- Курс-практикум «Педагогический драйв: от выгорания к горению»
- «Труд (технология): специфика предмета в условиях реализации ФГОС НОО»
- «ФАООП УО, ФАОП НОО и ФАОП ООО для обучающихся с ОВЗ: специфика организации образовательного процесса по ФГОС»
- «Специфика работы с детьми-мигрантами дошкольного возраста»
- «Учебный курс «Вероятность и статистика»: содержание и специфика преподавания в условиях реализации ФГОС ООО и ФГОС СОО»
- «Центр «Точка роста»: создание современного образовательного пространства в общеобразовательной организации»
- «Риторические аспекты профессиональной коммуникативной деятельности современного педагога»
- «Игровые пособия для работы с детьми дошкольного возраста (палочки Кюизенера, блоки Дьенеша, круги Луллия, ментальные карты Бьюзена)»
- «Обучение английскому языку детей дошкольного возраста»
- «ИКТ-компетентность современного педагога»
Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014
- Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
- Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
- Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
в СМИ
профессиональную
деятельность
Тәуелсіздік тірегім
Өтетін күні: 12.12.2017ж.
Дайындаған: Қысабекова Баян Махаметхановна
Білім беру саласы: «Коммуникация», «Таным».
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Көркем әдебиет, Құрастыру.
Тақырыбы:« Тәуелсіздік – тірегім».
Мақсаты:Тәуелсіз еліміздің болашағы – жас ұрпақтар бойына Отанға деген
сүйіспеншіліктерін арттырып, патриоттық сезімін қалыптастыру; Тәуелсіздік күні
туралы қарапайым түсінік бере отырып, Қазақстан Респуликасының мемлекеттік
рәміздерін құрметтей білуге тәрбиелеу; Мақал – мәтел, тақпақтар арқылы ой-
өрісін кеңейту, сөздік қорларын молайтып, тілдерінің дамуына ықпал ету.Кеңістікке бағдарлай білу,іскерліктерін жетілдіру.
Көрнекілігі: Елбасының, Қазақстан Респуликасының рәміздерінің, желтоқсан
құрбандарының суреттері. Слаид. Макеттер. Ту. Жалаушалар.
Сөздік жұмыс: Әнұран, Ту, Елтаңба, Елбасы, Тәуелсіздік.
Әдіс-тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Билингвальды компонент: Елбасы-призидент, Әнұран-Гимн, Ту-Флаг, Елтаңба-Герб.
Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс- әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық | Шаттық шеңбері: Амандасу үлкенге, Тәрбиенің басы ғой. Ал, қанекей, бәріміз, «Сәлем» - дейік үлкенге! | -Хормен айтып қонақтарға басын иіп сәлем береді. |
Ұйымдастыру шылық ізденушілік Жетекші жөндеуші | -Балалар, біз «Коммуникация» саласы бойынша, Көркем әдебиет ұйымдастырылған оқу қызметінен «Тәуелсіздік – тірегім» атты ашық сабақ өтеміз. -Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады? -Елордамыз қай қала? -Елбасымыз кім? ҚазақстанРеспуликасының мемлекеттік рәміздерін қарап, балалардан сұрау. Балалардың жауаптарын толықтыру. Билингвальды компонент: Елбасы-Президент, Елтаңба- Герб, Әнұран-Гимн, Ту-Флаг. Әңгімелесу: -Балалар, әртүрлі сайыстарға қатысып, спорттық жарыстарда бірінші орын алған жеңімпаздарды қалай құрметтеуші еді? Еске алып көрейікші! «Қане, бәріміз өзімізі әлемдік жарыста жеңген жеңімпаз ретінде сезініп көрейік. Біздің құрметімізге мемлекетіміздің Туы жоғары көтеріліп, мемлекеттік Әнұран орындалмақ!». Туды жоғары көтеру, Әнұран айту. -Туымыз жоғары көтеріліп, өз еліміздің Әнұранын орындаған кезде қандай сезімде болдыңдар? -Балалар, ендеше Каусар қызымыздың Отан туралы тақпағын тыңдайық. -Балалар, қыс мезгілі мерекелерге толы: 1-желтоқсан Тұғыш президентіміздің күні болса, 16-17 желтоқсан – Тәуелсіздік күні деп 26-рет тойлағалы