Охрана труда:
нормативно-правовые основы и особенности организации
Обучение по оказанию первой помощи пострадавшим
Аккредитация Минтруда (№ 10348)
Подготовьтесь к внеочередной проверке знаний по охране труда и оказанию первой помощи.
Допуск сотрудника к работе без обучения или нарушение порядка его проведения
грозит организации штрафом до 130 000 ₽ (ч. 3 статьи 5.27.1 КоАП РФ).
Повышение квалификации

Свидетельство о регистрации
СМИ: ЭЛ № ФС 77-58841
от 28.07.2014

Почему стоит размещать разработки у нас?
  • Бесплатное свидетельство – подтверждайте авторство без лишних затрат.
  • Доверие профессионалов – нас выбирают тысячи педагогов и экспертов.
  • Подходит для аттестации – дополнительные баллы и документальное подтверждение вашей работы.
Свидетельство о публикации
в СМИ
свидетельство о публикации в СМИ
Дождитесь публикации материала и скачайте свидетельство о публикации в СМИ бесплатно.
Диплом за инновационную
профессиональную
деятельность
Диплом за инновационную профессиональную деятельность
Опубликует не менее 15 материалов в методической библиотеке портала и скачайте документ бесплатно.
31.01.2019

СТУДЕНТТЕРДІҢ БІЛІМ ЖОЛЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

 Ахметова Гульнара Акимбаевна
преподаватель высшей категории
Студент — материалдық және рухани өмірде жоғары кәсіби және әлеуметтік рөлдерді орындау үшін белгілі бір бағдарламамен іс-әрекеттері ұйымдастырылатын әлеуметтік жеке тұлға. Студенттік жасқа әлеуметтік тұрғыдан жетілу кезеңі сәйкес келеді. Бұл кезеңнің белгісі білім алудың аяқталу кезеңі, еңбекке деген белсенділік, қоғамдық жұмыстар, заң алдындағы жауапкершілік, жанұя құру, бала тәрбиесі болып келеді. Қазіргі кезде студент қоғамдағы сан жағынан алғанда алдыңғы орындардың бірінде. Оған әркімнің де көзі жетеді.

Содержимое разработки

СТУДЕНТТЕРДІҢ БІЛІМ ЖОЛЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР

ЖӘНЕ ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

Ибраева Бижамал Куанышевна, 1 курс,

ғылыми жетекшісі Ахметова Гүлнәр Әкімбайқызы, жоғарғы санатты оқытушысы,

ЖММ «Теміртау медициналық колледжі»,

Қазақстан Республикасы, Теміртау қ.

Студент — материалдық және рухани өмірде жоғары кәсіби және әлеуметтік рөлдерді орындау үшін белгілі бір бағдарламамен іс-әрекеттері ұйымдастырылатын әлеуметтік жеке тұлға. Студенттік жасқа әлеуметтік тұрғыдан жетілу кезеңі сәйкес келеді. Бұл кезеңнің белгісі білім алудың аяқталу кезеңі, еңбекке деген белсенділік, қоғамдық жұмыстар, заң алдындағы жауапкершілік, жанұя құру, бала тәрбиесі болып келеді. Қазіргі кезде студент қоғамдағы сан жағынан алғанда алдыңғы орындардың бірінде. Оған әркімнің де көзі жетеді. 

Соңғы жылдардағы білім беру, оның ішінде жоғары білім беру жүйесінде болып жатқан елеулі өзгерістерге байланысты арнаулы орта білім, жоғары білім, жоғары білімнен кейінгі екінші жоғары білім, магистратура, аспирантураларда білім алып жатқан жастардың саны арта түсуде.

Студенттер - қоғамның ірі интеллектуалдық потенциалы. 

Студенттердің әлеуметтік құрылымы негізінен біздің қоғамымызды әлеуметтік құрылымын айқындайды.

Студент ұғымына педагогика және психология ғылымдары нақты түсінік бермейді. Ал ғылыми әдебиеттерде берілетін анықтамалар әртүрлі болып келеді.

