Охрана труда:
нормативно-правовые основы и особенности организации
Обучение по оказанию первой помощи пострадавшим
Аккредитация Минтруда (№ 10348)
Подготовьтесь к внеочередной проверке знаний по охране труда и оказанию первой помощи.
Допуск сотрудника к работе без обучения или нарушение порядка его проведения
грозит организации штрафом до 130 000 ₽ (ч. 3 статьи 5.27.1 КоАП РФ).
Повышение квалификации

Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014

Почему стоит размещать разработки у нас?
  • Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
  • Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
  • Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
Свидетельство о публикации
в СМИ
свидетельство о публикации в СМИ
Дождитесь публикации материала и скачайте свидетельство о публикации в СМИ бесплатно.
Диплом за инновационную
профессиональную
деятельность
Диплом за инновационную профессиональную деятельность
Опубликует не менее 15 материалов в методической библиотеке портала и скачайте документ бесплатно.
23.11.2017

Механикалық қозғалыс

Урок физики в 7 классе. О механическом движений.

Содержимое разработки

Сабақ:

Мектеп:№1.Хромтау орта мектебі

Күні:

Мұғалімнің есімі:Нурмаханова Ж.К.

Сынып:7 А

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Тақырыбы:Механикалық қозғалыс және оның сипаттамасы.Санақ жүйесі

Сабақ негізделген оқу мақсаты(мақсаттары)

7.2.1.1-келесі терминдердің физикалық мағынасын түсіндіру – материялық нүкте, санақ жүйесі, қозғалыстың салыстырмалылығы, траектория, жол, орын ауыстыру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Қозғалыс,материалдық нүкте,траектория,жол,орын ауыстыру, санақ жүйесіне өмірден мысал келтіреді

Оқушылардың басым бөлігі:

Тақырыпқа сәйкес мысал келтіреді,түсіндіреді

Кейбір оқушылар:

Қозғалысқа тән сипаттамаларды біледі.Санақ жүйесіне сипаттама береді

Бағалау критерийлері

Берілген физикалық терминдердің мағынасын түсіндіреді. Өмірден мысал келтере алады

Тілдік мақсаттар

Оқушы орындай алады:

Оқыған ақпаратты өз сөзімен баяндайды

Мәтін бойынша өздігінен талдау жасап,ондағы негізгі мәселені түсіндіріп бере алады

Дәйекті ой қорытынды жасайды

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Қозғалыс, материалдық нүкте,орынауыстыру,жол,траектория

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктері:

Талқылауға арналған тармақтар:

Механикалық қозғалыс,траектория, жол, орынауыстыру, санақ жүйесі

Сіз неліктен .....екенін айта аласыз ба?

Жазылым бойынша ұсыныстар: траектория,орынауыстыру,механикалық

Құндылықтарға баулу

Жалпыға бірдей еңбек қоғамында өмір сүре отырып, Мәңгілік Ел идеясын жүзеге асыру, оқушыны еңбек етуге және еңбек өнімдерін арттыруға үйрету

Алдыңғы оқу

Жол, орынауыстыру, нүкте,қозғалыс туралы түсінік бар

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақ басы

Жаттығу-3мин

Топқа бөлу- 2 мин

Ұқсасын тап-2мин

Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқушылармен сәлемдесу.

«Қозғалыс» Психологиялық тренинг өткізеді. Оқушылар шеңберге тұрып келесі оқушының бас әрпінен келетін сол жақсы сөз айтып, сөйтіп сабақты басталады.

Қолпаштап, қуаныш сезімдерін білдіреді.

2.Топқа бөлу«Мозаика » әдісі арқылы 3 топқа бөлінеді.«Жол, автокөлік және саяхатшы» суреттерін құрастыру арқылы топқа бөлінеді.

3.«Ұқсастық тап!»

Сабақ тақырыбын анықтау үшін төмендегі суреттерді көрсетемін.

Сұрақтар қоямын:1. Суреттерде ұқсастық бар ма? не ортақ бәріне?

