Охрана труда:
нормативно-правовые основы и особенности организации
Обучение по оказанию первой помощи пострадавшим
Аккредитация Минтруда (№ 10348)
Подготовьтесь к внеочередной проверке знаний по охране труда и оказанию первой помощи.
Допуск сотрудника к работе без обучения или нарушение порядка его проведения
грозит организации штрафом до 130 000 ₽ (ч. 3 статьи 5.27.1 КоАП РФ).

Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014

Почему стоит размещать разработки у нас?
  • Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
  • Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
  • Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
Свидетельство о публикации
в СМИ
свидетельство о публикации в СМИ
Дождитесь публикации материала и скачайте свидетельство о публикации в СМИ бесплатно.
Диплом за инновационную
профессиональную
деятельность
Диплом за инновационную профессиональную деятельность
Опубликует не менее 15 материалов в методической библиотеке портала и скачайте документ бесплатно.
03.04.2018

Активные методы обучения на уроках английского языка: виды и практика

Сайлаукенова Диана Қанатқызы
Учитель английского языка
Использование Акт во время урока. Виды АКТ и полезные материалы.

Содержимое разработки

Жоспары:

Қазіргі білім жүйесінің мақсаты

Білім беруде ақпараттық коммуникациялық технологияларды

қолдану

Ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдануды жүзеге асыру тәжірибемнен

Ағылшын тілі сабағында және сыныптан тыс шараларда ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру.

Сайлаукенова Диана Қанатқызы

Атырау облысы, Индер ауданы

М.Сиранов атындағы орта мектеп

Ағылшын тілі пәні мұғалімі

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Білімді, сауатты адамдар - бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші» деуінің өзі - үлкен көрегендіктің белгісі.Бүгінде еліміз өзінің алдына әлеуметтік жаңғыру, үдемелі инновациялық индустрияландыру және экономикалық ықпалдасу бойынша жаңа ауқымды міндеттер қояды. Тәуелсіз Қазақстанның XXI ғасырдың үшінші он жылдығындағы негізгі мақсаты – әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру үшін сеніммен қадам басу ниетінде.Осы

жағдайларда аға буынның жасампаздығын жалғастыру, ұлттық бәсекелестікке қабілеттіліктің деңгейін одан әрі жоғарылату, Қазақстанның XXI ғасырда гүлденуі мен әлемдік танылуын қамтамасыз ету – білімді, білікті жастарға үлкен үміт пен жауапкершілік жүктейді.Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің дәрісінде қазіргі күнде отандық білім беру жүйесі халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті, жаңа білім мен технологияларды түрлі қызмет аясында қолдана білетін, үнемі өз білімін жетілдіріп отыруға ынталы мамандарды даярлауға бағытталып отырғанын атап өтті.Білім беру – инновацияны ендіру үшін қолайлы кеңістік. Бүгінде біз ағарту саласының отандық жүйесі өз дамуының кезекті кезеңіне енуінің куәсі болып отырмыз. Салаларды жаңарту халықаралық тәжірибе мен қазақстандық білім берудің дәстүрлі құндылықтарын ескере отырып жүргізілуде.[ 2 слайд ]

Қоғамның бүгінгі басты бағыттарының бірі – білім беру үрдісін ақпараттандыру. Білім беру үрдісін ақпараттандыру – қоғамды ақпараттандырудың негізгі шарты. Өйткені, жаңа ақпараттандырылған қоғам жағдайында өмір сүріп жұмыс жасай алатын болашақ ұрпақтың даярлығы жүзеге асады. Сонымен қатар білім беру саласындағы өзекті мәселе – білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді, жаңа әдістерін іздестіру болып отыр. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте оның білім деңгейімен анықталады» деген байламы білім беру саласына зор мақсаттар мен міндеттер жүктейтіні белгілі. Ал ақпараттарға сүйенер болсақ, кез келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүниежүзілік қауымдастықтағы рөлі мен салмағы сол елдің техникалық даму деңгейімен анықталады.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, әрі жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру оқытушының интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген қасиеттерінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Негізгі көздейтін мақсатым:

Жаңа технологияны кеңінен қолана отырып, оқушылардың өз бетімен жұмыстануын дағдыландыру

Теориялық білімді тәжірибе жүзінде пайдалана білуге үйрету

Оқушылардың компьютерлік іскерлігін дамыту

Міндеттерім:

Оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ойлау дағдыларын қалыптастыру

Оқушылардың өз бетімен білім алуына көмектесу

Күтілетін нәтиже:

Қызығушылықты оятады

Сабақ беру әдісі өзгереді

Оқушылар ізденуге үйренеді

Уақыт тиімді пайдаланылады

Оқушылардың даму деңгейін үнемі бақылап отырамыз

Тыңдау, жазу, сөйлеу, оқу біліктіліктері артады.

Бүгінгі таңда Қазақстан «білім – ғылым – инновация» сияқты үштік басқаратын постиндустриялық әлемге бет алған кезде білім мен кәсібилік үшінші мыңжылдыққа рұқсаттама болып табылатыны сөзсіз. Осыған байланысты жаңғырту үдерісі білім беру жүйесінде жалғасын тауып, ол нарықтың нақты қажеттіліктері мен әртараптандырылған экономиканы егжей-тегжейлі есепке алуға бағытталуы тиіс.