Психологияда 17—18, 25—26 жас аралықтарындағы үлкендер, ересектер қатарына енген шақ деп сипатталады. Студент үшін бұл кезеңдер жеке тұлға ретінде қалыптасуымен жоғары білікті маман бөлу кезеңдеріне жатады.

Белгілі  Кеңес  Одағының психологы  Б.Г.Ананьев студенттік кезең, жеке адам тұрғысынан алғанда, адамгершіліктік және эстетикалық сезімдердің белсенді түрде даму кезеңі, ересек адам ретінде азаматтық, саяси - қоғамдық және кәсіби мамандық міндеттерінің тұрақталу, толысу кезеңі деп көрсетеді.

Қазіргі таңдағы ғылым мен тәжірибеде бейімделу түсінігі студенттердің дайындығының тиімділігін жоғарлату әдісін өңдеумен айналысады.  Студенттердің бейімделуі білім берудің фундаменталді сурақтарының қатарына жатады. Демек, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау жеке тұлғаның дамуы, мамандандыру, студенттердің әлеуметтенуі. Жоғары оқу орнына студенттердің бейімделуінің сәтті болуынан студенттің мамандануы жақсы қалыптасады және қоғамдық ортада дамуы жүзеге асады. 

Бейімделу мәселесі психология және педагогика ғылымдарының ежелгі тарихынан келе жатқан мәселесі болғанымен де өзінің өзектілігін қазіргі күнге дейін жоғалтпаған. Кезкелген қоғамдық жағдайдың ерекшелігі халықтың көшіп-қонуымен көрінеді. Яғни жаңа ортаға қоныстанған жеке тұлғаның бейімделуі арқашан да өзекті мәселе болып табылады.

Қалалық және ауылдық қоғамның арасындағы ерекшеліктер арқашан байқалады. Демек, ауылдан қалаға келген студент жаңа ортаға келгенде бөтен қаланың өзіндік ережелерімен, құндылықтарымен, талаптарымен танысып, жаңа қоғаммен қарым-қатынасқа түсу олардың көз-қарасына, дүние-танымына бейімделуіне әсер етеді. Және де ауылдан қалаға оқуға келген студенттердің бірінші курста психологиялық өзгерістер  байқалады. Бейімделу кезеңінде жаңа қоғам олардың жуйке-жуйесіне, мінез-құлқына әсерін тигізеді. Сондықтан да мұндай жағдайда студент бірінші курсқа келгенде жаңа ортада жаңа ақпараттарды  қабылдауы мен қоғаммен  қарым-қатынасқа тусуі төмен көрсеткішті көрсетуі мүмкін.

Студенттің білімді меңгеруі мен білім алуға деген қызығушылығы және оның үлгерімінің жоғары дәрежеде болуына оның жаңа қоғамдық ортадағы студенттермен, оқытушылармен, жоғары оқу орнының әкімшілігімен өзара қарым-қатынасының жақсы болуы үлкен әсер етеді. Сондықтан профессор-оқытушылар құрамының студенттермен жұмыс жасау жағдайы олардың бейімделуіне үлкен әсерін тигізеді.

Біздің СД 159 К тобымыз 2016 жылдың басында ЖМ «ТМК» колледжінің студенттерінең келесі сұрақтарға келесі мәліметтерді тест арқылы жинадық:

Колледж жастарына келесі сұрақтар қойылған еді:

1. Жақсы білім алу жолындағы сіздер үшін қандай қиыншылықтар кездеседі?

2. Бұл мәселенің қандай шешу жолдарын коріп отырсыз?

3. Қазақстан республикасындағы білім алуға бағытталған қандай мемлекеттік бағдарламаларды білесің?

Жауаптарды келесі кестеге шығардық.

