Охрана труда:
нормативно-правовые основы и особенности организации
Обучение по оказанию первой помощи пострадавшим
Аккредитация Минтруда (№ 10348)
Подготовьтесь к внеочередной проверке знаний по охране труда и оказанию первой помощи.
Допуск сотрудника к работе без обучения или нарушение порядка его проведения
грозит организации штрафом до 130 000 ₽ (ч. 3 статьи 5.27.1 КоАП РФ).

Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014

Почему стоит размещать разработки у нас?
  • Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
  • Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
  • Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
Свидетельство о публикации
в СМИ
свидетельство о публикации в СМИ
Дождитесь публикации материала и скачайте свидетельство о публикации в СМИ бесплатно.
Диплом за инновационную
профессиональную
деятельность
Диплом за инновационную профессиональную деятельность
Опубликует не менее 15 материалов в методической библиотеке портала и скачайте документ бесплатно.
01.06.2018

Алғашқы адамдар қалай өмір сүрді

5-сынып тарих сабағы бойынша «Алғашқы адамдар қалай өмір сүрді» тақырыбына арналған толық оқу материалы. Мұнда алғашқы адамдардың тіршілік ету ортасы, еңбек құралдарын жасауы, қауымдық тіршілігі мен негізгі қажеттіліктері егжей-тегжейлі қарастырылады. Сабақ қазақстандық мектептердің жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес әзірленген. Оқушылар алғашқы адамдардың таулы аңғарлар мен өзен бойларындағы өмірін, олардың аң аулау, терімшілік, от пен киім жасау сияқты тұрмыстық дағдыларын үйренеді. Материал мәтіндік ақпаратты, суреттерді, сұрақтар мен тапсырмаларды қамтиды, бұл тақырыпты тереңірек түсінуге және оқу бағдарламасының талаптарын орындауға көмектеседі.

Содержимое разработки

Ұзақмерзімдіжоспарбөлімі:

5.1A Қазақстандағыежелгіадамдардыңөмірі

Мектеп: Атығай жалпы орта білім беретін мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Рахметова Айсулу Ермековна

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтыңтақырыбы:

Алғашқы адамдар қалай өмір сүрді – 1 сағат

Осы сабақтақолжеткізілетіноқумақсаттары

(оқубағдарламасынасілтеме)

Барлығы:5.1.1.1алғашқы адамдардың антропологиясын сипаттау

Көпшілігі:5.1.2.1 алғашқы адамдардың тұрмыс-тіршілігін шығармашылық түрде (әңгімелеу, бейнелеу, көрініс, макет) көрсету

Кейбірі:Алғашқы адамдардың түр келбетіндегі өзгерістерді уақыт сызығына салып көрсету.

Бағалау критерийлері

Алғашқы адамдардың антропологиясындағы 2 ерекшелікті анықтайды;

Алғашқы адамдардың түр келбетіне сипаттама жасайды;

Алғашқы адамдардың кәсібіне сипаттама жасайды;

2-3 дәлел келтіру арқылы алғашқы адамдардың тұрмыс-тіршілігін талдайды;

Дағдылар:

түсіну, білімін қолдану, зерттеушілік дағдылар

Тілдікмақсаттар

Пәндік лексика және терминология: Ру, алғашқы қауым, тобыр, аналық және аталық ру, абыздар, терімшілік, аңшылық, балық аулау, мал шаруашылығы, теселі егіншілік, еңбек бөлінісі, өнімді еңбек, жеке меншік, өндіруші шаруашылық, қолөнер, кен өндірісі, тоқымашылық, керамика, көзе т.б.сөздерді еске түсіреді. Оқытудың тілдік мақсаты: Алғашқы адамдардың өмірі туралы әңгімелейді (айтылым дағдысы)- «Сипатта», әдістерінде қолдану.Алғашқы адамдардың өмірі, қола дәуірінің ерекшеліктері туралы интерактивті түсіндірмені тыңдайды (тыңдалым дағдысы). Тақырып бойынша мәтінмен жұмыс жасайды (оқылым дағдысы) – Мәтінді талдау жұмысы кезеңінде.Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы: Адамның жануарлар әлемінен басты ерекшеліктері...

Алғашқы адамдардың тұрмыс тіршілігінде келесі өзгерістер орын алды...Біздің анықтағанымыз...Қорытындысында...Біздің тобымыздың ойынша...Келесі себептер/факторлар....Ең басты жетістіктер ...