Ақпараттық технология – ақпараттарды жинау, сақтау және өңдеу үшін бір технологиялық тізбекте біріктірілген әдістер мен өндірістік және бағдарламалық - технологиялық құралдардың жиынтығы.Әлемдік қоғам өзінің эволюциялық дамуының жаңа фазасына – ақпараттық қатынастық технологиялардың тіршілік іс-әрекетінің барлық саласына қарқынды енуімен сипатталатын ақпараттық қоғам фазасына кірді, ал ақпараттық ресурстар заттық және энергетикалық ресурстарға қарағанда кем емес маңызды рөл атқаратын болды.Соңғы жылдары елімізде экономиканың өсіп өркендеуіне орай, білім беру саласында да елеулі өзгерістер жүргізілуде. Оқытудың, тәрбиелеудің мазмұнын қоғам дамуының қарышты қадамына сәйкестендіріп, оны шырқау биіктерге көтеруге бағытталған тың әдіс-тәсілдер жасалуда. Нәтижесінде тұтас педагогикалық үрдістер өзгертіліп, білім берудің тиімді деп танылған жаңа технологиялары дүниеге келуде. Кез-келген оқыту технологиясы мұғалімнен терең теориялық, психологиялық, әдістемелік білімді, үлкен педагогикалық шеберлікті, шәкірттердің жан дүниесіне терең үңіліп, оны ұғына білуді талап етеді. Қазіргі кезде мектептің оқу-тәрбие үрдісінде 50-ден астам.Педагогикалық технологияларды қолданып жүргені мәлім. Бұл технологиялардың бәрін бір сабақта қамту мүмкін емес. Сондықтан мектептегі әрбір пәнді оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оны іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіру мұғалімнің, әсіресе, бастауыш сынып мұғалімінің педагогикалық шеберлігіне тікелей байланысты.

ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Тәуелсіз Қазақстан да сол ғасырға нық қадам басты. Ел өңірінің барлық саласы компьютерлендіріле бастады. Ендігі кезекте еліміздің ертеңі болар бүгінгі жас ұрпақ компьютердің қыр-сырын терең меңгеруі тиіс.Ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту білім берудің бір бөлігі. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану айтарлықтай нәтиже беруде. Білім беру жүйесі электрондық байланыс, ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, телеконференция, On-line сабақтар арқылы іске асырылуда. Мұғалім компьютер желісі арқылы әрбір оқушымен тығыз байланыста болғандықтан, оқытуға тиянақты түрде көңіл бөлініп, әрбір баланың жеке деңгейін анықтап, оларға жеке шаралар қолдануға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңдағы оқыту үрдісі жаңа әдіс- тәсілдерді, жаңаша идеяларды қолдануды талап етеді. Әр мұғалім өз іс- тәжірибесінде көптеген қиындықтармен, кедергілермен кездеседі. Ол заман көшіне ілесу үшін өз білімін жетілдіріп отыруы қажет. Білім берудегі Кембридждік әдістің теориялық негізін оқып, таныса отырып, оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдері

7 модульді практикалық түрде қолдану арқылы оның артықшылықтарына көз жеткіздім.

Жаңа әдістерін жетілдіру мақсатында мына жеті модульді қамтыған:

1. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.

2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

3. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.

4. Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.

5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.

6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту.

7. Білім берудегі басқару және көшбасшылы.[ 4 слайд ]

Бұл модульдердің көпшілігін бұрыннан сабағымызда пайдаланып жүрсек те, тереңіне үңіліп, олардың өзіндік философиясын түсініп көрмеппіз. Әрине, бұрынғы дәстүрлі әдістерді де жоққа шығаруға болмайды, әр тәсілдің өзіндік артықшылықтары болады.

Жалпы орта білім беру жүйесін ақпараттандыру дегеніміз компьютерлерді қолдану арқылы осы жүйеде ақпараттық жабдықтамаларды барынша тиімді пайдалану. Мұндағы басты жаңалық компьютер тек оқушы қолындағы құрал ғана емес оған қоса төмендегідей маңызды педагогикалық мәселелерді шеше алады:

оқушының қабілетіне қарай үйрету ісін ұйымдастыру;

сабақтағы жұмыс тәсілдерінің тиімді түрін таңдау;

сабақ жүргізудің ыңғайлы жүйесін жасау.

Қазір бүкіл әлемде индустриялық қоғамнан интерактивті қатынас жасауға, оны жүзеге асыратын техникалық мүмкіндіктерді дамытып отыра алатын ақпараттық қоғамға көштік. Бүгінгі күні инновациялық әдістер мен ақпараттық технологиялар қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат болып айқындалады.

АКТ-ны ағылшын тілі сабақтарында қолдана отырып, оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыруға, логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, интернет желісінен сабаққа қажетті деректерді өз бетімен ізденуіне, техникалық құралдармен жұмыстануға, компьютерлік сауаттылықтарын қалыптастыруға болады. Жас ұрпақты оқытуда осы айтылған инновациялық технологияны пайдалану – сапалы білімнің кепілі, шығармашылық жетістіктің негізгі көзі және мұғалімнің кәсіби өсуінің тура жолы.АКТ-сын қолданғанда оқушыларға ұсынысым: сабақта АКТ құралдарының қатарын түрлендіріп отыру, бастысы АКТ құралдарын оқушылардың өздеріне пайдалануға мүмкіндік беру, интернет жүйесін тек білім алу мақсатында қолдануға жетелеу керек.

АКТ-ны пайдалануда сабақтың мынадай ерекшеліктері бар:

-Мұғалім оқушыға сұрақ қойып, тез арада оқушы оған жауап береді;

-Мұғалім тапсырманың дұрыстығын тексереді;

-Оқушының компьютермен жұмыс барысында пайда болған қиындықтарды уақытында шешуге болады;

-Кейбір амалдарды оқушы өз бетінше орындайды, компьютерді жұмыс істеуге үйренеді;

-Сыныптағы оқушылардың барлығынан жауап алуға болады және алған білімдерін тәжірбиемен ұштастырады;

-Білімі төмен оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік береді; .

[ 6 слайд ]

