- Курс-практикум «Педагогический драйв: от выгорания к горению»
- «Труд (технология): специфика предмета в условиях реализации ФГОС НОО»
- «ФАООП УО, ФАОП НОО и ФАОП ООО для обучающихся с ОВЗ: специфика организации образовательного процесса по ФГОС»
- «Специфика работы с детьми-мигрантами дошкольного возраста»
- «Учебный курс «Вероятность и статистика»: содержание и специфика преподавания в условиях реализации ФГОС ООО и ФГОС СОО»
- «Центр «Точка роста»: создание современного образовательного пространства в общеобразовательной организации»
Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014
- Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
- Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
- Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
в СМИ
профессиональную
деятельность
Ұлы жеңіс жасасын! «Атты тәрбие сағаты»
«Ұлы жеңіске 70 жыл»
Ұлы жеңіс жасасын!
Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен Қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстарып ой өрісін дамыту. Балаларды үлкен адамдарды сиылай білу, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.
Ән: Ән ұран.
Көрнекілігі: Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар, батырлардың суреттері.
Мұғалім: Соғыста Кеңес Одағымен бірге біздің ҚР да жан аямай шайқасты. Даңқты қарулы күштердің және еңбек армиясының құрамында мл қазақстандықтар болған. Ат ауыздығы мен су ішкен, ер етегімен су кешкен сұрпалы соғыста ерлермен бірге қолдарына қару алып, отанын қорғауға біздің батыр апаларымыз Алия Молдағұлова, Мәншүк Мәмбетовалар ерлік көрсетіп батырлықпен қаза тапты. Бауыржан Момышұлы екінші дүние жүзілік соғыстың даңқты жауынгері халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы
Балалар: Отан-туған жер туралы тақпақтар.
Оқушы: Отан үшін жанымызды береміз
Отан үшіе барлығына көнеміз
Отанныңда анаңныңда алдында
Осы өмірде парызды өтеп кетеміз
Оқушы: Сарқылмайтын қуатым
Тірегімсің сен Отан
Мәнгі соғып тұратын
Жүрегімсін сен Отан
Оқушы: Туған жерде толамыз
Ертең жігіт боламыз
Отан ортақ үйіміз
Көңілді әнмен күйіміз
Оқушы: Отан сенің ата анаң
Отан досың бауырың
Отан өлкең Астанаң
Отан аудан ауылың
Оқушы: бақытты жүргенің
Сенің арқан ұлы отан
Елің менің тірегім
Құшағыңды гүл атам
Оқушы: Асыр салған таласып
Біз туған ел баласы
Қандай байтақ Отаным
Жан жағыма қарашы.
Оқушы; отаным кең көсілген
Төсінде ырыс өсірген
Қаптаған шалғай алып дән
Бәрі менің несібем
Ұлы Отан соғысына қатысқан батырларымыз: Бауыржан М, Мәншүк М, Әлия М, Мәлік Ғ, Талғат Б, ел алдындағы борыштарын өтеп, еліміздің амандығын, жеріміздің тұтастығын қорғап қалған ерлерге тағзым етеміз.
Олар еліміздің жарқын болашығы жас ұрпақ өмірін, бақыты мен қуанышын сақтап қалды. Ардагерлер ерліктері арқасында біз осы күнге жеттік. Біздің өз қалауымызбен еркін өмір сүріп, шаттана күлгеніміз бәрі де сол Ұлы соғысы жеңісінің жемісі. ӘРИНЕ СОҒЫС БОЛМАСЫН!
Біздер соғысқа қатысып батыр болмайық. Біз бейбіт күннің батырлары болуға тырысайық. Ел үшін аянбай еңбек етіп, өз жеріміздің патриоттары болайық.
Балалар, біздің шекараны кім қорғайды?
Балалар солдаттар.
Шекарада солдат тұр.
Ел бақытын қорғап тұр.
Көңілденсін ағалар,
Амандық хат жолдап тұр.
Осымен «Ұлы жеңіс жасасын» атты тәрбие сағаты аяқталды.
Тәрбие сағаты: «Жеңістің туы желбіре!»
