзілгенде неше ортақ электрон жұбы түзіледі?
A) 1
B)2
C)3
D)4
E)5
5.Полюсті ковалентті байланысы бар қосылысты табыныз:
A) H2
B)H2СО3
C)СО2
D)NaСІ
E)СІ2
6.Иондық байланысы бар қосылысты көрсетініз:
A) H2
B)H2СО3
C)СО2
D)NaСІ
E)СІ2
7.Полюссіз ковалентті
байланысы бар қосылысты көрсетініз:
A) H2О
B)H2СО3
C)СО2
D)NaСІ
E)СІ2
8.Металдардың кристалл торларының құрам бөліктері:
A) ион, атом, электрон-газ
B)ион, атом
C)атомдар
D)молекулалар
E)молекулалар,атомдар
9.Иондық кристалл торы бар қосылыстарының қатарын көрсетініз:
A) H2О,NaСІ
B)С, NaСІ
C)СО2,NaСІ
D)NaСІ, NaН
E)СІ2 ,NaСІ
10.Натрий атомының валентті электрон саны:
A) 1
B)2
C)3
D)4
E)5
11.Терісэлектрлігі жоғары элемент:
А)Хлор
В) Азот
С) Фтор
D)Бром
Е)Оттек
12.Br - ионына сәйкес келетін конфигурация
А)2e,8e,18e,8e
В) 2e,8e,18e,6e
С) 2e,8e,18e,7e
D) 2e,8e,17e,8e
Е) 2e,8e,16e,8e
13. Мына қатарда металдық қасиет қалай өзгереді: Na K Rb Cs Fr
А)Артады
В) Кемиді
С) Өзгермейді
D)Кемиді, содан кейін артады
Е) Артады, содан кейін кемиді
14.Полюсті ковалентті байланысқа қандай қасиеттер тән?
А)Ұшқыш, балқу және қайнау температурасы төмен
В) Қиын балқиды
С) Электрөткізгіштік
D)Иілгіштік
Е) Ұшқыш, электрөткізгіштік
15.Қай қосылыста полюстілік жоғары:
A) H2О
B)NaОН
C)НСІ
D)NaН
E)СІ2
Галогендер. Тұз қышқылы және оның тұздары.
1.СІ- ионына сәйкес келетін конфигурация
А)2e,8e,8e
В) 2e,8e,18e,6e
С) 2e,8e,7e
D) 2e,8e,17e,8e
Е) 2e,8e,16e,8e
2.Қарын сөлінің құрамындағы қышқыл.
A) H2О
B)NaН
C)НСІ
D)NaСІ
E)СІ2
3.5%- тік спирттік ерітіндісі қан тоқтатуға қолданылады.
A) Йод
B)Хлор
C)Фтор
D)Бром
E)Астат
4.Жүйкені жайландыратын дәрі- дәрмек құрамына кіретін элемент.
A) Йод
B)Хлор
C)Фтор
D)Бром
E)Астат
5.Фторға тән тотығу дәрежесі.
А) 0, +1
В) +7
С) 0,-1
D) 0,+2
Е) 0, -2
6.7- ге тең жоғарғы валенттілікті көрсетеді.
А)Хлор
В) Азот
С) Фтор
D)Бром
Е)Оттек
7.8г натрий гидроксиді мен тұз қышқылы әрекеттескенде, түзілетін тұздың зат мөлшері:
А)0, 2моль
В)5,85 моль
С) 23 моль
D) 4 моль
Е) 0,05моль
8.182,5г тұз қышқылы мен марганец (ІV) оксиді әрекеттескенде қанша литр хлор түзіледі?
А) 10л
В)11,6л
С) 28л
D) 47 л
Е) 36,5л
9.84г натрий карбонатымен 0,5 моль хлорсутек ерітінділерін араластырғанда бөлінетін газдың көлемі (қ.ж.)тең:
А)16,7л
В)20,4л
С) 10,2л
D) 5,6л
Е) 22,4л
10.110,4г натриймен әрекеттесу үшін қанша литр (қ.ж.) хлор алу қажет?