Оқушылардың танымдық көзқарасын байыту, ақыл-ой қабілетін жетілдіру, өзіндік ойлау және өмірлік ұстанымын қалыптастыру мұғалімнің шеберлігіне, шығармашылық қабілетіне байланысты. Теориялық білімді игерту мен жаңғырту және жаңа жағдайға іс жүзінде лайықтап қолдануға үйреткенде ғана оқушылардың алған білімі мен біліктілігі шынайы да нақтылы қалыптасады. Осындай жолмен қалыптасқан білім мен біліктіліктің танымдық маңызы да зор болады.Осыған орай сабақ беру үрдісінде қазіргі күннің, яғни инновациялық әдістерді оқытудың интерактивті оқыту моделі болып табылады. Инновациялық әдістердің ең негізгісінің бірі – «интерактивті оқыту әдісі». Негізгі қағидасы-педагогикалық қарым-қатынас пен қарым-қатынас диалогы арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту. Интерактивті әдістерге мыналар жатады: проблемалық шығарма әдістері, презентациялар, пікірталастар,топпен жұмыс,миға шабуыл әдісі, сын тұрғысынан ойлау әдісі, викториналар, мини зерттеулер, іскерлік ойындар, рөлдік ойындар, инсерт әдісі т.б.Жоғарыда көрсетілген әдістер оқушының қызығушылығы мен белсенділігін арттырып, алынған мәліметтерді шығармашылық тұрғыдан қайта өңдеу болып табылады.Білім берудегі интерактивті технология (интерактив сөзі-inter (бірлесу) act (әрекет)) сабақ барысында оқушылардың сабаққа қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы. Интерактивті тақта мүмкіндігін пайдалана отырып өткізген сабақтар мұғалімнің оқу процесінде уақытын үнемдей отырып оқушыларға көптеген ақпараттарды беруге көмектеседі. Интерактивті тақтаның керемет мүмкіндіктері оқушыларды таңғалдырады, шабыттандырады. Оқушылар ойнап отырмыз деп ойлайды, шындығында олар қызығып,таңғалып, шабыттанып отырып білім алады.Қазіргі уақытта жаратылыстану - ғылыми білім беруде сабақ барысында интерактивті құралдарды қолдануда. Интерактивті құралдардың көмегімен мұғалімнің , оқушының

Шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр.

Білім берудегі интерактивті технология - мұндағы интерактивтісөзі- inter (бірлесу), act (әрекет жасау)ұғымын білдіреді, сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бірін-бір толықтыратын, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы.

Интерактивті тақта – бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал. Әр мұғалім сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық. Мысалы жаңа технологиялардың кейбір элементтерін көрсетіп кеткенді жөн көрдім:

1.Интернет

2.қызықты, ақпаратты

3.Мәлімет береді, хабар таратады, байланыстырады.

4.Интернет- компьютерден құралған.

5.Ақпараттық өріс.

Осы жаңа технология стратегияларды интерактивті тақтадан енгізіп қойсақ, оқушылар шығып жауаптарын орындайды. Бұл сабақты алдын ала электронды оқулықтан тыңдап, көріп оқушылардың есте сақтауы бойынша орындатқан тиімді. .[ 8 слайд ]

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында интерактивті технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.

Осыған орай жаңа экономикалық және әлеуметтік-мәдени жағдайларда Қазақстандық білім беру жүйесінің алдында тұрған білім беру сапаларын арттыруға, стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған түбегейлі қайта өзгертулер педагогикалық үрдіске жаңа талаптар жүктейді.

Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында еліміздің білім беру жүйесінің басты міндеттері атап көрсетілген. Соның бірі: «Білім беру жүйесін ақпараттандыру, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу» делінген. Бұл міндеттерді шешу үшін, нәтижеге бағытталған білім берудің жаңа жүйесіне көшу үшін әр мұғалім, жеке тұлға күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа ақпараттық технологияларға, әлеуметтік, тұлғалық және жеке құзыреттіктерге ие болуы тиіс. Бұл талаптар күнделікті әдістемелік жұмыстың жүйелі түрде ұйымдастырылуы негізінде жүзеге асырылады.

Білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінен қажеттісін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану - басты талап. Мәселе технологияларды кеңінен пайдалану емес, мәселе - тұлғаны нәтижеге бағыттай білім беруде. Қазіргі таңда айтар болсақ, көрнекілік әдісі мен техникалық құралдарды қолдану әдісін ақпараттық - коммуникативтік технологияның бір өзі атқара алады.Тіл тағдырын жетілдіру көп ретте мектепте атқарылатын жұмыс деңгейіне байланысты. Өйткені, өскелең ұрпақтың балғын санасына бай тіліміздің нәрін сіңдіріп, көкірегіне ұялатуға әр пән мұғалімі ауқымды істер атқаруы тиіс.

Ағылшын тілін саналы меңгерту, оны өз деңгейінде қажеттілікке айналдыру, бір жылғы мәселе емес, сондықтан ағылшын тілін оқыту ісімен шұғылданатын мамандар арасында туындайтын бір сұрақ: ағылшын тілінде өз ойын ауызша және жазбаша еркін жеткізе алуға қалай үйрету керек? Оқушыны ынталандыру үшін қандай әдіс - тәсілдерді, технологияларды қолданған жөн?Ағылшын тілі сабағында компьютерді қолдану мәтіндер мен ақпаратты білуге жол ашады. Тіпті нашар оқитын оқушылардың өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығады, өйткені кейбір жағдайларда компьютер білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді.

Қазақстан Республикасының мемлекетаралық тілі – ағылшын тілін жаңа технологиялар арқылы оқыту ісі күннен - күнге өзекті болып келеді. Тілді ақпараттық - коммуникативтік технология арқылы оқыту – тіл үйренушінің өз бетімен тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруіне игі ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады.

Сонымен қатар оқушылар интелектуалдық, шығармашылық және коммуникативтік істерін дамыта алады, оқушының оқу белсенділігі артады, сабақтың негізгі кезеңдерінің бәрінде оқушыларға шығармашылық жұмысты ұсынуға болады.Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаға бағыттап, оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылату – бүгінгі күннің басты талабы.Орта мектептерде ағылшын тілін оқыту жүйесі қарапайым және бастапқы, негізгі, орта және ортадан жоғары деңгей бойынша базалық және пәндік құзыреттерді жүзеге асыра отырып, ағылышын тілін қатысымдық тұрғыдан меңгерту; сөйлесім әрекетінің түрлеріне сай оқушыны тілдік білім негізінде оқыған тілде сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету арқылы дара тұлғаның тілдік қабілетін дамыту, бір-бірімен сабақтас, жүйелі тақырыптарды коммуникативтік тұрғыдан ұсына отырып, оқушыларға ағылышынша тілдік қатынасты игерту мақсатын көздейді. Осы аталған мақсатқа қол жеткізу үшін оқытудың ақпараттық технологияларын пайдаланған орынды.Қазіргі кезде сабақта ақпараттық технологияларды бәріміз кеңінен қолданамыз.

Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында ХХІ ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу керектігін атап көрсетті: Компьютерлік техниканы, интернет , телекоммуникациялық желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, мультимедиялық электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көрсету. Сонымен қатар тәуелсіз еліміздің болашағы -жарқын, білімді, парасатты, өз ана тілімен бірге шетел тілі «ағылшын тілінде» еркін сөйлеп,өз елін, халқын, мәдениетін шетелге таныстыра алатын үш тілде еркін сөйлейтін азамат болып шығуы керек деген еді.Білім берудегі мақсат тек білімді кәсіби мамандандырылған адам дайындау ғана емес, рухани дүниесі бай және адамгершілігі зор, қоғамдық өмірдің барлық аясында ұлттық құндылықтарды бағалауға және дамытуға қабілетті тұлғаны қалыптастыру керек екенін баса айтқан жөн. Олай болса, оқушыны ағылшын пәніне қызығушылығын тудырып дамытуды және жемістің нәтижесін көруді мақсат тұтқан әрбір мұғалім жолдауға жедел үн қосу керек деп білемін. Шетел тілін үйрету қиын да, қызықты жұмыс. Қазіргі кезде ұстаздарға қойылып отырған талап жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып сапалы терең білім беру, оқушылардың ойлау, есте сақтау көру қабілеттерін жетілдіру. Мектептерде жаңа технологиялар арқылы оқыту шет тілін үйренудің сапасы мен маңызын арттырады. Шет тілін оқыту процесінде тілді дұрыс үйрету ауызша сөйлеу, сауатты жазу, мәнерлеп оқыту өте маңызды. Қазіргі кезеңде мектептерде ағылшын тілін оқыту дұрыс жолға қойылған. Оқушылардың ағылшын тілін біліп ғана қоймай, оның тарихын, ұлттық мәдениетін білуге көп көңіл бөлінеді.

Шетел тілін оқытудағы білімділік мақсаты - шетел тілінде сөйлеуді үйрету, байланыста бола алу мен ортақ тіл табысып, қарым - қатынасты нығайтуға ұмтылу болса, тәрбиелік мақсаты - өзге адамдарды тыңдау мәдениетін қалыптастыру негізінде өз пікірін айта алу және қорғауға үйрету.

Ағылшын тілді оқытуда жаңа технологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан - жақты қолдану, мұғалімнің көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік туғызады. Осындай жаңа жолдардың біріне ақпараттық оқыту жүйесіндегі компьютерлік бағдарламалардың түрлері арқылы тіл үйретуді жатқызуға болады.

Елімізде білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану басты мақсат болып отыр.Ол тек қана техникалық құрал емес, сонымен бірге жаңа ақпараттық , коммуникациялық технология және білім беру жүйесіндегі сабақ берудің жаңаша әдісі болып отыр.Компьютерлік телекоммуникациялар бүгінгі қоғамда үлкен қолданысқа ие.

Алдын-ала слайд түрінде жасалған сабақтың мүмкіндіктері де молшылық екенін байқағандаймыз. Мұның барлығы да мұғалімнің шеберлігіне, ізденімпаздығына байланысты деп есептеймін. Мысалы, деңгейлік үлестірмелі тапсырмаларды оқушыларға ұсынатын болсақ, бірінен екіншісіне ауысқанша біраз уақытты қажет етеді. Ал оларды интерактивті тақтаға алдын ала енгізген жағдайда оқушылардың көз алдында үлкен көлемде көрсетіліп тұрады.

Ақпараттық –коммуникациялық технологияны оқу тәрбие үрдісіндегі қолдану оқытушының өз мамандығына қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырады деп сенемін.Алдағы уақыттарда әрдайым ақпараттық технологияларды сабақтарыма кіріктіре отырып өтуде оқушылардың ағылшын тілінде танымдық қабілеттерін арттырамын деп деген ойдамын.

Қазіргі заман мұғалімі тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи-танымдық, педагогикалық-психологиялық сауатты, саяси-экономикалық білімді және ақпараттық-коммуникациялық білімді және ақпараттық-коммуникациялық технологияны жан-жақты меңгерген ақпараттық құзырлы маман болу керек.

Ағылшын тілі - бүгінгі заманымыздың кілті, компьютер технологиясының кілті екені белгілі.Біздің мемлекетімізде жаңа ақпараттық құралдардың дамып келе жатқаны сөзсіз. Қазіргі заман педагогтарына компьютер және мультимедиялық құралдарды қолданудың сабақ өту барсында өте тиімді тәсіл екені белгілі.Бұл құралдың қуаттылығы соншалықты онымен бірге білім жүйесіне жаңа әдістермен бірге әлемдік ойлаудың жаңа идеологиясы (шығармашылығы) енгізілді.Компьютерлік және ақпараттық технологиялар заман талабы.Бұл жұмыстың басты мақсаты компьютер желісін және мультимедиялық - электрондық құралдарды шет тілі сабағында тиімді қолдану, нақтылап айтқанда ағылшын тілі сабағында презентацияларды және мультимедиялық - электрондық құралдарды мектеп қабырғасында және білім беру процесінде терең қолдану.

8-сыныпқа “Comparing the system of education in the USA and Kazakhstan” тақырыбында өткізген сабақ жоспарын ұсынамын. .[ 9 слайд ]

Form: 8

Date:29.11.2017

The theme of the lesson:

Comparing the system of education in the USA and Kazakhstan

The aim of the lesson:

Comparing systems of education into two countries: the USA and Kazakhstan.

to receive topical vocabulary, to compare the facts on the theme to practice the usage of numbers and prepositions.

to develop speaking, listening, reading and writing skills; to develop pupils interest in research works.

to interest in learning English, in learning education system in the USA and in our country Kazakhstan.

The results:

А: Pupils will be able to know educational system in the USA and in KZ.

В:Pupilswill be able to compare systems of education into two countries using the method ''Venn diagram''.

С:Pupils will be able to make sentences using the correct form of the Future in the Past.

Module:

ICT, marking, youth ages, leadership.

Lesson equipment:

Pictures, photos, presentation, projector, netbook.

The procedure of the lesson:

Stages of the lesson

Time

Teacher`s activity

Pupil`s activity

Organization moment

8 min

Good morning pupils

Who is on duty today?

Who is absent?

What date is it today?