Мақсаты: 1941- 1945 жылғы Ұлы Отан соғысында неміс басқыншыларын талқандауда Қазақстан халқының майданд және тылда көрсеткен ерен ерлігін, паш ету, жас ұрпақты отансүйгіштікке, ел жандылыққа тәрбиелеу.
1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар! Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 69 жыл толып отыр. Бұл мерекені лайықты атап өту қазіргі ұрпақтың парызы деп білеміз. Жыл өткен сайын Отан үшін болған ұрыстың маңызы және онда қаза болған бабаларымыздың ерліктері мәңгі жадымызда. Ерлік ешқашанда да ұмтылуыға тиісті емес. Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан 1 миллион 700 мыңнан астам жауынгер қатысты. Олардың басым көпшілігі ұрыс даласында қаза тауып, хабар ошарсыз кетті. Қазақстаннан құрылған әскери дивизия ең қауіпті жерлерде соғысты. Генерал Панфилов бастаған 28-ші дивизия жауынгерлерінің аттары Ұлы Отан соғысының тарихына алтын әріптермен жазылған.
2-жүргізуші:Иә, бұл мереке туған елінің тәуелсіздігі мен бейбіт өмірі жолында от кешкендердің ерлігінің, Отанға деген шексіз махаббатының, өшпес рухының жарқын белгісі іспетті. Қасіретті жылдар бізден алыстаған сайын қан майданға қатысып, ел мен жер үшін қанын төккен аяулы ата- әкелеріміздің есімдері тарих төрінде айшықтала түсуде. Олар бізге соншалықты қымбтқа түскен Жеңістің қадірін ұғындырары сөзсіз.
Ерлік- елге мұра, ұрпаққа ұран. Ол күндердің даңқы ешқашанда өшпейді. Иә, бүгінде от жалын кешіп, Отанды қорғаған майдангерлер қатары сиреп барады. Осыны сезініп, арамызда жүрген майдангерлік ерлігі- қандай да сый құметке де лайық соғыс және тыл ардагерлерін қадіріне жетіп, ардақтай білейік ағайын. Ендеше, Жеңіс мерекесінің 69 жылдығына арналған «Жеңістің туы желбіре!» атты мерекелік концертіміз ашық деп жариялаймыз.
(ҚР-ң Әнұраны орындалады)
1-жүргізуші: Міне, Ұлы Жеңіс мерекесі кезекті көктемнің шуақты күнімен келіп отыр. Иә, осынау ұлан-ғайыр даламыз нені бастан кешірмеді дейсіз? Небір төңкеріс, небір көтеріліс, небір жеңіс пен жеңілісті, қызық пен қиындықты өткерді емес па? Ата- бабаларымыздың осындай ерлігінің бірі – Ұлы Отан соғысындағы жеңісі.
2-жүргізуші:Қырық бірінші жылдың июні,
Күндердің қауырт қиыны.
Тарықты елдің базары,
Соқты да соғыс құйыны
Орман да көкпен таласқан,
Өксіді өмір, ақ аспан.
Қан жоса боп, қара жер
Қақырап түсті қара аспан.
Алдарыңызда 1-класс оқушыларының өнерін тамашалаңыздар.
1-жүргізуші:Жеңіс күні бар әлемге әйгілі.
Көктем шуақ- 9 май күні.
Айтшы, кәне, біздің жеңіс шеруі,
Кездейсоқ па көктемге сай келуі.
2-жүргізуші: Біздің Ұлы Жеңісіміз көктем боп,
Көңілдерге шұғыласын төккен көп.
Сонау жылы 9 май күні.
Алмастырған қуанышқа қайғыны.
Ән: Соғыстан қайтқан солдаттар.
1-жүргізуші:Елімнің қаhарманы, батырларым,
Білемін жауды ойрандап жапырғанын.
Жау жүрек, тас түлектің іздері де,
Баян ғып айбынының жатыр бәрін.
2-жүргізуші: Сенің атың бір қуаныш, бір қайғы,
Сен сыйладың шуақты күн, нұрлы айды.
Мың- миллион боздақ болып арманды,
Жылда бізге Жеңіс қолын бұлғайды.
« Қазақ биі»
1-жүргізуші:Күткен Жеңіс жарқ етті сәуле шашып,
Жеңіс келді, қуандық көңіл тойып,
Жауды жойып батырлар елге оралды.
