Охрана труда:
нормативно-правовые основы и особенности организации
Обучение по оказанию первой помощи пострадавшим
Аккредитация Минтруда (№ 10348)
Подготовьтесь к внеочередной проверке знаний по охране труда и оказанию первой помощи.
Допуск сотрудника к работе без обучения или нарушение порядка его проведения
грозит организации штрафом до 130 000 ₽ (ч. 3 статьи 5.27.1 КоАП РФ).

Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014

Почему стоит размещать разработки у нас?
  • Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
  • Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
  • Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
Свидетельство о публикации
в СМИ
свидетельство о публикации в СМИ
Дождитесь публикации материала и скачайте свидетельство о публикации в СМИ бесплатно.
Диплом за инновационную
профессиональную
деятельность
Диплом за инновационную профессиональную деятельность
Опубликует не менее 15 материалов в методической библиотеке портала и скачайте документ бесплатно.
03.05.2018

Табиғатта бәрі де өзара байланысты

Бектурған Айнур Бақытжанқызы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Сабақтың мақсаты:
1. Қоршаған ортаның қадірін түсініп, оны бағалап қорғай білуге үйрету. Әр оқушының жеке қабілеттерін ашып дамытуына қажетті жағдай жасау. Тақырыпқа қатысты жаңа сөздерді меңгерту.
2. Үйренген сөздерін, есімдік түрлерін дұрыс қолдана білу дағдысын дамыту. Оқығанын түсініп, өз ойын дұрыс жеткізе білуге жаттықтыру. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Қазақтың халық даналығы арқылы оқушылар бойында табиғатқа деген қамқорлық сезімін тәрбиелеу.

Содержимое разработки

8 – сынып. Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Табиғатта бәрі де өзара байланысты

Сабақтың мақсаты:

1. Қоршаған ортаның қадірін түсініп, оны бағалап қорғай білуге үйрету. Әр оқушының жеке қабілеттерін ашып дамытуына қажетті жағдай жасау. Тақырыпқа қатысты жаңа сөздерді меңгерту.
2. Үйренген сөздерін, есімдік түрлерін дұрыс қолдана білу дағдысын дамыту. Оқығанын түсініп, өз ойын дұрыс жеткізе білуге жаттықтыру. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Қазақтың халық даналығы арқылы оқушылар бойында табиғатқа деген қамқорлық сезімін тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа қатысты суреттер, таратпалы қағаздар, бейнеролик.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ-жауап, көрнекілік әдісі, суретпен жұмыс.
Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары: компьютер
Сабақтың жұмыс формалары: ұжымдық, жеке.

Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу;

Сабаққа даярлықтарын анықтау.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

5 – тапсырма. Жақшаның ішіндегі сөздерді қазақшаға аударып толық жауап беріңдер.

1. Қай ағаштан сіріңке жасайды? (Көктерек)

2. Қай ағаштың жапырағы қызыл? (Шетен)

3. Қай ағаш тәтті шырын береді? (Қайың)

4. Шетеннің қабығын қай жануар жейді? (Қоян)
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
1. Сабақ тақырыбын, мақсатын айту.

Тас төбеден қара бұлтты төндірмей,

Жер – ананың байлығы мол, тең бірдей.

Осы байлық баршамызға жетеді,

Пайдалансақ табиғатты бүлдірмей.

