- Курс-практикум «Педагогический драйв: от выгорания к горению»
- «Оказание первой помощи в образовательных учреждениях»
- «Труд (технология): специфика предмета в условиях реализации ФГОС НОО»
- «ФАООП УО, ФАОП НОО и ФАОП ООО для обучающихся с ОВЗ: специфика организации образовательного процесса по ФГОС»
- «Специфика работы с детьми-мигрантами дошкольного возраста»
- «Учебный курс «Вероятность и статистика»: содержание и специфика преподавания в условиях реализации ФГОС ООО и ФГОС СОО»
Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014
- Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
- Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
- Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
в СМИ
профессиональную
деятельность
Толғауы тоқсан қызыл тіл
«Толғауы тоқсан қызыл тіл»
әдеби – сазды кеш жоспары
Мақсаты:Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету; Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу.
Әдіс-тәсілдері:жұптық сайыс, сұрақ – жауап, мәнерлеп жатқа оқу, ой-толғау, рөлдік ойындар, т. б.
Көрнекілігі:қабырға газеттері, қанатты сөздер, ұлы тұлғалар портреттері, кітаптар мен рефераттар, интерактивті тақта.
Мұғалім:Ана тілім – дана тілім, бақ тілім,
Сенсіз бақыт дүниеде тапты кім.
Сенсің менің қуанышым, шаттығым,
Сенсің менің тазалығым, пәктігім.
Қымбатты ұстаздар мен оқушылар, міне, біз 8-10 сыныптар арасында «Толғауы тоқсан қызыл тіл» атты кеш өткізгелі отырмыз.
Өткен ғасырдың өзінде француз ғалымы Жорри де Манси «Қазақ тілі түркі тілдері ішіндегі ең бір таза тілдердің бірі» деп тамсанған.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы» дегеніндей, біз ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран етіп, қазақ тілінің мәртебесін көтеруіміз керек. Бүгінгі өткізгелі отырған іс – шарамыз - осы мақсатқа қосылатын кішкене ғана үлес. Бірақ біз ана тілімізге деген сезімімізді білдіретінімізге қуаныштымыз. Олай болса, бүгінгі «Толғауы тоқсан қызыл тіл» тақырыбындағы әр сыныптан шыққан оқушылар сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.
1-жүргізуші:Балалар, құтты болсын тілің бүгін,
Ашатын жан сарайын білімдінің.
Кешегі анаң айтқан, бабаң айтқан,
Тіліне зер салыңдар бұрынғының,
Ассалаумағалейкум, құрметті тіл жанашырлары, бүгінгі мерекемізге қош келдіңіздер!
2-жүргізуші:Армысыздар, өрлі де, асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары!
Қонып тұр ордаң міне, жаңа жұртқа ,
Салып тұр ұлың «Қазақ» көзін сыртқа.
Жау болсаң, жақындама, аулақ жүр деп,
Ел болсаң есігім бос, ен деп ұлтқа.
Ортаға тіл мәртебесін асқақтату үшін әр сыныптың оқушыларын ортаға шақырайық!
Алдымен осы жұптардың тіл шеберлігін сарапқа салатын әділқазылар алқасымен таныстырып өтсек. Олар мектебіміздің ұлағатты ұстаздары:
Мектеп директоры: Усенова С.Р
Орыс тілі пәнінің мұғалімі: Нуртаева М.С
Директордың оқу ісінің меңгерушісі: Иманкулова Г.К
1-жүргізуші:Бұған дейін жұптық сайыс бағдарламасы хабарланған болатын. Естеріңізге тағы да сала кетейік:слаид
Таныстыру
Мәнерлеп көркемсөз оқу
Көрініс қою
Өз өнерлерін көрсету (қазақша ән, би, вальс, т.б.)
Сұрақтарға жауап беру (қазақ, әдебиет пәнінен сұрақтар)
Ортада 6- сынып оқушысы Тұрсынқызы Айдана « Қазақ тілі » атты өз туындысымен қарсы алыңыздар!
2-жүргізуші:Білеміз шаттық хабар қайдан ұшты,
Бәрі енді өзімізге байланысты.
Қаумалап, тік көтеріп әкетейік,
Қанатын жаңа ғана жайған істі!
Әр топты сыныптары бойынша өздерін таныстыруға шақырамыз: 8,9,10.
МУЗЫКАЛЫҚ СӘЛЕМ: 6- сынып орындауында «Қазақ биі» биі.
