- Курс-практикум «Педагогический драйв: от выгорания к горению»
- «Оказание первой помощи в образовательных учреждениях»
- «Труд (технология): специфика предмета в условиях реализации ФГОС НОО»
- «ФАООП УО, ФАОП НОО и ФАОП ООО для обучающихся с ОВЗ: специфика организации образовательного процесса по ФГОС»
- «Специфика работы с детьми-мигрантами дошкольного возраста»
- «Учебный курс «Вероятность и статистика»: содержание и специфика преподавания в условиях реализации ФГОС ООО и ФГОС СОО»
Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014
- Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
- Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
- Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
в СМИ
профессиональную
деятельность
Ұннан жасалатын тағамдар
«Н. Төреқұлов атындағы №121 жалпы орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанындағы
Ж. Өтенов атындағы шағын орталық
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Ұннан жасалатын тағамдар»
Мерзімі: 15.12.2017
Дайындаған тәрбиеші:
Есімқұлова Айтолган Усеновна
2017 – 2018
Мерзімі: 19.12.2017
Білім саласы:«Коммуникация» «Шығармашылық»
Білім бөлімі:Сөйлеуді дамыту, Драма, Мүсіндеу
Тақырыбы: «Ұннан жасалатын тағамдар»
Мақсаты:Балаларға ұннан жасалатын тағамдар жайында қарапайым түсініктер беру, нанның қайдан шығатыны жайындағы ұғымдарын тиянақтау. Ұннан жасалған тағамдарды мүсіндеу, іскерлік-дағдыларын қалыптастыру. Асты қадірлеуге тәрбиелеу. Ысырап етпеуге, адам еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Бидай масағы, бидай, ұн, ұннан жасалған дайын тағам түрлері, суреттер. Слайд.
Билингвальды компонент: нан-хлеб, бидай-пшеница, диірмен-мельница, наубайхана-пекарня.
Әдіс-тәсілдері:көрнекіліктер, ойын, ертегі, сұрақ-жауап.
Іс-әрекет кезеңі | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушылық | Жылулық шеңбері Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз. Баршаңызды құрметтеп, Бас иеміз біз. Армысың күн анамыз, Бүгін бәріміз қуанамыз. Дастарханында әр үйдің, Болсын қасиетті нанымыз. -Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:«Ұннан жасалатын тағамдар»деп аталады. -Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын: Жұмбақ: Беттескен қос табақ, Ортасында бас тамақ. Қоз бен шоққа ораса, Дәм піседі тамаша. (Таба нан) -Бұл жұмбақтың шешуі орамал астында жасырылып тұр. (орамалды ашып, орамал астынан таба нанды шығарамын) -Балалар, бүгін біздің дастарханымызға не жетпей тұр? -Дұрыс айтасыңдар, ендеше орамал астында жасырынып тұрған нанымызды дастарханымызға қояйық. | Өлең жолдарымен бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. Балалар мұқият тыңдайды. Балалар қызығушылық білдіреді. -Нан |
Ұйымдастыру- шылық -ізденушілік | -Балалар, нан дастарханымызға қалай келеді? -Жарайсыңдар, ал енді осы дүкенге келгенге дейін нан ұзақ сапар шегеді екен. Ерте көктем келісімен диқандар трактормен жер жыртып, дән себеді. Оны күтіп баптайды. Егін піскен кезде диқандар оны комбайнмен жинауға кіріседі. Күн демей, түн демей егін алқабында егін жинаумен болады. Жиналған егінді машинаға құйып, диірменге апарады. Диірменде бидайдан ұн тартады. Ұнды қапқа салып, вагондарға тиеп, қалалар мен ауылдарға жөнелтеді. Қапқа салынған ұн наубайханаларға апарылады. Наубайханада әр түрлі ұннан жасалған тағамдар пісіріліп, дүкендерге жіберіледі. Дүкендерден адамдар сатып алып, дастарханға қояды. -Сонда нан дастарханымызға оңай жолмен келе ме екен? -Жоқ, әрине көптеген адамдардың маңдай терлерінің арқасында келеді екен. -Балалар нанның келу жолында қандай мамандық иелері еңбек етеді екен? -Мынау не балалар? -Қай жерде ұн тартады? -Балалар ұннан жасалатын тағы қандай тағамның түрлелін білесіңдер? Билиргвальды компонент: нан-хлеб, бидай-пшеница, диірмен-мельница, наубайхана-пекарня. -Балалар, нан туралы қандай тақпақ білесіңдер? -Балалар, нанға