What day is it today?

Dividing into groups:Method"Colouring sweets

І group ІІ group

Group A – will speak about education in the USA

Group B – will speak about education in KZ. The aim of our lesson is to compare education into two countries: the USA and KZ. I hope you`ll find something interesting and new for yourselves.

Let`s check up your home task with the method “Quick answer”.

Pupils choose the colouring sweets and dividing into groups.

Pupils answer the questions.

Brainstorming

5 min

Phonetic drill: The school

The school has doors that open wide

And friendly teachers wait inside

Hurry, hurry, let`s go in

For soon the lessons will begin

Books and pencils I will need

When I start to write and read

Lots to learn and lots to do

I like to go to school, don`t you?

 

Pupils read the phonetic drill

Main part

18 min

Teacher:

Our president N.A.Nazarbayev said: “Every person in our country must know three languages: Kazakh as a state language, Russian as a language of international communication and English as a widespread language in the world, as a language of business and new technology.”

And our pupils know these languages well and now they show us their knowledge.

Introducing groups

Group A: Hello! We are glad to see you! Our group is from USA. I`m Kamila. I like to read about the USA: this is Zhainagul, she is fond of music and dancing, this is Magzhan, he is very clever, Enlik is brave.

Group B: Salem. How nice to meet you! You are welcome to our country. We want to know about your country`s education. My name is Renata. Diana and Zarema are beautiful. Aibek is handsome and hardworking.

New words
1. curriculum - оқужоспары
2. education -
білім
3. head teacher -
оқуісініңмеңгерушісі
4. mark -
баға
5. timetable -
сабақкестесі
6. state school -
мемлекеттікмектеп
7. secondary school -
ортамектеп
8. comprehensive school -
жалпыбілімберетінмектеп
9. private school -
ақылымектеп
10. primary school -
бастауышмектеп



Work with a poster

Group A:Education in the USA

The American system of school education differs from the systems in other countries. There are state public schools, private elementary schools and private secondary schools. Public schools are free and private schools are fee-paying. Each state has its own system of public schools. Elementary education begins at the age of six or seven, when a child goes to the first grade (form). At the age of sixteen schoolchildren leave the elementary school and may continue their education at one of the secondary schools or high schools, as they call them. The programme of studies in the elementary school includes English, Arithmetic, Geography, History of the USA, Natural Sciences and, besides, Physical Training, Singing, Drawing, Wood or Metal Work, etc. Sometimes they learn a foreign language and general history. Beside giving general education some high schools teach subjects useful to those who hope to find jobs in industry and agriculture or who want to enter colleges or universities. After graduating from secondary schools a growing number of Americans go on to higher education. The students do not take the same courses. During the first two years they follow a basic programme. It means that every student must select at least one course from each of the basic fields of study: English, Natural Sciences, Modern Languages, History or Physical Training. After the first two years every student can select subjects according to his professional interest. The National Government gives no direct financial aid to the institutions of higher education. Students must pay a tuition fee. This creates a financial hardship for some people. Many students have to work to pay their expenses. The Americans place a high value on education. That’s why Kennedy said, “Our progress as a nation can be no swifter than our progress in education.”

Marks in the USA
A - excellent -
өтежақсы
B - very well -
жақсы
C - satisfactory -
қанағаттанарлық
D - poor -
жаман
E - unsatisfactory –
қанағаттанарлықсыз

Group B: Education in Kazakhstan.
We started school at the age of seven. After four years of primary school we went to secondary school. Primary and secondary schools together comprise eleven years of classes are compulsory in our republic.
Our school year began on the first of September and ended in May. It lasted 9 months. We had four holidays a year: winter, spring, summer and autumn. On the 1st of September we got acquainted with our teachers and had our first lessons. Every lesson lasted 45 minutes. Every day we had 5 or 6 lessons.
The primary school curriculum included such as subjects Kazakh, Maths, Russian, Drawing, PT and Music. We had also Nature classes. Our school was not English but we had English classes which started in the 2nd form.Recently Kazakhstan has also developed several types of schools with greater specialization such as gymnasium, technical, lyceums and private schools. Education is free, except those which work on a commercial basic.
Today the educational system in Kazakhstan is presented by two languages: Kazakh and Russian. Primary education is the most developed of the state’s educational system. Pupils receive their primary education in schools of three different levels. Primary 1 - 4 grades, middle 5 - 9 grades and junior 10 - 11 grades. After finishing the 9th grade children continue education in high schools in technical - professional institutes, or in special schools.

Marks in Kazakhstan
5 -
өтежақсы - excellent
4 -
жақсы - very well

3 - қанағаттанарлық
2 - unsatisfactory –
қанағаттанарлықсыз

Pupils introduce their group, then read new words.

www.bilimland.kz - video

Group A read the text about education in the USA and

Group B read the text about the education in Kazakhstan. They make a poster and protect it.

Pupils understand grammar materials, then they do the exercises.

Conclusion

9 min

Exercise 3. Choose the right answer. True/False.

1.The secondary stage begins from the 6-th form when children start studying a lot of new subjects, such as Literature, History, Natural Sciences and others.

2.Some children may leave school after the 9-th form and continue their education at vocational or technical schools or colleges.

3. In 1999, Kazakhstan system of higher educational adopted the western model.

4.In order to enter a higher educational institution young people have to take an entrance examination.

5.Examinations are taken at the end of the 9-th and the 11-th forms.

Sinquain”

1.One noun-school
2.Two adjectives- important, interesting
3. Three verbs-to build, to study, to learn.
4. One sentences-A school is aplace where people
learn and study.
5. Same word-knowledge

Well, let`s answer the questions with the method “Quick answer”.

What kind of schools are there in Kazakhstan?

What does a primary school consist of?

How many years do pupil study at secondary school?

What kind of schools are there in the USA?

What does A level mean?

What school subjects have you got at your school?

How many year of study are compulsory in our Republic?

What holiday do you have every year?

How long does every lesson start?

How many lessons have day every day?

How many years do pupils go to school in Kazakhstan?

Reflection:“Education tree”.

Red apple-the lesson was boring.

Green apple-the lesson was interesting

Yellow apple – the lesson was exciting

Pupils write their opinion

Home task: Ex 1 p 60.Complete the sentences.