Ата- анамен қауышты құшақ жайып.
Мамыр келді ағаштар бүрін жарып,
Бейбіт өмір оралды күні жарық.
2-жүргізуші:Сүйінші, халқым, сүйінші
Беліңді бекем буыншы.
Жеңдің жауды күйрете
Жасасын той мереке!
1-жүргізуші:«Шүкір» деп әжелер жүр ақ жаулықтың
Ұшымен көздің жасын сығып алып,
Аспанда күн жарқырап күліп тұрды,
Бейбіт өмір шаттығы тұнып тұрды.
Соғыстан соң сәби күлкісімен
Қара күндер қайғысын ұмыттырды.
Көрініс:
2-жүргізуші:Жеңісті сан миллиондаған адамдар бес жыл бойы минуттап, сағаттап, жылдап сарыла күтті емес пе? Ақыры, олардың үміті мен сенімі ақталды. Бірақ сол жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында Отан үшін от кешіп миллиондаған асыл азаматтар мерт болды. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, біздің арамызда асқар таудай болып жүрген ата- апаларымызға басымызды иіп тағзым етейік. Олардың ерлік істерін ешкім де, ешқашан да ұмытпауға тиіс.
«Қуыршақ биі»
Ән: «Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген!» Орындайтындар: 9 класс оқушылары Хамзаева Сезім мен Уксикбаева Амангул.
1-жүргізуші:Қырғын соғыс, қан жылатқан заман-ай
Халқым сиреп, талай қыршын қиылды-ай,
Жан түршігер ауыртпалық көрсек те
Бар тілегім, ұрпағым болсын аман- ай – демекші, қазіргі біздің амандығымыз үшін отқа кеуделерін тосқан ардагерлеріміз жайлы айта кетуді жөн көрдік.
Өлең «Менің аталарым» оқитын 3 класс оқушысы Нурбаулов Мейіржан
Отанымызды зұлым жаудан қорғаған- барша ардагерлерге: Жанкешті еңбектері мен төзімділіктері үшін шексіз алғыс сезімімізді білдіреміз және оларды мақсат етеміз.
«Қас дұшпанын ықтырып,
Әділдігін ұқтырып.
Бейбіт күнді қорғаған,
Аталарым тік тұрып,» деген ақын ағамыздың өлең жолдарын айта отырып: Осы өзіміздің Еңбеек ауылынаан Отан қорғауға қатысқан- ұрпақтарының келешегі үшін: қан төгіс ұрыс даласында- жауыз жаумен шайқасқан аталарымыздың есімдерін атап өтеміз. Олар:
2-жүргізуші:Отан деген ұғымның аясы қандай кең болса, сол Отан анаға деген перзенттік сүйіспеншілігі сондай мол ұлдарының, әсіресе, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің майдан даласында өрт құшағында жүйкелері мен жалынға оранған жаралы жандарды соғыстың сұрапыл күндерін, етегімен қан кештірген қасіретті сүрлеуі ешқашан ұмытылмайды.
Халықтың Қаhарманы- Қасым батыр
Атағы бар әлемге тарап жатыр
Ерлікті іздейік басқа жақтан
Партизан, Қасым атаң алдыңда тұр.
1-жүргізуші: Жаралғандай жалыннан
Жайсаң батыр Бауыржан
Естігенде есімін
Жау есінен жаңылған.
2-жүргізуші:Ардагерлер, ардагерлер, тарландар,
Мәңгілікке аңыз болып қалғандар.
Қаhармандар, қанды шайқаста жеңгендер.
Сау болыңңдар, ардагерлер әліде болса талмаңдар.
Ән: Катюша Орындайтындар: 4 «А» сынып оқушылары
Сарбаздар биі
1-жүргізуші:Ұлы Жеңіс,
Қуанышың қанша мың
Сен ортақсың бақытына баршаның,
Ағалардың арманысың аңсаған,
Ауыр сәтте сындырмаған ар сағын.
Өлең «Сен құрметте оны»
Көрініс:
2-жүргізуші:
Шүкір, шүкір,
Халқым жомарт, ырыс көп.
Аспан ашық жер жамылған пүліш жоқ,
Қайғы, зардап көрген елдің түлегі,
Заман тұрсын, заман тұрсын тыныш боп.
