Охрана труда:
нормативно-правовые основы и особенности организации
Обучение по оказанию первой помощи пострадавшим
Аккредитация Минтруда (№ 10348)
Подготовьтесь к внеочередной проверке знаний по охране труда и оказанию первой помощи.
Допуск сотрудника к работе без обучения или нарушение порядка его проведения
грозит организации штрафом до 130 000 ₽ (ч. 3 статьи 5.27.1 КоАП РФ).

Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014

Почему стоит размещать разработки у нас?
  • Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
  • Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
  • Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
Свидетельство о публикации
в СМИ
свидетельство о публикации в СМИ
Дождитесь публикации материала и скачайте свидетельство о публикации в СМИ бесплатно.
Диплом за инновационную
профессиональную
деятельность
Диплом за инновационную профессиональную деятельность
Опубликует не менее 15 материалов в методической библиотеке портала и скачайте документ бесплатно.
20.11.2016

Сабақтағы дәстүр мен инновация интеграциясы

**Сабақтағы дәстүр мен инновация интеграциясы** – білім беру сапасын көтерудің негізгі тетігі. Бұл материалда инновациялық педагогикалық технологиялардың оқушының өзін-өзі дамытуына, сыни тұрғыдан ойлауына және тәуелсіз шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыруына қалай ықпал ететіні қарастырылады. Жаңа әдіс-тәсілдер мен дәстүрлі құндылықтарды үйлестіру арқылы мектептегі әдістемелік өзгерістерді жүзеге асыру жолдары ұсынылады. Материал білім беру жүйесінің басты міндеті – заманауи талаптарға сай оқу үрдісін құру және оқушыны белсенді тұлға ретінде тәрбиелеу мәселелеріне бағытталған.

Содержимое разработки

САБАҚТАҒЫ ДӘСТҮР МЕН ИННОВАЦИЯ ИНТЕГРАЦИЯСЫ

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,

ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»

Н.Ә.Назарбаев

Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар бабалардың игі дәстүрін сақтай отырып,қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайларында жұмыс істеуге даяр. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді, олар бейбіт, айбат, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» - деп көрсетті. Мемлекеттің болашағы –жастар.

Олардың жас ерекшеліктеріне сай талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Адамзаттың негізгі мақсаты ол – өз ұрпағын тәрбиелеу, сондықтан әрбір ұлт, халық өз - іс-тәжірибесін ғасырлар бойы жинақтап отырған. Тәуелсіздік - халқымыздың мәдени, әдеби және ғылыми бағыттарының жаңаша дамуына себепші болды. Оқу-тәрбие жұмыстары да жаңа мазмұнға – дәстүр мен инновация интеграциясының қалыптасуына қадам басты.

Инновация,интеграция ұғымдары қазіргі кезде жиі қолданылып жатыр.Әрине білім беру саласында жаңа әдіс-тәсілдер, жаңа мүмкіншіліктер - ол даму, прогресс, алға ынталандыратын күш. Инновациясыз мектептің дамуы мүмкін емес. Инновация – педагогикалық процеске оқыту мен тәрбиенің жаңа тұжырымдамаларын, оқу жоспарларын және бағдарламаларын, әдістерін, құралдарын енгізіп, мақсатына жету. Э.Роджерс инновацияны былайша түсіндіреді: “Инновация- нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея”. Майлс “Инновация – арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз” дейді.Интеграциялатын сөзі іntegratіo – қалпына келтіру, толықтыру, іnteger – тұтас, бүтін деген мағынаны білдіреді. Дәстүр мен инновация интеграциясы ол біріктіру, олардың арасындағы байланыстарды дамытып, өзара ынтымақты іс-қимылын тереңдету.

Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы оқушылардың өздігінен бағыт-

бағдарын анықтап, дамуына, ең бастысы, өзін-өзі тәрбиелей алатын тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасауға болатыны күмәнсіз. Мектеп өмірінде болып жатқан өзгерістер, олардың инновациялық бағытқа бет бұруы әдістемелік өзгерістермен тығыз байланысты. Сондықтан да білім беру жүйесінің алдында тұрған басты мақсат : жаңа технологияның талаптарына сай жаңа оқулықтар буынын жазу болып отыр.