Құндылықтарды

дарыту

Алғашқы адамдардың тұрмыс-тіршілігі, еңбегіне, тарихи ескерткіштеріне құрметпен қарау

Пәнаралық байланыстар

География, дүниежүзі тарихы пәндеріндегі негізгі білім дағдыларын пайдалана отырып, археологиялық ескерткіштердің орналасуын, әлем елдеріндегі табиғи, қоғамдық өзгерістермен салыстыра отырып, тиісті қорытынды жасайды. Қазақстандағы ежелгі тас, қола дәуіріндегі басты қоғамдық өзгерістерді анықтайды.

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта, презентация арқылы оқушылардың шығармашылық түрде жұмыстануына мүмкіндік ашып, пәнге қызығушылығы артады.

Бастапқы білім

Қазақстан территориясындағы алғашқы адамдардыңантропологиясын, тұрмысын, археологиялық ескерткіштерімен танысты.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Қызығушылықты ояту кезеңі. Бастапқы стимул.

(Б)Сабақтың басында оқушыларға«алғашқы адамдар жайлы не білесің?» сұрағын қоямын. Оқушылар бастауыш сыныпта алғашқы адамдар туралы танысқан ақпараттарын еске түсіруі қажет. Бұл алдыңғы білімдер арқылы оқушылар жаңа сабаққа ынтасын аударады. Оқушылар сабақ мақсатымен, тапсырмалармен және бағалау критерийлерімен (дескипторлармен) танысады.

Алғашқы адамдар, еңбек құралдары, алғашқы тайпалық бірлестіктер суреттері бар слайдтар.

Суреттерге сілтеме:

http://www.kazportal.kz/epoha-kamnya-v-kazahstane

Сабақтыңортасы

5 мин

10мин

10мин

10 мин

мин

Мағынаны тану кезеңі.

(Б)1-тапсырма. «Суреттерді салыстыр». Презентациядан алғашқы адам мен қазіргі адамның суретін ұсынып, оқушыларға сұрақтар қоямын:

Суреттен не көріп тұрсыз?

Қазіргі адам қандай?

Алғашқы адам қандай болған?

Алғашқы адамды қоршап тұрған әлем қандай болды? Ал қазір не өзгерді?

Бүгінгі сабақта осыдан 2,5 млн жылдар бұрын өмір сүрген адамдар өміріне саяхат жасайтындарын айтамын. Қосымша 1

Ықтимал жауаптары: суреттегі екі адам әртүрлі кезеңде өмір сүрген. Олардың түр келбетінде, құрал-жабдықтарында ерекшеліктер бар.

(Т)Зерттеу сұрақтары:

Алғашқы адамдар қоршаған ортамен қалай әрекеттескен?

Алғашқы адамдар өмірінде өзгерістер болды ма?

2)(Ж)2-тапсырма. «Сипатта».Слайдтан алғашқы кездегі табиғат жағдайын, жойылып кеткен жануарларды, динозаврлар, мамонттармен қатар тіршілік етіп жүрген адамдар тобыры бейнеленген суреттерді немесе бейнематериалдан дыбыссыз үзінді көрсетемін.Оқушылар суреттерге немесе бейнематериалға мұқият қарап, алғашқы адамдар қоршаған ортамен қалай байланысын, тұрмыс тіршілігін сипаттайды.

(Ф)Қалыптастырушы бағалау жұмысын ұсынамын. Қосымша 2

(М)Алғашқы адамдардың өмірін сипаттайтын интерактивті материалды ұсынамын.

(Т)3-тапсырма.Әр топ бейнематериал мазмұнының түрлі фокустарына назар аударуы тиіс:

І топ: бейнематериалдағы адамдардың іс- әрекетін бақылайды;

ІІ топ: еңбек құралдары, олардың қолданылуы туралы ойларын жазады;

ІІІ топ: алғашқы адамдардың дене тұрпаты мен бет-әлпетіндегі өзгерістерді байқайды;

IV топ: алғашқы адамдардың кәсібін сипаттайды.

Оқушылар өздерінің бақылау қорытындыларын дәптерлеріне жазып отырады. Топтар өздерінің жауаптарымен алмасады, бір-бірін толықтырады.

(Ф)Қалыптастырушы бағалау жұмысын ұсынамын. Қосымша 3

4-тапсырма.«Шығармашылық жұмыс»

(Д)Оқушыларға шығармашылық тапсырма орындауды ұсынамын. Оқушы тиісті тапсырмалардың біреуін таңдап, топпен орындайды.

Мысалы,

«Алғашқы адамдардың бір күндік өмірі» туралы шағын әңгіме жазу;

«Алғашқы адамдардың бір күндік өмірі» тақырыбында макет жасау;

Алғашқы адамдардың өмірін сипаттайтын сурет салу;

Алғашқы адамдардың өмірінен алған білімдерін қолданып, «Елсіз аралда аман қалу» жоспарын құрастыру.