Ән «Көк тудың желбірегені»
1-жүргізуші: Елге қауіп төнбесін,
Егестен адам өлмесін!
Есен- аман болайық,
Енді соғыс болмасын!
Өртенбесін туған ел!
Шайқалмасын асқар бел!
2-жүргізуші:Баршаңыздың отбастарыңызда қуаныштарың арта берсін, көңіл күйлерің шалқи берсін! Рухтарыңыз биік, мәртебелеріңіз көкке тиіп, өз ұрпақтарыңның қуаныштарына, ел жұрттарыңның құрметтеріне бөленіп, жыл сайын Жеңіс мерекесін бір тойлауға қатыса беріңіздер. Осымен «Жеңістің туы желбіре!» атты мерекелік концертіміз аяқталды. Келесі кездескенше сау- саламатта болыңыздар!
Мақсаты: Оқушыларды Отан сүйіспеншілікке, патриотизмге тәрбиелеу, Отанды қорғауға, батыл да батыр ержүрек болуға үйрету, елін, жерін жаудан қорғай білуге тәрбиелеу.
І жүрг:
Ұлы кешке сенген күн,
Фашистерді женген күн.
Ағаларға ерген күн,
Бақыт гүлін терген күн — деп ақын Қадыр Мырза Али жырлағандай «Бақыт гүлін терген күн!» атты Ұлы жеңістің 65 жылдығына арналған тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Көрініс: «Соғыс қасіреті» (күй ойнап тұрады)
Немересі: Әже, әже! Бүгін меннен бақытты адам жоқ. Жаңа өмірдің баспалдағын дәрігер боп бастағым келеді. (әжесін құшақтап еркелей күледі)
Әжесі: Талабына нұр жаусын, арманыңа жет балам! (маңдайынан сүйіп, қасына отырғызады, әкесі жымыиып, салмақты киіпте пышағын қайрап отыра береді, келіні ыдыс алып, келе жатып, радиодағы хабарды тығдап тұрып қалады).
Радио: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва. Бүгін, таңертеңгі сағат 4-те Неміс фашисттері Германия мен Совет Одағының арасындағы шабул жасамау туралы шартты опасыздықты бұзып, біздің еліміздің терреториясына басып кірді.
(Ән «Священная война», қолындағы ыдысы түсіп кеткен келіні жылап, бетін жабады).
Немересі:
— Аттан! — деді,
Ол қазір аттанады.
Жауынгердің ролін атқарады.
Неге бізге үмітсіз тесілесің?
Аттан, әке,
Жолыңнан кешігесің.
Кудесінде жаны бар пақырларың,
Тауып жейді сенсіз де несібесін. (әкесін келіп құшақтайды)
Әкесі:
— (әкесі қолындағы бір жасар баласын қызына беріп тұрып)
Тыңда балам, тыңда күнім,
Болуға жара қолқанат.
Кәрі анам, сәби інің,
Барлығы саған аманат.
Әжесі:
— Оралсын аман жеріне,
Көріссін туған елімен.
Келің-ау көздей қалтаға
Топырақ салып беріп жібер.
Келін:
— (қалтаға салынған топырақты берген келін)
Кебін киген өледі,
Кебенк киген келеді.
Үлкен үйден дәм татса,
Кешікпей дейді келеді. (жарының соңынан жылап қалады)
Документальный фильм
І жүрг.: Отан ана жылағанда шер сеніп,
Тапжылмастан төгеді екен жерге бұлт.
Қара бұлтты қақ жарайық, деді де,
Қолдарына қару алды ерленіп.
IІ жүрг.: Бұлт торлады аспанды,
Қара жер қанға ластанды.
Зеңбірек атып жан-жақтан,
Осылай соғыс басталды.
Монтаж: 1 — оқушы:
Соғыс деген қайдан шықты,
Авторы кім алғашқы?
Есіл адам, есі кетіп,
Оған несін жармасты?!
Бүкіл адам тарихының бетін неге қан басты?
Соғыс деген — аққан соры ақсүйектің, құлдың да,
Соғыс деген — төккен ары ұлдың және қыздыі да.
