- Курс-практикум «Педагогический драйв: от выгорания к горению»
- «Труд (технология): специфика предмета в условиях реализации ФГОС НОО»
- «ФАООП УО, ФАОП НОО и ФАОП ООО для обучающихся с ОВЗ: специфика организации образовательного процесса по ФГОС»
- «Специфика работы с детьми-мигрантами дошкольного возраста»
- «Учебный курс «Вероятность и статистика»: содержание и специфика преподавания в условиях реализации ФГОС ООО и ФГОС СОО»
- «Центр «Точка роста»: создание современного образовательного пространства в общеобразовательной организации»
Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014
- Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
- Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
- Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
в СМИ
профессиональную
деятельность
Ұлттық мінез құлық мәдениеті адамгершілік тәрбиесінің айнасы
ҰЛТТЫҚ
МІНЕЗ – ҚҰЛЫҚ МӘДЕНИЕТІ
АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕСІНІҢ АЙНАСЫ
Ермағамбет А. НОМИ №22
Қарағанды қаласы.
Қазақстан Республикасының алдында тұрған әлеуметтік-экономикалық мәселелердің аса күрделілігіне қарамастан оның мемлекет ретінде қалыптасуы халықтың ұлттық менталитетіне, әсіресе жастар арасындағы тәрбиеге байланысты. Бүгінгі таңда ғасырлар қойнауында қалыптасқан ұлттық тәрбиені, озық өнегелі дәстүрлерді, адамгершілік асыл қасиеттерді жасөспірімдер бойына қалыптастыруда, оны ұтымды пайдалану аса маңызды міндеттердің біріне айналып отырғаны даусыз. Сондай-ақ, ұлттық мәдениеттің, әдебиеттің, тілдің, халықтық педагогиканың тағдыры мен болашағы да балабақша мен мектептегі жас ұрпақ тәрбиесіне байланысты.
Бүгінгі таңда ұлттық болмысымызға, өркениетті ел болуымызға кереғар, келеңсіз құбылыстардың жастар арасында кең етек алуы жас ұрпаққа қажетті заман талабына сай тәлім-тәрбие жүйесін жаңартуда – балабақшаның, тәрбиешілердің, мектептің, ұстаздардың алдына аса маңызды міндеттер қояды.
Бұл міндетке, халқымыздың ғасырлар бойғы ұрпақ өсірудегі ұлттық тәрбие дәстүрлер тәжірибесі негізінде адамгершілік қадір-қасиеттері тағылымды, рухани дүниесі бай, мінез-құлық мәдениеті еліміздің болашағы үшін қызмет етуге дайын, азаматты қалыптастыру арқылы жетуге болады.
Бұл мәселеге байланысты елбасымыз Н.Назарбаев: «...жаңа жағдайларға сай біздің бәрімізді алаңдататын мәселе - білімді, кәсіби даярлығы бар адам тәрбиелеу ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық саласында ұлттық және дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға қабілетті, рухани және әлеуметтік-адамгершілік мүмкіндігі мол тұлғаны қалыптастыру болып табылады»,- деп атап көрсетті [1].
Адам мінез – құлқы едәуір көп қырлы. Әрине бұлардың барлығын адамның іс-әрекет үрдісінде көруге болады: кейбір адамдар бәрін жылдам орындайды, кейбіреуі бәрін алдын ала болжап жай және тиянақты орындайды, ал үшіншісі жұмысқа ойланбастан бірден кіріседі, соңынан өзінің қылықтарын жағдайға байланысты түсінеді. Бұл ерекшеліктер адамның мінез – құлық жағы, әлпетінде белгіленеді.
Әр адам сыртқы дүниенің тітіркендіргіштеріне өз әлінше түрліше жауап қайтарып отырады.
Адамның сыртқы ортамен байланысуы үшін жасайтын қатынастарының жиынтығы оның мінезін құрайды. Сөйтіп, әр адамда әр түрлі мінез бітістерінің болуы оның сыртқы ортамен түрліше қарым – қатынас жасауының нәтижесі болып табылады.
Мінез – адамның негізгі өмірін, бет алысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Ол – көп қасиеттің бірлігі, түрлі өзгешеліктердің қосындысы, сонымен қатар адамды әр қырынан көрсететін қасиет.
Мінез дегеніміз – әрбір адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттері мен ерекшеліктерінің жиынтығы.
Мінез – кең мағыналы ұғым. Мінездің моральдық жағынан тәбиелілігі, бірқалыптылығы, толықтығы, күші мен айқындығы, салмақтылығы – оның негізгі сапалары болып есептелінеді. Кейін солар тұрғысынан тексеріледі, бағаланады. Сондықтан да мінез қандай да адам қасиетінің көрінісі болып қана қоймастан, қоғамдық мәні бар іс – әрекетке болған бағыт - бағдары негізінде нақты бір қалыпқа келеді.