Pupils write the exercise. And choose right answer.

www.itest.kz-test 

Answer the questions.

www.twig-bilim.kz 

Pupils write their opinion about the lesson.

Бұл сабағымда «Бес жолды өлең» стратегиясын қолдандым.Ол оқушылардың бір-бірімен ой алмастыруын, ой түйістіруін қамтамасыз етеді.Әр оқушы шығармашылығын көрсете алады.

Жеткен нәтижем: -бірлесіп жұмыс істеуді үйренді

-топтық, ұжымдық дағдылары қалыптасты

-интерактивті тақта көмегімен жаттығулар тез орындалды.

9-сыныпқа өткізген “Mass media” тақырыбындағы сабағымды ұсынамын.

[ 10 слайд ]

The theme:

Mass media

Form:

9

The aims:

- to generalize and enlarge pupils’ knowledge about mass media;

-to develop pupils’ speaking skills in monologue and dialogue speech, in audition;

-to provide pupils’ with all kinds of information dealing with different aspects of mass media and its role in our life;

-to encourage students to express personal opinion;

-to develop pupils; cognitive and creative skills.

The results:

They will know all of the vocabulary. They will analyze the role the media plays in their own life.

The procedure of the lesson

Evocation.

1.Org.moment:

T: Hello, my dears! How are you things today?

Look! What can you see on these pictures? What topic shall we be speaking on today? How do you think what can we do at the lesson today? All of you have mobile phones, computers, radio and TV. So, all of them we call

Mass media

Brainstorming “Mass media”

Let’s make up a mind map.

Discuss what mass media is for you. What for do we need knowledge? Where do we get information from? Say which of the mass media are

Realization of meaning

a)Vocabulary:a ball game

Speaking about mass media we can’t do without topical vocabulary. So I’ll throw a ball to some of you and say any word from our theme. You are to make up a sentence with it.

Group work. Providing task.

Prove that what kind of mass media is the best.

Reading

Read the text and discuss it in small groups:

I group- text from the book

II group –text from internet resources

III group- text from library

Groups of 5.

Roles:

Secretary-notes everything down.

Designer-makes the poster look attractive.

Board of Creative Directors-generate smart ideas.

Proof Reader- checks for mistakes.

Presenter- presents the poster when it’s finished.

1.Game “Hot potato”

I need 6 pupils for this game. The first pupil must name 5 things which I say to you. But he must do it simultaneously with other pupils who will pass the toy to one another quickly. Then we’ll change the first pupil.

E.g. name 5 titles of newspapers.

Speaking

Say which of the mass media are

The most useful

The easiest to use

The most common

The most expensive

The most modern

The most interesting

The most convenient

The safest

The cheapest

Give your reasons: I think newspapers are the most convenient mass.

Reflection.

Questions for discussions:

What is Mass media?

How do we get information that we need?

What information can be found in Mass Media?

What radio music programmes do you know?

What is your favourite TV programme?Why?

What programs do your parents prefer?

Marking

Self-assessment

Students name

Answering the questions (3 points)

Speaking about advantages and disadvantages of Mass Media (3 points)

Protecting posters (3 points)

Speaks about his/her mind (3 points)

10-12 points-excellent

5-9 points- good

1-4 points- satisfactory

0-unsatisfactory

Home task: Topic: Mass Media

Feedback

State how you feel about the lesson :

I liked the lesson. I’ve learn a lot of useful information

I would like to have more

Grammar

Listening

Writing

Speaking

I didn’t find the lesson very useful

It was boring

Жеткен нәтижем: -оқушылардың сабаққа қызығушылығы артты

-сөздердің оқылуын үйренді

-топпен жұмыс жасай білді.

Ағылшын тілі - ұлы әдебиет тілі.Ағылшын тілі сабағында компьютерді, мультимедиялық және электрондық оқулықтарды және интерактивті тақтаны пайдаланғанда:

лексиканы оқып үйретеді;

сөйлеу ырғағын;

диалог, монолог және рөлдік ойындарды;

хат жазуға үйретеді;

грамматикалық құрылымдарды түсіндіріп, оқушылардың есінде сақтауға көмектеседі.Қазіргі кезде ағылшын тілімен компьютер, телекоммуникациялық құралдарды меңгеруді уақыттың өзі талап етеді, тіпті кейінгі жылдары олардың рөлі зорая түсуде.

Жаңа ақпараттық құралдарды ағылшын тілі сабағында қолданғанда күтілетін нәтижелер:

үлгерімі төмен оқушыларға көмектеседі;

оқушыларың сабаққа деген қызығушылығын арттырады;

сабақта пайдаланылатын көрнекіліктердің санын арттырады;

оқушылардың шығармашылығын арттырады;

оқушыларды жеке жұмыс істеуге үйретеді;

грамматикалық құрылымдарды оңай түсінуге көмектеседі;

оқушылардың есте сақтау, есту, көру, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамытады;

пікірталас, талдау, анализ жасау мүмкіндіктерін арттырады;

Көбіне мен ағылшын пәнінде компьютерді жаңа сабақ түсіндіргенде, грамматикалық құрылымдарды өткенде және қорытынды сабақта қолданамын.

Ағылшын тілін оқытуда ақпараттық технология құралдарын қолданудың басты мақсаты - оқушыларға шетел тілінде қарым-қатынас жасауды базалық деңгейде игерту. Осыған сәйкес оқыту мазмұнына қарапайым коммуникативтік біліктілікті, қажетті жағдайда ауызша және жазбаша (сөз, тыңдап түсіну, оқу, жазу) өзара мәдени қарым-қатынас процессінде қолдана алу қабілеттілігі мен дайындығын қалыптастыруды қамтамасыз ететін тілдік, сөздік, әлеуметтік-мәдени білім, білік дағдылар енеді.

Мұғалімдерге қойылатын талаптардың бірі – оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Осындай аса қажетті технологиялардың бірі – ақпараттық - коммуникациялық технологияларды (бұдан кейін АКТ) пайдалану. АКТ - ны игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін қажетті шартқа айналды. АКТ - ның дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді шәкірт тәрбиелеу мұғалімнің басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан - жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.