Cтуденттердің жауаптары, ойдағыдай, таңқалдырған жок. Мысалы:

- бірінші сұраққа жауап берген студенттердің, білім алу жолындағы қандай қиыншылықтар кездеседі дегенге:

39%-50%- өздерінің жалқайлығын айтады;

25%-33%- уақыттың аздығына қол сермейді;

25%-30%-қосымша ділім беретін ұжымдардың жоқтығын айтады .

- екінші сүраққа, яғни, бұл мәселенің қандай шешу жолдарын коріп отырғандарына, студенттер:

20%-30%- кітапханалардың санын көбеутуден жол іздейді;

24%-30%-жалқаулықты жеңіп, күн тәртібін өзгертуден

шешу жолын көрді ;

17%-29%-қосымша сабақтарды колледжге енгізуден шешімін тапты

19%-33%-колледждің мемлекеттік гранттардың жоқтығынан көрді.

- ал үшінші сұраққа, яғни, Қазақстан республикасындағы білім алуға бағытталған қандай мемлекеттік бағдарламаларды білесіңдер деген сұраққа, студенттер былай жауап берді:

25%-30%- «Жас Отан» білім бағдарламаны біледі;

15%-35%- «Балапан» білім бағдарламаны біледі;

35%-56%- «Болашақ» білім бағдарламаны біледі .

Сөйтіп, келесі қорытындысын жасауға болады:

1) Біздің колледждің студенттері өте жалқау (55%), сонымегн бірге, күн тәртібін өзгертуге уақыты жетпейді деп қорытындылайды;

2) Қосымша сабақтарды, түрлі білім ұжымдардың, кітаптің жетіспеушілігіне қолдарын сермейді (29%);

3) Негізгі оку жолында кездесетін қиыншылықтарды : жатақананың жоқтыгымен (30%) және гранттың жоқтығынан (33%) көреді.

Біздің ойымызша бұл мәселелерді шешетін келесі шараларды ұйымдастыру қажетсінеміз:

1) Оқу құралдарды колледж бойынша 50 % толықтыру қажет.

2) Жатақана мәселесін шешуші сәтте - КАРГИУ жатақанасын қарастырып, келісімге отыруға мұмкұндікті іздеу қажет!

3) Колледж студенттерімен –«Салауатты өмір, спортқа бейімделу, студенттердің кұнделік жұмыс кестесін құрастыру» туралы әнгімелерді жиі қозғау тиіс!

4) Колледж студенттердің біліміне деген, келешек медициналық мамандығына деген қызығушылықты туғызатын, қосымша факультативтерді, тұрлі сайыстарды, колледж қабырғасында жиі өткізу кажет!

1. Жақсы білім алу жолындағы сіздер үшін қандай қиыншылықтар кездеседі?

2.Бұл мәселенің қандай шешу жолдарын коріп отырсыз?

3.Қазақстан республикасындағы білім алуға бағытталған қандай мемлекеттік бағдарламаларды білесің?

Пайдаланған әдебиеттер:

1) Электрондық тор «http://images.yandex.kz/.

2) Электрондық тор «e-mаil medcollege.kz».

Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/345181-studentterdi-bilim-zholynday-zekti-mselel

Свидетельство участника экспертной комиссии
Рецензия на методическую разработку
Опубликуйте материал и закажите рецензию на методическую разработку.
Также вас может заинтересовать
Свидетельство участника экспертной комиссии
Свидетельство участника экспертной комиссии
Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ
БЕСПЛАТНО!
У вас недостаточно прав для добавления комментариев.

Чтобы оставлять комментарии, вам необходимо авторизоваться на сайте. Если у вас еще нет учетной записи на нашем сайте, предлагаем зарегистрироваться. Это займет не более 5 минут.

 

Для скачивания материалов с сайта необходимо авторизоваться на сайте (войти под своим логином и паролем)

Если Вы не регистрировались ранее, Вы можете зарегистрироваться.
После авторизации/регистрации на сайте Вы сможете скачивать необходимый в работе материал.

Рекомендуем Вам курсы повышения квалификации и переподготовки