Адам мінезінің қалыптасуы қоғамдық болмыспен, әлеуметтік ортамен тығыз байланысты. Осы айтылғандар мінездің дамуы үшін шешуші рөл атқарады. Мінез өзгермейтін тума қасиет емес, ол өмірде қалыптасады. Мәселен, ешбір бала тумысынан еңбексүйгіш не жалқау, тәртіпті не ұстамсыз болып тумайды. Оның мінезі ұзақ жылғы өмір сүру барысында өмірдің сан алуан ағымына қарай тәрбие үрдісінің ықпалымен қалыптасып отырады. Адамның нақтылы іс – әрекеті де мінез бітістерінің қалыптасуында шешуші рөл атқарып отырады.
«Адамның бойындағының бәрі: келбеті де, киімі де, жан –дүниесі де, ойы да әдемі болуға тиіс... Мен көркі мен киіміне қарасам көз сүйсіндіріп, бас айналдыратын адамдарды жиі көремін, ал, жан –дүниесіне үңілсек – құдай сақтасын! Әп-әдемі сыртқы қабықтың ішіндегі жанның қап-қара болатыны сонша, оны ештемемен жуып кетіре алмайсың» [2].
Адамның ішкі жан – дүниесі, оның интеллектісі, парасаты мен сезімі сыртқы келбетінен, көздерінен, бет-әлпетінен, сондай-ақ мүсіні мен мінез- құлқынан көрініс табады. Ішкі жан-дүниесі бай болса, мінез - құлқының жоғары мәдениеті де сай келеді.
Мінез - құлық жөніндегі бірінші жетекші құрал 1204 жылы испандық Петрус Альфонс жазған «Клерикалис тәртібі» болды. Оның ізінше сарай маңындағыларға арналған, ал кейініректе неғұрлым қалың көпшілікке арналған мінез-құлық ережелері туралы кітаптар шықты. Мәселен, 1716 жылы Гамбургта «Сыпайы да әдепті әңгімелесу мен өмір сүруге, жоғары ақсүйек адамдармен, өзі сияқтылармен және әйелдермен араласуға арналған, сондай-ақ әйелдерді дұрыс қарым –қатынас жасауға үйрететін әдет-ғұрыптар» деген толымды атпен кітап шығарылды.
Әр түрлі қоғамдық формацияларға адамдар арасындағы қарым –қатынастың әр түрлі формалары сай келіп отырады, ал адамдарды қоғамдық тәртіптерді, дүниетаным мен сословиелік алшақтықты өзінше бейнелейтін мінез- құлық ережелерінің жиынтығы біріктірді. Адам әрқашанда әдемілік пен тәртіпке ұмтылып келді, сондықтан да қарапайым халық арасында халықтың тамаша дәстүрлерін бейнелейтін, еш жерде жазылмаған, ұрпақтан – ұрпаққа өтіп келе жатқан әдет-ғұрыптары мен мінез – құлық ережелері қалыптасқан. Адамға жақсылық, әдемілік атаулыға ұмтылу тән, сондықтан қарапайым халықтың жақсы сарын дейтінге бой ұруында тұрған қайран қаларлық ештеңе де жоқ.
Әр халықтың әдет-ғұрпы да әр түрлі. Бұл айырмашылықтар тарихи және жергілікті жағдайларға, халықтың мінезіне және басқа факторларға байланысты.
Мінез - құлық мәдениеті туралы айтқанда, адамның мінез –құлқына байланысты болатын кейбір мінез ерекшеліктерін орағытып өтуге болмайды.
Осыған байланысты Ийнаа Аасамаа адам мінезінің ұнамды және ұнамсыз жақтарын атап көрсеткен. Мәселен әдептілік сезіміне сай адам ыңғайсыздық тудыратын жағдайды болдырмауға тырысатынын, әдептілік адамның қоғамға, оның өзінне немесе қайсыбір басқа адамға қауіп төнбейтін жерде өзгенің істеріне араласудан бой тартуын талап ететінін айтқан. Сондай-ақ адам өзіне сын көзбен қарай алатындай сыншылдық негізді дамытуды ұсынған.
Әдеби мінез-құлық мәселесі - адамзат қауымын әрдайым ойландырған және ойландыра беретін күрделі мәселелердің бірі. Ол қоғамның, өнердің және әдебиеттің тарихи дамуының әр кезеңінде әр түрлі жағдайда көрінеді, қилы-қилы өзгерістерге ұшырайды, қарама-қайшы бағаланып та жатыр.