Биылғы 2015-2016 оқу жылы Семей қаласы №7 мектеп-лицейде2015 жылы «Көкжиек - Горизонт » баспасынан шыққан деңгейлік оқулықтарды сынақтан өткізу (апробация) жұмысы басталды. Жаңа оқулықтардың мақсаты заманауи талапқа сай, жаңа бағыт бойынша оқушыларының құзыреттілігін жетілдіруде. Тілді деңгейлік үйрету жүйелі,өзара сабақтастықта жүргізіледі. Әр деңгейдің мақсаты мен білім мазмұнына сәйкес оқытудың түрлері мен әдіс-тәсілдері,түпкі нәтижелері қатар ұсынылды. Білім мазмұнында лексикалық тақырыптар әлеуметтік-тұрмыстық, оқу-еңбек, әлеуметтік- мәдени аялар арқылы оқушыны әлеуметтендіруге бағытталды. Қазақ тілін деңгейлік меңгерту тілдік қатынас теориясындағы сөйлесім әрекетініңтыңдалым, оқылым, айтылым,жазылым, тілдесім бес түрі бойынша кешенді жүргізіледі. Лексикалық тақырыптар SMART мақсат аясында айқындалып, мұнда негізгі пәндік құзыреттіліктер, қолданылатын ресурстар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен формалары анықталды. Сонымен қатар бағалау критерийлері ұсынылып, тақырып бойынша қол жеткізілетін түпкі нәтиже нақты көрсетілді.

Әрине осы апробацияға қатысқан ұстаздардан жан-жақты жауапкершілікті, дайындықты қажет етті. Сабақты түрлендіріп, әдіс-тәсілді жетілдіру-оқушылардың үлгерімін, танымын жақсартып , оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттыруда көп еңбек сіңірді. А.Дистервег, неміс педагогы: «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді» –деген.

Дәстүрлі оқытуда – сабақта көбінесе мұғалімнің іс-әрекеті жүзеге асады. Мұғалім сұрайды, түсіндіреді, бағалайды. Бұл жердегі мұғалім тарапынан берілген дайын білімге оқушылар өздігінен әрі қарай дамыту, іздену, ойлау, салыстыру, пікір алмасу, пікір таластыру т.б. әдістер қолға алынбайды. Мұндай білімнің аясы тар, көбіне механикалық есте сақтауға алып келеді. Әрі қарай терең ойлану үрдісі іске асырылмайды.

Дәстүр мен инновация интеграциясы - ол педагогикалық жаңа технологияны ұтымды пайдаланып,оқытуда керісінше, мұғалімнен гөрі оқушыны ойландырады, жеке тұлғаны жан-жақты дамытады. Мұғалім өзі де сабақтарын ұйымдастыруда білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай талап етеді.

Дәстүрлі сабақ

Дәстүрлі емес

Мұғалім сабақтың тақырыбын, мақсатын өзі айтып, түсіндіреді

Оқушларға сұрақ қойылады, не сабаққа қатысты сөз тіркестерін үлестіріп береді. Сұрақтардың жауабын тауып, не сөздерді оқып, фактілерді салыстыру арқылы сұрақтарға жауап беріп, ақылдасып өздері тұжырым жасап

сабақтың тақырыбын анықтайды

Ұйымдастыру кезеңінде

Мұғалім сұрақ –шолу жұмысын жүргізгенде өзі дайындаған сұрақтарға жауап талап етеді

Оқушылар бір –бірін тексереді. Тексеру үшін өздері сұрақ дайындап, жауаптарын іздейді.

Жаңа тақырыпты мұғалім түсіндіреді

Оқушылар алдына ала ізденіс жұмысын жүргізіп презентация, баяндама, әңгіме, сұрақтар, тапсырмалар, қызықты суреттер, кесте т.б дайындап келеді

Барлық оқыту үрдісін ұйымдастырып, көшбасшылық жасайтын мұғалім болғандықтан, қазіргі кезде мұғалімнің алдына жоғары талап қойылған. Мұғалім өзінің инновациялық іс -әрекетін қалыптастырып, оны меңгеріп, сол жаңа педагогикалық технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде жүйелі пайдалану арқылы оқушылардың білім сапасын арттырады. Жаңа педагогикалық технологияларды меңгерген, оны өз тәжірибесінде қолдана білген мұғалім өз сабақтарына риза болады.

