«Күзгі орманға саяхат»
Алтын күз: Сәлеметсіңдерме, балалар? Орманға «Алтын күз» мерекесіне хош келдіңіздер.
Жүр: Сәлеметсізбе, алтын күз!
Алтын күз: Балалар, қараңдаршы, күзде орман жайнап тұрады. Жерде әр түрлі жапырақтар жатыр. Түстерін атап беріңдерші.
Балалар жауабы:
Алтын күз: Бұл мерекеге менің жапырақтарымның дайындаған өнер көрінісі бар.
Би: «Жапырақтар»
Ойын:
Жүр: Алтын күз, біздің балалардың осы мерекеге алып келген өнерлері бар.
Ән: «Біздің бала бақшада»
Тақпақтар:
1) Құстар қайтты ән салып,
Бұлт шарлады аспанды.
2) Қыс келеді жар салып,
Күзгі суық басталды.
(Тақпақтардан кейін жылаған дауыс естіліп, қоян кіреді)
Алтын күз: Қоян, саған не болды?
Қоян: Мені анам саңырауқұлақтарға жіберді. Ал мен болсам саңырауқұлақтарды таба алмадым.
Жүр: Қоян, сен көңіліңді түсірме, біз саған көмектеміз. Біз бүгін орманға «Алтын күз» мерекесін тойлауға келдік. Балалар, қоян көңілін көтерсін, бір ән айтып берейікші.
Ән: «Біз көңілді баламыз»
Тақпақтар:
1) Астық, жеміс жиылды,
Қамбамызға құйылды.
2) Ардақты күз, мың алғыс,
Алдық өнім сыйыңды.
Алтын күз: Ал, енді біз қоянға саңырауқұлақ теруге көмектесеміз бе, балалар?
Балалар: Иә!
Жүр: Ендеше, біз бір ойын ойнайық.
Ойын: «Саңырауқұлақтар теру»
Қоян: Қалай керемет ойнадыңдар, балалар! Сендердің ән айтқандарың ұнады маған, тағы да бір ән айтып беріңдерші?
Ән: «Жаңбыр»
Жүр: Балалар құр ән айтып қана қоймайды, биде билей алады.
Би: «Көңілді жемістер»
Қоян: Сендерге көп рахмет! Өздерің өте өнерлі екенсіңдер. Сендерді теріп берген саңырауқұлақтарыңды анама апарып берейін. Анам мені күтіп қалған шығар, үйіме барайын.
Алтын күз: Қоян, тоқта! Мен сені шығарып салайын. Балалар, сендердің «Алтын күз» мерекесіне келгендеріңе көп рахмет! Ал мен қоянды шығарып салайын.
Автор: Капашева Махаббат Сансызбаевна
Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.