Мінез мәселесі XX ғасырдың ғылымы үшін аса көкейкесті мәселелерінің қатарында болғанының сыры тереңде. Талай ғасырлар бойы ол ымыраға келмейтін екі түрлі көзқарастағы қоғамның идеологиялық күресінің негізгі қозғаушы күші болып табылды. Осы орайда, әр түрлі бағыттағы күштер қаһармандық табиғатын өз тұрғысынан түсіндіруге тырысқаны, өз мүддесіне сәйкес қолданғаны белгілі. XX ғасырдың басында әдебиеттануда қаһармандық мәселесі жеке категория ретінде қарастырыла бастады, өйткені сол кезеңдегі өтпелі дәуір әдебиетінде қаһармандықтың негізін айқындауға
көп нәрсе тәуелді болғаны жасырын емес. Төңкерістен кейінгі алғашқы сәтте қазақ әдебиетінде қаһармандық мінез мәселесі көбінесе эпикалык шығармалар негізінде игерілді. Оның өзіндік себептері бар болатын. Социалистік реализм бағытын ұстаған авторлар қаһармандықтың таптық, әлеуметтік қырларына баса назар аударды, бұл поэзия мен прозада басты нысанаға айналғаны мәлім. Алдраматургиядағы қаһармандықтың өзіне тән дәстүрлі мазмұны мен бейнесіне көңіл аз бөлінді. Бұл жөнінде сол кезең шығармалары туралы жарық көрген Ә.Тәжібаев, Р.Нұрғалиев, С.Ордалиев еңбектерінде қаһармандық мінездің табиғатына катысты жүйелі пікірлер айтылып, орнықты талдаулар жасалған.
Аталмыш зерттеулердің негізінде мынаны баса көрсетуге болады: қазақ драматургиясы каһармандық мінез жасауда ұлттық ерекшеліктерге және қоғамдық-әлеуметтік негіздерге сүйенген, оған қоса өнімді дәстүрлі тәсілдерді жаңа заманға сәйкес пайдалануға тырысқан. Эпостар мен аңыздардың қаһарман кейіпкерлері көбінесе драмалық шығармаларға көп өзгермеген күйінде келді; жас қазақ драмасы қаһармандықты суреттеуде көбіне өз халқының бай ауыз әдебиеті мұрасынан тәлім алуға ұмтылғаны белгілі [3].
Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады.
Мінез-құлық нормалары мен ережелері адамгершіліктің негізі болып саналады. Адамдардың адамгершіліктері іс-қылықтарынан, мінез-құлықтарынан көрінеді, моральдық өзара қарым-қатынастарды басқарады. Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адам еңбек ету, өзара көмек, сондай-ақ қоғамға тән адамгершіліктің өзге де формалары, бұл-сана-сезімдердің, мінез-құлық пен өзара қарым-қатынастың бөлінбес элементтері, олардың негізінде әлеуметіміздің қоғамдық-экономикалық құндылықтары жатады [4].
Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді. Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады.
Тәрбиешінің ең бастапқы формалары педагогтың балалармен мазмұнды қатынасында, жан-жақты іс-әрекетінде, қоғамдық өмірдің құбылыстарымен танысу кезінде, балаларға арналған шығармаларымен, суретшілер туындыларымен танысу негізінде іске асады.
Мұндай мақсатқа бағытталған педагогтық жұмыс еңбек сүйгіштікке, ізгілікке, ұжымдық пен патриотизм бастамасына тәрбиелеуге, көп дүниені өз қолымен жасай алуды және жасалған дүниеге қуана білуді дамытуға, үлкендер еңбегінің нәтижесін бағалауға тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды.
Балаларда ортақ пайдалы жұмысты істеуге тырысу, бірге ойнау, бір нәрсемен шұғылдану, ортақ мақсат қою және оны жүзеге асыру ісіне өздері қатысуға талпыныс пайда болады. Мұның бәрі де баланың жеке басының қоғамдық бағытын анықтайды, оның өмірге белсенді ұстанымын бірте-бірте қалыптастырады.
Әр баланың жеке басы - оның моральдық дамуы үшін қамқорлық жасау- бүгінгі күннің және алдағы күндердің талабы, оған педагогтың күнделікті көңіл бөлуі талап етіледі.
«Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасы» мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамуын, олардың мектепке дайындығын қарастырады. Бұл бағдарламаны жүзеге асыру басты ролді атқарады.
