- Курс-практикум «Педагогический драйв: от выгорания к горению»
- «Труд (технология): специфика предмета в условиях реализации ФГОС НОО»
- «ФАООП УО, ФАОП НОО и ФАОП ООО для обучающихся с ОВЗ: специфика организации образовательного процесса по ФГОС»
- «Специфика работы с детьми-мигрантами дошкольного возраста»
- «Учебный курс «Вероятность и статистика»: содержание и специфика преподавания в условиях реализации ФГОС ООО и ФГОС СОО»
- «Центр «Точка роста»: создание современного образовательного пространства в общеобразовательной организации»
Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014
- Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
- Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
- Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
в СМИ
профессиональную
деятельность
Открытый урок по математике в кружке «Весёлая математика» для начальных классов
Күні:
Тақырыбы: «Тапқырлар кемесінде саяхат». Слайд №1.
Мақсаты:Әртүрлі математикалық ойын тапсырмаларды орындау арқылы
білімдерін, одан әрі тереңдету.
Білімділік: Тәрбиеленушілердің ойлау, ауызша есептеу, есте сақтау, өз бетімен жұмыс жасауға әрекеттендіру.
Дамытушылық:Тәрбиеленушілердің оқуға қызығушылығын, қабілетін, бейімділігін және тілін дамыту.
Тәрбиелік:Адамгершілікке, әдептілікке, сыйластыққа, достыққа, ұйымшылдыққа, қамқорлыққа, кішіпейілділікке тәрбиелеу.
Керекті жабдықтар: Дидактикалық материалдар, проектор, презентация, теңізші киімдері (балалар үшін), күйтабақ,плакат,компьютер, ручка, дәптер, тапсырма парақшалары.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру;Мұғалім: Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ. Мен бүгін сіздерге математика әлеміне саяхатқа шығуды ұсынамын.
Келісесіздерме?
Саяхат барысында сіздерге санауға, есептеуге тапқырлық танытуға тура келеді.
Қорықпайсыздарма?
Балалар, «Достық» барлығын жеңеді, сондықтан біз саяхатқа «Біріміз бәріміз үшін және бәріміз біріміз үшін!» - деген ұранмен аттанамыз.
Егер кімде-кім тапсырма жауаптарының дұрыс немесе бұрыс екендігіне күмәнданып жатса, біз міндетті түрде бір-бірімізге көмектесеміз.
Ал, математика әлемінде адасып кетпеу үшін бізге көмектеседі...... ол не? қалай ойлайсыздар?
Дұрыс карта. Біздің жүретін жолымыздың бағыттары нұсқау картада көрсетілген. Бізді осы бағыттарда әр-түрлі тапсырмалар күтіп тұр.
Слайд№2
Балалар, біз саяхатқа теңізшілер сияқты «Тапқырлар!» - атттыүлкен кемеде барамыз. Кез келген адам теңізші бола алмайды. Теңізші болу үшін өте тәрбиелі, ақылды, білімді болу керек.
Балалар, бізде осындай жақсы қасиеттер барма?
Балалар жауабы иә....иә..
Ендеше бүгінгі саяхатымызда біз тәрбиелі, ақылды, біліміміз мол екенін дәлелдейік.
Тапсырмаларды дұрыс орындау үшін біздің ойлау қабілетіміз жақсы болу керек. Сондықтан қазір біз ойымызды жинақтау үшін жұмбақтарды шешіп алайық.
Жұмбақтар: Слайд №3.
1.Қанаты бар ұшпайды,
Жұрт айламен, ұстайды(балық).
2.Жылға қуып ағады,
Ағып көлге барады.
Ішсең шөлің қанады,
Шешуін кім табады? (су).
3.Күннің көзін жабады,
Айдың бетін жабады.
Жаңбыр болып жауады.
Шешуін кім табады? (бұлт).
Жарайсыздар балалар! Енді сапарға шығуға дайындалайық.
Балалар алыс сапарға шыққанда біз өзімізбен бірге қандай заттарды алып жүруіміз қажет?
Ендеше қазір қорапшаға қажетті заттарды жинайық.
Сөзжұмбақ: «Ойлан тап!»Слайд№4.
Мөлдір, таза - ішсең шөлің қанады.