Оқушылар өздерінің шығармашылық жұмыстарын сыныпқа таныстырады.

(Б)«Алғашқы адамдар қалай өмір сүрді?» тақырып сұрағына қайта оралып, сабақты қорытындылаймын.

Презентация

4 слайд

Адам эволюциясының суреті:

http://900igr.net/fotografii/biologija/Osnovnye-etapy-evoljutsii

Т.Садықов, Ә.Төлеубаев,

Ғ.Халидуллин, Б.Сәрсекеев.

Ежелгі Қазақстан тарихы. –Алматы: Мектеп, 2012 ж.

Қазақстан тарихы (көне

заманнан бүгінге дейін). Бес

томдық. 1-том. – Алматы, 2010 ж.

Ежелгі Қазақстан. Балалар энциклопедиясы. – Алматы: «Аруна», 2002 ж.

Ақпараттық білім ресурстары орталығы.

6 сынып. Қазақстан тарихы. Электронды оқулығы. 2011 ж.

СББР №100. Алғашқы адамдардың өмірі:

http://e-history.kz/kz/scorm/course/141

Сабақтың соңы

3мин

(Б) Қорытынды кезеңі. Кері байланыс.

Оқушылар алған ақпараттарын қаншалықты түрде түсінгендерін анықтау үшін мына сөйлемдерді аяқтауын сұраймын:

Менің бүгін білгенім...

Менің бүгін үйренгенім...

Менің байқағаным...

Мен келесі мәселелер бойынша көбірек білгім келеді...

Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулықжәне қауіпсіздіктехникасыныңсақталуы

Қабілеті жоғары оқушылар:

Топта ұйымдастыру жұмыстарын алады;

Шығармашылық жұмыста оқушыға таңдау бере отырып, тапсырманы орындауда еркіндік берілген жөн. Ешбір жоспарсыз, критерийсіз өздік жұмыс жасауға мүмкіндік беріңіз.

Сыныптың қалған оқушыларына деректердің түрлерін түсіндіруді әрбір топтағы қабілеті жоғары оқушыға тапсыруға болады.

Қабілеті орта оқушылар:

Сипатта тапсырмасын орындау барысында оқушы тиісті критерийлерге сүйене отырып, суреттерді салыстырады. Өзіндік қорытынды шығарады. Өз қорытындысын басқа топтармен бөліседі.

Шығармашылық жұмыста берілген тапсырманың біреуін таңдауға мүмкіндік беріңіз. Таңдап алған кез-келген тапсырмаға тиісті критерийлер ұсыныңыз.

Орта деңгейдегі топтық жұмыстарға қатыса алады. (Тапсырма мазмұны бір, орындау уақытына қарай ықшамдалған, бірақ оқушының таңдау құқығы бар)

Қабілеті төмен оқушылар:

Суреттер топтамасын ұсынған уақытта кілт сөздер бірге беріледі.

Суреттер арқылы оқиға желісін құрастыруға мүмкіндік беріңіз.

Жаңа сөздермен жұмыстану

Деңгейлік сұрақтар;

Мұғалімнің қолдауы;

Ынталандыру, қолдау көрсету, формальды емес бағалау түрлері;

Оқушылар өзара бағалайды;

Жұппен бағалау жүргізеді;

Зерттеу жұмысын қалыптастырушы бағалау ретінде жүзеге асады;

Мұғалім әрбір тапсырмаға тиісті кері байланыс беріледі.

Оқушылар сабақ барысында туындайтын қауіп-қатердің алдын алу шараларын белгілейді.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары / оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткіздіме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрысжүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға: Сабақта қойылған сабақ мақсаты мен оқу мақсаттарына жеттім.

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік /қиындықтары туралы нен ібілдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Шартты белгілер:

(Б)– бүкілсыныптық жұмыс

(М) – мұғалім түсіндірмесі

(Д) – дара, дербес жұмыс

(Т) – топтық жұмыс

(Ж) – жұптық жұмыс

(Ф) – формативті бағалаудың мүмкіндіктері

Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/314730-alashy-adamdar-alaj-mir-srdi

Свидетельство участника экспертной комиссии
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и закажите рецензию на методическую разработку.
Также вас может заинтересовать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ
БЕСПЛАТНО!
У вас недостаточно прав для добавления комментариев.

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.

 

Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)

Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.

Рекомендуем Вам курсы повышения квалификации и переподготовки