Педагогтің тәртібі, іс-қимылы, балалар және үлкендермен қарым-қатынасы балалар үшін үлгі бола отыра, педагогтың ықпалы әсерлі енеді, баланың жеке басы қалыптасады. Оның ықпалы неғұрлым белсендірек болса, баланың сезімдерін жан-жақты қамтыған сайын, олардың ерік күшін жұмылдырып, санасына ықпал етеді.
Мектепке дейінгі жастағы баланың рухани-адамгершілік дамуы балабақшасы мен отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады. Әрбір бала қандай да болмасын бір міндетті орындау үшін, өзіндік ерекше жағдайлар жасалады.
Мәселен, ойында ұнамды әдеттер, өзара қарым-қатынастар, адамгершілік сезімдер қалыптасады, еңбекте-еңбек сүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу, сондай-ақ ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздың сезімі сияқты қасиеттер, патриоттық сезімдер жайлы мағлұматтар. т. б. қалыптасады.
Мектепке дейінгі жаста балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері мына жайлармен түйінделеді: ізгілік бастамасымен тәрбиелеу, балалар мен үлкендер арасындағы саналы қарым-қатынас/тұрмыстың қарапайым ережелерін орындау/ кеңпейілдік, қайырымдылық, жақын адамдарға қамқорлықпен қарау және т.б./ Ұжымға тәрбиелеу, балалардың өзара ұжымда қарым-қатынасын қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, әр түрлі ұлт өкілдеріне қадір тұту және сыйлау. Осылайша мейірімділіктің негізі қаланады, немқұрайдылықтың пайда болуына, құрбыларына, төңіректегі үлкендерге қалай болса солай қарауға мүмкіндігі жасалмайды.
Атақты педагог В.А.Сухомлинский:«Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады» [5].
Олай болса, балабақша мен мектеп – бала мінезінің жақсы жақтарын жүйелі түрде дамытып отыратын негізгі орын. Балабақша мен мектептік өмір балалардың мінез – құлқының қалыптасуында шешуші рөл атқарады. Бүлдіршіндер мен оқушылардың мінезін тәрбиелеудегі басты міндет – олардың жан–жақты болып өсуін, мінез–құлқының әлеуметтік мәнге ие болу жағын кездестіру. Бұл үшін педагог жас ұрпақтың адамгершілік идеалын баяндайтын ұлттық принциптерін басшылыққа алып, тәрбие жұмысының жоспарын, сонда көтерілген мәселелердің төңірегіне құруы тиіс. Ұлттық мінезді қалыптастырудың қасиеттерді бала жанына егіп, оны мінез – құлықтың үйреншікті әдетіне айналдыру – тәрбиешілер, мұғалімдер және ата – аналар үшін абыройлы іс. Мінез тәрбиесі жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз.
Қорыта келе, жалпы педагогтар мен ата-аналар қауымы дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, ішкі жан-дүниесі бай, мінез - құлқы жоғары мәдениетті, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелесе болашағымыздың жарқын болуына күмән болмайтынын айтқымыз келеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтің Қазақстан
халқына жолдауы//Егеменді Қазақстан, 2011,25.02,4б.
2. Чехов А.П. Соч., т.11. - М.,1948,С.396.
3. Нәсиева Н.Қ. «С.Мұқановтың драмалық шығармаларындағы мінез бен тартыс» Филол. ғыл. канд... дисс. -Астана, 2002. -131б.
4. Жарықбаев Қ., Қалиев С. «Қазақтың тәлім-тәрбиесі» Алматы, 1995 ж.
5. Сухомлинский В.А.Сердце отдаю детям. Киев, 1971, 322 б.
Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/279926-ltty-minez--ly-mdenieti-adamgershilik-
БЕСПЛАТНО!
Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)
Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.
- «Рабочая программа воспитания: актуализация структуры и содержания в контексте ФГОС НОО, ФГОС ООО от 2021 года и ФГОС СОО»
- «ФГОС ООО от 2021 года и ФГОС СОО с изменениями от 2022 года: особенности реализации образовательного процесса»
- «Управленческая деятельность начальника лагеря с дневным пребыванием детей на базе общеобразовательной организации»
- «Основные направления работы психолога в сфере образования»
- «Технологии искусственного интеллекта в образовательном процессе»
- «Особенности работы концертмейстера в классе хореографии»
- Педагогика и методика преподавания английского языка
- Подготовка детей к обучению в школе: содержание и организация работы с детьми
- Социальная работа. Обеспечение реализации социальных услуг и мер социальной поддержки населения
- Библиотечно-педагогическая деятельность в образовательной организации
- Содержание деятельности педагога-организатора в образовательной организации
- Педагогическое образование: теория и методика преподавания основ духовно-нравственной культуры народов России

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.