«АКТ құралдары» дегеніміз – микропроцессорлық және жаңа АКТ негізінде қызмет атқаратын, ақпаратты таратудың жаңа құралдары мен жүйелері, ақпаратты жинақтау мен олардың қорын жасау, сақтау мен өңдеу, оларды жан - жақты таратуды, одан қалды компьютерлік жүйелердің ақпараттар қорына енуді қамтамасыз ете алатын программалық, программалық - аппараттық және техникалық құралдар мен құрылымдарды айтамыз. Компьютерлік технологияны пайдалана отырып дарынды, орташа және үлгерімі төмен оқушыға сабақты ойдағыдай меңгеруіне мүмкіндік туғызу; Оқушының есте сақтау қабілетін ескеру (жедел, қысқа мерзімді және ұзақ уақыттық есте сақтау). Оң мотивацияларды қалыптастыру – мұғалімнің кәсіби міндеті. Мотив оқушының танымдық қызығушылықтары, жаңа білім, іскерлік, дағдыны меңгерудегі қажеттіліктерімен тығыз байланысты. Жағымды жағдай туғызу үшін оқушыны коммуникативтілікке бағыттап, сабақта оқушы іс - әрекетін ынталандыратын ерекше сабақ формаларын таңдау керек. Мұғалімдердің тәжірибесі көрсеткендей, дәстүрлі емес сабақтарды ұйымдастыру оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады. Бүгінгі күнде мұғалімдер оқушылардың жемісті және тиімді іс - әрекетін ұйымдастыру үшін белсенді түрде дәстүрлі емес сабақтарды пайдалануда. Дәстүрлі емес сабақ түрлеріне видеосабақтар, интернет сабақ, спектакль - сабақ, саяхат - сабақ және т. б. жатқызуға болады.

5-сынып оқушыларымен өткізген «Шалқан» ертегісінен үзінді ұсынамын.

[11 слайд ]

« THE TURNIP» (fairy tale)

Characters: the storyteller, the Turnip, grandpa, grandma, granddaughter, the dog, the cat, the mouse, the sun, the rain

Storyteller: Once upon a time there lived an old man. The man has got a seed. He goes in the garden puts the seed in the ground.

Grandpa: Grow, little turnip, grow big and small.

The sun: Grow up, little turnip, grow up! It’s warm!

The rain: Drink, little turnip, drink and grow!

Storyteller: The seed grows and grows. It’s a turnip. The man’s happy. Look, there are green leaves on the turnip.

Grandpa: Oh, it’s my turnip. It’s a big turnip. I must pull it out. Oh, dear! It’s so big. So big! I can’t pull it out! Grandma, come here and help me!

Grandma: What’s that, my dear?

Grandpa: Help me to pull the turnip out!

Grandma: O’key

Storyteller: Grandma pulls the grandpa!

Grandpa pulls the turnip!

The turnip doesn’t move!

Grandma: Oh, granddaughter! Come here!

Granddaughter: Yes, grandma.

Grandma: Help us to pull the turnip out!

Granddaughter: O’key

Storyteller: Granddaughter pulls grandma.

Grandma pulls grandpa!

Grandpa pulls the turnip!

The turnip doesn’t move!

Granddaughter: Dog! Dog! Come here!

Dog: Bow-wow! What’s up? What’s up?

All: Help us to pull the turnip out!

Dog: All right!

Storyteller: Dog pulls granddaughter.

Granddaughter pulls grandma.

Grandma pulls grandpa!

Grandpa pulls the turnip!

The turnip doesn’t move!

Cat: Miaow! Miaow! May I help you?

All: Yes, dear cat! Help us, please!

Little mouse, help us!

Mouse: I am small, but I am strong! I am small, but I am strong! I will help you! One, two, three, pull!

All: One, two, three, pull! YES! We’ve got the turnip!

Turnip: I am so big! I am so sweet!

Cat: Our turnip is so big!

Dog: Our turnip is so sweet!

Grandma: Let’s take it home.

Ертегіні қоймас бұрын оқушыларға интерактивті тақтадан ертегіні көрсеттім. Оқушылар өздеріне ұнаған кейіпкерлерін сомдады.Ертегі соңында бірге «One potato» әнін шырқады.

Компьютердің білім беру құралы ретінде кең таралуының негізгі алғы шарттары:

1. Компьютер шексіз ақпарат әлемінде енуге және ақпаратты жүйелі түрде талдап, сараптауға мүмкіндік береді. Ақпаратты алудағы жоғары жылдамдық адамның ақпараттық мәдениетінің үнемі өсуіне жағдай жасайды.

2. Компьютер адамның зерттеу - танымдық әрекетінің әмбебап құралы ретінде ерекшеленеді.

3. Өзге құралдардан компьютердің ерекшелігі – оның қатысымды құрал бола білуі. Яғни, білімгер, ол арқылы қатысымның барлық түрлерін жүзеге асыра алады. Бұл – мәтіндерді оқу, сұхбат жасау, жазу, тыңдау әрекеттері. Тіл үйренуде бұл мүмкіншіліктер ең маңызды болмақ.

4. Құрал бітімгерлерге өз әрекеттерінің нәтижесін айқын көрсете алады. Білім алуда дұрыс шешім жасай білуге деген оқушылардың өзіндік тәсілін, стратегиясын қалыптастырады.

5. Компьютердің көмегімен жаттығулардың кешенді түрлерін аз уақытта орындау мүмкіншілігі туындайды.

6-сынып оқушыларына арналған «Қызыл телпек» ертегісін ұсынамын.

[12 слайд ]

Little Red Riding Hood (fairy tale)

Characters: Girl, Mum, Granny, Wolf, Man

Girl: Hello! I'm Little Red Riding Hood. And this is my Mum.

Mum: Go to your Granny.) Give her the cake and the pot of butter.

Girl: All right, Mum. Goodbye!

Mum: Goodbye!

Wolf: Hello, little girl! What's your name?

Girl: Little Red Riding Hood.

Wolf: Where are you going?

Girl: To my Granny.

Wolf: Where does she live?

Girl: In a little house near the forest.

Wolf: Oh, I see. Goodbye!

Girl: Goodbye!

Wolf: Knock-knock!

Granny: Who's there?