Соғыс деген — Сотқарлардың қолындағы найзасы,
Соғыс деген — соғыс деген — зұлымдықтың айнасы.
2 — оқушы: Қиылды,
Қанаты тәтті арманның.
Үзілді қайырмасы бақтарда әннің.
Әлемде еі сұмдық күн ана үшін —
Майданға азаматтар аттанған күн.
Бұлт басты,
Ашық сәні қашты аспанның.
Жоғалсын заты бұлай бас қосқанның.
Анаға ең ауыр күн тіршілікте —
Боздап кеп,
Боздағымен қоштасқан күн.
Қайғыдан кәрі таулар қап-қара боп,
Жеткізді жерге дейін қайың басын.
3 — оқушы:
Жабаады,
Дала төсін нала, қайғы.
Шын қайға жас кәріге қарамайды.
Қып-қызыл көлдің бетін
Сұңқылдаған,
Аққулар қанатымен сабалайды.
Долданып,
Лайланып тасқын әні
Сай-сайды тастарымен бастырады.
Селкілдеп,
Желкілдеген қамыс құрақ.
Өкіріп,
Өзен басын тасқа ұрады.
4 — оқушы:
Күннің де жүзі қызыл күндегіден,
Иттердің ұлуы көп үргенінен.
Қаншапшып, қауызыннан райханның,
Еменнің жас тамып тұр дінгегінен.
Жас бала дір-дір етті мұны көріп,
Жіберді төгіп, мұңын өрік.
Қоштасу,
Жылау,
Тілеу,
Қайрат беру...
Дүние кетті бір сәт күңіреніп.
5 — оқушы:
Найзағай жиі-жиі шақпақталып,
Майданға азаматтар жатты аттанып.
Ежелден біздің елдің рухы асқақ,
Сенімін қалды сонда сақтап халық.
«Алар жау сыбағасын оңбай бізден».
Шығамыз
Соңғы күшпен,
Соңғы айбынмен.
Қорғаймыз байтақ елді,
Өйткені оны
Әр ұрпақ өз тұсында қорғай білген.
Хор
1 жүрг.: 1941 жылдың 16 қарашасында немістер Москваға Волокалам бағытында ұрысқа шықты. 1075 — атқыштар полкі 4 — ротасының 2 — взводы тұрған бекініс жаудың 30 — танкісі шабул жасады. Взвод жауынгерлері барлығы 28 адам төрт сағатқа созылған ұрыста жаудың 14 танкісін қиратты. Соғыс тарихында асқан ерлікті бейнелейтін бұл ұрыста 18 панфиловшының 23-і қаза тапты. 28-дің 22-сі қазақстандықтар еді.
2 жүрг.:Соғыс жылдары қазақстандық бес әскери құрамға гвардиялық деген құрметті атақ беріліп, олардың туларына әлденеше ордендер қадалды. Олардың жауынгерлерінің ерлігі аңызға айналды. Соның ішінде атақты панфиловшылар дивизиясы бар. Оның құрамынан шыққан батальон, кейіннен дивизия командирі болған Бауыржан Момышұлының, Мәлік Ғабдулиннің есімдері соғыс тарихынан мәңгілік орын алады.
Көрініс: «Отан үшін отқа түс».
(шағын бөлмеде қабырғадағы картаға мұқият қарап, генерал тұрады).
Генерал: Қап! Мына фашист иттің тікендей қадалып тұрғанын қарашы! Соқыр ішектей созылып тұрғанын лағалеттің. (осы кезде Бауыржан кіреді)
Бауыржан: Бұйрығыңыз бойынша келіп тұрмын жолдас генерал!
Генерал: Ах, соғыс, соғыс! Майдан, қырғын арпалыс, қылшылдаған аяз, қасарысқан дұшпан. Осының барлығына шыдау керек.
Бауыржан: Тізе бүгіп тірі жүргеннен, тік тұрып өлген артық емес пе?! Шыдаймыз, жеңеміз жауды!
Генерал: Капитан Момышұлы, сізге батальоныңызбен бірге Москва түбін жаудан азат етуді бұйырамын.
Бауыржан: Құп болады жолдас генерал.