1-жүргізуші:Тілім менің !
Тілім үшін мың өліп, тірілді елім,
Аралыммен, Арыммен қатар қойып,
Тілді қорғау-парызым бүгін менің.
Енді жұптардың мәнерлеп көркемсөз оқуларына кезек берейік!
(Жүргізуші әр топты алдында оқитын өлеңдері мен авторларын хабарлап тұру керек).
МУЗЫКАЛЫҚ СӘЛЕМ: 10- сынып оқушысы Ақылбек Дана «Көңіл толқыны »күйі қарсалыңыздар
2-жүргізуші:Халықаралық байланыста әлемдік деңгейде қолданылатын 6 тіл бар. Олар: ағылшын, француз, орыс, испан, қытай, араб тілдері. Жарқын болашаққа ұмтылған Қазақстан үшін бүгінгі жағдайда біздің көп тіл білуіміз қажет. Бірақ өзге тілді білсек те, өз ана тілімізді ұмытпауымыз керек. Себебі, «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» деген аталы сөз үнемі есімізде.
1-жүргізуші:Тілім барда тіршілігім бар менің,
Тілім барда өмір сүрем, бар демім.
Тілімменен жеткіземін сырымды,
Тілім барда жүрегімнің ал кенін!
Келесі кезекте жұптарымыздың сөз шеберлігін, актерлік қабілеттерін сынау үшін көріністерін тамашалауға шақырамыз.
(Жүргізуші әр жұптың алдында көріністердің аттарын хабарлап тұру керек).
2-жүргізуші:Қазақпын мен, қазақтың бөлшегімін,
Қажеті не басқаның өлшемінің?
Қазақ деген өнерлі ұлт мен боламын,
Енді, міне, жетеді көпке үнім.
Енді жұптардың өз өнерлерін тамашалаймыз.
(Жүргізуші әр жұптың алдында ән, билердің, орындаушылардың аттарын хабарлап тұру керек).
2 -жүргізуші:
Қадір тұт өз тіліңді намыс болса,
Көзіңді сал көк аспан алыстарға.
Тілім десе екпіндеп тоқтамайтын,
Құрмет көрсет ел сүйген арыстарға.
1-жүргізуші:Танытқан қазағымның қазақтығын,
Танытқан қазағымның азаттығын,
Танытқан қазағымның ғажаптығын,
Айналдым құдіретіңнен, Қазақ тілім!
Сұрақтарға жауап беру (қазақ тілі мен әдебиеттен)
2-жүргізуші:Ия, бүгін біз ана тіліміздің құдіреті мен өміршеңдігіне біршама көз жеткізгендей болдық. Ана тілін ұлы мұхитқа баласақ, біз соның жағасына келіп екі алақанымызды қосып тұрып қос уыстап іліп алып ішкендей ғана болдық деп ойлаймын. Оның тереңіне бойлап түбіндегі інжу – маржанын ерінбей – жалықпай тере біліп, өзімізден кейінгі ұрпаққа жеткізе білейік, өрендер!
1-жүргізуші: Бүгінгі сайысымызды ұйымдастырылған шараларды қорытындылау үшін әділқазыларға сөз кезегін береміз.
2-жүргізуші:Осымен «Толғаулы тоқсан қызыл тіл» атты әдеби сазды кешіміз мәресіне жетті. Аспанымыз ашық, заманымыз тыныш, тіл мәртебесі биік болсын, ағайын!
Кеш Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен салтанатты түрде жабылады.
Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/293782-tolauy-tosan-yzyl-til
БЕСПЛАТНО!
Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)
Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.
- «Организация образовательного процесса в соответствии с ФГОС СОО: преподавание физики»
- «Подготовка обучающихся к ЕГЭ 2026 по информатике»
- «Содержание и методы преподавания учебного предмета «Математика» по ФГОС НОО»
- «Методические принципы работы музыкального руководителя дошкольного образовательного учреждения»
- «Тифлопедагогика: теория и технологии работы с обучающимися с ОВЗ»
- «Организация и содержание деятельности инструктора по физической культуре в ДОУ»
- Социальное обслуживание населения: основы и базовые технологии социальной работы
- Теория и методика преподавания физической культуры в образовательной организации
- Психолого-педагогическое сопровождение образовательного процесса
- Сопровождение деятельности детских общественных объединений в образовательной организации
- Изобразительное искусство и педагогическая деятельность в образовательных организациях
- Современные технологии социального обслуживания населения

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.