Осы апробация барысында жаңа оқулық бойынша көптеген заманауи сабақтар өткізілді. Солардың бірі 7 сыныпта өткізілген"Спорт. Қазақстанның белгілі спортшылары" атты 17 тақырыптың 3 сабағы.

Тақырыбы:"Қазақстанның ең үздік футболшысы".

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Тақырыпқа қатысты нақты айтылған шағын хабарламаларды қолдану арқылы тақырып аясында тілдік коммуникация құру.

Дамытушылық: Жаңа тақырыптың негізінде түрлі тілдік тапсырмаларды орындату арқылы шығармашылыққа баулу.

Тәрбиелік: Тілдесім барысында мәтіндер арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие беру.

Сабақ барысында балалар тілдерін дамыту үшін диалог құруға, сонымен қатар өз ойларын айта білуге, теорияда алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыланды. Өзінің және өзгенің білімін бағалауды, жеке және топпен жұмыс жасай білуге, өз елінің атақты адамдарын, тарихи тұлғаларын мақтан етіп, құрметтеуге тәрбиеленді.

Сабақты бастамас бұрын оқушының көңіл-күйіне көңіл бөлінді. Сондықтан ұйымдастыру кезеңінде тренингін өткізуден басталды. Оқушылар Қазақстанның футбол командаларын еске түсіріп, өлеңдер оқыды.

Оқушылар мұғалім айтқан қимылды жасап, дене мүшелерге қатысты сөздерді қайталады. Бұл жерде біріншіден, оқушылардың сабақтағы көңіл күйі жақсы, көтеріңкі болсын деген оймен мұғалімнің сөзін ұғып, қимыл әрекет жасау. Жас ерекшеліктеріне қарай жасалған осындай тренингтер оқушыларға ұнайды.

Сыныпты топқа бөліп отырғызу үшін қима қағаз пайдаланылып, Самат Смаков ойнаған«Елім-ай», «Ақтөбе», «Қайрат» атты командаларға бөлінді. Сынып оқушыларын бағалау үшін әр оқушыға бағалау парағы таратылып берілді. Бағалау парағы – футбол алаңы. Жауаптарына қызыл доп-үздік , көк– жақсы, сары - қанағаттанарлықдеген бағалар білдіретін қима қағаздоп беріледі. Сабақ соңында парақтарын жинап алып, мұғалім қорытынды бағасын шығарды.

Өткен сабақты, үй тапсырмасын тексеру жұмысы барысында "Шабуыл" ойынын ойнап, сөзжұмбақ шешті. Сөзжұмбақтың сұрақтары үй жұмысына берілген мәтін бойынша, ал сөзжұмбақтың негізгі сөзі - Қазақстанның ең үздік футболшысының аты. Өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыра отырып оқушылардың қисынды ойлау қабілетін дамыту үшін жаңа тақырыпқа қатысты ұйымдастыру сұрақтары қойылды. Қызығушылықты ояту үшін оқушыларға алдын ала тапсырма берілді /бұны кейде озық тапсырма беру деп те айтамыз, орыс тілінде айтқанда опережающее задание/ Интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты дайындаған слайдтарын көрсетіп, өздері қандай атақты футболшыны білемін деген сұраққа тұсаукесер дайындап келді. Алдын ала тапсырма беру әдісі оқушыларды өз бетімен жұмыс істей білуге дағдыландырады. Сабаққа керекті, тиімді материалдарды іріктеу, жинақтау, талдау, қорытындылау және түсіндіру сияқты қабілеттері арта түседі.

Ары қарай, Мағынаны тану бөлігіне келетін болсақ, оқушылармен бүгінгі оқылатын мәтінге байланысты сөздермен жұмыс жүргізілді. Алдымен интерактивті тақтадан жаңа сөздермен танысты, аудармасын айтты, оқушылар қайталады, «Сөзден сөз тіркесіне» жұмысы жүргізілді. Оқушылар сөз таптарын, септік жалғауларын қайталады. Келесі топтық жұмыста берілген сөздерден сөйлем құрастырды. Бұл жерде «Тыңдалым, Оқылым, Жазылым» әрекеттері жүзеге асырылды.