І жүрг.: Қызыл армия Масква түбінде Гитлерлік басқыншыларды алғаш рет жеңді. Бұл шайқаста Бауыржан Момышұлы басқарған батальон ерліктің тамаша үлгісін көрсетіп, жауды ойсырата жеңді. Фашистердің Москва түбінде жеңілуі Ұлы Отан Соғысындағы түбегелі бетбұрыс болды.
IІ жүрг.: Соғыс кезінде оқ атылмады демесе, ауылдағы тіршіліктің қиындығы майдандағыдан кем болған жоқ. Аналар мен балалар, ақсақалды аталар бәріне төзді. Таңның атысынан көннің батысына дейін ферманың жұмысымен әскерлерге арнап шұлық тоқыды.
Оқушы:
Отанға жаулар қаптады,
Опасыз жаулар таптады.
Қасиетті жер үшін
Қастерлеп батыр ел үшін.
Әлия, Мәншүк, Төлеген,
Жаулардың көзін жойды олар.
Ән «Әлия»
І жүрг.: Иә, соғыс өзінің сұмдықтарын бүгінгі күнге дейін ұмыттырар емес. Ұлы Отан Соғысының жеңіспен аяқталғанына міне 70 жыл болды. Бірақ, сол жылдар жаңғырығы адамзат жүрегін әлі сыздатуда. Иә, уақыттың тарихы атты өз төрешісі бар.
І жүрг.: 1945 жылдың 30 сәуірінің кешінде 6 сағат 30 минутта Жеңіс туы тігілді. Ту тіккен — Рақымжан Қошқарбаев. 4 жылға жуық созылған қан төгіс аяқталды. 9 мамыр — Жеңіс күні. Бірақ бұл жеңіс оңайлықпен келмеді. КСРО-ның 1710 қаласы күл талқан болды. 70 мыңнан астам село мен деревняны өрттеп жіберді. Қаншама ана баласыз, қаншама бала әкесіз қалды. Соғыс даласынан 20 миллионнан астам адам қайтқан жоқ, ал соның ішінде 350 мыңы қазақ болатын.
IІ жүрг.: Иә аспанымызда Жеңіс туы желбірегеніне — 70 жыл. Соғыс өрті өшіп, қайғы мұңнан арылып, бейбітшілік орнап, бақыт гүлін тергенде — 70 жыл.
70 жыл — бейбір көктем таі атқалы,
70 жыл — шуақты күн таратты әнін.
Талай құс содан бері қайта оралды,
Талай бақ әлеміне қайта оранды.
Соғыста өлгендер тек оралмайды,
Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді.
70 жыл — жауыздықтың ажал оғы,
Біздің елдің үстінен ұшпағалы.
Ән «Ақ көгершін»
Қазақ биі
Шашу шашылады.
І жүрг.:
Сен неткен Отан — анам, ғажап едің,
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.
Болашақ ұрпағыңның бақыты үшін,
Жайнай берғ Ұлы Отаным — қазақ елім.
IІ жүрг.:
Желбіре, көгілдір Ту, көк аспанда,
Не жетсін жөні келіп жарасқанға.
Сен менің құдіретім, кием-дағы,
Айбардың айтсын сөзді адасқанға.
Ән: «Қазақстаным»
Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/216038-ly-zheis-zhasasynatty-trbie-saaty
БЕСПЛАТНО!
Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)
Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.
- «Диагностика и приемы коррекции речевых нарушений у младших школьников»
- «ФГОС ООО, утвержденный приказом Минпросвещения России № 287 от 31 мая 2021 года: содержание и особенности реализации Стандарта»
- «Организация работы с обучающимися с ОВЗ в практике учителя английского языка»
- «LEGO-конструирование и робототехника для детей дошкольного возраста»
- Курс-практикум «Навыки успешного разрешения споров»
- «Специальная педагогика и психология: организация учебно-воспитательного процесса для детей с ОВЗ»
- Педагогическое образование: педагогика и методика преподавания химии в образовательной организации
- Руководство и управление организацией дополнительного образования детей
- Психологическое консультирование: оказание психологической помощи населению и трудовым коллективам
- Социально-педагогическая деятельность в образовательной организации
- Педагогика и методика преподавания истории и кубановедения
- Педагог-воспитатель группы продленного дня. Теория и методика организации учебно-воспитательной работы

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.