Охрана труда:
нормативно-правовые основы и особенности организации
Обучение по оказанию первой помощи пострадавшим
Аккредитация Минтруда (№ 10348)
Подготовьтесь к внеочередной проверке знаний по охране труда и оказанию первой помощи.
Допуск сотрудника к работе без обучения или нарушение порядка его проведения
грозит организации штрафом до 130 000 ₽ (ч. 3 статьи 5.27.1 КоАП РФ).

Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014

Почему стоит размещать разработки у нас?
  • Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
  • Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
  • Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
Свидетельство о публикации
в СМИ
свидетельство о публикации в СМИ
Дождитесь публикации материала и скачайте свидетельство о публикации в СМИ бесплатно.
Диплом за инновационную
профессиональную
деятельность
Диплом за инновационную профессиональную деятельность
Опубликует не менее 15 материалов в методической библиотеке портала и скачайте документ бесплатно.
16.05.2017

1-желтоқсан Президент күніне «Арналған тәрбие сағаты»

Тәрбие сағатының жоспары 1 желтоқсан – Президент күніне арналған. Мазмұны мемлекет басшысының рөлі мен жауапкершілігін, Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы тарихи жетістіктерін түсіндіруге бағытталған. Оқушылар Президенттің институтының мәнімен, елдің даму кезеңдерімен танысады. Жоспарда тақырыптық талқылаулар, викториналар, танымдық бейне материалдары мен презентацияларды қолдану ұсынылады. Мероприятие барысында оқушылардың білімдерін тексеруге, отансүйгіштік сезімдерін дамытуға мүмкіндік береді. Мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқаулар мен қосымша материалдарды қамтиды. Әзірленген материал мектеп оқушыларына арналған сабақты тиімді ұйымдастыруға, мемлекеттік мерекелердің маңыздылығын түсіндіруге ықпал етеді.

Содержимое разработки

«Киев орта мектебі» КММ

Тәрбие сағаты

5-6 «А» сынып

Өткізген: Еликбаева Н.М.

2015-2016 оқу жылы

Тәрбие сағатының мақсаты:

а)БолашақұрпаққаЕлбасымызН.Ә.Назарбаевтуралытереңмағлұматбереотыра, Елбасының тұлғалық қасиеттерін ашу; Елбасының Қазақстанның дамуына қосқан үлесін жас ұрпаққа жеткізу.

ә)Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі өнеге ете отырып оқушылардың патриоттық сезімдерін арттыру.

б) Ел президентін құрметтеуге, егемен елімізге қамқор болуға тәрбиелеу.

Жүргізілу барысы:

Мұғалім:

Алаулаған алабына нұр тамып,

Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып.

Көк байрағын желбірейді төрінде,

Әнұраның тұр көгіңде шырқалып.

(Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.)

1-жүргізуші:

Бар әлемге шын танылдық міне, біз,

Елін сүйген Елбасы деп білеміз.

Тең аталып Қазақстан - Нұрсұлтан

Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.

2-жүргізуші:

Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,

Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.

Елбасыны құрметтейтін ерекше

Армысыздар, ақ пейілді көпшілік!

1-жүргізуші:

Азаттық пен елге қонды тосқан бақ,

Қазақ елін мойындауда дос таңдап.

Елбасының еңбегімен нұрлана

Қазағымның мерейі тұр аспандап.

2-жүргізуші:

Елі үшін олжа салып қиырдан,

Ықпаған еш ауыртпалық, қиыннан.

Мерекеңіз құтты болсын көпшілік

Елбасының құрметіне жиылған!

Мұғалім сөзі:

Бүгінгі 1 желтоқсан Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың тұңғыш президент болып сайланған күніне арналған «Біздің Президент» атты іс-шарамызды ашық деп жариялаймыз.

«Біздің бұл дүниеде бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан». Осы тәуелсіз мемлекетімізді басқару 1991 жылы 1 желтақсанда біздің Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевқа бұйырған екен.

Н.Ә. Назарбаев кім?

(Оқушылар өз ойларын ортаға салып, Елбасы туралы білетіндерін айтады).

Ол – еліміздің басшысы, халқымыздың жанашыры, өте білімді, терең ойлы тұлға.

1 оқушы:

Нұрсұлтан ата құтты болсын мерей тойың,

Сомданып, тұлғаланып өскен бойың.

Жер шары әлемдегі барлық елдер,

Біледі Президентіміздің ақыл-ойын.

2 оқушы:

Жасыңнан жігіт едің жалын атқан,

Арқаның ақ бораны таңдай қаққан.

Кешегі сұлу жігіт Нұр атаны,

Бүгінде халқы сүйіп, етер мақтан.