Wolf: It's me, Little Red Riding Hood!

Granny: Come in, please. …Oh, a wolf! Help, help!!

Wolf: Oh, I'm still hungry. I'll wait for the girl.

Girl: Knock-knock!

Wolf: Who's there?

Girl: It's me, Little Red Riding Hood!

Wolf: Come in, please.

Girl: I've got a cake and a pot of butter for you.

Wolf: Thank you. Come nearer, please.

Girl:Why have you got such big eyes, Granny?

Wolf: To see you better.

Girl: Why have you got such big ears, Granny?

Wolf: To hear you better.

Girl: Why have you got such big teeth, Granny?

Wolf: To eat you!

Girl: Help, help!

Man 1: Stop! Hands up! Catch the wolf!

Granny: Thank you!

Girl: Thank you very much!

Man: Not at all!

Ертегіні интерактивті тақтадан көрсеттім. Балалар ертегімен танысқан соң, өздеріне ұнаған кейіпкерлердің бейнесін қойылым койды. Соңында оқушылар “My school” әнін айтты.

Ағылшын тілі сабағында компьютерді қолдану мәтіндер мен ақпаратты білуге жол ашады. Тіпті нашар оқитын оқушылардың өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығады, өйткені кейбір жағдайларда компьютер білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді.Қазақстан Республикасының мемлекетаралық тілі – ағылшын тілін жаңа технологиялар арқылы оқыту ісі күннен - күнге өзекті болып келеді. Тілді ақпараттық - коммуникативтік технология арқылы оқыту – тіл үйренушінің өз бетімен тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруіне игі ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады.Сонымен қатар оқушылар интелектуалдық, шығармашылық және коммуникативтік істерін дамыта алады, оқушының оқу белсенділігі артады, сабақтың негізгі кезеңдерінің бәрінде оқушыларға шығармашылық жұмысты ұсынуға болады.Қазіргі заманда ғылымсыз жан - жақты дамыған өркениетті елдердің қатарына қосылу мүмкін емес. Ал мектеп мұғалімдерінің бүгінгі заманға сай берілген сабақтары осы мәселелерді шешуші күш болып отыр.Әрбір мемлекеттің өсіп-өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы ұстаз берген білім. Сондықтан да дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі келетін кез келген мемлекет, ең алдымен, білім беру саласын жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді. Ендеше осындай бәсекеге қабілетті, рухы биік ұрпақ тәрбиелеу жаңа формация мұғалімінің еншісіне тиері анық. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының қазіргі таңда білімді, білгенін өмірге пайдалана алатын шәкірт тәрбиелеуде алатын орны ерекше. Қытай философының «Маған жәй айтсаң – ұмытамын, көрсет­сең есімде сақтаймын, ал өзімді іс – әрекетке қатыстырсаң үйрене­мін» деген даналығы білім алу­шының білімге ықыласын арты­руда ақпараттық – комму­никатив­тік технологияларды пайдалана отырып, өзіндік ізденіс жүргізуді практикада жүзеге асырудың маңызды екендігін көрсетеді. Сапалы білім негізі – жан-жақты ақпараттық материал­дар­ды, көрнекі құралдар мен ұтым­ды технологияларды, тиімді әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып, білім алушыға ешбір кітаптан таба ал­майтын білім беру.

Қорыта айтқанда: Казіргі таңда еліміздің басшысы Н. Ә. Назарбаев алдымызға үш тұғырлы тіл; қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - қарым - қатынас тіл, ағылшын тілі - халықаралық тілді меңгеру жөнінде мақсат қойып отыр. Осыған байланысты қай тілді меңгерсек те оны әдемі, таза, шебер сөйлей білуіміз керек. Шет тілін оқыту үрдісін жандандыру, тіл дамыту жаттығуларын қолдану, жаңа әдіс - тәсілдерді енгізу бүгінгі күннің басты талабы. Біздің мақсатымыз рухани дүниесі бай, озық ойлы, айналадағы өмірге ғылыми көзқарасы қалыптасқан адамдар тәрбиелеу. Сондықтан да мен ағылшын тілі сабағында АКТ жақсы меңгеріп қана қоймай, нәтижеге қол жеткізуім керек.

«Мұғалімнің жетістігі-оқушылардың көрсеткіші» демей ме, осы ізденісіммен талпынысымның арқасында осындай көрсеткішке жетіп келемін.Қазіргі таңда білім жүйесінде үлкен салмақ оқушының өзіне түседі.Мұғалімнің міндеті- оқушының жан-жақты дамуына барлық мүмкіндіктер туғызу.

Мектепішілік олимпиада бойынша ағылшын тілі пәнінен оқушыларым қатысты.Атап айтсам,2017-2018 оқу жылында 6 «ә» сынып оқушысы Қанатов Данияр ІІІ-орын, 8 «ә» сынып оқушысы Меңдібаева Айзада І-орын, 8 «ә» сынып оқушысы Асхатов Алишер ІI-орын иеленді.Меңдібаева Айзада аудандық олимпиадада ағылшын тілі пәнінен 2 турғада қатысып келді.

[ 13 слайд ]

Мен 2017 жылы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Атырау қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығының филиалы өткізген «Жаңартылған білім беру мазмұнындағы криитериалды бағалау» тақырыбындағы оқу семинарына қатысып,сертификатқа ие болдым.
2017-2018 жылдары «Инфоурок» сайтына сабақтар жариялап, сертификаттар мен грамоталарға ие болдым
.[ 14 слайд ]

Пайдаланған әдебиеттер:

«Ағылшын тілі мектепте» №3, 2014

«Ағылшын тілі мектепте» 1, 2015

Мектептегі шет тілі 6, 2014

(https://nsportal.ru/shkola/i/library/2014/08/14/ispolzovani-ikt-prepodavani)

https://nsportal.ru/shkola//library/2012/09/09/prim-informatsionno.)

Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/306339-akt

Свидетельство участника экспертной комиссии
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и закажите рецензию на методическую разработку.
Также вас может заинтересовать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ
БЕСПЛАТНО!
У вас недостаточно прав для добавления комментариев.

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.

 

Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)

Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.

Рекомендуем Вам курсы повышения квалификации и переподготовки