Мәтінмен жұмыс істеудің негіздерін қалыптастыру үшін мұғалімнің дауысымен жазылған аудиомәтінді тыңдады. Мәтін соңынан мәтінге тақырып қойды, мәтін бойынша сұрақ-жауап жұмысы жүргізілді, ПОПС формула бойынша өз ойларын айтты. Бекіту кезеңінде «Футбол» туралы бейнефильм тамашалады.

Ал содан соң фильмнің дыбысы өшіріліп оқушылар дубляж жасады. Оқушылар топта бірлесе жұмыс істей отырып, табысты жұмыс істеуге дағдыланды, нәтижелі іс-әрекеттері негізінде оқушылардың оқуға қызығушылығы артты және топпен жұмыс жасауда ынтымақтастық орнады. Жан-жақты қарым қатынас жасау, өзгелердің пікірімен санасу, бір-бірін тыңдау, сыйлау, түсіну сияқты қабілеттері жақсы қалыптасады. Сабақта әр топ оқушылары өте сәтті жұмыс атқарды.

Сабақты қорытындылай келе«Жалпы сұрақ» әдісі бойынша тақырыпты жинақтап, сұрақтар қойылды.Формативті бағалау. Сабақтың басында таратып берген бағалау парақтарын, сабақ соңында жинап алып, қорытынды бағасын шығарды.7-сынып оқушысының жас ерекшелігіне лайықталған тапсырмалар олардың өз білімін өзі бағалауына, бір-бірін бағалауына мүмкіндік береді.

Сабақты қорытындылай келе рефлексия жасалды.Тақтада ілінген «Футбол алаңына» адамның көңіл күйін білдіретін смайликтердің тұсына оқушылар стикер жапсыру арқылы тақырыпты түсінген, түсінбегені жайлы мағлұмат берді. Қорытындылай келе оқытудағы басты принцип – оқушының жеке, өзіндік мүмкіндіктерін ескеру, барлық оқушының сабаққа белсенді қатысуын қамтамасыз ету, өз ойын жеткізуге, өзіндік таңдау жасауына мүмкіндік тудыра отырып, оқушының танымдық және шығармашылық қабілетін дамыту, оқу материалын өмірмен байланыстыра отырып, оқушыларды білімді өз бетімен меңгеруге талпындыру, мәселені зерттеу, жауап іздеу, мәселені талқылау, ой қорытындылау, өз ойын ашық айта білуге тәрбиелей отырып, әр оқушының қабілетін дамытып, ынтымақтастыққа тәрбиелеу және сабақтағы дәстүр мен инновация интеграциясы жүзеге асатынына көз жеткізуге болады.

 Еліміздің болашағы - бүгінгі ұрпақтың біліктілік, іскерлік, құзыреттілік қабілеттеріне тікелей тәуелді. Сондықтан мұғалімнің басты мақсаты – сапалы білім мен саналы тәрбие беру, баланы эстетикалық талғамы жоғары, өрісі кең, ұлттық рухы биік, өзін-өзі дамыта алатын, әлеуметтік белсенділігі жоғары азамат болуға даярлау.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1.Нағымжанова Қ.М. Инновациялы-креативті технологиялар. - Өскемен, 2011

Махмутов М.И. Мектепте проблемалық оқытуды ұйымдыстыру. Алматы : Мектеп.- 1981.

2. Ж.Бұзаубақова Жаңа педагогикалық технология. Оқу құралы. Жазушы, 2004. – 2 08 бет.

3. Ф.Ш. Оразбаева, Р.С. Рахметова, А.Н. Юсуп Қазақ тілі. Бойтұмар. Мұғалім кітабы: Қазақ тілінен басқа тілде оқытылатын 11 жылдық жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған – Алматы: Көкжиек-Горизонт баспасы, 2015. – 164 б.

Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/228097-sabatay-dstr-men-innovacija-integracijasy

Свидетельство участника экспертной комиссии
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и закажите рецензию на методическую разработку.
Также вас может заинтересовать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ
БЕСПЛАТНО!
У вас недостаточно прав для добавления комментариев.

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.

 

Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)

Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.

Рекомендуем Вам курсы повышения квалификации и переподготовки