«ББҮ» кестесі

«ББҮ» әдісін қолдану арқылы қозғалыс, жол, орынауыстыру ж/е т.б туралы не білетіндерін анықтайды, өз белгендерін бағалайды

«ББҮ» кестесінің 1,2 бөлігін оқушылар толтырады.

Оқушылармен бірге сабақтың мақсатын қоямын.

Мозаикалар,

Сабақ ортасы

«ББҮ» кестесі- 3мин

Джиксо- 15мин

1.тапсырма: Мәтінмен жұмыс.Жаңа білім.(жеке,жұптық және топтық жұмыс)

Мәтінмен жұмыс жасау үшін «Джиксо» әдісін қолданамын, әдісті түсіндіремін. Оқушылар 1,2,3-ке саналып, сәйкесінше сол оқушыларға тақырыптан мәтін бөліп беріледі. Әркім өз бөлігін оқып, 1,2,3 топта талқылайды. Бірлер бірінші топта, екілер екінші топта , үштер үшінші топта талқылайды, өз тобына қайтып келеді . Жеребе арқылы тақырып мазмұнының бөліктерін таңдап алып, таныстырылым жасайды.

Бағалау:

2.тапсырма:Есеп шығару

әрбір оқушы орындайды, жұптасып тексереді, топта талқылайды

1.Төмендегі суретте кейбір денелердің қозғалыс траекториясы көрсетілген. Қай траектория: Айдың Жермен салыстырғандағы қозғалыс траекториясына, лифттің қозғалысына, араның ұшуына және газ бөлшектерінің қозғалысына сәйкес келеді?

Бағалау:

критерий

Дескриптор

ұпай

Сурет бойынша

- Айдың Жерге қатысты қозғалыс траекториясын анықтайды;

- араның қозғалыс траекториясын анықтайды;

- лифттің қозғалыс траекториясын анықтайды;

1

1

1

3-тапсырма.Деңгейлік есептер

А1.Мына денелер: метро экскалаторында тұрған адам,төмпешікпен секірген шаңғышы жермен салыстырғанда түзу сызықпен қозғала ма,әлде қисық сызықпен қозғалама?

Дискриптор:

Білім алушы-түзу сызықпен және қисық сызықпен қозғалатынын анықтайды.

В.1.Біз:А)таксиге; В)ұшаққа; С)параходқа

Не үшін ақша төлейміз:

Жол үшін бе,әлде орын ауыстыру үшін бе?

Дискриптор:

Білім алушы-жүрген жолы үшін екенін анықтайды

С1.Мектеп пен үйдің арасы А)300 м; В)200 м;С)400 м

оқушы мектепке барып,үйге қайта келгенде барлығы қанша жол жүрді?Орын ауыстыру ұзындығы неге тең және оқушыны материялық нүкте деп алуға бола ма?

Дискриптор:Жүрген жол мен орын ауыстыруды анықтайды және оқушыны материялық нүкте деп алуға болатынын біледі.

Бағалау: «Бесжұлдыз»арқылы: А деңгейі: Сары жұлдыз

В деңгейі : Жасыл жұлдыз

С деңгейі; Қызыл жұлдыз

Суреттер.

ББҮкесте

Оқулық

Рефлексия

Оқушылар «ББҮ» кестесінің 3 бөліктерін толтырады.

Кері байланыс: «Екі жұлдыз,бір тілек»

ББҮ

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау





А оқушыларына арналған есепте әртүрлі денелердің орынауыстыру траекториясын анықтайды, В оқушыларына ситиуацияға байланысты есеп беремін, С оқушысына жол мен орынауыстыруды анықтау тапсырамын

«ББҮ» кестесі, өзара бағалау, «Бесжұлдыз», дескриптор, «Екі жұлдыз,бір тілек»

Физика кабинетінде техникалық қауіпсіздік ережелерін қайталу.

Сергіту арқылы дене жаттығулары орындалады

Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/281772-mehanikaly-ozalys

Свидетельство участника экспертной комиссии
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и закажите рецензию на методическую разработку.
Также вас может заинтересовать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ
БЕСПЛАТНО!
У вас недостаточно прав для добавления комментариев.

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.

 

Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)

Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.

Рекомендуем Вам курсы повышения квалификации и переподготовки