жатырмыз. Тәуелсіз болу – ол еркіндік, яғни өз еркімен өмір сүру деген сөз. Қазақстандағы әрбір азамат, әрбір бала өзіне ұнаған балабақшаға барып, ұнатқан мектебінде оқуға, білім алуға, сүйікті ісімен айналысуға, ауырып қалса – емделуге, демалуға құқылы. Балаларымыздың тәуелсіздік туралы тақпақтарын тыңдайық: Сергіту сәті: Көтеріліп шаңырақ, Уықтары шаншылар. Керегелер керіліп, Өрімдей боп өрілер. Бәріміз жүрсек айналып, Киіз үй боп көрінер. Мақал-мәтелдер айту: -Құрастыру: « Болашақтың қаласы». Шарты: Бос қорапшалардан және құрылыс материалдарынан т.с.с. «Болашақтың қаласы»макетін құрастыру. Үй, мектеп, саябақ, бұрқақтар, парктер орналастыру. Ойын: «Тілек шеңбері». Шарты: Балалар жұмсақ матадан тігілген жүректі өз кеудесіне төсей отырып, Отанға, туған жерге, жанұясына, достарына деген сүйіспеншілігін білдіреді. Бүгінгі іс-әрекетті қорытындылап, балаларды мақтап-мадақтау. Көк туымды қолыма, Бүгін берік ұстадым. Түсті бақыт жолына, Менің Қазақстаным! Менің Қазақстаным! | Мұқият тыңдайды. -Қазақстан Респуликасы. -Астана. -Нұрсұлтан Назарбаев. Балалардың жауаптары. Балалар қазақ-орыс тілдерінде сөздерді қайталайды. Мұқият тыңдап, ойларын айтады. Орындарынан тұрып, қолдарын жүрек тұсына қойып, Әнұранды орындайды. Балалардың жауабы. Каусар: -Қазақстан –менің Отаным, Атыңды әнге қосамын. Шарықтап өсіп,дами бер, Біліміммен үлес қосамын. Балалар мұқият тыңдайды. Ерасыл: -Аралаймын алаңды, Тәуелсіздік күні мен. Батыр Қайрат ағамның Суретіне үңілем. Аянат: -Тәуелсіздік еліміз, Мәңгі жасар жеріміз. Тәуелсіздік жасаған, Аға, әпкелеріміз. Нұрислам: -Мерекеге шығады, Бүкіл халық біліп қой. Отандастар ұғады, Тәуелсіздік ұлы той. Іс-қимылдарын өлең жолдарына сәйкестендіріп орындады. Нұртас: -Туған жерге туынды тік. Азамат: -Опасызда Отан жоқ. Әлихан. -Отан оттан да ыстық. Нұрдана: -Отаның тыныш- сен тыныш. Балалар бос қорапшалардан Астана қаласын өз қиялдары бойынша құрастырып, гүлдендіреді. -Мен Отанымды сүйемін! -Мен балабақшамды жақсы көремін. -Менің елім бақытты. Балалар қолдарына жалаушаларын нық ұстап өлең жолдарын хормен айтады. |
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Қазақстан Республикасы рәміздері туралы түсінікті, Әнұран жатқа айтуды.
Нені игереді: Құрылыс материалдарынан жаңа Астананы құрастыруды
Нені біледі: өз елін сүйеді,елбасын мақтан етеді.Отан туралы қойылған сұраққа жауап береді.
Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/295814--tuelsizdik--tiregim
БЕСПЛАТНО!
Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)
Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.
- «Музыкальное искусство»
- «Здоровьесберегающие технологии на занятиях в дополнительном образовании»
- «Нормативно-правовые и методологические основы начального образования в условиях реализации ФГОС»
- «Преподавание фортепиано в детской музыкальной школе и школе искусств»
- «Активизация познавательной деятельности учащихся на уроках математики»
- «Профессиональная деятельность воспитателя ДОУ в условиях реализации ФГОС»
- Теория и методика преподавания технологии в образовательных организациях
- Педагогика и методика преподавания информатики
- Воспитательная деятельность в образовательной организации
- Педагогика и методика преподавания основ духовно-нравственной культуры народов России в образовательной организации
- Организационно-педагогическое обеспечение воспитательного процесса в образовательной организации
- Дополнительное образование детей. Содержание и организация деятельности педагога-организатора

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.