байланысты қандай мақал-мәтел білесіңдер? -Балалар, нан қасиетті тағам, сондықтан нанға байланысты көптеген тиым сөздер бар: Нанды жерге тастама. Жерде жатқан нанды ал. Нанды төңкерме. Нанды бір қолмен үзіп жеме. Сергіту сәті: Нан қиқымын шашпаңдар, Жерде жатса баспаңдар. Теріп алып қастерлеп, Торғайларға тастаңдар. Д/о: «Кім н істейді?» Шарты: Балалар өздері таңдап алған суреттегі мамандық иесінің не істейтінін айтады. Мысалы: Диқаншы-егін егеді, баптайды. Тракторшы-жер жыртады. Комбайншы-егін жинайды. Наубайшы-нан пісіреді. Диірменші-ұн тартады. «Бауырсақ» ертегісін драмалау. -Ал енді, балалар, біз бауырсақты өз қолымызбен жасаймыз. -Жарайсыңдар, балалар! -Балалар, ұннан тағы қандай шикізат өнімдерін алуға болады? -Дұрыс айтасындар, ұннан біз түрлі макарон өнімдерін алады екенбіз. | -Аналарымыз пісіреді. -Дүкеннен сатып аламыз. -Балалар мұқият тыңдап, слайдтан нанның ұзақ сапарын тамашалайды. -Жоқ. -Диқаншы. -Тракторшы. -Комбайншы. -Жүргізуші. -Наубайшы. -Дүкенші. -Ол ұн. -Диірменде. Балалар өз жауаптарын айтады. Тәрбиешімен бірге қайталайды. Ерасыл: -Жайқалады ақ бидай, Басын иіп аққудай. Трактор мен комбайн, Жүргізуге мен дайын. Бота: -Нан анасы-бидаймын, Нанды елге сыйлаймын. Піскенімде мен қырда, Қауызыма сыймаймын. Нұртас: -Нан бар жерде ән бар. Кәусар: -Дәнді шашпа, нанды баспа. Мейірбек: -Ас атасы-нан. Азамат: -Арпа, бидай-ас екен, Алтын, күміс-тас екен. Тыңдап отырады. Балалар өлең жолдарына сәйкес іс-қимылдар жасайды. Ойынды қызыға ойнайды. Балалар ертегіні кейіптеніп, драмалайды. Балалар дайын қамырды домалақтап, жалпайту тәсілі бойынша бауырсақты мүсіндейді. -Макарон, кеспе, вермишель, жайма т.с.с. |
Рефлексиялық-түзетушілік | Қорытынды: -Балалар, бүгінгі сабағымызда не туралы айттық? -Нан дастарханға қалай келеді екен? -Қандай мамандық иелері еңбек етеді екен? -Біздің халқымыз сондай қонақжай, үйге келген қонаққа біз не ұсынамыз? -Иә, нан ауыз тиіңіз деп айтамыз, біз де қонақтарымызды дастарханнан нан татуға шақырамыз. Жақсы қатысқан балаларды мақтап-мадақтау. | Балалардың жауабы |
Күтілетін нәтиже:
Білуі қажет: Ұннан жасалатын тағам түрлерін.
Қалыптасқан түсінік: Тақырыптық түсініктері қалыптасады, нан түрлерін ажырата алады.
Орындаушылық қабілет: Ертегі кейіпкерлерінің бейнесіне ене отырып, ертегіні драмалауды; бауырсақты домалақтау, жалпайту тәсілдерін қолдана отырып мүсіндеуді біледі, эмоциялық, эстетиқалық, тақырыптық түсініктері арта түседі.
Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/295813-nnan-zhasalatyn-taamdar
БЕСПЛАТНО!
Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)
Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.
- «Особенности работы с одаренными детьми»
- «Особенности управления воспитательной деятельностью образовательной организации в работе советника директора по воспитанию»
- «Современные методы и технологии обучения изобразительному искусству по ФГОС»
- «ОГЭ по истории: содержание экзамена и технологии подготовки обучающихся в соответствии с ФГОС»
- «Специфика преподавания учебного предмета «Основы социальной жизни» в контексте ФГОС образования обучающихся с умственной отсталостью»
- «Особенности оказания кризисной и экстренной психологической помощи»
- Теоретические и практические аспекты оказания экскурсионных услуг
- Педагогика и методика преподавания биологии
- Учитель-методист в образовательной организации. Содержание методического сопровождения реализации общеобразовательных программ
- Профессиональная деятельность педагога-организатора. Обеспечение реализации дополнительных общеобразовательных программ
- Педагогическое образование: теория и методика преподавания мировой художественной культуры
- Организация инклюзивного образовательного процесса для обучающихся с ограниченными возможностями здоровья

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.