Охрана труда:
нормативно-правовые основы и особенности организации
Обучение по оказанию первой помощи пострадавшим
Аккредитация Минтруда (№ 10348)
Подготовьтесь к внеочередной проверке знаний по охране труда и оказанию первой помощи.
Допуск сотрудника к работе без обучения или нарушение порядка его проведения
грозит организации штрафом до 130 000 ₽ (ч. 3 статьи 5.27.1 КоАП РФ).

Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014

Почему стоит размещать разработки у нас?
  • Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
  • Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
  • Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
Свидетельство о публикации
в СМИ
свидетельство о публикации в СМИ
Дождитесь публикации материала и скачайте свидетельство о публикации в СМИ бесплатно.
Диплом за инновационную
профессиональную
деятельность
Диплом за инновационную профессиональную деятельность
Опубликует не менее 15 материалов в методической библиотеке портала и скачайте документ бесплатно.
27.09.2016

Өзің өзі тану бойынша ашық сабақ «Салауатты өмір салты»

Жумашова
Учитель самопознания
Ашық сабақ «Салауатты өмір салты» оқушыларға денсаулықтың құндылығын түсіндіреді және оны сақтаудың негізгі жолдарымен таныстырады. Сабақ барысында зиянды әдеттердің зардаптары талқыланып, тазалықты сақтау, дұрыс тамақтану, дене тәрбиесі сияқты пайдалы дағдылар қалыптастырылады. Оқушылар топтық жұмыс, кластер құру, мақал-мәтелдер мен сөзжұмбақтар арқылы білімдерін тереңдетеді. Мұғалімдерге арналған бұл материал НӘТ бойынша тәрбие сағатын немесе пәнаралық байланысты ұйымдастыруға көмектеседі.

Содержимое разработки

Ашық Шара

Тақырып: «Салауатты өмір салты».

Білімділік мақсаты: табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы –денсаулықты сақтаудың басты жолдары –зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін ұғындыру.
Дамытушылық мақсаты: «Ауырып ем іздегенше, аурмаудың жолын іздегеннің» әлде қайда тиімдірек екендігін ұғындыру, дене тәрбиесіне, салауаттылыққа дағдыландыру.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың бойына адами игі қасиеттерді қалыптастыруға, денсаулықтың қадірін түсіне, сақтай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: сызбала, оқушылардың газеттері, магнитафон, қолшатыр.
Сабақтың мақсаты:
1.     оқушыларға салауатты өмір салтын сақтаудың қажеттілігін, зиянды заттардың зардаптарын білуге, жат әдеттерден аулақ болуға үйрену;
2.     ой – өрістерін, сана, сезімдерінің, тілдерін, шығармашылықтарын дамыту;
3.     адамгершілік пен биік мәдениеттілік қасиеттерді бойына сіңірген жан – жақты, рухани дамыған тұлғаны тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:
1.    Мағынаны табу: Сұрақ –жауап түрінде әңгімелеу.

-Міне балалар, біз денсаулық туралы тегін әңгімелеп отырған жоқпыз, бүгінгі сабағымызда денсаулығымызды қалай сақтаймыз, не нәрселерден аулақ болуымыз керек, сол жөнінде ой өрбітеміз.

Біздің халқымыз «Деннің саулығы –бастың байлығы» – деп тегін айтпаған. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев халқымыздың денсаулығына өз жолдауында үлкен мән беріп, азаматтардың денсаулығына, қоршаған ортаның таза болуына күш салу қажеттілігін атап айтқан.

Ендеше, денсаулықты сақтау өз қолымызда. Денсаулықты сақтау –ең әуелі тазалықты сақтаудан басталады екен. Біздің дінімізде де денсаулығымызды сақтау жолдары туралы айтылады екен. Мысалы, мына бір жолдарды тыңдап көрейік.

