Охрана труда:
нормативно-правовые основы и особенности организации
Обучение по оказанию первой помощи пострадавшим
Аккредитация Минтруда (№ 10348)
Подготовьтесь к внеочередной проверке знаний по охране труда и оказанию первой помощи.
Допуск сотрудника к работе без обучения или нарушение порядка его проведения
грозит организации штрафом до 130 000 ₽ (ч. 3 статьи 5.27.1 КоАП РФ).

Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014

Почему стоит размещать разработки у нас?
  • Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
  • Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
  • Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
Свидетельство о публикации
в СМИ
свидетельство о публикации в СМИ
Дождитесь публикации материала и скачайте свидетельство о публикации в СМИ бесплатно.
Диплом за инновационную
профессиональную
деятельность
Диплом за инновационную профессиональную деятельность
Опубликует не менее 15 материалов в методической библиотеке портала и скачайте документ бесплатно.
09.06.2014

Информатика әлемі» сайыс сабағы

Ойындық сабақ «Информатика әлемі» арқылы оқушылардың ойлау, қиялдау және есте сақтау қабілеттерін дамытыңыз. Жоба оқушыларды топтық жұмысқа баулиды, олар бірлесе отырып, бір-бірінің жұмысын объективті түрде бағалауды үйренеді. Сабақ барысында оқушылардың шеберлігі мен тапқырлығы бақыланады, сонымен қатар олардың ұйымшылдығы мен информатиканың жаңа терминдерін дұрыс қолдану дағдылары қалыптастырылады. Білім мен дағдыларды біріктіретін бұл тәсіл пәнге деген қызығушылықты арттырады.

Содержимое разработки

«Информатика әлемі» сайыс сабағы

"Халық пен халықты, адам мен адамды

теңестіретін нәрсе - білім"

М.Әуезов

Ойын мақсаты:

Оқушыларды ойлау, қиялдау, есте сақтау қабілеттерін дамыту;

Топта бірлесе жұмыс істеуге, басқа оқушының жұмысын бағалауға үйрету;

Оқушылардың шеберліктерін, тапқырлықтарын бақылау;

Ұйымшыл болуға, жаңа терминдерді өз аттарымен атауға тәрбиелеу.

Мұғалім:

Армысыңдар, бүгінгі «Информатика әлемі» атты сайыс сабағымызға жиналған қауым! Бүгінгі біздің сайысқа қош келіпсіздер! Информатика бұл ХХІ ғасырдың есігін ашатын, болашаққа қарай бет алуға көмек беретін сабақ.

І-жүргізуші:Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, әділ қазылар мен келген қонақтар. «Информатика әлемі» атты сыныптан тыс іс-шараны тамашалаңыздар!

II – жүргізуші: Бұл сайысқа 2 топ катысады.Әр топ 4 оқушыдан құралады.

I - топ – «АҚПАРАТ»(7 «А» класс оқушылары)

II - топ – «ИНТЕРНЕТ» (8 «А» класс оқушылары)

I-жүргізуші: Сонымен қатар осы топтарға сайыста әділ бағасын берер әділқазылар алқасымен таныстырайық:

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: Бисембаева Зухра Ахметкереевна;

Математика пәнінің мұғалімі: Сегизбаева Нургуль Сенбаевна.

ІІ-жүргізуші:Сайыс 7 кезеңнен тұрады:

Жоспары:

Таныстыру (Жоғары ұпай:5 )

«Компьютердің пайдасы мен зияны» ДЕБАТ (Жоғары ұпай:5)

Ойлан тап (әр дұрыс жауапқа – 5 ұпай)

Презентация «Менің Отаным Қазақстан» (Толық тапсырма-5 ұпай)

Ой толғаныс (әр сөзге 1 ұпай)

Сөзжұмбақ шешу (5ұпай)

Қорытынды шығару

Әр кезеңнің соңында әділқазылар алқасы ұпайлармен таныстырып отырады.

І-жүргізуші:

Ал ендеше қатысушыларға сәттілік тілей отырып, сайысымыздың 1-кезеңін бастайық.

I кезең.

Бұл кезеңде өздерінің топ аты және ұранымен таныстыра отырып, эмблемаларын және дайындаған файлдарын әділқазы алқасына ұсынады. (Ең жоғарғы ұпай:5 ұпай)

«АҚПАРАТ» тобы:

Ұраны:

Болашақтың ұрпағымыз білімді,

Сайыста көрсетпекпіз мектепте алған білімді.

Ақпарат тобы «Ақпарат» атты тақырыпқа буклет дайындаған. Буклетті әділқазылар алқасына ұсынамыз.

«ИНТЕРНЕТ»- тобы:

Ұраны:

Тапқырлық таныту мақсатымыз,

Біліммен шықсын тек жақсы атымыз.

«Интернет» тақырыбына мәнжазба дайындаған. Мәнжазбаны әділқазылар алқасына ұсынамыз.