Дәнді шашпа, ........ баспа.
............ кірі жуса кетеді.
Белінен қыссаң, аузынан ақ уыз шығады.
Дымқылдап күнде сен, қолыңа сүйкесең.
Кетіп кір-ласың, тап таза боласың.
Қажетті бұйымдарды салып қоятын зат.
1 | С | у | |||||||
2 | Н | а | н | ||||||
3 | К | и | і | м | |||||
4 | Т | і | с | п | а | с | т | а | |
5 | С | а | б | ы | н | ||||
6 | С | ө | м | к | е |
Жарайсыздар балалар! Енді сапарға аттанайық.Математика әлеміне түсіп қалу үшін мына сиқырлы сөздерді қайталайық.
Слайд№5.
Ғылымның сырын ұғына
Шығайық білім шыңына!
Ұшқыр ой мен зеректік
Жеткізсін біздей өренді
Математика сырына.
Міне балалар, біз математика әлеміне келіп қалдық.
Балалар нұсқау картаға қарайықшы біз қандай аралға келіп қалдық?
Слайд№6.Міне үлкен түкте, бұл «Алтын балық» аралы. Бірақ бұл жерде алтын балықтар көрінбейді. Балалар алтын балыққа көмек керек, ол қарақшылар торына түсіп қалыпты. Балықты құтқару үшін біз торкөздегі тапсырманы орындайық, кейін әрі қарай сапарымызды жалғастырамыз.
«Графикалық диктант»: Шарты: торкөздерді санап кеме суретін салу.
Слайд№7.Балалар біз бағыт бойынша жүріп «Су перілер мекені» аралына келіп қалдық. Су перілері теңіз жұлдызларымен ойнағанды өте ұнатады. Ендеше су перілеріне теңіз жұлдыздарын жинауға көмектесіп жіберейік.
«Жылдам тап!».Шарты: Жасырынған сандарды табу.
Слайд№8. «Білімді тасбақа аралы». Балалар білімді тасбақа бізге тапсырма дайындап қойыпты. Біз жоғалған сандарды табуымыз керек.
Слайд№9. Сергіту сәті: Жаттыгу жасау.
Слайд№10. «Қарақшылар аралы». Балалар біз қарақшылырға тап болдық. Оларға бізден не керек екен?
Аа, дұрыс айтасындар, олар өздерінің алтын тола сандығын іздеп жұр екен.
Балалар қарақшылардың алтынын табуға көмектесейік, әйтпесе біз әрі қарай сапарымызды жалғастыра алмаймыз. Олар біздің жолымызға тосқауыл болып, кедергі келтіруі мүмкін.
«Сандыққа баратын жолды тап»
Слайд№11-12«Көңілді фигуралар» аралы.Геометриялық фигуралардан«Тапқырлар» кемесін жасау.
Слайд№13. «Уйге қайтамыз!»Балалар картада біз бармаған аралдар әлі көп. Саяхатымызды әрі қарай жалғастыру үшін біз математиканы жақсы оқуымыз керек. Сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар!
Қорытынды: Сабаққа жақы қатысқан балаларды бағалау. Балаларға қарақшылар берген сандықтағы тәттілерді үлестіру.
Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/285265-konspekt-otkrytogo-uroka-po-matematike
БЕСПЛАТНО!
Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)
Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.
- «Художественно-эстетическое развитие детей дошкольного возраста в условиях реализации ФГОС ДО»
- «Детское общественное объединение в воспитательной системе школы»
- «Преподавание информатики по ФГОС ООО и ФГОС СОО: содержание, методы и технологии»
- «Организация образовательного процесса для обучающихся с нарушениями опорно-двигательного аппарата: особенности разработки и реализации АООП по ФГОС»
- «Организация образовательной деятельности в рамках обучения ОДНКНР в соответствии с ФГОС»
- «Основы профессиональной деятельности тьютора образовательной организации»
- География: теория и методика преподавания в образовательной организации
- Педагогика и методика преподавания химии
- Теория и методика преподавания математики в образовательных организациях
- Профессиональная деятельность методиста дошкольной образовательной организации
- Библиотечно-педагогическая деятельность в образовательной организации
- Технологии социальной реабилитации и абилитации детей и взрослых

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.