3 оқушы:

Отан деген – әр адамның жүрегі,

Оған ел де, жер де, су да кіреді.

Отанымды барлық елге паш еткен.

Президентім – мақтанышым, тірегім.

1-жүргізуші: Елбасының жүрген жолына саяхат жасау – ол әрине, балалық шағынан бастау алады.

2-жүргізуші:Ендеше, бала Сұлтанның қандай болғанына назар аударайық. Елбасының балалық шағы (Слайд көрсетіледі).

1-оқушы:1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді. Оған әке-шешесі «Нұрсұлтан» деп ат қойды.(1-слайд)

2-оқушы: Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын». (2-слайд)

3-оқушы:Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді. Нұрсұлтанның анасы Әлжан Мырзабаланың балалары мен келіндеріне ақыл-кеңес беріп, халықтың байырғы дәстүрлері мен жоралғылары туралы әңгімелейтінін, немересі Нұрсұлтанның тәрбиесіне аса белсеніп кіріскенін еске алады. (3-слайд)

4-оқушы:Мырзабаланың ұлы, Нұрсұлтан Назарбаевтың әкесі – Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді.Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және орыс әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес бере білетін. Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды. (4-слайд)

5-оқушы:Назарбаевтың анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге келді. (5-слайд)

1-жүргізуші:

Қазақстан дейтін менің бар елім .

Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған,

2-жүргізуші:

Бұл далада жылап келіп, уанған

Бұл даланы көріп алғаш қуанған

Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

Мұғалім:Елбасымыз әр түрлі қызметті жақсы атқарып, 1990 ж. ақпан-сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды. Осы жылыҚазақ КСР президенті болды. Яғни, 1991 жылы желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 %) жеңіске жетті.

Оқушылар постермен жұмыс жасайды.

(Елбасының суретін бейнелейді).

1-жүргізуші:

Қазақ елі желбіреп көк байрағың,

Гүлге оранды ауылың мен аймағың.

Нұрсұлтаның биіктерге бастады,

Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын!

2-жүргізуші:

Тәуелсіздік – рухы күшті ғажап күн

Артта қалды бодан болған азап күн

Елім, жерім қазағым деп тебіренем

Өйткені мен – тәуелсізбін, азатпын.

Қазақ халқының тұтқасын Нұрсұлтандай ер ұстағаннан кейін Қазақ елінің тарихының жаңа парақтары жазылды.

1-жүргізуші: Ия, Елбасымыз жаңа тарихымызды асқан сүйспеншілікпен және зор жауапкершілікпен жалғастырды. Елбасымыздың төл туындыларының бірі- елордамыз, жас қаламыз, бас қаламыз – Астана.

ОқушыларАстана туралы тақпақтар оқиды.

1-оқушы:

Қазақстан – Республикам баспанам,

Отанымды жауға ешқашан тастаман.

Нұрағам келіп салдырды ғой керемет

Ардақты да, арайлы менің Астанам!

2-оқушы:

Жаңарып ай,жылдарым, жаңарып күн,

Жаңғырып есімдері сан алыптың.

Күн шуақты Астана бой көтерді,

Белгісіндей бейне бір даналықтың.

3-оқушы:

Астанам – бағы биік асқарымсың,

Астанам – мәнгі жарық аспанымсың,

Астанампейішқалам,ел арманы,

Астанам – қайда жүрсем мақтанышым.

4-оқушы:

Қазақстан ақындары сөйлемек

Республика атандық қой не керек!

Нұраға Астананы тұрғызған соң

Қазақстанға салдырды ол – Бәйтерек!

5-оқушы:

Ғұмыр ойы күресіп қайран бабам,

Осы күнді аңсаған, армандаған.

Сарыарқаның төсінде бой көтерді.

Қазақтың Астанасы – арман қалам!

2-жүргізуші:

Біздің Отанымыз қазір қалыптасу кезеңінде. Ал, біз жарқын болашақтың ұрпақтарымыз.

Ән:«Атамекен».

1-2-жүргізуші:

Елімде бейбіт тыныш заман болсын,

Тілейміңәрадамғабақытқонсын!

Елімніңелағасынхалқықолдап,

Қазақстан жеріміз аман болсын!

Мұғалім: Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!Сау болыңыздар!

Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/257896-1-zheltosanprezident-knine-arnalan-trbie

Свидетельство участника экспертной комиссии
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и закажите рецензию на методическую разработку.
Также вас может заинтересовать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ
БЕСПЛАТНО!
У вас недостаточно прав для добавления комментариев.

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.

 

Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)

Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.

Рекомендуем Вам курсы повышения квалификации и переподготовки