IІ-жүргізуші:

II кезең. «Компьютердің пайдасы мен зияны» атты тақырыпқа ДЕБАТ жүргізіледі. 1-топқа компьютердің пайдасы туралы тақырып ұсынылады. Ал 2-топқа компьютердің зияны туралы тақырып ұсынылады.

І-жүргізуші:

III кезең. «Ойлан, тап!» деп аталады.Әрбір дұрыс жауапқа- 5 ұпай. Сұрақтың жауабын білмеген жағдайда «келесі» деп айту сұралады. Ендеше, «Тіл қаруы-сөз, сөз қаруы-ой, ақылды ой, алғыр сөз- адамның ең жоғарғы қасиеті», -деген Ғабиден Мұстафиннің сөзімен сайысты ең көп ұпайы бар топтан бастаймыз. Дайынбыз ба? Бастайық.

1 топқа арналған сұрақтар.

Компьютердің миы. (Процессор).

Компьютердің ішкі жады. (Жедел жад)

Компьтердің экранына ақпарат қандай құрылғының көмегімен шығады? (Монитор)

Принтердің неше түрі бар? (3 түрі)

Қағаздағы кескінді түсіріп дисплей экранына шығаруға арналған құрылғы. (Сканер)

Іске қосу- батырмасын ата. (Пуск)

Әр түрлі графикалық кескіндерді салуға, редакциялауға мүмкіндік беретін бағдарлама. (Paint)

Баспа құралы. (Принтер)

Бүкіл жер шарын қамтитын көптеген әр түрлі компьютерлер және компьютерлік желілердің жиынтығы. (Интернет)

2 топқа арналған сұрақтар.

1. Бұл адам ойлауының түрлері мен заңдары туралы оның ішінде дәлелдеуге болатын пікірлердің заңдылықтары туралы ғылым.(Логика)

2. Жалған немесе ақиқат болуы мүмкін қандай да бір пайымдау. (Пікір)

3. Есептеуіш машиналар неше түрге бөлінеді?(4 түрге)

4. Дербес компьютер неше топқа бөлінеді? (3 топқа)

5. Процессор қандай қызмет атқарады? (Қозғалтқыш)

6.Компьютер іске қосылған кезде жүктелетін және оның барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы программа. (Операциялық жүйе)

7.Көбейтілуге және басқа компьютерге жұғуға қабілетті, өлшемі шағын арнайы компьютерлік бағдарлама. (Компьютерлік вирус)

8.Вирустарды жоюға және табуға мүмкіндік беретін программа. (Антивирустық программа)

9.Интернетке телефон арқылы шығу құрылғысы. (Модем)

IІ-жүргізуші:

IV кезең. Презентация «Менің Отаным Қазақстан» (Толық тапсырма-5 ұпай)

MS Power Point программасында «Менің Отаным Қазақстан» атты тақырыпта 3-слайдтан тұратын презентация жасаңдар. Слайдтарды компьютердің барлық анимациялық мүмкіндіктерін қолданыңдар.

І-жүргізуші:

V кезең.Ой толғаныс (әр сөзге 1 ұпай)

«Информатика»деген сөздің әріптерінің орнын ауыстырып қойып, осы әріптерден сөз құрастыру.

IІ-жүргізуші:

VI кезең. Сөзжұмбақты шешу(5 ұпай):

1. Латынның information сөз нені білдіреді (ақпарат)

2. Ақпарат өлшем бірлігі (байт)

3. Санау жүйесі (сегіздік)

4. Графикалық редактор (Paint)

5. Пішімдеу әрекеттерінің түрі (Қаріп)

6. Программалау тілі (Паскаль)

7. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрылғы (компьютер)

8. Мәлімеметтер жиыны (файл)

9. Дүние жүзілік желі (интернет)

VII кезең: Қорытындылау кезеңі.

І-жүргізуші:

Информатика болашаққа бастайды

Келешекке білім қуған жастарды

Қадам басып 21-ші ғасырға

Барлық әлем жаңалығын тастайды - дей отырып сөз кезегін әділқазыларға берейік.

II-жүргізуші

Тағы да үйренеміз аман болсақ!

Шыңымыз биік болар, білім қусақ

Өмір деген өнермен үйлеспей ме

Жадыратар жанымызды ән тыңдасақ! – дей отырып, ортаға 7 сынып оқушысы Қазығалиева Аружанды «Достарым менің» ортаға шақырайық.

Инфоратика әлемі” сайысы өз мәресіне жетті.

Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз!

Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/53114-informatika-lemi-sajys-sabay

Свидетельство участника экспертной комиссии
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и закажите рецензию на методическую разработку.
Также вас может заинтересовать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ
БЕСПЛАТНО!
У вас недостаточно прав для добавления комментариев.

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.

 

Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)

Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.

Рекомендуем Вам курсы повышения квалификации и переподготовки