Балалар, менің оқыған өлеңімнен кейін бүгінгі сабағымыздың тақырыбын түсінген боларсыңдар?
Бүгінгі сабақтың тақырыбы табиғатты қорғауға, аялауға, қамқорлық танытуға қатысты болмақ. Сабақтың тақырыбы – «Табиғатта бәрі де өзара байланысты».
Сабағымыздың мақсаты осы тақырып бойынша жаңа сөздер үйрену, ол сөздерді, өткен сабақтарда үйренген есімдік түрлерін тілімізде дұрыс қолдана білуге жаттығу, сұрақты түсініп жауап бере білуге дағдылану, өз ойымызды дұрыс жеткізуге дағдылану болмақ.
2. «Табиғат» сөзіне ассоциациялық тізбек құрастыру.
Оқушылар өз ойларын айтады, мұғалім жинақтап толықтырады.
- Табиғат дегенде, біз жер, аспан, су, өсімдіктер, жануарлар, ауа, от, күн, жылу, ай, өзен - көлдер, таулар т. б. көз алдымызға елестетеміз. Бұлар бір - бірінсіз өмір сүре алмайды. Адам да табиғатта өмір сүреді. Өз өміріне қажетті заттарды осы табиғат - анадан алады. Суды өз өміріміз үшін қолданамыз. Күн бізге жылу, жарық береді. Өсімдіктер бізге таза ауа бөліп шығарады. Яғни, табиғаттағы әр заттың өз орны, өз маңызы бар.
3. Проблема қою.
Өлең шумақтары оқылады.
Табиғаттың панасымыз.
Ағаш өзін қиғанды, Аю байғұс аяғын,
Ат сияқты тебе алмас. Алса жырып, қанатып,
Гүл де жұлқып, жұлғанды Жарасын кім таңады?
«Неге өйтті?!»- деп сөге алмас. Кім бар бағып қағатын?!

- Өлең не туралы? – Табиғат туралы.
- Өлеңде қандай сұрақ тұр? Дауыстап оқиды.
- Сұрақта не айтылып тұр?
- Өсімдіктер мен жануарларды кім қорғайды деген сұрақ тұр.
- Сонымен, біз сабақ барысында табиғатты қорғайтын кім? деген проблемалық сұрақты шешуге тырысамыз.
ІV. Сөздікпен жұмыс.
Жаңа сөздер мен сөз тіркестері.
- Мұғалім өзі оқиды
- оқушыларға тізбектеп оқыту
- ауызша сөз тіркестерін құрату
- сөйлемдер құрату
- Жаңа сөздерді сөздік дәптерге көшірту.
V. Оқулықпен жұмыс.

1 – тапсырма. «Табиғатта бәрі де өзара байланысты». Мәтінді түсініп оқу.

2 – тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.

3 – тапсырма. Мәтінді қазақ тіліне аудару.

5 – тапсырма. Сөйлемдерді толықтырып, әңгімелеу.

VІ. Алған білімдерін бекіту.
Әрбір оқушыға табиғат суреттеріберіледі. Сол бойынша мәтін немесе шағын әңгіме құрастырады.
VII. Cабақты қорыту. Түйін сөз.
- Бүгінгі сабақта не туралы айттық?
- Табиғат деген не екен?
- Табиғатты не істеу керек?
- Біз сабағымыздың басында қандай сұрақты проблема етіп алдық?
- Табиғатты қорғайтын кім? деген сұрақтың жауабын табуға тиіс едік.
- Сұрағымызға жауап табылды ма?
- Табиғатты кім қорғауы керек?
- Адамдар қорғауы керек.
Өлеңге қайта көңіл аудару.
... Түйіп айтар сөзіміз:
Табиғаттың панасы –
Біздің мына өзіміз,
Адамзаттың баласы.
- Табиғатты қорғайтын кім екен?
- Адамзаттың баласы, яғни кімдер? Мына - біздер.

VIII.Үйге тапсырма беру.

4 – тапсырма, жаңа сөздерді жаттау және «Туған өлкемнің табиғаты» тақырыбында шағын эссе жазу.
Бағалау.

Табиғат туралы мақал – мәтелдер

Таза болса табиғат –

Аман болар адамзат.

Табиғат – тал бесігің.

Табиғат - жер байлығы,

Батырлар - ел байлығы.

Адам мен табиғаттың тілдескені - өмірдің үндескені.

Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/310388-tabiatta-bri-de-zara-bajlanysty

Свидетельство участника экспертной комиссии
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и закажите рецензию на методическую разработку.
Также вас может заинтересовать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ
БЕСПЛАТНО!
У вас недостаточно прав для добавления комментариев.

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.

 

Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)

Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.

Рекомендуем Вам курсы повышения квалификации и переподготовки