Бағдарлама қолөнерді меңгерту үшін оқушылардың қабілеті және қызығушылығы басты назарда болмақ. Балалардың қызығушылығын ояту үшін түрлі әдіс-тәсілдерді сабақта пайдалану тиімді болып табылады. Сол арқылы баланың қолөнерге деген ынтасы артады. Жас ұрпақтың рухани мәдениеті мен дүниетанымын, көркемдік талғамын қалыптастырудың басты құралы - оқушыларға көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие беру. Үйірмеде алған білімдері мен өнерлерін өмірде қолдана білуге жаттықтыру. Сұлулықты сүйе білуге, өнерлі болуға ұмтылдыру.

Мектептерде өтілетін қолөнер үйірмелері бойынша жаңа оқыту технологиясын қолдану жолдарына бағыт береді.

Қолөнерді оқытудың білім беру жүйесіндегі негізгі мақсаты: «Оқушы бойындағы шығармашылықты экономикалық тұрғыда байыту және деңгейлерін, ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту».

Оқушылардың өнерге деген қызығушылығын арттыруды көздей отырып, қолөнер бойынша барлық түрлері мен жанрлары қамтылып отырып жасалған.

Қолөнерден 7-9 сыныптарға арналған үйірме бағдарламасы көркем еңбек пәні мұғалімдері үшін көмекші құрал болып табылады. Мемлекеттік бағдарламаға сәйкестендіріліп оқушылардың жас ерекшеліктеріне, сыныптың бағыт-бағдарына сай құрастырылған.