А)36,8л
В)22,8л
С) 41,7л
D) 50л
Е) 53,76л
11.Бром атомының ядросындағы протондар саны:
А) 7
В)26
С) 80
D) 35
Е)55
12.Хлор қай затпен әрекеттеспейді?
А)K
В)Na
С) O2
D)N2
Е)H2
13.Tұз қышқылымен әрекеттеспейтін металды көрсетіңдер.
А)Mg
В)Na
С) AI
D)Сu
Е)Zn
14.NaCI затындағы хлордың массалық үлесі:
А) 57%
В)30%
С) 60,6%
D) 10%
Е) 43%
15.2 моль хлорсутек мен 3 моль барий гидроксидің араластырғанда түзілетін барий хлоридінің зат мөлшері тең:
А)1 моль
В)2 моль
С) 3 моль
D)4 моль
Е)5 моль
16.Тұз қышқылымен әрекеттескенде 6 моль сутек түзілуі үшін жұмсалатын мырыштың массасы тең:
А)520г
В)130г
С) 390г
D)260г
Е)65г
17.10г тұз қышқылымен әрекеттесуге жұмсалатын натрийдің массасы:
А)46г
В)23г
С) 10г
D)12,6г
Е)6,3г
18.HCIO4 затындағы хлордың тотығу дәрежесі:
А)+1
В) +7
С) -7
D) +2
Е) -2
19.7, 1г хлордың (қ.ж.) көлемі:
А)2,4л
В)22,4л
С) 11,2л
D) 1,2л
Е) 5,6л
20.500г 8-%- ті физиологиялық ерітінді даярлауға қажет натрий хлоридінің массасы:
А)30г
В)32г
С) 38г
D) 40г
Е) 34г
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Д.К. Мендалиева., А.К. Жанабаева., М.К. Оспанова «Периодтық жүйе және зат құрылысы»
2.Г.М.Раскулова., В.Ю.Тоқсанова «Химия пәні бойынша тест тапсырмалары жинағы»
3.А.Б. Юсупова «Химия есептері және оларды шығару әдістері»
4.Н.Нұрахметов., К.Сарманова., К.Жексембина «Химия» 8 класс оқулығы.
5.Химия мектепте №1-2005ж 76-77 беттер
6.Химия мектепте №5-2012ж 58-61 беттер
7.Г.Г. Хомченко «Сборник задач по химии»
8.Н.П. Гаврусейко «Проверочные работы по химии»
БҚО Теректі аудандық білім беру бөлімінің эксперттік кеңесінің шешімімен баспасөзге жариялануға ұсынылады
Хаттама № 11 14.05.2014жыл
Жинақтаушы: Бохаева Қаламқас Мұратқызы І-санатты
химия пәнінің мұғалімі
Рецензенттер:
Э.Б. Казиханова – Теректі аудандық білім
бөлімінің әдіскері
Ә.Қ. Урбисенова – Х.Есенжанов ат. ЖОББМ жоғары санатты
химия пәнінің мұғалімі
Б.К. Казиханов – Федоров қазақ ЖОББМ жоғары санатты
химия пәнінің мұғалімі
Бұл әдістемелік құрал пән мұғалімдеріне және 8 сынып оқулығына керек көмекші құрал. Оқушылардың өз беттерінше жұмыс жасауына ұсыналады.
Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/49997-8klass-oushylaryna-arnalan-kmekshi-ral
БЕСПЛАТНО!
Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)
Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.
- «Современные подходы к преподаванию биологии в условиях реализации ФГОС ООО»
- «Особенности реабилитации и абилитации детей и подростков с ОВЗ»
- «Организация культурно-досуговой деятельности в дополнительном образовании детей»
- «Современные подходы к устройству детей-сирот, оставшихся без попечения родителей»
- «Цифровые инструменты и сервисы в организации образовательного процесса»
- «Профилактика выгорания и вторичной травматизации специалистов, работающих с кризисными состояниями»
- Содержание профессиональной деятельности старшего вожатого образовательной организации
- Организационно-методическое сопровождение педагогов. Наставническая деятельность в образовательной организации
- Предшкольная подготовка в условиях преемственности дошкольного и начального общего образования
- Менеджмент в образовании
- Преподаватель среднего профессионального образования
- Руководство и управление организацией дополнительного образования детей

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.