Магнитофоннан тыңдау:
1.     денім сау болсын десең –тамақты ішер алдында және ішіп болғаннан кейін қолыңды жу.  Тамақтың берекесі де осында.
2.     Тістеріңізді тазалап жүріңіздер, себебі ол пәктікке жатады. Пәктік иманға шақырады, ал иман жәннатта иесімен бірге болады.
3.     Алла тағала пәк, ол пәктікті жақсы көреді, ол таза, тазалықты ұнатады. Үй жайыңызды, жүріп –тұратын жолдарыңды таза ұстаңдар.

(«Мың бір хадистен»)
-Енді, балалар біз де денсаулығымызды сақтау жолдарын қаншалықты білетінімізді екі топ боп сайысып, ортаға саламыз.

1. Топ оқушыларын екі топқа бөлу.

1- топ «Денсаулық»
Ұраны:
«Денсаулық –зор байлық».

2- топ «Салауат»
Ұраны:
«Салауатты өмір –денсаулықтың кепілі»

2. Әділқазылар алқасын сайлау, сайыс шартын таныстыру:

І Әр топ өздері шығарған газеттерін қорғайды.

ІІ Кластер құру.
ІІІ «Түсіп қалған әріптер».
Берілген сөздерге әріптерді қою.
1- топ:  Денсаулықты нығайту жолдары.

2- топ: Денсаулыққа зиянды әдеттер.
1-   топ:1. Д…… і (дәрі)
2. в…та…н (витамин)
3. ….ны…..у (шынығу)
4. с….ау……т (салауат)

2-   топ:1. Г…и…на (гигиена)
2.ту…ку….ез (туберкулез)
3. тұ……у (тұмау)
4. д… ау…. қ (денсаулық)

IV. «Тәрбие көзі – халықта». Екі топ денсаулық туралы мақал – мәтел жазып оқиды.
V. Шығармашылық тапсырма:
1- топ:
…………………………………………баламыз,
………………………………………….аламыз.
……………………………………………..
………………………………………….санамыз.

2- топ:
…………………………………………күлеміз,
………………………………………….жүреміз,
……………………………………………….
……………………………………………сүреміз.

«Жаттығу,ойлану»

- Денсаулық достарын бір бөлек,денсаулық қастарын бір бөлек топтастыр.

Т

Денсаулық достары



Денсаулыққастары



Жүректен жүреке:

-Ендеше балалар жылы жүрегімізбен барлық адамдарға,бір-бірімізге деген тілегімізді ыстық лебізімізді жазайық.

Мақал – мәтелдің жалғасын тап

Денсаулықтың қадірін,................ білерсің.

........... ауырса қолыңды тый, ........ ауырса аузыңды тый.

Дені саудың - ............. .

Денсаулық зор.......................... .

Мақал – мәтелдің жалғасын тап

I.Денсаулықтың қадірін,................ білерсің.

II............ ауырса қолыңды тый, ........ ауырса аузыңды тый.

III.Дені саудың - ............. .

IV.Денсаулық зор.......................... .

Сайысты қорытындылау барысында оқушылар өнерін көрсетеді.1-оқушы

VI Бекіту: Тренинг «Қолшатыр…»
-Біз зиянды заттардан қорғану үшін не істеуіміз керек?
Оқушылар қолшатырдың әр бөлігіне қағазға өз ойларын жазып іледі.
Тренинг «Денің сау болсын десең…»
Бір оқушы «Денің сау болсын десең…» деп ортаға шығады. Қалған оқушылар осы сөйлемді толықтырып аяқтап, шеңбер құрайды.

VII Қорытынды:
Әділқазылар екі топтың ұпайын есептеп, алғыс хат табыстайды.

Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/218334-zizi-tanu-bojynsha-ashy-saba-salauatty-

Свидетельство участника экспертной комиссии
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и закажите рецензию на методическую разработку.
Также вас может заинтересовать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ
БЕСПЛАТНО!
У вас недостаточно прав для добавления комментариев.

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.

 

Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)

Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.

Рекомендуем Вам курсы повышения квалификации и переподготовки
Курсы повышения квалификации